Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі


Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары



бет3/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
1 Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
1.1 Коммуникативтік қызмет

Бұл бөлімде коммуникация үрдісінде мәдени сәйкессіздікке практикалық талдау жүргізу және олардың туу себептерін анықтау үшін іргелі теориялық негіз болып табылатын базалық терминологиялық аппаратын қарастырамыз. Ең алдымен коммуникация ұғымының өзіне тоқталайық. Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын [1, 207 б.] сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді [2, 341 б.]. Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі [3, б.36].


Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”[4, б. 200].
Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілері мен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденеге иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!” сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі.
Коммуникация мақсаты – осы. Көбіне бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді. Р.Димбяби мен Г.Бертон қажеттіліктерімізді төрт топқа – жеке, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық деп бөледі [5, б.67].
Коммуникация функциялары талдау мақсатында ғана бөлінеді. Нақты коммуникативті үрдісте, тіпті бөлініп алынған жеке коммуникативтік актіде бірнеше функцияның үйлесуі, соның ішінде біреуінің немесе екеуінің негізгі анықтаушы болуы мүмкін. Қай функцияның жетекші екеніне қарап, коммуникативтік актілердің жіктелуі құрылады.
Коммуникация фунциялары коммуникация моделінен жоғары тұрып, қатысушылары мен элементтеріне „бекітілуі” мүмкін.
Р.О. Якобсонның моделінен алты функция туындайды:
1) эмотивті;
2) конативті;
3) референтивті;
4) ақындық;
5) фатикалық;
6) метатілдік.
Осы ұсынған функциялардың әрқайсысы коммуникацияның белгілі бір қатысушысымен немесе элементімен байланысты [6, б.306 – 330].
Кейбір зерттеушілер (А.А.Леонтьев, Н.Б.Мечковская және т.б.) сондай-ақ сиқырлық немесе дуалау функциясын, этникалық (халықты біріктіруші) функцияны, биологияляқ функцияны (хайуанаттар коммуникациясы үшін) қосады [7, б. 89 – 92].
Басқа зерттеушілер тек негізділерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы [8, б.267 – 268] хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.
Дәстүрлі түрде бір-бірімен қиылысып жататын тіл мен коммуникацияның екі-үш функциясы бөлінеді. Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Әдетте айрықшаланып тұратын екінші функциясы – бағалау жеке өзінің бағасы мен қатынасын айту, үшіншісі – аффектілік: әсер мен сезімнің берілуі.
Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше, коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы. Біздің зерттеуімізде коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл коммуникация үрдісіне культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Сондықтан да А.П.Саходиннің ізімен біз коммуникацияны түрлі сөзді немесе сөзсіз коммуникативтік құралдардың көмегімен түрлі арналар бойынша жеке тұлғалар, сол сияқты бұқаралық қатынаста ақпаратты жөнелту мен хабарлаудың, әлеуметтік шартты үрдісі ретінде түсінеміз [9, б.73 – 75].
1.2 Тіл мен қоғамның өзара қызметі

Тілді қатынас құралы ретінде қолданатын адамдарсыз (ақпарат беруге және қабылдауға қатысатын адам [10, б.80]) коммуникация үрдісінің жүруі мүмкін емес. Өйткені қоғам – адамдардың өзара қызметінің жемісі, ал араласқанда қоғам мен тілдің өзара қызметі орын алады. Осы ұғымдарды тыңғылықты қарайық.


Тіл шағын адамдар тобынан құралған рудан бастап, әдетте миллион, кей жағдайларда жүз миллиондаған адамнан құралған адамдар қоғамына қызмет көрсетеді. Дамушы қоғамға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде тіл, табиғи белгі жүйесі ретінде, ішкі заңдарына мойын ұсына отырып, өзінің тұлғасы мен қоғамға қатысты белгілі бір дербестікті сақтайды.
Түрлі қоғамдық формациялардың тілін салыстырғанда жаңа сөзді де, көне сөзді де кездестіреміз, нақтылай айтқанда белгілі дәреже функциясының түрін өзгертіп, бір қоғамдық жағдайдан екіншісіне көшкен элементті де, тек белгілі бір қоғамдық жағдайда, белгілі бір қоғамдық формацияда ғана пайда болып, қолданылған элементті табамыз.
Тілдік қатынасты пайдаланған ру алғашқы әлеуметтік құрылым болып есептеледі. Алайда оны сөздің толық мағынасында тіл немесе оқшауланған диалект деп атауға болмайды, говор деген дұрысырақ. Руға «шығу тегі бір (әке немесе шеше жағынан), өздерін есімі мен рудың аты аталған бір кісінің (тарихта болған немесе мифтік) ұрпағымыз деп санайтын қандас туыстардың тобы...» [11, б.268-269] деген анықтама беріледі. Экзогамияның үстемдік заңы бойынша ру оқшау өмір сүре алмайды, сондықтан адам баласы пайда болғаннан бастап, екі немесе бірнеше ру өзара некелік қатынаста біріккен. Бұл тілге, тілдік құрылымға әсерін тигізді. Рулар тайпа құрады. Тайпа мүшелерінің арасында да қандас туыстық қатынас болған. Тайпа алғашқысында румен бір мезгілде пайда болып, өз аумағымен, бірыңғай тайпалық тілімен немесе диалектімен сипатталады. Тайпаға тайпалық эндогамия, яғни бір тайпаның еркегі мен әйелінің некеге отыруы тән. Тілдерінде айырмашылық бар, яғни түрлі диалекттерде сөйлеген тайпалар одағы болған. Сондықтан рудың ерекше тілі немесе диалекті болмаған деп есептелінеді. Ерекше диалект, оның үстіне диалект жайлы тайпаға немесе тайпалар одағына қатысты айтуға болады.
Ұлт құрылмастан бұрын ұлыстар адамдар өмірінің әлеуметтік формасы ретінде қоғамдық қатынастардың елеулі дамуын, әлеуметтік, мемлекеттік, өндірістік және басқа күрделі құрылымдарды тудырды.
Тиісінше осындай әлеуметтік құрылымдарға қызмет ететін тілдердің құрылымы мен қоғамдық функциялары күрделенді. Алайда қазіргі, ең алдымен отандық социология мен социолингвистика ұлыстарда құрылу мерзімі, қоғамдық, өндірістік мемлекеттік және өзге қатынастардың сипаты, ұлысты құрайтын адамдарының саны жағынан бір-бірінен елеулі айырмасы бар бір адамдар тобын жатқызады. Тиісінше осындай қоғамдық құрылымдардың тілдерінің құрылымы мен атқаратын әлеуметтік функциясы әртүрлі.
Тіл ұлыстың қалыптасу үрдісінде үлкен роль атқарады. Ұлыстар, әдетте, жақын туыс тайпалардың негізінде құрылады. Мысалы, поляк ұлысы полян, вислян, мазовшан және басқа славян тайпаларынан құрылған. Ұлыстардың құрылуына әртүрлі тілді тайпалардың да негіз болуы мүмкін. Мысалы, француз ұлысы галль тайпаларының (франк, весгот, бургун және басқалары) негізінде құрылған. Ұлыстың тілі жасақталғанда сол тайпалардың бірінің диалектісі үстем болады да, соның негізінде ұлыстың тілі пайда болады, яғни біртіндеп бүкіл ұлыстың ортақ тіліне айналады. Мысалы, Рим диалектісі латын, флоренциялық-итальян, қазан диалектісі татар, картмен диалектісі грузин тілінің негізін құраған.
Қоғамның алға даму үрдісінде ұлыс тілі белгілі бір тарихи алғы шартта ұлт тіліне айналады. Ұлт ұлыстың жалғасы емес, сандық өсуінің нәтижесі емес. Ұлттың құрылуы жаңа экономикалық, мемлекеттік, саяси, мәдени және өзге қатынастардан туады.
Орталықтандырылған мемлекеттің құрылу үрдісі қоғамның тарихи дамуы тудырған орталықтың көтерілуіне әкеледі. Жаңа өмір жағдайы барлық қоғам мүшелерінің өзара түсінісуін және қызметтің сан алуан салаларының қатынастың бірыңғай құралын қажет етеді. Сондықтан да тілдің тарихи эволюциясындағы жоғарғы форма - ұлттық тілдің қалыптасуы ұлттың қалыптасуының заңды салдары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет