Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет5/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
1.3 Тіл және мәдениет
Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Зерттеуіміздің тұрғысына мәдениетаралық коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырғанымыз жөн.
Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.
Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология сияқты ғылымдармен ұштасады. Шын мәнінде адамдардың мәдениеті немесе мәдени ортасы салтанат құрушы физикалық және биологиялық ортаға бейімдеу тәсілін көрсетеді. Жан сақтау мен даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез – құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Уақыт өте адамдар өздері меңгерген данышпандық қасиеттерге төселіп алады да, кейінгі ұрпақ оны өз - өзінен түсінікті “өмір шындығы, даусыз ақиқат” ретінде қабылдайды. Бұл - әр кісінің немесе әлеуметтік топтың өмірде өткеретін адами болмысының тұрпаты, әлеуметтік тәжірибесі. Басқаша айтқанда, мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады. Осы бағдарлама жүйесі тиісті мәдениет мүшесінің сезіміне, ойы мен іс - әрекетіне ықпалын тигізеді. Жалпы ғылыми түсінікте мәдениет: “cultiо” “cultе” терминдері латын тілінде бастапқыда жер учаскесін ауыл шаруашылығы мақсатында өңдеуді білдірген. Этимологиялық жағынан латынша алғашқы мәні “топырақты өңдеу”, “жерді өңдеу” болып, кейінірек “құрметтеу”, “бас ию” мағыналарымен толыққан “cоlеre” етістігі барынша көне болып есептеледі. Алайда көне рим өркениеті шеңберінің өзінде “культура” терминінің мазмұндық мәні кеңейіп, жаңа мағыналармен толыққан. Алғаш рет әдебиетте “культура” сөзі теориялық термин ретінде атақты римдік шешен Марк Тулий Цицеронның “Тускуланские беседы” (біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы) еңбегінде кездесіп, агротехникалық термин емес, ауыспалы мағынада – адамның ақылы мен жан дүниесін өңдеу ретінде қолданылады. Осы жаңа мағынаның контексінде “культура” сөзінің жаңа мағынасы басқа латындық “натура” (табиғат) ұғымына кереғар қойылады. Содан бері мәдениет әлемі табиғи күштер әрекетінің салдары ретінде емес тікелей табиғат тудырғандарды өңдеу мен өзгертуге бағытталған адам қызметінің нәтижесі ретінде қабылданады. XVII ғасырдың аяғына дейін “мәдениет” ұғымы тек осы ұғымда қолданылды. Алайда ағартушылық дәуірінің соңына қарай мәдениеттің жаңа, бағалық интерпретациясы қалыптасты, соған сәйкес бұл ұғым бағалау мәніне ие болды: мәдениет жабдықталған, қолайлы өмір жағдайларымен теңдестірілді. Осындай интерпретацияда XVIII ғасырда бұл ұғым Германияға келіп, көп кешікпей жаңа мәнге ие болады, білімділік пен сауаттылықтың синониміне айналады. “Мәдениет” терминінің жаңа түсіндермесіне неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол “О праве естественном” еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық европа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады.
“Мәдениет” феноменіне арналған ХХ ғасырдың зерттеулерін қарастыру осы уақытқа дейін бірегей түсініктің жоқ екенін көрсетеді, адам өмірінің бұл саласының түсінігіне әртүрлі жолдар бар. 1980 жылы халықаралық философия конгресінде бұл ұғымның 250 – ден астам анықтамасы келтірілді. Анықтамалардың мұндай сан алуандығы оларды түрлі жіктемелерге келтіріп, реттеуге ұмтылысты тудырады. Солардың ішінде мыналарды бөліп қарауға болады:
- социологиялық;
- тарихи
- нормативтік
- психологиялық
- дидактикалық
- антропологиялық
Мәдениет антропологиясының объектісі ретінде мәдениетті осы ғылыми бағыттың өкілдері барынша терең зерттеді. Мәселен, когнитивтік антропологияны жақтаушылар үшін мәдениет білім жүйесі ретінде, яғни индвидтердің санасындағы әлдебір ойлау категориялары ретінде өмір сүреді. Мысалы, осы бағыттың аса танымал жақтаушыларының бірі В.Х. Гудинафт “Мәдениет – материалдық феномен емес, сол заттардан тұрмайды. Бұл адамдардың ойлауының формасы, қабылдауы мен түсінуінің, көз қарасы мен оны түсіндіруінің моделі” (15, б.58-61) – деп есептейді. К. Гиртцтің көзқарасы керісінше, оның пайымдауынша, мәдениет адамның санасында бекіген білім емес, бақылаушы механизмдердің:«..жоспарлардың, амалдардың, ережелердің, нұсқаулардың» репертуары, солардың көмегімен адамның мінез – құлқын басқаруға болады. Сөз ниет пен үмітті жеткізетін символ ретінде түсіндіріледі [16, б.84-85]. Сонымен қатар индивидке қоршаған әлемнің әлдебір құбылысы туралы түсінік беретін символдар мен мәндерді танудың ерекше дара үрдісі ретінде түсініледі. Алдын ала білу мен түсіну әрдайым маңызды роль атқаратын бұл үрдіс әрбір адамда мәндерді дамытуды бағыттайды. Осы үрдістің арқасында жасақталған мәндер одан кейін келетін тәжірибеге ықпал етеді, ол өз кезегінде ұғынықты мәннің жаңа интерпретациясына әсер жасайды.
Осылайша, қоршаған ортаның құбылыстары барлық мезгілде жаңаша ұғылады. Сондықтан мәдениет дара және қайталанбайтын, үнемі дамып отыратын әлемді қабылдау болып табылады.
Т. Н. Персикованың пікірінше, мәдениеттің бірнеше деңгейі бар: техникалық – мәдениеттің бұл бөлігіне оқытуға болады, ол әсердің (эмоцияның) аздап көрінуімен байланысты. Бұл деңгейде қарым – қатынастың мәдениетаралық проблемалары сирек туындайды. Мәселен, металдың физикалық қасиетін талқылағанда, мамандар мәдениеттің техникалық деңгейін іске қосады, ал сөз жұмыстың атқарылу мерзіміне ауытқығанда, әңгіме бірден оның шегінен шығады.
Келесісі – формальды деңгей. Оны тану үшін әдетте сынақтар мен қателіктер әдісі қолданылады. Кейде ойланбастан белгілі бір салт – дәстүрге (мысалы, некелесу салты) бағынамыз. Бұл деңгейде сезім айқын байқалады; әлдекім байқамай белгіленген ережені бұзса, көңілге кірбің түседі. Мысалы, шетелдік Францияда зиялы қауымның ортасында серіктесімен іс жайлы әңгіме қозғаса, мәдениеттің формальды деңгейінің ережелерін бұзғаны.
Ең соңғысы – мәдениеттің формальсыз деңгейіне күнделікті үйреншікті әдет бойынша жасайтын іс – қимылдарымыз жатады. Бұл деңгейде мінез – құлық ережелері шектелмеген, дегенмен әлдененің дұрыс емес бұрыс екенін сеземіз, мысалы, түрлі мәдениеттерде еркектер мен әйелдердің өзін ұстауы қалыптасқан ұғым бойынша бағаланады.
Бұл деңгейде жоғары сезімталдықпен ерекшеленеді, жазылмаған ереженің бұзылуы адамдардың қарым – қатынасына сындарлы әсерін тигізеді. Мысалы, француз немесе орыс мәдениетінде сыпайы “сіз” деудің орнына “сен” деу дөрекіліктің, оспадарлықтың белгісі ретінде бағаланады. [17, б.110 - 112].
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір – бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі деп пайымдауға болады. Алайда ойдың өмір сүру формасы ретінде, ең бастысы, қатынас құралы ретінде тіл мәдениетпен бір қатарда тұр. Тіл феноменін қарастыруға тікелей назар аударалық. Тіл көріністің осы ерекшеліктерін дамыту мен бекітуде үлкен роль атқарады: тіл арқылы қоршаған әлем бағаланып, түсіндіріледі. Ақиқаттың түрліше түсіндірілуі тілде көрініс тауып, тілдің көмегімен беріледі.
Тіл – халықтың барлық сөздерінің жиынтығы және өз ойын жеткізу үшін берік үйлесуі. [18.IV.486 б.].
Тіл – индивидтер арасында қатынас құралы ретінде қызмет етуге жарамды белгілердің түрлі жүйесі [19.688 б.].
Тіл – белгілі бір адамдар ұжымының мүшелерінің негізгі және аса маңызды қатынас құралы болып табылатын төл семиологиялық жүйелерінің бірі, ол үшін бұл жүйе сондай-ақ ойды дамыту мәдени – тарихи дәстүрлерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің құралы т.с.с [20, б.46-47].
Тіл – коммуникация мақсатында қызмет ететін және адамның әлем туралы білімімен түсінігінің бүкіл жиынтығын айтуына қабілетті дискретті (анық айтылатын) дыбыстық белгілерінің адамзат қоғамында стихиялық туындаған және дамушы жүйесі [21.342 б.]
Тіл – ойлау жұмысын объективтілейтін және қоғамда адамдардың қатынасының пікір алмасуының және өзара түсінісуінің құралы болып табылатын дыбыстық, сөздік және грамматикалық құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі [22.1246 б.].
Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің мәні өте зор. Культурологияда тілдің мәні көбіне төмендегі бағаларға саяды:
Мәдениеттің айнасы, онда адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, моралі, нормалар мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді;
Мәдениеттің қамбасы, себебі белгілі халықтың жинақтаған барлық білімі, шеберлігі, материалдық және мәдени құндылықтары оның тілдік жүйесінде – фольклорінде, кітаптарында, ауызша және жазбаша сөздерінде сақталған;
Мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріледі. Балалар инкультурация үрдісінде ана тілін үйренумен қатар алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін де меңгереді;
Қоршаған әлем объектілерін салыстыру, ол туралы мәліметтерді жіктеу мен реттеу әдістерінің бірі;
Адамның қоршаған орта жағдайына бейімделу амалы;
Объектілерді, құбылыстарды және олардың ара қатынасын дұрыс бағалау құралы;
Адам қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру амалы;
Тіл арқылы өз халықының менталитетін, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайтын адам тұлғасын қалыптастырушы мәдениет аспабы [23, б.16-18].
Сөйтіп, культурологиялық жолға сәйкес, тіл ақпаратты сақтап, жеткізудің, сол сияқты адамның мінез – құлқын басқарудың айырықша құралы болып табылады. Тілдің арқасында әлеуметтік тәжірибені, мәдени мұралар мен дәстүрлерді жеткізудің адамға тән нұсқасы жүзеге асырылады, түрлі ұрпақтар мен тарихи дәуірлердің сабақтастығы өткеріледі. Тіл байқалуы қиын ерекшеліктері, нәзік қылдарына дейін бүкіл мәдениет байлығын өз бойына “сіңіреді”. Сонымен қатар кез келген мәдениет, мейлі ұлттық мәдениет болсын, белгілі дәрежеде нақты тілдің имманенттік дамуының сипаты мен заңдылықтарына, ішкі құрылысы мен басқа қырларының ерекшелігіне “байланған”. Лексикалық алмасулар, лексикалық – семантикалық аударма жолымен тіл, дәлірек айтқанда, тілдер мәдениеттерді интернацияландыру, мәдениет аралық коммуникацияны жаһандандыру, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы тұрғысында ауыстыруға келмейтін роль атқарады.
Мәдениет құндылықтарын, әлеуметтік мәндерді негізгі жеткізуші әрі қуатты тасымалдаушы болғандықтан мәдениет пен қоғамда тілдің орны ерекше, қоғамдық қатынастардың (яғни әлеуметтік топтар, ұлттық – этностық құрылымдар ішінде, олардың өзара қатынастарында) тиімді үйлестірушісі және реттеушісі болып қызмет етеді. Сонымен бірге тіл – елеулі элемент қана емес, осы екі ауқымды ұғымның аса маңызды қыры. Ол бүкіл көп қырлы мәдениетті, барлық аса күрделі қоғамдық лексикалық және семантикалық тұрғыдан қамтуға қабілетті тұтас әлемді танытады. Демек, мәдениет социологиясы саласында, ірі американдық маман Н. Смелзер айтқандай, “мәдениеттің барлық элементтері... тілмен айтылады” [24, б.18-20].
Тіл әлеуметтік – мәдени фактор ретінде адамдардың тәжірибесін жасақтау мен ұйымдастыруға да елеулі дәрежеде ықпал етеді. Бұл жалпы мәдениет тәрізді көпшілік қабылдаған мәнді тудырумен түсіндіріледі. Қатысушылары қабылдайтын, қолданатын және соларға түсінікті мағыналар барда ғана коммуникация мүмкін болмақ. Алайда мұндай “жалпы қабылданған мәннің болуы”, әдетте, бір (жалғыз) тілдің шегінде өткеріледі. Соңғысының философиялық – социологиялық тілігі тілдің тағы бір өте маңызды функциясын – адамдардың белгілі бір әлеуметтік мәдениет, этникалық қауымдастық шегінде түсіну функциясын айқын көрсетіп береді. Араласу мүмкіндігі, бір жағынан, әлеуметтік топ мүшелерінің ынтымақтасуына ықпал етеді. Ортақ тіл адамдарды біріктіреді. Екінші жағынан, ортақ тіл сол тілде сөйлемейтіндерді шеттетеді. [9, б.95 - 96].
Мұндай факт, дегенмен, басқа тілге қатысты емес, оның мағыналары ана тілінде немесе үйреншікті тілде сөйлейтін коммуникация мүшелеріне белгісіз немесе толық ұғынықты бола бермейді. Осы тұста адам қолданатын ұғымдарда, мағыналарда, ойларда ұлттық мәдениеттің ұлттық тіл айырықшылығының таңбасы айқын көрінеді.
Демек, мәдениет - әлемді қабылдау құралы, сондай – ақ сол әлемнің құрылымы. Онда әр халықтың тарихының өзгешелігін танытатын бірегей, айрықша сипат бар.
Қоғам адамдарды мінез – құлықтың жарасымдысы мен жарасымсызын ажыратуға үйрете отырып, өзінің тыйымдары мен құндылықтарын жасайды. Мәдениет ықпал етеді және өзі де адам қызметінің кез келген көрінісінің ықпалында болады.
Сөйтіп, түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу проблемасында үлкен роль атқарған өзекті ұғымдарды қарастырдық, бұдан белгілі бір қоғамда тілдің, мәдениеттің жиынтығы сол қоғамның одан әрі дамуына, басқа адамдармен қатынас және араласу үшін алғы шарт болады деген қорытынды жасауға болады. “... Баршамыз тілмен, сол тілде ата – бабамыздан жеткен мәдениетпен тәрбиелендік. Біз ана тілді де, төл мәдениетті де, туған жеріміз бен уақытымызды да таңдаған емеспіз. Бүкіл сыртқы және ішкі әлемді қамтыған баға жеткісіз сыйды алып, басты іске – басқа адамдармен араласып, құраласуға ұмтыламыз, өйткені кісі тірі жан иесі және адамдардың арасында өмір сүреді”. [23, б.24-25]. Басқа мәдениетті түсінгенде ғана тиімді әрі дұрыс қатынас болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет