ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата21.10.2019
өлшемі468,36 Kb.
#50341
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
EliseevaKAZ [SHARED]


3.3 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ

Оқушының  оқу  қиындықтарының  сипаты  мен  дәрежесіне  қарай  бір 

немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың 

ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады.  

ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  бағалау  –оқу  процесі  барысын-

да  оқушыны  қолдаудың    түрін,  формасын,  көлемін  анықталған  оқу 

қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде 

белгілеу.  Оқу процесі барысында  қиындықтары бар балаларды анықтау 

және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге 

асырылады. 



Оқушының  қажеттілігін  бағалау  мен  қолдау  көрсетудің  бірінші 

деңгейі.

бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. мұғалім формативті 

бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерек-

ше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста пмпк анықтамаған 

болса).  Оның  міндеті  –  өзбетінше  қиындықтардың  сипатын,  олардың 

пайда  болу  себептерін,  оқушының  қалыптасып  жатқан  білімдерінде 

олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының 

сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл).

мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:

- оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану;

- сабақта жеке оқу материалдарын қолдану;

-оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;

-бақылау материалдарын өзгерту;

-сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;

егер  оқушыда  мұғалімнің  жекелік  көмегіне  қарамастан  бір  немесе 

бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, 

онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек 

сұрап, 7- форманы толтырады (а-қосымшасы).

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.

Қажеттіліктерді  бағалауды    мектептің  психологиялық-педагогикалық 

қызметінің  мамандары  жүргізеді  (психолог,  логопед,  арнайы  педагог, 

әлеуметтік  педагог).  Олар  ата-аналарын  кездесуге  шақырып,  балалардың 

оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау тура-

лы  мұғаліммен  бірге  хабардар  етеді.  балалардың  мамандардың  көмегіне 

қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 

6- форманы толтырады (а-қосымшасы). 

әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының 

оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау 

мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді (психологиялық, логопедиялық, 


24

арнайы педагогикалық). тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз 

жақтарын ғана емес, сонымен бірге  күшті жақтарын көрсетіп, оқушының 

табысты  болу  ресурстарын  да  анықтайды.  тексеру  нәтижелері  бойынша 

маман мыналарды белгілейді:

- оқушының қысқартылған  оқу бағдарламасына мұқтаждығын;

- қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады 

(психолог, логопед, арнайы педагог);

- оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады;

- оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.

психолог,  логопед,  арнайы  педагог,  әлеуметтік  педагог  анықтаған 

оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялық-

педагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының 

мазмұны  белгіленеді.  мамандар  көмегінің  бағыты  мұғалімнің  сабақтағы 

жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына 

сәйкес келісіледі. мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске 

асырылады. 

мұғалім  мен  мамандардың  көмегі  қысқартылған  оқу  бағдарламасын 

табысты  меңгеруге  ықпал  жасамаған  жағдайда  (1-3  оқу  тоқсандар 

ішінде),қолдау  қызметі  оқушының  ата-анасы  пмпк-не  ұсынымдар    алу 

үшін  жіберіледі  (ата-анасының  келісімімен).  бөлектенген  жағдайда 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  мамандарының  тексеру 

нәтижелерін сараптағаннан кейін пмпк ұсынымдарын алу жөнінде шешім 

қабылданады. 

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі.

Оқушының  қажеттіліктерін  бағалауды  психологиялық-медициналық-

педагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. бағалау нәтижелері бойынша 

пмпк оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім 

алудың варианттарын  ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім 

беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «білім туралы» 

заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға 

беріледі.  ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп 

оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін пмпк 

ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.



Маңызды жалпылама ақпарат

1.Оқушылардың  ерекше  білім  беру  қажеттілігін  бағалау  мектеппен 

(мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметімен), 

сондай-ақ  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңеспен  жүзеге 

асырылады.  жалпы  немесе  арнайы  сыныпта  ақыл-ойы  кем    балаларға 

арналған  жеке  немесе  арнайы  бағдарлама  бойынша  (мжмбс-ға 

бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді пмпк-дің кешенді тексе-

ру негізінде ғана қабылдайды. 

2. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі және / неме-


25

се  мектеп  кеңесі  қажет  болған  жағдайда  дербес  (пмпк  ұсынымынсыз) 

жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  қысқарту  (бейімдеу),  психолог,  лого-

пед, педагог-ассистент қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдай ала-

ды, бірақ тек белгілі бір кезеңге – бір-үш оқу тоқсанынан аспайтын.  егер 

балаға    оқу  бағдарламасын  меңгеруде  мұндай  көмек  көрсету  жеткіліксіз 

болса, онда ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін баланы пмпк-ге 

бағыттау қажет.  

3. баланың мектептегі оқу үлгерімі мен мінез-құлық нәтижелері негізінде 

қандай да бір маманның қызметіне мұқтаж еместігі туралы шешімді қолдау 

көрсету қызметі және/немесе мектеп кеңесі қабылдайды.

4.  пмпк-дің  ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

жөніндегі ұсыныстары бастауыш мектепте (бірінші және төртінші сынып-

тарда)  оқу  уақытында  кемінде  екі  рет  жаңартылуы  тиіс.  мектеп  қолдау 

көрсету  қызметінің  және/немесе  мектеп  кеңесінің  шешімі  бойынша 

қажеттілік туындаған жағдайда  баланың ебҚ-н бағалау мен ұсыныстар алу  

үшін пмпк-ге жібере алады. 

5.  ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  бағалау  тек  ата-аналардың 

келісімімен әпкк-нің мамандарымен жүргізіледі. келісім беру формасы 

1-қосымша, 6-формада көрсетілген.



4 МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 

БАР  ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ (КӨМЕК) КӨРСЕТУДІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  (көмек)  –  әр    баланың 

мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін  

әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы 

педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.   

мектеп ортасын даярлау 

инклюзивті  мектеп  ортасын  дайындау  келесі  міндетті  шарттарды 

сақтауды көздейді:

- оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны  

теңдей қабылдауы;

-  білім  беру  процесінің  барлық  қатысушылары  мен  техникалық 

қызметкерлердің  төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету; 

-  ебҚ  бар  оқушының  жақын  даму  аймағына  сәйкес  оқу  мақсаттарын 

анықтау;


- ебҚ бар  оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;

- оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.

  инклюзивті  орта  құру  бойынша  мектеп  жұмысының  күтілетін 

нәтижесі: 



26

а)  оқушының  мектепке,  мұғалімдерге,  сыныптастарына  жағымды 

көзқарасы; 

б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі 

академиялық табыстылығы

в)   оқушының әлеуметтік бейімделуі.

ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  психологиялық-

педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

-  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетудің  жергілікті  нор-

мативтік негізін құру; 

- білім беру процесіне  қатысушылардың қызметін анықтау;

- мектептің   ағымдық жағдайын талдау және бағалау; 

- мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; 

- мектеп қауымдастығын дайындау;

- одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив-

тік  негізін  құру  мектеп  құжаттамасына  (мектеп  жарғысы,  мектепті  да-

мыту  жоспары  және  т.  б.)  қажетті  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуді, 

оқушыларға  қолдау    көрсету  нәтижелерін  тіркейтін  ішкі  нормативтік 

актілерді жасауды және  үдерісті реттеуді  болжайды[22].

  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  қызметтік  міндеттері.  Ди-

ректор  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметін  (ппҚҰ) 

құру  туралы  бұйрық  шығарады,  ппҚк  қызметі,  арнайы  сыныптардың 

қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді;  

мамандардың  бағыну  иерархиясын  және  олардың  өзара  әрекеттесу 

принциптерін  қалыптастырады;  басқарудың  әрбір  деңгейінде  ақпаратты 

жинау  және  өңдеу  тәртібін  айқындайды;  балалар  ұжымының  бөлінуіне 

жол  бермейтін  жағдайлар  жасайды;  пәнаралық  негізде  мұғалімдер  мен 

мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға психологиялық-

педагогикалық  қолдау  көрсету  процесіне  басшылық  жасайды,  қолдау 

көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді; жеке 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құрастыруға, 

қолдау көрсету нәтижелері мен  оқушының мектеп жетістігін талқылауға 

қатысады.

Директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  білім  беру  үдерісіне 

қатысушылардың  барлығында  толерантты  мінез-құлық  мәдениетін 

қалыптастыру  және  қолдау  бойынша  жүйелі  жұмыс  жүргізеді;  барлық 

оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы  іс-шараларға  қатыстырады. 

бұл ретте оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі және бала-

лар арасындағы бәсекелестік жағдайы жеңілдетіледі. 

мұғалім-оқытудағы  қиындықтары  бар  оқушыларды  анықтайды, 

қиындықтардың  сипатын  бағалайды,  оқу  материалын  меңгерудегі  про-


27

блемаларды  анықтайды,  оқу  бағдарламаларын  қысқартуды  (бейімдеуді) 

орындайды,  жеке  оқу  бағдарламаларын  құрастыруға  қатысады,  типтік, 

қысқартылған  немесе  жеке  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  ебҚ  бар 

оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады.

мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маман-

дарымен бірігіп жұмыс жасайды. 

мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі  (пси-

холог,  логопед,  арнайы  педагог,  әлеуметтік  педагог,  тәрбиеші,  педагог-

ассистент):

-  оқыту  қиындықтары  бар  оқушыларды  анықтайды,    қиындықтардың 

сипатын  және  олардың  пайда  болу  себептерін  бағалау  мақсатында 

психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;

-  тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;

-    зерттеу  нәтижелері  бойынша  оқушылардың  ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін анықтайды;

-  оқушыларға  психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке 

бағдарламаларын жасайды;

- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді; 

- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді

- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске 

асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;

- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.

ппҚк  мамандары  мектептің  педагогикалық  кеңесінің  құрамына 

енгізіледі.  Олардың  педагогикалық  кеңестің  жұмысына  қатысуы 

оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін 

анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді. 

әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде 

мұғалімдерді  оқытудың  арнайы  әдістері  және    тәсілдерімен,  жеке  және 

сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады. 

мектептің  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  жұмысы 

келесі принципте құрылады:

а) бағалаудың  кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен 

баланың  әлеуметтік-психологиялық  даму  тарихының  зерттелуі,  әр  түрлі 

мамандардың  (психолог,  логопед,  арнайы  және  әлеуметтік  педагогпен) 

тексеруі;  

б)  жүйелі  және  біртұтас  тәсіл:  оқыту  қиындықтарының  пайда  болу 

себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін 

бастапқы  (жетекші)  және  қайталама  қиындықтардың  арақатынасын 

белгілеу;

в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт-

теу:  оқыту  процесінде  жаңа  қажеттіліктерді  қанағаттандырудың  және 

олардың пайда болуының мониторингі; 

г)  командалық жұмыс негізінде:



28

ебҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға 



қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;

 бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген 



құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын 

сақтауды болжайды;

білім  беру  үрдісінің    қатысушылардың  ынтымақтастығы  өзара 



құрметті  және  сенім  артуы:  мұғалімнің,  маманның,  ата-ананың  және 

баланың; 

қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу. 



мектептің ағымдағы жағдайын  талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі 

және ппҚк мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:

-  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  қолдау  көрсетуге 

мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді 

қолдану [23]

-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары 

бар балаларды анықтау. 

мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. мектеп әкімшілігі 

инклюзивті  білім  берудің  принциптері  мен  құндылықтары,  оқушыларды 

оқыту  қиындықтарының  көріністері  мен  себептері,  оқытудың  бейімдік 

әдістері, оқушыларға жеке әдістер технологиялары, жеке және қысқартылған 

оқу  бағдарламаларын  құрастыру  әдістері  туралы  педагогтардың  

ақпараттарын    арттыруға  бағытталып,  ұйымдастыруы    тиіс.  кәсіби 

дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, 

конкурстарға,  конференцияларға  және  т.б.  іс-шараларға  педагогтардың 

қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

мектеп  қауымдастығын  дайындау    мектеп  әкімшілігі  мен  ппҚк 

мамандарының  педагогикалық  ұжыммен,  оқушылармен,  ата-аналармен 

толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала 

және ағымдағы жұмысын болжайды.  әңгіме, семинарлар, дидактикалық 

ойындар,  әлеуметтік  роликтерді  қарау,  кинофильмдерді,  мақалаларды, 

кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады [24].

Одақтастар  мен  әлеуметтік  серіктестерді  іздеу  қосымша  ресурстар 

ретінде  мектеп  әкімшілігі,  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету 

мамандары  жүзеге  асырады.  мұндай  әріптестер  арнайы  білім  беру 

ұйымдарының педагогтары (пмпк, ппкк, арнайы мектептер), ғылыми-

зерттеу  орталықтары,  зертханалар;  жоғары  оқу  орындары;  қоғамдық 

ұйымдар;  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  ата-аналарының 

ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.


29

5.ЕРЕКЕШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТТІЛІГІ БАР 

ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ 

(КОМАНДАЛЫҚ ТӘСІЛ)

5.1  ПМПК ҚОРЫТЫНДЫСЫ НЕГІЗІНДЕ  ЕРЕКШЕ БІЛІМ 

БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН  БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ 

БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ 

5.1 ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ 

МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 

КӨРСЕТУ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС 

КЕЗЕҢДЕРІ

1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты тура-

лы ақпарат жинау.

пмпк  жолдамасы  бойынша  психикалық  және  дене  дамуы  бұзылған 

бала  сыныпта    оқыған  жағдайда  мұғалім  мен  мамандар  сыныптағы 

сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын 

зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. әр маман бір апта ішінде ба-

ланы қадағалайды (алдын ала қадағалап,   қандай маман және қандай ба-

ланы алу керектігін жүзеге асырады). бақылау нәтижелерін белгілеу үшін 

мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады 

(1-қосымша.  2  а  формасы).  бақылау  бір  апта  ішінде  жүзеге  асырылады. 

күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі (баға қиындықтар баллында), со-

дан кейін қорытылады (1-қосымша. 2 б формасы). сабақта бірінші бақылау 

әдісін қолдану маңызды болып табылады, өйткені мамандар баланың сынып-

та табысты оқуға мүмкіндік бермейтін ерекшеліктерін (өз ерекшеліктері: 

күшті және әлсіз жақтар барлық адамдарда болады)  анықтауы керек.

бала  туралы  қосымша,  бірақ  маңызды  ақпарат  алу  үшін  мұғалім  ата-

аналарға  сауалнаманы  және  коммуникативтік  төлқұжатты  толтыруды 

ұсынады (1-қосымша. 1а, 1в-формасы). Осы кезеңде мамандар бала туралы 

ақпаратты ата - анасымен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдістерін пай-

далана отырып жинайды (1-қосымша, 16-форма). 

сабақтардағы баланы бақылау, ата-аналармен сауалнама жүргізу және 

әңгімелесу нәтижесі  -   алынған деректерді талдау және қорыту, олардың 

негізінде оқытудың басты (бастапқы) қиындықтары туралы болжамдар (ги-

потезалар) қалыптастыру және тереңдетілген тексерудің тиісті бағыттары 

мен әдістерін таңдау болуы тиіс. 



30

2-кезең.  Оқушыны  тереңдетіп  және  бағытты  зерттеу  (тексеру).  әрбір 

маман  қажетті  әдістерді,  әдістемелерді,  тесттер  мен  тәсілдерді  пайдала-

на  отырып  психологиялық,  логопедтік,  арнайы  педагогикалық  тексеру 

жүргізеді,  оның  нәтижелерін  тексеру  хаттамаларына  енгізеді  (логопед 

сөйлеу картасын толтырады). психолог психологиялық тексеру хаттамасы. 

арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хатта-

масын толтырады. 

тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы -  сыныптағы ба-

ланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы 

болып  табылады.  Осының  негізінде  бірінші  кезеңде  қалыптасқан  оқу 

қиындықтарының  сипаты  мен  себептері  туралы  болжамға  сүйене  оты-

рып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде 

баланың  оқу  үлгеріміне    әсер  ететін  психикалық  функцияларын  немесе 

сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды.  мысалы, егер психолог пен 

логопед  сабақ  кезіндегі  бақылау  және  ата-аналармен  әңгіме,    сауалнама 

жүргізу  барысында  балада  есту-сөйлеу  ақпаратын  өңдеу  қиындықтарын 

және көру арқылы есте сақтау мен жазу мәселелерінің жоқтығын анықтаса, 

онда  олардың  тереңдетілген  тексеру  фокусына  баланың  есту-сөйлеу  на-

зары мен жадының (психолог), фонематикалық есту қабілеті мен  сөйлеу 

тілін түсінуінің (логопед) ерекшеліктері  кіреді.  

Осылайша,  кез  келген  маманның    тексеру  мақсатының    соңы  –  бұл 

баланың барлық психикалық функцияларының, білімдерінің, іскерліктері 

мен дағдыларының, мінез-құлықтары мен эмоционалдық ерекшеліктерінің 

формальды сипаттамасы ғана емес, олардың жағымсыз сипаты мен дәрежесін 

анықтау, сондай-ақ оқудағы табыстылыққа оң әсер етуін айқындау.

мұғалім  білім  мен  іскерлікті  нақты  меңгеру  деңгейін,  сондай-ақ  оқу 

бағдарламасын  меңгерудегі  проблемалар  дәрежесі  мен  сипатын  анықтау 

мақсатында  барлық  пәндер  бойынша  оқу  жетістіктерін  критериалды 

бағалауды  жүргізеді.  Осы  жұмыстың  нәтижелері  бойынша  оқушының 

қиындықтары анықталған оқу пәндері бойынша жетістіктер карталары тол-

тырылады. мұғалім сондай-ақ оқу жұмысында оқушының қалауын белгілуі 

тиіс (қандай ақпаратпен жұмыс істеуді қалайды, қандай оқыту әдістері мен 

жұмыс  түрлері  білім  мен  дағдыларды  барынша  толық  меңгеруге  ықпал 

етеді, ал күтілетін нәтижеге қол жеткізуге не ықпал етпейді және т.б.).

әрбір тексеру барысында маман мен мұғалім баланың әлсіз және мықты 

даму жақтарын ғана емес, сонымен қатар баланың оқуда табысты болу үшін 

бала бойындағы бар ресурстарын анықтайды.  

тексеру нәтижесінде әр маман мен мұғалім балаға мінездеме жасайды, 

барлығына бірдей форма толтырады (1-қосымша, 3-форма). мамандар мен 

мұғалім балаға бір параметр бойынша мінездеме береді, бірақ өзінің кәсіби 

көзқарасы  тұрғысынан.  Оқу  пәндері  бойынша  бағдарламаны  меңгеру 

дәрежесінің сипаттамасын тек мұғалім мен арнайы педагог береді.


31

3-кезең. бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек-

ше  білім  беру  қажеттілігін  және  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.

Қолдау көрсету  қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір 

маман  балаға  өзінің  ұстанымы  бойынша  мінездеме  береді:  оқытудың 

қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері 

туралы  өз  пікірін  білдіреді,  баланың  мүмкіндіктері  мен  күшті  жақтарын 

ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады). 

бұл  кезеңде  оқыту  қиындықтарының  сипаты  мен  себептері  тура-

лы  болжам  оқу  қиындықтарының  түрін  (себептерін)  анықтау  түріндегі  

соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі 

қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі:

- жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі;

-  іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі;

-  есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі;

- көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі.

Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың 

жалпы  мінездесі    ұжымда  талқыланып  жасалады,  онда  бастапқы  және 

екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау 

механизмі  баяндалады.  табысты  оқытудың  ресурстары  ретінде  баланың 

күшті  жақтары,  ерекшеліктері  мен  мүдделері  сипатталады  (қосымша-,а 

4-форма).

бірлескен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігі, мұғалімге, 

мамандарға,  ата-аналарға,  оқушыға  қолдау  көрсетудің  негізгі  бағыттары 

анықталады, мұғалім мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.

4-кезең.    анықталған  білім  беру  қажеттіліктерін  қанағаттандыруды 

қамтитын  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетудің  жеке 

бағдарламасы  құрастырылады:  қысқартылған  немесе  жеке  оқу 

бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы 

педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін  

ұсыныстар (қосымша-,а 4-форма). 

В-қосымшасында  үлгі  ретінде  ебҚ  бар  1  сынып  оқушысына 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы тол-

тырылып  ұсынылған. г-қосымшасында математика пәнінен қысқартылған 

және  жеке  оқу  бағдарламаларының  үлгісі  мен  арнайы  педагогпен  жеке 

сабақтар бағдарламасының үлгісі көрсетілген.

5-кезең. мониторингпен қолдауды іске асыру. 

мамандар  мен  мұғалім    тарапынан  оқушының  ерекше  білім  беру 

қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге 

асырылады,  олардың  сипаттамасы  4-кестеде  келтірілген.  Оқушы  туралы 

алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсетудің  жеке  бағдарламасының  формасы  а-қосымшада 

берілген.



32

4-кесте. ппҚк мамандарының, мұғалімдерінің, ебҚ бар оқушылар ата-

аналарының өзараәрекеттесу алгоритмі.

мұғалім, ата-ананың әрекеті 

ата-аналарға психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсету  мамандарының,  ата-

аналардың әрекеті 

1.  мұғалім  ебҚ  бар  оқушылармен  таныса-

ды.  баланың  пмпк  қойған  қорытындысы 

мен  ұсыныстарын  зерттейді.  (қыркүйектің 

бірінші аптасында)

1.мамандар  мектептегі  ебҚ  балалардың 

тізімін құрады. пмпк қойған қорытындысы 

мен  ұсыныстарын  зерттейді.  (қыркүйектің 

бірінші аптасында) 1-Форма.

2.  ата-аналармен  әңгіме  өткізеді,  олардан 

бала туралы мәліметтер жинайды, оларға са-

уалнама (1а-формасы) және коммуникативтік 

паспорт (1в-формасы) толтыруды ұсынады. 

(қыркүйектің 1-2 аптасы)

2.  ата-аналармен  әңгіме  өткізеді,  олар-

дан  бала  туралы  мәлімет  жинайды,  1б-

формасындағы  сауалнаманы  толтыруды 

ұсынады(қыркүйектің 1-2аптасы)

3.  бірнеше  күн  бойы  ебҚ  бар  оқушыны 

бақылайды,  "сабақта  оқушыны  бақылау 

хаттамасы"  ағымдағы  нысанын  толтырады 

(2а-форма).

(қыркүйектің 1-3 аптасы)

3.  бірнеше  күн  бойы  ебҚ  бар  оқушының 

сабаққа қатысуын қадағалайды, «оқушының 

сабаққа  бақылау  хаттамасы»  ағымдағы  ны-

санын толтырады (2а-нысан).

(қыркүйектің 1-3 аптасы)

4.  бақылау  нәтижесін  «сабақа  барысында 

оқушыны  бақылау  хаттамасы»  қорытынды 

формаға енгізеді (Форма 2б).

(қыркүйектің 2-3 аптасы) 

4.  бақылау  нәтижесін  «сабақа  барысында 

оқушыны  бақылау  хаттамасы»  қорытынды 

формаға енгізеді (Форма 2б).

(қыркүйектің 2-3 аптасы)

2 б – формасы   жылдың басында, бірінші жарты жылдықтан кейін және жылдың аяғында 

толтырылады, яғни баланы оқытудың даму қарқыны мен табыстылығының мониторингі 

құралы болып табылады.

 

5.  Оқушының  оқу  жетістіктерін  критери-



алды  бағалауды  жүргізеді.  бағдарламаны 

меңгерудегі проблемаларды анықтайды.

5. 

Оқушының 



нақты 

мәселелерін 

(психологиялық, педагогикалық, логопедтік, 

әлеуметтік) зерттеуге бағытталған жеке тек-

серу жүргізеді.

6.  ата-аналарға  бақылау,  әңгімелесу  және 

сауалнама  жүргізуді  қортындылайды    және 

оқушының  оқу  жетістіктерін  "оқушының 

сипаттамасы" 

(3-форма) 

формасында  

зерттейді.

6.  бақылау,  әңгімелесу,  ата-аналарға  сау-

алнама  нәтижелерін  қорытындылайды, 

тереңдетілген зерттеуді  "оқушының сипат-

тамасы"  формасында  және  мамандардың 

хаттамаларында тіркейді (3-форма))

 

3-форма жыл басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жыл соңында баланың даму 



серпіні мен оқытудың табыстылығы мониторингінің нәтижелерін тіркеу ретінде толтыры-

лады.


7. 

Оқушының 

ерекше 

білім 


алу 

қажеттіліктерін  ұжымда  (мамандармен 

және  ата-аналармен)  талқыланады  және 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

көрсетудің мазмұнын анықтауға қатысады.



7. 

Оқушының 

ерекше 

білім 


алу 

қажеттіліктерін 

ұжымда 

(мұғаліммен 



және  ата-аналармен)  талқылауды  және 

оқушының  психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсету  мазмұнын  анықтауды 

ұйымдастырады және өткізеді..



33

Оқушылар  туралы  барлық  мәліметтерді  талқылау  нәтижесінде  оқушыны  оқытуда 

қиындықтар,  олардың  пайда  болу  себептері  мен  механизмі  белгіленеді.  «Оқушының 

жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (4-форма)

бұл  форма  маманның  жеке  жұмыс  тиімділігінің  мониторингі  ретінде  жылдың  басында, 

бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады

8.  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсетудің  жеке  бағдарламасын  жасауға 

және толтыруға қатысады. (5-форма)

8.  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсетудің  жеке  бағдарламасын  жасауға 

және толтыруға қатысады. (5-форма)

10. баланы жеке тәсілдеумен және оқытудың 

арнайы  әдістері  мен  бағалау  тәсілдерін 

қолдана  отырып,  сыныпта  оқытады  және 

бағалайды.  

10. 

маманның 



оқушыға 

тән 


оқу 

бағдарламасына  сәйкес  жеке  (топтық) 

түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді. 

11.  Оқушының  оқу  жетістіктеріне  монито-

ринг жүргізеді және нәтижелерін қорытады.

11. Оқушының дамуы мен жетістіктеріне мо-

ниторинг жүргізеді және оның нәтижелерін 

қорытындылайды.

12.кОнсилиумға ҚаЙта ҚатысаДы. 

ҚОл жеткізілген нәтижелеРДі тал-

ДаЙДы.  екінШі  жаРтыжылДыҚҚа 

беЙімДелген 

немесе 

жеке 


бағДаРламалаРДың 

мазмҰнын 

талҚылаЙДы.

12.  ҚаЙта  кОнсилиум  ӨткізеДі. 

ҚОл 

жеткізілген 



нәтижелеРДі 

талДаЙДы.  ҚОлДау  кӨРсетуДің 

жеке бағДаРламасына ӨзгеРістеР 

енгізеДі,  екінШі  жаРтыжылДыҚҚа 

беЙімДелген  немесе  жеке  ОҚу 

бағДаРламалаРын 

жасауға 

ҚатысаДы.

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет