Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер Мәшһүр-Жүсіп



бет5/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер Мәшһүр-Жүсіп

Н.Қ. Жүсіпов


Филология ғылымдарының докторы, профессор
«Ақ орда» журналы №2, 1993

Әуелі - Адам ата, оның атасының атын білуші жоқ, қайдан білсін?! Первый человек болып топырақтан жаратылды. Екінші - хазірет Ғайса пайғамбар, оның атасының атын білуші жоқ, қайдан білсін?! Құдірет шеберлігін көрсету үшін, он үш жасар қыздан атасыз туғызды. Үшінші - Қызыр пайғамбардың атасыньщ атын білуші жоқ. Атасы бар шығар, бірақ анық біліп сарт еткізіп айтушы жоқ. Төртінші - Ескендір Зұлқарнайының атасының атын білуші жоқ. Бесінші - Шыңғыс ханның атасының атын білуші жоқ. Бағзы бір ата білемін дегендер Есугей Баһадүрдің баласы дейді. Олбекер. Есугей (писугей) - қалмақ. Бір қалмақтың баласын осынша жұрт қалай төбесіне көтереді. Стамбұлдағы Османи нәсілінен басқа, бұл Азиядағы хандардың көбі Шыңғыс нәсілінен. Россияда - граф, ноғайда - князь, қазақта төре - бәрі Шыңғыс нәсілінен.


Есугей Баһадүрден қыз туып, ол қыз он бес жасқа жеткенде, отырған үйінің ішіне сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл туыпты. Ол бала он үш жаста жетімдікпен жиһан кезіп, жиырма жеті жаста алла тағала бақталайын өзгеден артылтып, шүршітке хан болып жүріс қылып, дүние жүзін алып Шыңғыс деп ат атанды. Мағынасы «хандардың ханы» деген сөз. Сондай атасыз құдайдың құдіретінің шеберлігімен сағымнан пайда болғанына заманындағы халықтың көзі жетіп, соның үшін, тұқым-тұқымын жұрт басына көтеріп кетті. Кеше Әмір Темір көреген қанша жұртты алғанда, бұл Шыңғыс нәсілінен болған хандарды өлтіргенде, орнына сол Шыңғыс нәсілінен екінші біреуін хан сайлап жүрді. Бұл Шыңғыстан бері қарай бір кітапта мәшһүр болған хандар, - баршасы - Шыңгыс ханның нәсілі. Дүниені алған Батый-һүлагудің немересі, заты қарадаң болғандықтан Әмір Темір қанша жұртты алса да, хан аталған жоқ. Жақсы көргендер: «Әмір Темір көреген», - дейді. Жек көргендер: «Темірлің», - дейді. Кім болсын, ол болсын, жаман кісі болған жоқ. Жүрт аузында аты қалды. Дүниеде қанша қылған жақсылықтары қалды.Алтыншы -Алаша ханның атасының атын білуші жоқ. Жетінші-Асан қайғының атасының атын білуші жоқ. Сегізінші - Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ. Тоғызыншы - Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өз басына қойдырған тасында Абылай бин Сүйеніш хан деп жазыпты. Ол Сүйеніш қай жерге хан болғанын, қайда жүріп хандық қылғанын ешкім білмейді. Осындай атасының атын адам білмей, аты жұртқа шығып кеткен жандар көп болады. Бағзы біреуден сұрасаң, білмеймін деуді өлім есепті көреді де, бәріне де ата табады. Қыпшақ Қорлыбай бидің баласы Досболдан, атаға жүйрік дегенмен күншығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда, «Адам атасы кім?» - дегенде.
- Адам атасы - Арсалаң! -депті.
Естіп тұрган ғауамдар:
- Жарықтықтың атаға жүйрігі-ай! Адам атаның атасының атын да біледі, -деген: «Мұндай атаға жүйрік жан тумас», - десіп, дүркірей-ақ жөнеліпті. Ол кісінің айтуы:
- Қазақ, қалмақ, қарақалпақ, естек, орыс - бәрі бір ағайынды екен. Ең кенжесі - орыс екен. Баланың кішісі болған соң, еркелетіп басы ауырады деп, шашын алдырмаған екен. Шөметейі ауырады деп, кестірмеген екен. Сол себептен орыс жұртының шашын алдырмай, кестірусіз кеткені, - депті. Білімі жеткендікпен тауып айтты деп, бірсыпыра жұрт ұрып алғандықтан, жұрт аузында бұ да сөз болып қалды. Пәленнің атасы пәлен, түгеннің атасы - түген. Сонымен Адам атаға - Арсалаң» деушімен бір мектептен оқып шыққандар болады.
Қазақ жұртында бір сөз бар: «Ерден нәзір тимей, есек базарына делдал болуға жарамайды», - десіп келеді. Оның мәнісі: кім-кім болса, әулиелердің жәрдемі тиіп, қолдауыменен кісі болады дегенге келтіреді және мұнысына орын табады. Бұрынғы замандарда Бұхарай Шәріфте бір Қатиф әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күндерде бір күн Бұхар ханының ақ таяқтары Қатифтің баласын бір жаман іс қылған орынынан ұстап алып, патшаға алып бармақшы болғанда:
- Әуелі тақсырдың өзіне алып барып, алдынан өтейік. Сонан соң ханға алып барайық. Тұрсадан тұрса бұл жерден альш кетсек, баласының мінезін білмей, бізді қарғар, - деп, баланы атасына алып барыпты.
- Бала, қылғаның рас па? — дегенде, танбай мойнына алыпты. Сонан соң Қатиф мұны:
- Бүгін маған беріп кетіңдер, ертең қолдарыңа берейін, - деп, ақтаяқтардан алып қалыпты.
Ақтаяқтар кеткен соң, Қатиф қырық шілтенді түгелімен жинап алыпты.
- Бұхардың осы түрған ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, колдап жүрген кісілерінді маған қазір алып келіндер, көремін, - депті.
Сөйтсе қырық шілтеннің он бесі сол тұрған ханның бір баласын қолтықтап, қолдап хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Он төрті бір қазының баласын қолтықтап қолдап, хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Енді қалған он бірі Әмір Темірді қолтықтап қолдап, хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Ол Әмір Темір өзі Самарқандық, Қыпшақ Әміртагай деген батырдың баласы екен. Бұхарада оқу оқып жүрген күні екен.
Әуелі он бесі ханның баласын Қатифка алып келді. Қатиф ханның баласын оңаша алып:
- Мынау отырған менің жалғыз балам. Жаман іс қылып, өзі мойнына алды. Осыған не бұйырасың? - дейді.
Ханның баласы:
- Өзіңіз білесіз де, тақсыр, - дейді.
- Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба? Кет көзіме көрінбей, жоғал, шыққың-шыққың! - деп, қуалап шығарды. Онан соң он төрті қазының баласын алып келді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқанындай айтып еді.
-Тақсыр, шариғат біледі де, - дейді.
- Шариғат жүмысын сенен сұраушы ма едім? Шариғат иесі сен бе едің? Отырма, жоғал! - деп, оны да қуып шығарады.
Сонан соң оның бірі Әмір Темірді алып келді. Әлгі екеуіне айтқан сөзді бастан аяқ бұған айтып еді.
- Сіздей жақсының баласы мұндай істі қылған болса, өзі мойнына алса, атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, ата жолын қумаса, барынан да жоғы игі. Мұның төресі - осы сөз! — деп, ұшып тұра келіп, Қатифтің ілулі тұрған қылышын жалма-жан суырып алып, баланы көк желкесінен бір-ақ шауып, басын жерге түсірді дейді. Қатиф:
- Африн қолыңа, рахмет сені тапқан қатынға! - деп, қырық шілтенді шақырып алып:
- Жай қолдарыңды! Бер бұған баталарыңды!
Балам, аяғың жеткенінше жүр, қолың жеткенінше тұт. Дүниенің төрт бұрышын қарышта, бетіңе жан келмесін - деп, бата берді дейді. Қырық шілтеннің он бесі мен он төртіне айтты:
- Сендердің адам болады, іске жарайды дегендерің қуыс қурай екен. Біреуі: «Өзің білесің», - дейді. Ол адамның барып тұрған жаманы, ар жағында айтарлық дәнемесі жоқ болған соң, өзің білесің», - дей салады. Біреу адам деп ақылдасқан соң, тисе-тимесе де бір төте сөзді айтып қалу керек: тисе, алады, тимесе, сол жерде қалады. Екіншісі: «Шариғат біледі», - дейді. Шариғат білетұғынын кім білмейді. Оның да бөтегесінде дәнеме жоқтығы: өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасық жұрт ұстауға жарай ма? «Би ғайратқа бағасы жоқ», - деген. Міне, ғайратты ердің жұмысы халыққа әшкере қылмай, жұртқа масқара қылмай, көпке өлтірткенше, өзің өлтір деп, өлтірді де салды. «Әмір Тсмірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен. Қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен», - десіп келеді.
Дүниеде қылған еш ісінде салдырғаны - мешіт, медіресе, шаһынша әулие хазірет сұлтан Алғарфин Қожа Ахмет Яссауидің үстіне күмбез салдырған. Ташкентте Зеңгі ата деген әулиенің үстіне күмбез салдырған. Сонда ол екі күмбездің кірпішін Сауран деген жерден койдырған. Әр екісіне жаяу кісі қаз-қатар тұра қалып, бір қолдан бір қолға беріп кірпішін солай жеткізген... Бұхарат Шарифтың осы күнгі қорғанын Әмір Темір салдырған. Һүлагу заманында Қазыхан хазіреттері фулант қылып кетуі бойынша, Түркістан һәм қадимнен келе жатқан зор шаһар еді: бір шеті - Алатауда, бір шеті Қаратауда. Осы күнде Сайрам суының күнбатысында «Ат бұлағы» деген жер ат базары еді. Түркістанның күнбатысында «Теке суы» деген жер қой базары бар еді: «Қырық қақпалы қарашық» - атанып еді. Сол Түркіс-танды харап қылып, быт-шыт қылып жіберген Һүлагу. Мұның зардабынан Қондыгір, Құбаң деген елден исламның шегесі, мұсылманның паналайтұғын жері деп халифа жұртына ауып кетті. Ол заманда халифа Аббасияның (Ғатбасия) сарқыншағы серке (сірке) жияр сықылды сұлтан Ғұлаалдин халифа заманы еді. Ер Тоғырыл барып, қол басы болып, жауын жаулап, жұрталып беріп; ЕрТоғырылдан соң, мұның баласы Осман қазы қолбасы болып, ақырында сұлтан Ғұлаалдин өлген соң, Осман қазы халифа болды. Сонан осы күнге шейін халифалық Осман қазы әулетінде қалды: Османия деп айтылатұгын себебі - бұл. Бұл кісінің асыл нәсілі түркі жұртынан екендігіне Османия түркісі деген сөз айғақ.
Қазақ халқының қариялары: «Біз үш ханның баласымыз, - десіп сөйлейді, - Сейіл хан, Жайыл хан, Ел хан. Сейіл ханнан - сегіз арыс түрікпен. Жайыл ханнан - Майқы, Майқыдан туған өзбек. Елден - Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені -Мың, ортаншысы - Жүз, кішісінің аты - «Қырық», - дейді. Сыбанның Қазақ пенен Созақ. Созақ баласы - Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы: «Қазақтың атасы осы үшеуі екен», - деп айтысады. Ел ханның балалары - Қондыкер жұрты. Ол қайда десең, халифа қол астында «Қондыкердің ауыл қолы» деп айтылатұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе дейді. Түрікмен (Турікпен) дегеннің мәнісі Қондыкер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда қалғаны үшін, маңайындағы сарт-сауан: «Түрік менде!» - деп, «Түркілерден қалғандар», - деп, сонан түрікмен атанып кеткен деседі. «Мал - арыстанның ауызында, түрікпеннің түбінде» деп айтылатұғынлығы түрікпеннің жігітлері аса ер, мықты болып, басқа жұртқа мал сіңіртпесе керек, Сол себептен түрікпеннің түбінде деп сөйлесе керек деседі. Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе, бұрынғы ноғай, қазақ заманында десіп келеді. «Бұл ноғай, қазақ демектің мәнісі немене?» - деп, қариялардан сұрасақ, «ноғай, казақ әуелде бір тұқымдас болған, - дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болған ноғайлар Қызлар ноғайы, Қондырау ноғайы, Астархан ноғайы, қара ноғай, қырым ноғайы, Орал тауындағы Естек қырымнан келе жатқан ноғайлар - осылар дейді.
Онан соң мынау Қазандық Көшер ауылы, Мышар аулымыз дегендер - бұлар татар. «Татар қолына дәнеме түспесе бір нәрсені сатар» деген сөзден қашып, біз де ноғаймыз десіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет