Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата04.11.2016
өлшемі1,87 Mb.
#342
1   2   3   4   5   6

Н.М. Әубәкіров,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Ш. Құдайбердіұлы атындағы

«Тілдердің үштұғырлығы»

орталығының директоры

профессор,ф.ғ.к.

e-mail: kenasch@mail.ru



КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІ:

С. СЕЙФУЛЛИН, Б. МАЙЛИН, І. ЕСЕНБЕРЛИН, М. ӘУЕЗОВ,

С. МҰҚАНОВ, Ғ.МҰСТАФИН, Қ. АМАНЖОЛОВ, Ә. ӘЛІМЖАНОВ
Қазақ кеңес әдебиетінің бастауында С. Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды ақын-жазушылар және т.б. тұрды. Әдебиетшілердің шығармалары бүкіл Кеңес Одағында да, одан тыс жерлерде де үлкен танымалдылыққа ие болды. Шығармаларда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, Отанға деген махаббат, ана тілі мен дәстүрді бағалау, патриоттық сезім жырланды, біздің ата-бабаларымыздың өмірі, өткен жылдар өмірінің қиын кезеңдері, революциялар, көтерілістер және басқа да тарихи оқиғалар көрініс тапты.

Қазақ кеңес әдебиетінің әйгілі өкілдерінің бірі Сәкен Сейфуллин (1894-1939) – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы, мемлекеттік қайраткер, Коммунистік большевиктер партиясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының негізін салушы [1].

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған. 1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алады. Осы жылы Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды.

Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымы бедерлі айғақтайтын туындылары – "Жұмыскерлерге", "Жолдастар" (саяси лирика), "Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат" поэмалары, "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда" повестері мен "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық роман. С.Сейфуллиннің "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары өз заманының революциялық рухын танытатын елеулі шығармалар болып табылады. 1923 жыл Сәкеннің ұлт мүддесін тереңінен ойлайтын, әсіресе, ұлт тағдырының тіл тағдырына тікелей байланысты екенін, онсыз тәуелділіктің толыққанды болмайтынын терең түсініп, күреске бел байлаған кезі болды.

Сәкен қазақ тілін кеңсеге, яғни мемлекеттік мекемеге енгізбей елде тұтастық болмайтынын, көсегеміздің көгермейтінін айтып, тікелей іске кіріседі. Қазақ тілінің беделін көтермей, қазақтың беделі көтерілмейтінін уағыздай бастайды. 1923 жылы 9 маусымда "Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек" деген мақаласын жариялайды. Жалпы тіл мүддесін қорғайтын 9 мақала жазған екен. Өзі басқарып отырған "Еңбекші қазақ" газетін тиімді пайдаланды. Сәкеннің ыждаһаттылығының арқасында 1923 жылдың 22 қарашасында Орталық Атқару Комитеті декрет қабылдаған. Сол бойынша кеңсе істері 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақ тілінде жүргізілетін болған.

Сәкен – қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен – халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға [2].

Бейімбет Майлин (1894-1939) – қазақ кеңес жазушысы, драматург, қазақ кеңес әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі. Жазушының балалық шағы кедейлік пен мұқтаждықта өтеді, сондықтан ол өз өлеңдерінде кедейлердің өмірі мен болашағы жайлы көптеп жазған.

Бейімбет Майлиннің шығармашылық жолы поэтикалық шығармалардан басталды. «Мұсылмандық белгісі», «Мұқтаждық», «Мал», «Байлық», «Жазғы кеш» өлеңдерінде Майлин өмір, әділетсіздік, еңбекші халықтың ауыр халі жайлы өз ойын берген [3, 369-370 б.].

«Қанды тұман» өлеңі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғаларына арналған. Ақпан революциясына үлкен сенім арта отырып, «Далада», «Қазаққа» деген өлеңдер жазған. Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Күлтай болыс», «Кедейдің теңдігі» және басқа шығармалары оқырмандар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Әсіресе Мырқымбайдың поэтикалық образы – бойына ұлттық мінез қырларын сіңірген қарапайым еңбекқор қазақ кедейінің образы оқырмандар назарынан кетпеді.

Бейімбет Майлиннің шығармашылық еңбекқорлығы таң қаларлықтай дәрежеде болды, ол 1923-1937 жылдар аралығында 55 кітап шығарған. 43 жыл ғана өмір сүріп, ол бірнеше роман, 10 повесть, 15 поэма, көп өлеңдер мен очерктер, фельетондар, 20 пьеса, либретто мен сценарийлер жазған. Бүкіл шығармашылық жолында ол жарқын болашақтың келетініне үлкен сеніммен қарады. Алайда, өз замандастарының көбі сияқты, ол да сталиндік репрессиялардың құрбаны болды.

1957 жылы Бейімбет Майлиннің жарқын аты қайтарылып, ақталды. Кітаптары оқырмандар ықыласына бөленіп, оларды қайта қуанта бастады. Қазақ әдебиетінің негізін салушы ретінде танылған Бейімбеттің есімі халық жадында мәңгі сақталмақ [3].

Қасым Аманжолов (1911-1955) – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы.

Қасым Аманжолов Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол шығармаларын 1931 жылдан бастап шығара бастады және бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрді: «Дауыл», «Балбөбек», «Өлеңдер», «Нұрлы дүние» және т.б. Қ. Аманжолов әдебиетке келген кезінен бастап дарынды ақын ретінде танылды. Ол өз елінің өмірін жырлады, өз замандастарының батырлық істері мен рухани дүниесін, олардың Отан қорғау мен еңбек етудегі жігерлігі мен төзімділігін көрсетті. Ақын қаламынан он шақты поэма, өлеңдер мен пьесалар оқырман назарына ұсынылды. Ақын шығармашылығын ондағы лиризм мен романтика үшін, оптимизм мен патриотизм үшін сүйеді және бағалайды.

Сонымен қатар Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол А.С. Пушкиннің көптеген өлеңдері мен «Полтава» поэмасын, М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад» драмасын, А.Т. Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасын, Байрон мен Т.Г. Шевченко шығармаларын қазақ тіліне зор шабытпен аударды .

Мұхтар Әуезов (1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, драматург және ғалым, Лениндік сыйлықтың және бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты.

Әуезовтың алғашқы және ең ерте шығармасы қос ғашықтың трагедиялық тағдыры туралы ел аузындағы аңызға негізделген «Еңлік-Кебек» болды. Шығарманың сюжеті Шекспирдің «Ромео и Джульетта» пьесасындағы Монтекки мен Капулетти отбасылары арасындағы қастық туралы оқиғаға ұқсас [2, 10 б.].

ХХ ғасырдың басында ұлттық проза мен драматургия қалыптасу кезеңін басынан өткерді. Көркем әдебиетте халық ауыз әдебиетінің әсері айтарлықтай сезілді. Бұл сюжет пен композицияға, адам мінезін жасау тәсіліне әсер етпей қоймады. Сол кездегі жас жазушының прозасы ой тереңдігімен және психологизммен ерекшеленді. М. Әуезов ана тілінің бейнелеу мүмкіндіктерін кеңейтті. М. Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелері мен повестерінің басты тақырыбы – қарапайым адамның қайғы-қасіреті мен оған жабырқау күйін сипаттау ғана емес, сонымен қатар халықты рухани ояту, рухани қолдау. Майлинмен және Торайғыровпен салыстырғанда, М. Әуезов адамгершілік мәселесіне көптеп тоқталады.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған. Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып "Татьянаның қырдағы әні" өмірге келеді. Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, "Абай" трагедиясы туады. Бұл – ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.

Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен "Абай жолы" романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, "Абай" және "Абай жолы" романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жеңісі еді. Сол жеңісіне сай ол туған халқының құрметіне бөленді, өз заманының ең жоғары сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықты иеленді [1].

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик.

Жалпы қазақ оқырманына кеңінен тараған "Адасқандар" романы, "Сұлушаш" дастаны, бірінен кейін бірі жарық көрген "Майға сәлем", "Сөз - Кеңестік армия" атты өлеңдері, "Ақ аю" поэмасы, "Жұмбақ жалау" романы және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.

С. Мұқанов драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы-демократтар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды, халық поэзиясының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген "Халық мұрасы" деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.

Сәбит Мұқанов қазақ прозасының дамуына зор үлес қосты. 20 жыл бойы әңгіме жанрында белсенді жұмыс істеп, ол терең лиризмге, ақиқаттылыққа, өндірістік мәселелерге қызығушылыққа толы, Отан қорғаушылардың рухани әлемін көрсетуге және тың игеру кезеңіндегі адамның шексіз мүмкіндіктері мен күш-жігерін бейнелеуге негізделген көптеген шығармалар легін жарыққа шығарды.

Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, "Ботакөз" деген атпен жарық көрген "Жұмбақ жалау" романы еді десек, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған "Өмір мектебі" трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын.

Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары бағаланды.

Ғабиден Мұстафиннің (1902-1985) шығармашылығы кеңестік дәуір талантының тағдырын үлкен драматизммен сипаттады десек те болады. Бір жағынан, қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін ашық көріністермен, дәлелді оқиғалармен және алуан түрлі кейіпкерлермен көркемдеген бес романның авторы, екінші жағынан, идеологиялық та бар. Ертеректе жазылған шығармаларында («Ер Шойын», «Шағатайдың қулығы») Мұстафин 20-жылдары ауылдағы араздық пен қарама-қайшылықтардың әлеуметтік мәнін түсінуге ұмтылады. Жас жазушы әлемдік әдебиет гуманистерінің дәстүрімен зорлау мен қорлау көргендерге қолдау көрсетеді, өйткені ол мұндай өмірді кітаптан емес, шынайылықтан, басынан өткерген жайттардан көрді.

Осы жағынан алып қарасақ, жазушының «Ер Шойын» шығармасын ерекше атап өтуге болады. Ер Шойын деген жылқышының басына мұқтаждыққа толы тағдыр байланады. Оның бойында жылқышылар бастығы Қоржық тарапынан болған қорлықтан ауырлық пен шыдамдылық жылдан жылға жинала бастайды. Батырақ мұның бәрі бұлай болмау керектігін, бәрінің бір күні өзгеретіндігін жүрегімен сезеді. Біреулер қарсылық ой білдіріп жатты, енді біреулер әділетсіздікпен күресіп жатты. Ал жылқышы өмірінде ештеңе өзгерген жоқ: сол баяғы суық, баяғы ыстық, баяғы аштық күй. Алайда бір жайт Ер Шойынға қатты әсер етті. Қоржықтың сыбайластыр оның інісі Болатты жалған айыппен түрмеге отырғызады. Жылқышы осы кезде әрекет ету керектігін және әділетсіз жағдайлардың құрбаны болмау керектігін түсінеді.

1941 жылы Ғ. Мұстафиннің «Өмір мен өлім» деген шығармасы жарыққа шығып, кейін ол әйгілі «Қарағанды» романының шығуына негіз болады.

Осыдан кейін лек-легімен романдар мен повестер жарық көре бастайды: «Шығанақ Берсиев», «Миллионер», «Қарағанды» және «Дауылдан кейін». Жазушының «Миллионер» мен «Қарағанды» шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылған [2].

Кеңестік заманда еңбек еткен тағы бір қазақ жазушы – Ілияс Есенберлин (1915-1983). Жазушы өз халқының тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ғылыми монографияларды оқып үйренді, мұрағаттарға барды, түпкі деректемелерді тиянақты түрде зерделеді. Ол алғашқы тарихи романына мәлімет жинақтап, өңдеу жолында үздіксіз жұмыс істеп келді. Ал 1965 жылы, шамамен үш ай ішінде әйгілі трилогиясының алғашқы кітабын – «Қаһарды» жазды, ал кейінірек бүкіл трилогияны да аяқтап, оны «Көшпенділер» деген атпен атады. Өз Отаны мен халқының тағдыры үшін жаны ауырды, міне, осы сезім жазушының өз елінің тарихи өткеніне терең үңілуіне ықпал етті.

«Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын Орда», «Қатерлі өткел» сияқты тарихи шығармалар, «Алтын құс», «Жанталас» сынды заманауи тақырыптағы романдар жарық көрді.



Ілияс Есенберлиннің шығармалары көтерілетін мәселелер өзектілігімен және оларды шешудегі батылдықпен, кейіпкерлер бейнелілігімен ерекшеленеді. Ол өз туындыларында ертеректе айтылып кеткен таныс материалды жаңаша бере алды. Кейіпкерлерінің сөзімен біздің бай тарихымыз жайлы айтты, өзіміздің ұлттық дәрежемізге жетуге көмектесті.

Әнуар Әлімжанов (1930-1993) – кеңестік әрі қазақ жазушысы, әйгілі публицист, қоғам қайраткері. Жазушы бірқатар тарихи романдар жазды, кейін бұл романдар қазақ халқының мың жыл бұрынғы тарихы мен тағдырын сипаттайтын топтамаға біріктірілді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, қазақ халқының қолына қару алып, жергілікті билік органдарына қарсы көтерілгендегі құқығын қорғайды («Махамбеттің жебесі» романы), сосын жазушы XVІІІ ғасырға, оның алғашқы ширегіне үңіліп, Қазақстан тарихының орыс халқының тағдырымен тоғысқан шақты суреттейді («Гонец»), бұдан кейін көне дәуірге, Х ғасырға қадам аттайды («Ұстаздың оралуы»). Циклдың соңғы, төртінші романында өткенді, қазіргі заманды және болашақты бір сюжетке біріктіруге тырысты («Дорога людей» романы). Әнуар Әлімжанов Азия мен Африка елдеріндегі азаттық қозғалыстар тақырыбында шебер қалам тартты, сол үшін ол ордендермен және медальдармен марапатталды [3, 675 - б.].

Осылайша, қазақ әдебиетіндегі әр ақын, жазушы, драматург – ұлттық мүдде мен ұлттық мәселелер жан дүниесін тереңінен толғандырған тұлға.

Ұлттық интеллегенция өкілдерін ортақ патриоттық сезім, туған жерге деген махаббат, дәстүр мен тілге деген құрмет біріктіреді. Олар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан төл әдебиетіміздің негізін салушылар болып табылады. Өз заманында қиындық көріп, әділетсіздікке, теңсіздікке душар болса да, олар халқының көркеюі мен игілігі үшін өз ойларын жүзеге асырудан тартынбады.


Әдебиеттер тізімі
1. Казахская ССР: краткая энциклопедия // Гл.ред. Р.Н. Нургалиев. – Алма-Ата - Гл. ред. Казахской советской энциклопедии // 2012. – Т. 4: Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура. – 31 300 экз. – ISBN 5-89800-023-2.

2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия // 2 том - Алматы - 2013. - 728 бет.



3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия // 1 том - Алматы - 2012.

Қ.Қ. Нұржанова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының

аға оқытушысы, п.ғ.м.

email: karla-1972@mail.ru


КЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЫКА, ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ КИНЕМАТОГРАФ: Ш. ҚАЛДАЯҚОВ,

Б. ТӨЛЕГЕНОВА, Е. СЕРКЕБАЕВ, Р. БАҒЛАНОВА,

А. ӘШІМОВ, Р. РЫМБАЕВА, Б. АЮХАНОВ, Ш. АЙМАНОВ
Қазақстанның музыкалық мәдениеті – көп қырлы құбылыс. Қазақстан халқы өзінің музыкалық мәдениетінің ерекшелігін ғасырлар бойы алып келеді. Тек, Кеңес өкіметі жылдарында ғана орыс мәдениетінің игілікті ықпалының арқасында, бұл әдет-ғұрыптар кәсіби өнердің жаңа, мықты сабақтарын алды.

Кеңес өкіметі кезінде қазақ музыкасын ғылыми зерттеудің басында республиканың музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, «Қазақ халқының 1000 өлеңі» (1979), «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» (1931) атты жинақтарды шығарған белгілі А.В. Затаевич болды. Бұл жинақтар жұртшылықтың алдында қазақ халқының музыкалық өнерінің сарқылмайтын байлығы бар екенін ашып көрсетті.

Шығармашылық стилі, халық композиторларының мектебі, әншілер және аспапшылардың ерекшеліктеріне, олардың жеке орындаушылық шеберліктерінің көркемдігіне, ұлттық музыканы тереңнен зерделеудің ірі жетістіктеріне «Мыңжылдық ішек» (1958 ж.) және «Мыңжылдық бұлбұлы» (1967 ж.) монографиялық зерттеулер арналды. Олардың авторы А.К. Жұбанов – Қазақстан музыка өнерінің белгілі қайраткері, ғалым және композитор, профессор, ҚазКСР ҒА академигі.

1939 жылы Қазақстан композиторлары Одағының ұйымдастыру комитетін құру кәсіби музыкалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. Оның мүшелері болған композиторлар: А. Жұбанов, Е. Брусиловский, Б. Ерзакович, Л. Хамеди, сонымен қатар Д. Нүрпейісова, К. Азербаев, М. Ержанов. Бұл композиторлар республиканың музыкалық өнеріндегі проблемаларды шешуге қатысты [1, б. 565].



2000 жылы Қазақстан Республикасының композиторлар Одағы 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл уақыт аралығында бірнеше композиторлар буыны ауыстырылды. Олардың ішінде Е. Рахмадиев, С. Еркимбеков, К. Дүйсекеев, Б. Баяуханов, Н. Мендыгалиев, Э. Богушевский, Ж. Туякбаев, Б. Дальденбаев, А. Бестибаев, Ш. Калдаяков және т.б. [1, 552 б.].

Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, «Қазақ валісінің королі». 1965 жыл – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1980 жыл – Қазақ КСР еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері. 1991 жыл – Қазақстанның халық артісі. 2010 жыл – «Бақыт құшағында» ән жинағы, Қазақстан Республикасының әдебиет өнерінің саласына қосқан үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (қайтыс болғаннан кейін). Шәмші Қалдаяқов көптеген лирикалық әндердің авторы: «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым». 1956 жылы жазған «Менің Қазақстаным» әні қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әнұраны.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оның танымал көптеген әндері вальс әуеніне жазылған: «Қуаныш вальсі», «Қайдасың», «Бақыт құшағында». Вальс және дала аңызының әуеніне байланыстыра жазылған әндер тыңдаушыларға қатты ұнады, бірақ осыған бола ол 1959 жылы «дұрыс үлеспеушілік үшін» деген тұжырымдамамен консерваториядан шығарылды [2, б. 3].

ҚР халық әртісі, профессор Лаки Кесоглу: «Шәмші Қалдаяқов қазақ эстрада музыкасының туу бастауында тұрды, оның осы жанрға қосқан үлесі баға жетпес. Оның әндері – бұл тұтас дәуір! Олармен бір ғана емес бірнеше ұрпақ өсіп-өнді. Оны шығармашылығы қазірге дейін талап етіледі, әндері концерт алаңдарында да, радиода да естіліп отырылады. Шәмші шығармашылығы әндерінің дәстүрін жас орындаушылардың да жалғастырып отырғанын қуанышпен айтуға болады. Оның белгілілігінің құпиясы, бұл әндердің халқына деген сүйіспешілікпен жазылғандығында шығар. Жүрекпен сезіліп және жазылған, сондықтан Ш. Қалдаяқов шығармашылығы әлі де адамдар жүрегін жылытады» [3, б. 2].

Халық әншілеріне берілген ең жоғарғы мақтау «күміс көмей, жез таңдай әнші» сипаттамасы болып табылады. Бұл – әншінің табиғи қабілетінің бірегейлігін, оның дауыс аппаратын және дауыстың сөзін сөйлеу қаныққандығын сипаттап, анықтайтын жөнделген этникалық баға. Мұндай дауыстың иесі болған халықтық - кәсіби композиторлары мен әншілері: Біржан Қожағұлов, Жая Мұса, Әміре Қашаубаев, Роза Бағланова, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев.



Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922-2011) – кеңес және қазақ операсының және эстрадасының әншісі (сопрано). КСРО-ның халық әртісі (1967). Қазақстанның Халық қаһарманы (1996). Роза Бағланова 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. Бағланованың есімі «Кто есть кто» англо-американдық энциклопедиясының әлем әйелдері туралы бірінші шығарылымына енді. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы әртістің үлкен шығармашылығын баяндайтын «Біздің Роза» атты деректі фильм түсірді. Орыстың «Самара-городок» халық әні әншіге бүкілодақтық даңқтылық әкелді.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). 1968 жылы Бибігүл Төлегенова Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» филіміндегі басты кейіпкердің үлкен қызының рөлін ойнады. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композиторларының шығармалары (Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Хамидидің «Бұлбұлы», Төлебаевтың «Еске алуы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма»), сондай-ақ С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар.



Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. 2001 жылы «Жыл адамы» атағын алған. Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). «Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері (1991).

Еліміздің музыка өнерінің эстрадалық жанры Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Ералаиева, М. Жүнісова, Г. Сиқымбаева, Б. Тайлақбаевтің есімдерімен көрсетілген [1, 552 б.].

Роза Қуанышқызы Рымбаева - кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фестивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Қазақстанда опера 1926 жылы қазақ драма театрының ашылуымен, 1934 жылы қазақ музыка театрының сахынасында алғашқы «Қыз Жібек» қазақ операсының премерасына дейін қысқа кезеңде пайда болды. Бұл Мәскеуде (1936) қазақ өнерінің декадасы күндерінде және Ленинградтағы (1938) гастролдарда көрсетілген шығармашылық жетістіктер, ұлттық және еуропалық екі дәстүрді синтездейтін керемет музыкалық-сахыналық тәжірибе болды. Жұртшылық және сыншылар – «Қазақ жерінде опера бар!» деп қуанышпен констатациялады. «Қыз Жібек» туралы «біртұтас» және «көркемдігі жоғары» шығарма ретінде айтып, ал спектаклдерді «ғажайып» және «толқытатын» деп атады.

Еуразиялық кеңістік территориясында классикалық өнердің ірі орталығының бірі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры болып табылады. Оның сахынасының атағын шығарғандар К. Байсеитова, Р. Джаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова және т.б., бірнеше қойылымдар Е. Брусиловский, Л. Хамиди, А. Жұбанов, М. Төлеубаевтың, Е. Рахмадиевтің есімімен байланысты [2, б. 43].

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926-2013) – әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Сойиалистік Еңбек Ері (1986). Кинодағы рөлдері: 1957 – режиссер Шәкен Айманов:: «Біздің сүйікті дәрігер» – Тәкен; 1959 –КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм «В этот праздничный вечер»; 1961 - режиссер Ш.Айманов: «Ән шақырады» - Досай Нұрланов; 1968 - режиссер Ш.Айманов: «Тақиялы періште» – Шыңғыс; 1976 – «Медеудегі кездесу». [4, 39 бет].

Е. Серкебаев орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары: Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»); Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, «Абай»; С.Мұхамеджанов, «Айсұлу»); Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, «Ер Тарғын», «Дударай»); Онегин, Елецкий (П.Чайковский, «Евгений Онегин», «Пиковая дама»); Петруччио (В.Шебалин, «Укрощение строптивой»); Фигаро (Дж.Россини, «Севильский цирюльник»); Валентин («Фауст»); қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармаларын шебер орындады.

Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы Фигаро партиясы, көрсеткен артистігі, шеберлігі және жоғары орындаушылық мәдениеттілігі Ермек Серкебаевқа кеңінен танымалдық әкелді. Дмитрий Гнатюк оны «Баритондар королі» десе, Муслим Магомаев — «Кеңес өкіметіндегі ең үздік Фигаро» деп атады.

Көпқырлы қазақ халық шығармашылығында би үлкен орынға ие. Би өнерінің жаңа жетістіктеріне жату үшін қазақ хореографиясына Али Ардобус, А. Александров, Л. Жуков, Е. Лифанова, Ю. Ковалев, Д. Абдиров, Л. Чернышова, О. Свеволодская-Голушкевич, А. Исмаилов, З. Райбаев, Б. Аюханов, Э. Усин, М. Тлеубаев, Ж. Байдаралин, Г. Бейсенова, Т. Изим, А. Кульбекова сияқты ұлттық балетмейстерлер үлес қосты. Олардың әрқайсысы өзінің хореограф есімін жазды, балет өнерінің жоғары принциптерін ұстанады. Олар 1930-1990 жж. қазақ хореографиясын және жаңа мыңжылдықтағы қазақ биін жалғастырушылық сахна өмірін және келешегін, дәстүрін сақтауды қалыптастырды [1, б. 559].

Қазіргі уақытта би өнерінде өзінің шығармашылығымен танымал ұжымдар бар: бұрынғы «Алматының жас балеті» мемлекеттік ансамблі, қазір Б. Аюхановтың ҚР мемлекеттік классикалық би ансамблі, «Гүлдер», «Алтынай», «Салтанат» мемлекеттік халық би ансамблдері [4, б. 566].

Аюханов Болат (1938 жылдың 13 қыркүйегі) - ҚР халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың, Тәуелсiз меценаттар клубының «Тарлан» (платина), Стамбулда өткен халықаралық «Фомгед» би ансамблiнiң айрықша сыйлығының иегерi, Халықаралық ақпараттық академияның академигi, өнертану профессоры, Бас балетмейстер Болат Аюханов қазақ халқының музыка өнерiндегi тарланы, дауылпазы. Бұл күндері Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында балет режиссерлерін дайындауда, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищеде ұстаз. Оның шығармашылық жолын асқақ биші, ғаламат жаңашыл балетмейстер деп тану ылайықты. Қазақ балетінің, Қазақстан мәденитетінің брэнді, тірі аңызы.

Театр өмірі қазақ драматургиясымен және оның ірі қайраткерлерімен тығыз байланысты: М. Әуезов, Б. Майлин, Г. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Тәжібаев, А. Әбішев [1, б. 555].

1949 жылдың қазанында Қазақстан КП ОК «Республиканың театр өнерін дамытудың міндеттері мен жағдайы туралы» арнайы қаулысын қабылдады. Опера және балет либреттосын жасауда жұмыстың шығармашылық және идеялық деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлу керек екені айтылды [4, б.565].

Көптеген театр актерлері кинематограф бойынша кеңінен танымал. Құрман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Замзагүл Шарипова, Сағи Әшімов, Шәкен Айманов және т.б. актерлердің экранда орындаған образдары көптеген көрермендерінің ойында сақталады.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914-1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. КСРО-ның халық артісі (1964), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968), Қазақстанның халық әртісі.

Ш. Айманов 1947–1951 жж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.



Айманов Қазақстан кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.

Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім, («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау») және т.б. бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған.

Ш. Айманов аса дарынды суреткер, актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов – 1937 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. «Қазақфильм» киностудиясының және М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режисер. Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай» спектакіліндегі Айдар рөлі. Содан кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарақыпшақ Қобыландысында»), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында»), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен терінде», КСРО мемлекеттік сыйлығының, 1974), Жарасбай (Қ. Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығында»), Асан (Мұхамеджановтың «Жат елдесінде»), Дон Жуан (М. Фриштің «Дон Жуанның думанында»), Виктор (Л. Зориннің «Варшава сазында») сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады.

А. Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров («Атаманның ақыры», 1971), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (1972), Мәмбет («Сарқырама»,1973), Қасымханов («Транссібір экспрессі», 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.
Әдебиеттер тізімі
1. История Казахстана. В 5т. – Т. 4. – Алматы: Атамұра, 2012. - 768 с.

2. Ш. Калдаяков. Король казахского вальса // http: // ru. wikipedia. org/wiki/

3. Лаки Кесоглу. Мелодии, написанные сердцем // Казахстанская правда 13 июля 2013 года, № 232 (27506). С. 2.

4. История Казахстана. В 5т. – Т. 5. –Алматы: Атамұра, 2012. - 672 б.






Л.М. Кулейменова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының оқытушысы

e-mail: layla_k70@mail.ru




ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ ҮРДІСТЕР
Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуына жоспарлы экономиканы өндіріс көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру «мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды. Осы кезеңдерде Қазақстан ҒА бірнеше ғылыми мекемелері біріктіріліп, ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми- техникалық үрдістердің аса маңызды бағыттары – машинатану, радиоэлектроника, автоматика бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру қарқыны артта қалды. Ғылыми әзірлемелер тиімділігі күрт төмендеді.

Білім беру жүйесі белгілі бір дағдарысты бастан кешірді, балабақшалар жабылып, орта мектептердің саны қысқарды. Сонымен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес оқу-білім мекемелерінің – мектептер мен жоғары оқу орындарының пайда болу үрдісі басталды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамыту үшін ауқымды кеңістікке шықты.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу, аттестаттау және сараптау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Жоғары оқу орындар заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Сонымен қатар жаңа жоғары оқу орындары ашылды, олардың қатарына Түркістандағы Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оралдағы Мәдениет институты, Астанадағы Еуразия мемлекеттік университеті және басқа бірқатар жоғары оқу орындары бар. Халыққа білім беру жүйесінің халықаралық байланысы кеңейді. Бұған дәлел 1991 жылдан қазақстандық шәкірттер мен аспиранттардың жыл сайын шетелде оқуын жалғастырулары [1, 529 б.].

Тәуелсіздіктің әр жылын Қазақстан қоғамының көкейкесті проблемаларына арнау дәстүрге айналды. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл – «Ұлтаралық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл – «Халықтардың бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы ұлттық тарих жылы»; 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл – «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.

Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды және сталинизм құрбандарын ақтауға бағытталды. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы ғылыми – зерттеу институттары осы күрделі іске үлкен үлестерін қосты. А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың т.б. кітаптары жарық көрді.

Қазақтардың дүниежүзілік Конгресі (1992) республиканың мәдени өміріндегі зор қоғамдық серпіліс туғызған ірі оқиғаға айналды, ғаламшардың барлық түкпірлерінен белгілі ақындар мен жазушыларды, суретшілер мен саясаттанушыларды, ғалымдар мен бизнесмендерді және басқа да отандастарымызды тұңғыш рет жинады.

ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ ақыны әрі философы Абай Құнанбаев пен ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы, аса көрнекті қазақ жазушысы, ғалымы және драматургі М.О. Әуезов пен көрнекті қазақ жазушысы, академик С. Мұқановтың 100 жылдығы әлемдік деңгейде өткізілді. Бұл оқиғалар зор халықаралық серпіліс туғызды және қазақ халқының рухани жан дүниесін байытты.

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында республикадағы көркемсурет құндылықтарының аса ірі қоры жинақталған. Олардың арасында – Қазақстанның ежелгі өнерінің үлгілері бар, олар палеолит заманынан бергі адамзат өміріндегі көркемдік дүниесіне ұмтылысынан хабар береді.

1995 жылы республиканың шығармашылық зиялы қауымының бастамасымен қоғамдық ұйым – Мәдениетті қолдау ұлттық қоры құрылды. Оның құрметті төрағасы болып ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Қордың негізгі міндеттері Қазақстанның мәдени өмір шындығымен өзара байланысты өзекті проблемаларына қол ұшын беру болып табылады.

Қазақстанның егеменді мемлекет мәртебесін алуы ұлттық мәдениеттің дамуына жаңа бағыт берді. Астанада Айман Мұсаходжаеваның Музыка академиясы құрылды, ол оркестрлік музыка мен жеке дауыста ән шырқау саласындағы кәсіпқой музыканттарды біріктірді. Алматыда музыкалық мектеп негізінде Жәния Әубәкірованың колледжі ашылды.

Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай рет табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда гастрольдерде болған отандық артистеріміз еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық қызмет саласында жемісті еңбек етуде. Мысалы, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова Француз әдебиеті мен өнері орденімен марапатталды, ал халықаралық конкурстардың иегері, профессор, Қазақ музыка академиясының ректоры Айман Мұсаходжаева 1998 жылы «Әлем артисі» жоғары атағына ие болды. Тек Алматыда ғана бірнеше жеке меншік театрлар, 14 жеке меншік сурет галлереясы ашылды. Бірінші рет «Жеке меншік қорлардағы Қазақстан өнері туындылары» атты тұңғыш республикалық көрме өткізілді. Қазіргі кезде республиканың мәдениет саласында 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 55 театр және 25 филармония халыққа қызмет көрсетеді. Абай атындағы опера және балет театры, республикалық орыс, қазақ және неміс драма театрлары, ұйғыр және корей музыкалық комедия театрлары жетекші театрлар болып табылады.

Егемендік жылдары Оралда, Өскеменде, Петропавлда, Павлодарда Қазақ драма театрлары және Астанада К. Байсейітова атындағы опера және балет театры ашылды.

Құрманғазы атындағы Халық аспаптар симфониялық оркестр, «Алматының Жас балеті» ансамблі, «Гүлдер», «Отырар сазы», «Сазген» ансамбльдері республикада және шетелде кеңінен танымал.

Алматының «фестивальдар қаласы» деп аталуы кездейсоқ емес. Тәуелсіздік жылдары мұнда «Азия дауысы», «Шығыс маусымы», «Дәстүрлер жүлдесі», «Жас қанат», «Үкілі домбыра», «Айналайын» музыка фестивальдарын өткізу дәстүрге айналды.

Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда гастрольде болған отандық артистер көпшілікке біздің еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық музыкалық қызмет саласында жемісті еңбек етуде [2, 112 б.].

Қаржылық қолдаусыз жұмыс істеген қазақ кинематографиясы өзінің екінші қайтара дүниеге келуін бастан кешіруде. Оның «жаңа толқынының» пайда болуына орай жас режиссерлардың «Ине», «Соңғы каникул», «Табысу», «Қайрат», «Отырардың күйреуі», «Әлжуаз жүрек» және басқа кино туындылары ең беделді халықаралық фестивальдардың басты және арнаулы жүлделерін жеңіп алды.

«Қазақфильм» қазір жыл сайын 30-ға жуық көркем, анимациялық және деректі фильмдер түсіреді. Онда соңғы жылдары түсірілген «Сталинге сыйлық», «Мұстафа Шоқай», «Сіз кімсіз, К мырза?», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Шал» секілді көптеген картиналар біздің көрермендеріміздің ғана көңілінен шығып қойған жоқ, олар сонымен қатар қазақ киносының деңгейін сапалық жағынан тағы бір белеске көтерді.

«Жаңа толқындағы» Қазақстан кинематографының картиналары отандық баспасөз бен кино сынында жоғары баға алды. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында «Еуразия» 1- халықаралық кинофестивалы өтті, онда Қазақстан кинематографистерінің соңғы еңбектері көрсетілді. Бүгінгі таңда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы (2000 жылы құрылған) жыл сайын ондаған толықметражды көркем фильм шығаруға қабілетті, бұл фильмдер халақаралық беделді фестивальдарда басқа елдердің өнімімен бәсекелесе алады.

2006 жылы «Көшпенді» фильмінің шығарылуы Қазақстанның кинематографиялық өміріндегі маңызды оқиға болды. Фильмнің идеясын бастапқыда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев тұжырымдады. «Көшпенді» фильмі Голливуд кинематографистерімен бірлескен тұңғыш ынтымақтастық болып табылады.

2007 жылғы ақпанда «Kazakh Cinema Distribution» компаниясы мен «Тұран Әлем» Банкі DVD жинақтама жинағындағы қазақ киносының «Алтын жинақтамасын» тарту ретінде ұсынды. Жинақтаманың шығуы отандық киноның тарихына жаңа бет болып енді, ол қалпына келтірілген 30 фильмнен тұрады. Жасалған уақыттың рухымен сусындаған жинақтаманың барлық фильмдері өзінің көкейкестілігін бүгінгі таңда да жоғалтқан жоқ. Мұның өзі фильм кейіпкерлерінің әрбір қазақстандыққа жақын екендігімен байланысты, олар мәңгі құндылықтар мен мұраттарды жеткізген фильмдер.

Қазақстан XXI ғасырдың басында қол жеткізген экономикалық өсу қарқыны мәдени үрдістердің дамуына игі ықпалын тигізді. Қазіргі заманғы Қазақстандағы мемлекеттік пен мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын заңды түрде есептеуге болады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастауымен құрылған. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

2004 жылдан бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35 %) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы әуендерге терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» антологиясы шығарылды.

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.



«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра», «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер [3].

«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан арман-тілегі бір көптеген түрлі ұлт өкілдерінің Отанына айналды. Бірге тұрып жатқан халықтардың тарихи қалыптасқан рухани байланысы Қазақстан Республикасында ұлттық келісімнің негізін қалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу-мәмілесу органы ретінде құрылды. Қазір республикада жұмыс істейтін және Қазақстан халқы Ассамблеясына біріккен ұлттық-мәдени орталықтар еліміздің ұлттық мәдениетінің дамуына жан-жақты жәрдемдесуде. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – 27 республикалық және аймақтық, 250-ден астам жергілікті ұлттық-мәдени орталықтарды біріктіретін ұлттық саясатты жүзеге асыратын бірегей қоғамдық институт. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.



2014 жылдың 18 сәуірінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойы атап өтілетіндігін айтты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы барша халықты Конституцияға дауыс беруге шақырған тұңғыш институт болатын. Мен мұны ұмытпаймын, осыған дән ризамын. Сондықтан да келесі 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаймын», – деді Н.Ә. Назарбаев [4, 1 б.].

Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа аяқ басуы Қазақстанда соңғы жылдардағы мәдени үрдістердің сипатына елеулі ықпал етті. Өткен ғасырдың мәдениетімен айқын жалғасып келе жатқан сабақтастық XX ғасырдың аяғындағы қазақстандық мәдениеттің ерекшелігі болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдениеттің сипаты демократиялық реформалардың тереңдеуіне байланысты елде болып жатқан оң өзгерістерді паш етті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): 5 т. – Алматы: Атамұра, 2012.688 б.

2. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы, 2011, – 288 б.

3. Әліппай С. Мәдени мұра // Егеменді Қазақстан 22 ақпан 2011, № 15.

4. Аманқұлов Қ. Бейбіт күн – бізге керегі // Орталық Қазақстан 19 сәуір 2014, № 73, 1 б.


М.Т. Оспанғалиева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының оқытушысы

e-mail: omendikul@mail.ru




ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘДЕНИ ҮРДІСТЕРГЕ ЫҚПАЛЫ. ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАНДАНУ ҮРДІСІ
«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.

Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды [1, б. 5]. ХХ ғ. 90-шы жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады [2, б. 509].

Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.

Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.

Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.

Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж. Бодрийяр термині) - қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті. Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.

Бұндай алғышарттар міндетті түрде қалыптасады, және сөзге дәлел ретінде бүгінгі таңда кеңінен таралып отырған жаңа мәдениет тәжірибесінің көптүрлілігін айтуға болады. Олар қоғамдық санада белсенді рефлексияланады, оның ішінде мағыналық әлем мағынасын әлеуметтік-тарихи контекстте қарастыруды болжайтын, әлеуметтік мәдениет талдауы әдісі де бар [3].



Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделуде [4, б. 9]. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды. Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата» принципі барлық халықтың рухани бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық махаббаттың негізіндегі этникалық тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып табылады. Қазақ халқы этномәдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды [5, б. 47].

Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Алайда, «сөз еркіндігі» қазақ тарихшылары үшін ауыр сынақ болды. Алғаш рет, соңғы жүзжылдықта материалдық жағдайы мен ынтасы бар әрбір адамның жазуға да, баспаға шығаруға да мүмкіндігі болды. Бұл жағдайда, бізге көптеген әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі сападағы тарихи шығармалар ағымы келіп түсуде. Бұл тарихиграфияның анализі мен сыны жеке мәселе. Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпқой және кәсіпқой емес жазушылардың қаламынан шыққан тарихи шығармалар бүкілхалықтың өзінің тарихына деген қызығушылығының дәлелі болып табылады. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты [6] аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.

Мәдениет жаһандануын екі феноменмен байланыстырады. Біріншісі Жер шары халықтарының басым көпшілігі арасындағы батыстық индивидуалистік құндылықтардың таралуын сипаттайды. Бұл құндылықтар адамның индивидуалды құқығын мойындайтын және адам құқығын халықаралық деңгейде қорғауға тырысатын әлеуметтік институттармен насихатталады. Екінші тенденция ретінде бүкіл әлемдегі батыстық «ойын ережесін» еншілеуді атауға болады. Бюрократты ұйым мен рационализм, материалистік көзқарас, экономикалық тиімділік пен саяси демократия құндылығы барлық әлемде европалық Ағартушылық кезеңінен бері таралуда. Сонымен қатар, әлемдегі мәдени консенсустың ерекше ролін мойындауға тура келеді. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да, батыстық құндылықтар әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Әлемнің басқа бөліктерінде таралған бұл құндылықтар: рационалдық, индивидуализм, теңдік, тиімділік. Мәдениет жаһандануы үрдісі экономикалық және мәдениеттанулық пәндер арасында тығыз қарым-қатынас құрады. Соңғысының маңыздылығы сондай, тіпті, мәдениет экономизациясы мен экономика мәдениленуі жайлы сөз қозғауға болады. Толық әсерлесу қоғамдық өндіріс неғұрлым интелектуалдық, мәдени және рухани игіліктер мен қызмет немесе «рәміздер» өндірісіне бағытталуымен анықталады, ал мәдениет аясында сауда мен бақталастық («көпшілік – мәдениет») заңдары көптеп аңғарылады. Мәдени жаһандану аумағындағы мәнді мәселелер бұрыннан бар, тарихи қалыптасқан ұлттық-діни дәстүрлермен және жеткіліксіз түрде дамыған саяси жаһанданумен байланысты.

Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет ететін, ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады, батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді. Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесінің төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітап, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80 % көбі ағылшын тілдес мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде БҰҰ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры күннен-күнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда.

Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі адамдар ғана емес, саяси қайраткерлердің бірқатары, сондай-ақ экономистер мен оқымыстылар да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітаптар жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болады. Стиглиц көптеген деректер мен мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірқатар авторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің геосаяси қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және осындай пікірлер өте көп.

Жаһандану жақтастары қазіргі кезеңдегі үрдістер мен олармен байланысты жағымсыз құбылыстар өзіндік сипатқа ие және оларды басқару мүмкін емес деген пікірді алға тартады. Ал жаһандану сыншылары керісінше, ірі мемлекеттер жағымсыз құбылыстардың соңын айтарлықтай азайтуға мүмкіндіктері бар деген сенімде [7].


Әдебиеттер тізімі
1. Покровский Н.Е. Неизбежность странного мира: включение России в глобальное сообщество //Журнал социологии и социальной антропологии. - 2012. - Т.III. - № 3.

2. Покровский, Н.Е. Глобализационные процессы и возможный сценарий их воздействия на российское общество //Социальные трансформации в России: теории, практики, сравнительный анализ. - М.: Флинта: МПСИ, 2013.



3. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири- Новосибрск. 2012.

4. Н. Назарбаев "В потоке истории" - Алматы, 2012.

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………

3

М.А. Әзілханов. Келісім – біздің дамуымыздың негізі............................

4

Қ.С. Қалыбекова. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» ата заңы. «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы………………………………………...……...

8


Қ.Ж. Шабденова. Қазақстанның ежелгі мәдениеті. Қазіргі археологиялық қазбалар.........................................................................................................................

13


С.А. Кенжегалиев. Қазақ даласы – ұлы түркі жерінің бір бөлігі

Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқаридің философиялық және әдеби мұралары....………………………………….



19

Н.А. Смағұлова. Қазақстанның орта ғасырдағы тарихи және мәдени ескерткіштері..................…………………………………………………...

25


Г.С. Байпелова. Қазақстанның материалды емес мәдени мұралары (салт-дәстүрлері, айтылу және түсіндірілу формалары, білімі және әдет-дағдылары, ұлттық зергерлік өнердің түрлері, кестелеу, кілем тоқу, киіз басу, ұлттық киім, ұлттық ойындардың түрлері).……………

30


М.Ә. Хасен. Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнері. Белгілі күйші - композиторлар…............................................................................................

37


Ғ.М. Әбілқасов. Қазақ халқының философиялық әдеби мұралары –әлемдік гуманистік рухани мәдениеттің інжу-маржаны. Қазақ ақын-жырауларының даналық ой-толғамдары....................................................

43


Ш.А. Жетпісбай. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиетінің жаңа кезеңінің негізін қалаушы..............................................................................................

50


Г.Қ. Сағатова. Қазақстанда ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы мерзімдік басылымдардың дамуы.................................................................................

57


С.Б. Иманбаева. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы және Қазақстанда халыққа білім беру ісін ұйымдастырушы...................................................

63


Э.Қ. Түсүпбекова. Шоқан Уәлиханов – көрнекті ғалым. Қазақстандағы ғылымның дамуы.........................................……………………...............................

69


Н.М. Әубәкіров. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан әдебиеті: С. Сейфуллин,

Б. Майлин, І. Есенберлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Қ. Аманжолов, Ә. Әлімжанов......................................................................................................

76


Қ.Қ. Нұржанова. Кеңес одағы кезеңіндегі Қазақстандағы музыка, театр өнері және кинематограф: Ш. Қалдаяқов, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев,

Р. Бағланова, А. Әшімов, Р. Рымбаева, Б. Аюханов, Ш. Айманов...........



82


Л.М. Кулейменова. Егемен Қазақстандағы мәдени үрдістер..................

88

М.Т. Оспангалиева. Жаһандану және оның мәдени үрдістерге ықпалы. Ұлттық мәдениеттің жандану үрдісі.............................................

94




ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен


МӘДЕНИЕТ, ДӘСТҮР ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІК
3-жинақ
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина,

Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, Қ.С. Қалыбекова, Қ.Ж. Шәбденова, С.А. Кенжеғалиев, Н.А. Смағұлова, Г.С. Байпелова, М.М. Хасен, Г.М. Әбілқасов,

Ш.А. Жетпісбай, Г.К. Сағатова, С.Б. Иманбаева, Э.К. Түсіпбекова, Н.М. Әубәкіров, К.К. Нұржанова, Л.М. Күлейменова, М.Т. Оспанғалиева.

Баспаға 02.04.2014 ж. қол қойылды. Пішіні 60х84х8.

Шартты баспа таб. 12,5. Таралымы 100 дана Тапсырыс № 506

ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды, Бейбітшілік б., 56





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет