Қазақстан республикасының білім және ғылым


Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу



бет41/55
Дата19.07.2020
өлшемі355,05 Kb.
#74409
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.

Мамандануына байланысты ауыспалы - тасқынды және тұрақты - тасқынды желіге бөлінеді.

Ауыспалы тасқынды желіні технологиясы ұқсас әр түрлі өнімді шығарғанда құрады.Бір өнім түрін шығарғаннан кейін, басқасын шығаруға жабдық жұмысының тәртібін өзгертеді. Жабдық және процесс операциясының бір бөлігі тасқыннан шығарылады немесе енгізіледі.

Тұрақты тасқынды желіде желі қуатына сәйкес, өнімнің тек бір түрі шығарылады.

Тасқынды өндірісті ұйымдастыру және тасқынды желі жасағанда конструкторлық, техникалық, экономикалық дайындық жасалады.Сызбалар, техникалық карталар және сызбалар жасау,өнім өндіруге шикізат, материал, отын, энергияның шығын нормаларын анықтау. Экономикалық дайындыққа желі қуатын экономикалық негіздеу және технологиялық жабдық таңдау. Ең тиімді құрал жабдықты таңдау бастаушы операциядан басталады,ол операция бойынша желінің өндірістік қуаты есептеледі. Бастаушы жабдықты таңдауды өнім бірлігін өндіруге жұмсалған ең аз материал және еңбек шығындары бойынша жүргізіледі.

Басқа жабдықты таңдағанда машинаны экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерін анықтайды және соған қарап таңдайды.

Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады.

Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес.Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет.Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді.

Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі,параллель және аралас деп бөледі.

Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын,ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді ,жылжытуды көрсетеді.Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес.Паралельділік мұнда бірдіей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін.Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығы мына формуламен анықталады:

m z

Т   ti +  Te ; i1,…,m,



i1 i1

Мұндағы - партиядағы өнім бірлігінің саны; m- өндірістік процестегі операциялар саны; i-операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы; z- өндіріс процестегі табиғи операциялар саны; Te- табиғи операциялар ұзақтығы.

Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады.Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі.

U    м

Мұндағы м - жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны.

Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет