М.Ж. Көпейұлы –ауыз әдебиетін жинаушы
Н.Қ. Жүсіпов
ҚР ҒМ-ҒА Хабарлары
Тіл, әдебиет сериясы 1996 жыл
Қазақ ауыз әдебиетін кімдер жинады легенде, оның XX ғасырдағы қазан төңкерісіне дейінгі өкілдсріне арнайы көңіл бөлушілік тсгін емес. Кітап бастыру енді - енді жолға қойыла бастаған шақта, көшпслі қазақ ауылдарында ауыз әдебиеті, негізінен алғанда, ертегішілср, жыршылар арқылы тарап, жатқан кезде ол шығармалардың бастапқы бояуы нсғұрлым толық сақталған уакытқа жинаудың мәні ерекше. Ал, кейінірек кітап бастыру, сауат ашу кең етек алғанда, жазба мәдениет өрістегенде, сонымен бірге қазан төңкерісінен кейін, әсіресе, 1920-1956 жылдар аралығында көне мәдениет нұсқаларына тұрпайы социология тұрғысынан біржақты карау, бар шығарманы тап тартысы айнасы ретінде бағалау, оның еңбекші мүддесіне, «қолайлы» дегендерінің өзін редакциялау, өзгерту етек алған мерзімде ауыз әдсбиеті үлгілсрін жинау да, жариялау да басқа арнаға түскені мәлім. Алғашқыда халыктың сөйлеу тілі, ұғымы қазіргі ұрпактың бірқатарына ұғыну қиын, тіпті қайшылықты болып көріну мүмкіндігі бар түрде болса да, сол арқылы бастапқы табиғи қалыпта сақталса, кейінгіде шынайылық орнына жасандылық көбейіп, соның нәтижесіндс дәуір шындығының да, шығарма көркемдігінің де көп солғын тартқаны белгілі. Мұның бәрі кейінірек жарық көрген халық ауыз әдебиеті үлгілерін, атап айтқанда, ертегілер, «шешендік сөздер» т. б. айдарымен шыққан кітаптарды қайта қарап. олардың бір кездегі айтылу, қағазға түсу қалпын іздестіру қажеттігін де алға қояды.
Қазақ ауыз әдебиетінің жиналу тарихы - өз алдына кең көлемді арнайы зсрттеуді тосып түрған мәнді тақырыптың бірі. Бұл орайда оны жинаушылардың басты өкілдрінің бірі М- Ж. Көпейұлының осы саладағы еңбектерін арнайы түрде, жан - жақты қарастыру міндеті келіп шығады.
Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдсбисті үлгідерін жинаушылық еңбегін қарастыруда алдымен онын сол туындыларды қаншалық көлемде әзірлегенін анықтау керектілігі аян. Сөз жоқ Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінін көбі әлі баспа бетінде жарияланбауы аталған міндетті шешуді біршама киындатса да, өзіміз тапқан және жариялаған үлгілсрге, сондай-ақ ҚР ҰҒА қолжазба қорында т. б. сақталған материалдарға сүйене отырып, алғашкы мағлұматты, әрине, кейін де толықтырып, тиянақтай түсуді қажет ететін мәліметті жинақтап айтуға болады деп таптық. Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп жазбаларында тұрмыс - салт жырларының отыз шакты түрі, аңыз-әңгімелердің екі жүздей үлгісі, ертегінің шамамен он шакты, жырдың төрт үлгісі, қисса- дастанның он бірі, жаңылтпаштың екі-үш беттік көлемі, жұмбактың кара сөзі мен өлең түріндегі елу шакты үлгісі, мақал - мәтелдердін екі жарым мың жылдық мөлшері, акындар айтысының жиырма бес нұскасы, отыз шақты акын - жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ колжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы т. б. нұсқалары бар.
Мәшһүр-Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің біразына сипаттама беріп отырған. Мәселен, «Ғылым, білім» кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 айт, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал «Әмір» әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы «сахифа» - араб сөзі, «бст», «парақ», «газет» деген мағыналар береді. Бізге келетіні «бст» деген мағынасы. Келесілері: «Бір жұмбақ шешуімен 5 сахифадан: «Намаз мағынасы» - 23; «Бір соқыр, бір саңырау, бір тұттай жалаңаш» 7 (бұл жерде өз туындысы туралы ескертпесі де бар: «бұл басылып шықты жұртқа жайылып» - деген Н. Ж.), «Алашахан» - 9; «Асан қайғы» - 17; «Жирсншс шсшен» - 25; «Ер Едіге» - 10; «Еңсегей бойлы Ер Есім" - 10; «Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер» -5; «Әмір Темір"»- 9: «Ғытман ғазы заһары» - 6; «Ноғай - қазақ заманы» -8; «Абылай»- 38; «Бұхар Шәріп» - 28; тағы да «Абылай», «Кенесары, Наурызбай» әңгімелері - 50; «Бұхар, Қоқан» - 21; «Қазақ билері» -90 сахифадан тұрады дей отырып, барлығы 461 сахифаны, яғни бетті құрайтынын Мәшекең өзі жазып көрсеткен. Бұл дерек жанұялық архивтен алынған. Мәшһүр-Жүсіп тағы бір жазбасында: «Торайғыр би» сөзі 18 сахифадан; «Бөлтірік би» - 12; қайым өлең «Күдері мен Ұлбике» 12: «қайым өлең», «Сақау мсн Тоғжан» -12 сахифадан тұрады дей отырып, үшбу нұскаларды жазып 1913 жылы 30 августа молда Нұрғали Бикбаевқа жібсрдім» -деген есксртуі де сақталған.
Бұл ардан басқа колжазбаларда: «Хазірет Юсуф пайғамбар», «Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған». «Сарыарқа тарихы». «Шоң, Торайғыр билср», «Абылай аспаған сары бсл», «Қоқан хандары тарихы», «Кіші жүз ұрандары мен рулары», «Шанышқалы Бердіқожа батыр тарихы». «Едіге мен Төле би», «Көле би батыр», «Олжабай батыр тарихы», «Абылай хан», «Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр»- турасында қазақ шежірслері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандык, Қаракесек, Найман. Қыпшақ тарихтары), «Барлық әңгімелері», күлдіргі сөздер, «Қаракесек пен төрелер ұраны» туралы, Менке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкен т. б. қалалар турасында, «Ошақты Қоңырбай қалпе» әңгімесі, «Хазірст Нұқа 370 жасында пайғамбарлық берілуі», діни нанымдар т. б., Сарман, Кигара. Қосдәулет т. б. билср хакында, жыл басы туралы, Орманшы Ақсары Шотана батыр т. б. деректср орын алған. Сонымен бірге онда көптеген ақындардын өлең мен қиссалары, дастандары т. б. бар. Мәшһүр-Жүсіп сонымсн қатар Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Торайғыр, Шернияз т. б. өлеңдерін, Қоңырат Салақ датқа, Нұрман ақын, Көшек баласы Күдері қожа, Қарақалпақ-Жанкел, Үйсін-Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже, Арғын, Қамбар-Жанақ, Найман, Сабырбай-Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек-Балта, Көтеш, Ақмола т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген. Сол сияқты ақындар айтысы үлгілері де Мәшһүр-Жүсіп жазбаларында едәуір орын алады. Мәселен: «Қоңырат-Сапақ датқаның Нұраммен айтысканы», «Күдері мен Ұлбике айтысы», «Қаракалпак Жанкел ақын мен Ұлбикс кыз», «Ұлы жүз: Үйсін-Үмсін қыз бен Заман қожа», «Сакау ақын мен Тоғжан кыз». „Қалдыбай кожа - Соқыр Шөже», «Жанақ пен Түбек», «Қуандық -Алтайдың бір ақыны мен Найман-Опан қыз», «Орынбай ақын Шортанбай қожа», «Күлік: Жамшыбай-Найман: Түбек», «Шөже-Балта» т. б. акындар сөз қағыстырулары. Ал, ертегілер ішінен «Еділ-Жайық ертегісі», «Тама Сарыбас мерген сртегісі» т. б. кездессе, жырлардан: «Кенесары-Наурызбай жыры», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры», «Ер Сайын жыры», «Шора батыр» т. б. үлгілері кездеседі. Бұл деректердің бәрін тікелей Мәшһүр - Жүсіп жазбасы бойынша бердік. Ал, оның жиені Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында жоғарыдағыларға қоса, ақындардай Иса Шорманұлының қажыға барған сапарын өлеңмен сөйлегенін, Сәкен ағай (Шорман ұрпағы), Шәкәрім, Байтас, Абай, Акылбай, Қыпшақ, Өске ақын, Тәтті кыз, Қобыланды, Сүйінбай, Сырынай, Мағжан, Жаяу Мұса, Арыстан акын, Ақбура-Бөрібай, Сұлтанмахмұт, Қанжығалы - Сәрсекейдің Иса мырзаға айтқаны, Қанжығалы - Бөгембай шөбересі Олжабай, Әріп тағы басқа акындар өлеңдерін Мәшһүр-Жүсіп жинаған деп көрсетіп, оларды ақыннын ертедегі ақындар, кожадан шыққан ақындар, бергі ақындар, әйелден шыққан ақындар деп бөлгені де ескертілген. Ертедегі ақындар қатарына: Қаракесек: Қамбар-Жанақ ақын, Қүлкі-Көтеш, Күлік - Жамшыбай, Найман - Сабырбай, Найман - Түбек, Кіші жүз - Шернияз, Қырғыз - Шөже, Айдаболдан-Тайкелтір, Жапар, Қаракесек - Балта, Орманшы- Сақау, Қарауылдан - Орынбай, Ақбура – Бөрібай, Керей - Біржан, Қарауыл - Ақан сері, Қанжығалы - Досан, Қаржас: Талас, Емелтай, Найман - Әріп, Құдайберген т. б. ақындар жатқызылған. Қожадан шыққан ақындар тобында: Мәделі қожа, Майлы қожа, Күшек қожа, Күдері қожа, Құлмет қожа, Шортанбай қожа, Қалдыбай қожа, Төлеген қожа, Заман қожа т. б. ақындар есімдері аталса, бергі ақындарға: Абай, Ақмолада, Нарманбет, Ы. Ал-тынсарин, Сұлтанмахмұт, Мағжан т. б. енгізілген. Әйелдер катарында: Ұлы жүз: Ошақты, Жалайыр - Ұлбике; Ұлы жүз-Үйсін қыз, Күнікей қыз, Найман - Опан қыз, Қаракесек-Тоғжан қыз, Найман - Сара, Қаракесек - Соқыр Ажар, Үйсін-Күмпейе деп, т. б. ақындар аталады.
Ал, халық аузында аттары қалған қазақ батырлары деп: Қаракерей - Қабанбай, Қанжығалы - Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақ ұлы Жәнібек, Көкжалды Көкжал – Барақ, Балтакерей-Тұрсынбай, сері Малайсары, Уақ-Сары, Баян, Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай. Шанышқалы-Бердікожа, Аққозы, Қанжығалы-Жасыбай, «Бөрі тонды Бөрте» атты Бөрісбас, Орманшы – Ақсары, Шотана, Малай, Жәдігер, Жауғаш, Биғаш (ағайынды кісі екеуі - Жауғаш, Биғаш, Жанайдар - Биғаштың немересі), Шұбыртпалы- Ағыбай, Тама-Танаш, Төре - Наурызбай, Әлтеке Сарым - Жидебай т. б. батырлар есімі беріледі. Қазақтан шыққан билер катарында: Майқы би, Үйсін-Төле, Ұлы жүз - Тоғас, Арғын – Манас, Бекболат, Тіленші-Алшынбай, Тәйтеке, Қыпшық – Досбол, Байдалы, Едіге, Шоң, Торайғыр, Шорман, Жанақ, Мөнке, Қараменді, Бөлтірік би т. б. есімдері аталады. Ал, хандар катарына: Уыз хан, Шыңғыс, Еңсегей бойлы Ер Есім, Қасқа жолды Қасым хан, Кенесары, Орманбет т. б. тәрізді хандар есімдері берілген.
Жоғарыда келтірілген бұлардың бәрінің де әркайсысына тән түсініктемелері, белгілі бір оқиғаға катысты әңгімелері - бәрі Мәшһүр - Жүсіп жазбасында кездесетінін оның жиені Жолмұрат айтып өтеді, оған кейінірек тоқталармыз. Бұлардан басқа Жолмұрат жазбасында «Ер Төстік», «Әз Жәнібек және бір ұста», «Екі патша», «Ертеде бір хан болыпты», «Әділ би» т. б. ертегілер топтамасы кездессе, айтыстың: «Қыпшақ Өске-Тәтті қыз», «Қолға түскен Алтай жігіт- Найман Опан қыз» айтысы 46 жолдан, «Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын» айтысы 100 жолдан, «Шал мен кыз», «Шөже мен Қалдыбай», «Жанақ пен Түбек», «Ұлбике мен Күдері» айтысы 106 ауыз өлең, «Жанкел мен Ұлбике» айтысы 100 ауыз өлең, «Заман қожа мен Үмсін қыз» айтысы 50 ауыз өлең, «Тоғжан мен Сақау» айтысы 78 ауыз өлең т. б. деген түрлері мен қанша жолдан тұратын дерегімен де бірге берілген. Сондай-ақ Досбол би айтқан макалдар тізімі. «Кенеса-ры-Наурызбай» жыры Нысанбай жыраудікі т. б. деген тәрізді деректер көптеп кездеседі. Мәселен, Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» поэмасын ақын 1931, қой жылы, 73 жасында көшірген дей отырып, Жолмұрат атамыз Мәшекеңнің поэма турасындағы ой - пікірін де бірге берген. Онда: «Бұл «Дағыстан» әңгімесін жазғаным, өзімнің өмір бойы қалжырап, шаршап жүрген ойларыма дәлме-дәл шыққан жерлері болды. Бірі - ант жеткен, қарғыс тигеннің арты оңбайтын-дығы, бірі » Жәбірейілдің кедейліктен таусылып зорыққандығы, бірі - шын ғашықтықтың кадалып қарауға мұршасы болмайтындығы, бірі -Жүсіп деген ат жайлы емес екендігі - бәрі де өз көкейімде арман болып жүрген нәрселер еді. Мен өзім атым Жүсіп болғанына назаланып жүруші едім. Неге десең? Жүсіп аттың барып тұрғаны: Жүсіп пайғамбар құдықта қалды. Құл орнына сатылды, нақақ 12 жыл абақтыда сарғайды. Жүсіп араб тілі: переводы – «ғамкін, қайғылы», - деген сөз екен. Азан сұратқан Тілеуімбеттің қарғысқа ұшырағаны-назалалы күйінулі едім. Бір ғашық болған құртшы тек қарай алмағандығы есімнен қалмаушы еді. Бұл «Дағыстан» әңгімесін көшекті әңгіме қылған ақын Ибрайдың тұңғышы Ақылбайға Алла рахмат ойласын! Сөз көп дертті қозғады. Кедейліктен ғашық болған қызыма қолым жете алмағаны маған зор қасірет болған Жүсіп еді»- делінген. Міне, бұдан біз ақынның өз жазбасында кімнен не жазса да үнемі көрсетіп, өз түсініктемесін біргс беругс тырысқандығын көрсміз. Жолмұрат жазбасын ақтара отырып, Мәшһүр - Жүсіптің «Сайман батыр» жырын жазып алғаны, көлемі 2000 жолдан тұратыны хақындағы дерекке де кез болдық. Ал, «Алтынбас-Күмісаяқ» өлеңі 300 жолдан. «Киік» өлеңі 108 жолдан, «Бозторғай» өлеңі 460 жолдан, «Дін үйренетұғын» өлеңі 200 жолдан тұрады дей отырып Жолмұрат, бұларды жинаған В. В. Радлов екендігін Мәшһүр -Жүсіп көрсстіп кеткендігін паш етеді.
Ақын қай кезеңнен бастап ауыз әдебиеті үлгілерін жинай бастады десек, әр түрлі пікірлерге кез боламыз. Жанұялық архивте Әлкей Марғұланның М. Ж. Көпейұлына жазған біраз хаттары сақталған. Сонымен бірге сол қолтаңбамен жазылған (яғни Әлкей қолымен) тағы бір материалға тап болдық. Басында «Сүйіндік: Олжабай батыр ертегісі» - деп көрсетілген ол жазбаның аяғында. Әлкейдің Серәлі дегсн адамға тапсырмасы берілген. Хатта ол ертегіні Ә. Маргұлан Мәшһүр - Жүсіптен көшіріп алғандығын, оны өлеңге салу қажет екенін, табиғат көріністеріне, әсіресе, жер-су аттарына т. б. көп көңіл бөлу керектігін ескертеді. Ертегіні Мәшһүр - Жүсіптің кімнен, қалайша жазып алғандығы жөнінде де сілтеме беріледі: «Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы» - делінген. Яғни бұл Мәшекеңнің 7 жасар кезі емес пс?! Мұны да шығарманың жазылып алыну паспорты деп есептеуге болады. Туынды кімнен және қашан жазып алынғандығы туралы осылай түсініктеме берудің халық ауыз әдебиетін жинаушылардың барлығының еңбектеріндс кездесе бермейтіні дс анық. Мәселен, белгілі ғалым Б. Кирдан фольклор жинаушы П. Лукашевичтің өзі де оған дейінгілер де ауыз әдебиеті үлгілерін жинағанда, кімнен және қашан жазып алғандығын көрсетпегенін сынға алып, оның жинаушылық қызметтің кемшілігі есебінде бағаланатынын айтқан: «П. Лукашевич как и все его предшественники, не указал, от кого имень » записана та или иная дума, не обозначил точно место и время записи!».
Мәшһүр - Жүсіптің фольклор үлгілерін қашаннан жинай бастағандығын анықтарлық екінші бір дерек те осы ойды дәлелдей түседі. Ақын өмірбаянын жазып қалдырған Жолмұрат қолжазбасында «1866 жылы Баянауылға 59 жасар Қамар хазіреттің келгені айтылады. Ол жылы медреседе бала оқытылмаса да, үш адам үйден оқу мүмкіндігіне ие болады. Оның бірі - Мәшһүр-Жүсіп (8 жасар кезі). Сабақ беруші Қамар хазіреттің өзімен бірге ол өңірге белгісіз төрт түрлі өлең-қисса әкелгендігі («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры, «Ер Тарғын» жыры, «Төрт жігіттің өлеңі» т. б.), оларды Мәшекең көргеннен-ақ қолжазбадан көшіріп, жаттап алып, ел-жұртқа жайғандығы айтылады. Осы кезден бастап Мәшһүр-Жүсіп ел аузына ілігеді де, оны алғаш байқаған Мұса Шорманұлы оның тақиясына үкі тағып, «Мәшһүр» деп бірінші лепес ат қойғаны барлығымызға мәлім. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, Мәшһүр - Жүсіптің 7 жасында-ақ Сақау ақынның айтуынан, яғни ауызшадан жазбаша хатқа түсірсе, ал 8 жасында ауыз әдебиеті нұсқасын қолжазбадан көшіргенін анықтаймыз. Бұл іспетті материалдардан ақынның қашан не жазып алғандығын т. б. білуге болады. Яғни, біріншіден, ауызша айтудан естіп отырып көшіру, жазып алу әдістемесінің бір түрі болса, екіншіден, дайын колжазбадан көшіргендігі - бұл жазып алу әдістемесінің екінші түрі болып табылады.
Мәшекең жинаған біраз нұскалар: «Беташар», «Жаңа түскен келінге ақтілеу айту», «Келіншекке өсиет», «Сарғайып аткан сары таң сәуле бір беріп көрінеді», «Жоқтау», «Батырбек дегеннің қызы Балғын өлгенде шешесінің жоқтауы», «Бопының қарындасының күйеуі өлгенде жоқтағаны», «Тәтіні жоқтау», «Кейінгіге аманат», «Караөлең», «Ақбата», «Өтірік өлең», «Каршығаны мақтағаны», «Аза-маттар шоралар», «Қойгелді», «Қожамберді айтты», «Оу, Шоңбиім, Шоңбиім» - белгілі шығыстанушы ғалым В. В. Радловтын 1870 жылы Санкт-Петербургтсн шыққан «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» атты кітабындағы үлгілерімен ұқсас келеді.
Алғаш жоғарыдағы ұқсастықтарды байқаған ғалым С. Қаскабасов осы мәселелер төңірегінде іздсну керектігін ескерткен еді. Іздену, салыстыру барысында мынадай тұжырым, түйінге тоқталдық- бұл сәйкестіктердің себебін толық ашу үшін, олардың әрқайсысының материалдары кімнен және қашан жазып алғандығын білуіміз керек. В. В. Радлов кітабында жоғарыдағы үлгілерді кімнен қашан алғандығын нақты көрсетпейді. Тек кітабының алғы сөзінде мынандай дерек келтіреді: «Қазақ әдебиеті шығармаларын қазақтардың өздсрі екі бөлімге бөледі, халық шығармалары (қара сөз) және кітаби өлең. Халық шығармаларын карапайым халыктың ауызша таралған өлеңдері мен әңгімелері құрайды. Сондықтан да оған қазақ халкының ислам діні әсері тие қоймаған шығармалары жатады. Оларды тек қарапайым адамдар ғана біледі, өйткені сауатты молдалар т. б. оған менсінбей қарайды. Бұл жазылған шығармаларды бұрын біреудің кағазға түсіргенін, мен көрген де, естіген де емеспін. Кітаби өлеңдердің мұндай атқа ие болу себебі, оны жыршы жатқа айтпайды, жазылған кітаптан оқиды. Мұндай кітаби өлеңді шығарушылар -молдалар, сауатты қазақтар. Олардың сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсертабы айқын сезіледі. Бұзылған кітаби тілмен жазылған бұл өлеңдердің көп бөлігі халықтың ауызекі тіліне де араласа бастады. Бұл кітаби өлеңдерді мен қазақ тілінің табиғатына жат грамматикалық формалар мен сөздерден сақтана отырып қарапайым қазақтардың көмегімен көшірдім, араб және парсы тілдерінен енген сөздерді қолжазба өте дұрыс жазылғанына қара-мастан, сол қарапайым халыктың формасында беруге тырыстым. Осылайша бұл өлеңдер түпнұсқадағыға қарағанда әлдеқайда қазақы сипат алды». Бұдан біздің білетініміз, біріншіден, қазақтардың өздері қазақ әдебиеті шығармаларын екіге бөлгені, оның ішінде қара сөзбен жазылған үлгілерді сауатты молдалардың менсінбейтіні айтылады. Ал, Мәшһүр - Жүсіпте қара сөзбен жазылған нұскалардың ұшан-теңіз екені бізге мәлім. Екіншіден, нұсқалардың біразын В. В. Радловтың колжазбалардан көшіргендігі, оған қарапайым қазақтар көшірісуге көмектескендіктері сөз болады. Бірақ ол қолжазба кімдікі екендігі, көшірісуге көмектескендердің нақты аты - жөні туралы дерек берілмеген. Үшіншіден, қолжазбадағы текстерді көшіру барысында В. В Радлов кейбір сөздерді өзінше өзгерткенін айтады.
Тікелей қолжазбадан көшіру сияқты тәсілді Мәшһүр-Жүсіп те қолданған. Оның ерекшелігі: кімнен не алса да, көшірсе дс, оның аты-жөніп көрсетіп отырған. Мәселен, Жолмұрат өз қолжазбасында «Алтынбас-Күмісаяқ өлеңі» - 300 жолдан, «Киік» өлеңі - 108 жолдан, «Бозторгай» өлеңі - 400 жодан. «Дін үйренетұғын» өлеңі -200 жолдан тұрады деп отырып оларды Мәшекең В. В. Радлов жинағынан алды деп ескертеді. Жолмұрат жазбасында Мәшһүр - Жүсіптің қазақ тобы деп жинаған баспаға бастырған сөзі деп жазғаны ал қолжазбасынла 10 бет». Бұдан біз Мәшекеңнің В. В. Радлов кітабымен таныс болғанын білеміз. Орыстың XIX ғасырда өмір сүрген фольклорисі Н. Белозерскийдің ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушылардан тексті толық түсірумен бірге, нұсқаны жеткізушініңде шын атып, лақап атын, жасы мен кызметін, әрі оның кімнен алғанын т. б. нақтылықты талап еткені белгілі. Ал, Мәшекең болса, өз қолжазбасында қанша көлемге ие болғанын - бәрін нақты белгілеуін көреміз.
Жолмұрат қолжазбасындағы мына бір дерекке көңіл бөлерлік. Онда: Мейрам қажы заманында қария шежіре, сөзге шешен, қазақша - орысша екі тілді жақсы білетін болып, шығыс халқының онын ішінде қазақ халқының бұрынғы өткен шешендер, ақындар, үлгілі билер, атақты батырлар, данышпан жандардың тарих, әдебиет мұра сөздерін зерттеп көп жинаған адам. Бұл кісіге заманында Мекке-Мәдина, араб жұртының жиһан кезген саяхы, ғылым, білімді адамдары тарих, әдебиет мұра сөздерін жинақтап білгіш адамдардан мұра сөздерді көп пайдаланған ұлы орыс халқының атақты Василий Васильсвич Радловтың жииаған, баспаға бастырған кітабын, әдебиет сөздерін қолына ұстаған адам. Мәшһүр-Жүсіп бұл кісіге 28 жасында 1881 жылдары кездесіп үйір болып, танысып, көп уақыттар жазы-қысы қолында болады. Екеуінің, Мәшһүр мен Мейрамның, қарастыратын жұмысы кітап қарау, әдебиет мұра сөздерін зерттеу болған»,- делінеді. Яғни, В. В. Радлов болған жерлерде, үйлерде Мәшекеңнің де болғандығы жоғарыдағы айтылған ұқсастыктың тууының бірден - бір себептері ретінде қарастырумызға болады. Бірақ В. В. Радлов өз енбегінде Мейрам қажы үйіндс болғандығы турасында дерек қалдырмаса да Мәшһүр - Жүсіп ол жағын айтып кетуді жөн санаган.
Мейрам қажы төңірегінде: «Дала уалаяты газеті» атты кітапта мынандай да мәлімет бар: «Мейрам Жанайдар ұлы (1846-1921) Ақмола облысы Атбасар уезінде туған. Өлең шығарумен ерте әдістеніп, ел ішіпде акындармен айтысқан. Мәшһүр - Жүсіп Көпеевпен хат жазысып айтысқан кейбір өлеңдерінің үзінділері сақталған. Күрделі шығармасы – «Мың бір түн» ертегісінен өлеңмен аударған нұсқа.
Мейрам кажыға қатысты түсініктемелер Мәшһүр-Жүсіптікі екендігі көп нәрсені аңғартады. Себебі Мәшекең материалы кімнсн алса да, оның аты-жөнін толық көрсететінін біз білеміз. Әйтсе де оның заманында қария шежіре атанғандығына, неше тіл білетіндігіне, зерттеушілікпен айналысқандығына, қай жақтың қандай ғалымдары үйіне келіп тұрғандығына, тіпті солардың катарында В. В. Радловтың да есімі аталғандығына шейін т. б. жан-жақты түсініктеменің берілуінін өзі, ақынның жинаушылық әдістемесінің ерекшелігін анықтайды. Әдетте көптеген фольклорист ғалымдар жинаушылықпен айналысқанда ел аузындағы нұсқаны айтып, жеткізуші адамға көңіл бөлмей келсе, Л. Ф. Писемский, П. В. Кирсевский, Н. Белозерский, М. Максимович, Л. Жемчужников, Добролюбов, П. Кулиш, А. Метлинский, Рыбников, Г. И. Якушкин т. б. тәрізді ғалымдар, керісінше, жеткізушінін аты-жөнін атауын талап етіп отырған. Мәселен, А. Ф. Писемский мен А. Метлинскийдін ауыз әдебиегі үлгілерін жеткізушілерге толық түсініктеме, беру керек деген талаптарына ғалымдар- 3. М. Власова, Б. П. Кирдан зейін қойса, ал ғалым А. Д. Соймонов жинаушы П. В. Киреевскийдін ауыз әдебиеті үлгілерін айтушылар есімін көрсетуде небір қиындықтарға кез болғанын сөз етеді: «Киреевский старался показать исполнителей, но материалы, которые он записывал, далеко не всегда позволяли это сделать, потому что за исполнеиие песни об Аракчееве были батогами и ссылали ... Собиратели, как правило, избегали называть имена исполнителей таких песен».
Н. Белозерскийдің айтушылар тізімін құру керек деп көтерген мәселесін ғалым Б. П. Кирдан' дәл байқаса, ғалым М. К. Азадовский Добролюбовтын мына бір пікірін еске түсіреді: «Добролюбов требовал точного указания, где и когда записаиа сказка, подробных сведений о самих носителях сказки, об их мировоззрении, об их отношении и аудитории к рассказываемому тексту.
М. Максимович пен П.Кулиштің айтушылар өмірбаянына шолу жасау керек деген талаптарын ғалым Б. П. Кирдан жоғары бағалай келе, Л. Жемчужниковтің де айтушылардың қоршаған ортасын суреттеу керек екендігін алғашқылдардың бірі болып түсінгендігін құптайды.
Қорыта келе айтарымыз, белгілі орыс украин, қазақ т. б. Ғалымдарынын ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушыға қойған жоғары талаптарына қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушылар ішінде неғүрлым сай келетін адам Мәшһүр-Жүсіп Көпеев болған.
Достарыңызбен бөлісу: |