Қорытынды бөлім.
Спортшыларды бір қатарға сапқа тұрғызып бүгінгі өткен оқу жаттығуға қорытынды жасалды. Спортшылардың кемшілігі және жетістіктері ескерілді.
Тәрбиелік мақсатын шешу барысында тәртіпке, жаттығу жасау кезінде ұжымдық қарым –қатынасқа көңіл бөлінді. Спортшыларда сенімділік, өзіне –өзі сенімділік қасиеттерін дамыды.
Үйге берілген тапсырма:
Бос уақытты босқа жібермеу. Бүгінгі жасалған жаттығуларды қайта еске алу, ұмытпау. Артық тамақтан өзің тыю.
Студенттің
практикалық
есебі
Өндірістік іс-тәжірибеден өту кезіндегі педагогикалық есебі
Мен , Мусаева Ақерке 17.02.2020 – 14.03.2020 ж.ж аралығында Қарағанды облысы «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандырылған олимпидалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаттықтырушы (бокс) ретінде өндірістік іс-тәжірбиеден өттім.
Жаттықтырушылар спорттық және денсаулық іс-шараларына көбірек көңіл бөледі.Спортшылар бір жыл ішінде көптеген спорттық жарыстарға қатысады.
Практиканың алғаш аптасында жаттықтырушылардың қалай оқу – жаттығуды өткізетіні, спортшыларды жарыстарға қалай дайындайтынын бақылап, қатысып жүрдім.
Мақсатым – алдағы апталарда өзім беретін оқу-жаттығуларды тиянақты, жүйелі өткізу үшін жаттығу өткізудің методикасы,технология, білімі, білегі, ой-өрісі кең жаттықтырушылардан үлгі алу, үйренуім еді. Мен осы талаптарды орындауға тырыса отырып, өзімнің теориялық түрде алынған білімімді практикалық шындауды, методикамды байытуды мақсат еттім.
Өзім жаттығу өткізу барысында көптеген мақсаттарға қол жеткіздім, өйткені көп нәрсені үйрене жүріп, кемшіліктерімді де білдім.
Спортшылармен қандай қарым-қатынаста болу керек екенін, және оларға жаттықтырушының қандай талаптар мен тапсырмалар, қандай жауапкершілік пен сенім артатынын түсіндім, үйрендім .
Қорыта келгенде, мен Мусаева Ақерке, педагогикалық практикадан өту кезінде кең көлемді жұмыс атқарып, жаттықтырушылардан тәрбиемен, айтарлықтай тәжирбие жинадым. Спорт мектебі ортасымен танысып, жаттықтырушылармен тез тіл табысып, жаңа технологияны тиімді қолдана алдым.Алға қойған мақсат – міндеттерімді жүзеге асырдым деп есептеймін. Осы алған іс – тәжірбиемен менің болашақтағы жаттықтырушы жолыма көп септігін тигізеді деген үміттемін.
Достарыңызбен бөлісу: |