Аспан, жер, және адам жаратылысы туралы (Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қолжазбасы)
Н.Қ. Жүсіпов
Филология ғылымдарының докторы, профессор
«Қазақ тарихы» журналы №2, 1995 ж
1810-1848 жылдардың арасында тіршілік қылған Виссарион Белинский - өз тұсында замандастарынан басы озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар,- дейді,- жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,- дейді.
- Бірақ тіршілік еш уақыт ө.чмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге орнында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады».
Осы сөзгеге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Екінші сөз Дарвин айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады» - деген. Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып түрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген»-дейді. Бұлардың сөзін айтып жатқаным: «Бұрынғыны айтпай, соңғы сөз ойға түспейді» делінген. Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?! «Су анасы - бұлақ, сөз анасы - қүлақ». Айдай әлем атын білген жүйріктердің сөзі атасы болды да, менің құлағым анасы болды да, балалап, өрбіп өсті.
Алпыс сегіз жаста отырған бір шал айтады. Әуел баста көк те жоқ, жер де жоқ еді. Ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең, ұшы - қиыры жоқ: от, су, жел, топырақ - төрт түрлі заттан басы құралып, астаң-кестең мидай араласып, сапырылысып қайнап жатқан бір дария еді. Соның оты ұшқын болып жоғарылай берді. Жел бірге қабаттасып жоғары көтере берді. Сол ұшқындар ай болды, күн болды, жұлдыз болды, су, бу болып жоғары көтерілді. Жерде дария қандай зор болса, онан шыққан бу да ұшан-теңіз көп болмақ, ол булар аспан, көк болды. Төртеуінің ішінде топырақ ауыр болғандықтан, төмен ұша алмай қалып жер болды. Не арман өрлей алмай, не жатып қала алмай екі аралықта қалғаны бұлт болды.
Аспан, көк деген кигіз емес, кілем емес, тақтай емес, бу мен су. Сол булар, сулар қабат - қабат жеті қат көк деп сөйленді. Көп жұлдыздар жетеуінен де әрі, соншама алыста тұрғандығынан бізге жылт-жылт етіп көзін қысқан қара қатындай қылмындап тұрады. Күн төртінші қат көкте, оты күшті: айдай әлемді отының сәулесімен жарық қылып тұрады. Айда от та жоқ, сәуле де жоқ. Күн сәулесі оған түсіп, айнаға түскен күннің екінші бір жерге түскен сәулесі сықылды. Күннен көтерме алған сәулемен түнде жарық болғансып тұрады. Айдай әлемді де, он сегіз мың әлемді де, көк пен жердің ортасында болғанды айтады. Мұның атын аударыс, төңкеріс әлемі дейді. Біресе олай, біресе бұлай құбылып өзгеріп тұрмақ, көз алдымызда толық бір қазан су қайнаттық: шашылған жоқ, төгілген жоқ, қайнап - қайнап суалып таусылды. Су қайда кетті: бу болып көтеріліп жоғарыдағы өзінің жынысы - суга кетті. Қанша отынды өртеп жақтық, жаққан отынымыздың мөлшеріне қарағанда күл шақтылы азғантай-ақ. Ол қайда кетті? Түтін болып жоғарыдағы өзінің жынысы отқа кетті. Жоғарыда су барлығын, от барлығын мұнан білу керек. Бірі түтін, бірі бу - екеуі жоғарыда байланысып, айланысып әлем тапырық болып жүреді, біз оны бұлт дейміз. Қысты күні күн жоғары көтеріліп кеткендіктен, қар жауады. Жазды күні күннің қызуына жылынып жаңбыр болып жауады. Су деген тоңса, мұз болады, жылылық күшейсе, бу болады. Ауаның суықтығы күшейсе, су қар, бұршақ болады да, жылулығы күшейсе, тұман болады, дүниені қаптап тұрған тұман-судың жылылыққа айланған буы. От пен су араласып жүретұғындығы сондай: екеуінің соқтыққан ұрыс, төбелесінен көк күркірейді, нажағай жалтылдайды. Судың әлі жетіп сөндіре алмағаны: күн құйып себелеп жауып тұрғанда ұшқан ұшқыны от қалпымен жерге түседі. Аспандағы оттан, судан қар жауды, жаңбыр жауды. Ол жерге түсті: топырақ болды. Топырақ болып сол бойымен қалмайды: шөп болады, ағаш болады. Сонан келіп отын болады, отыннан түтін болып тағы аспанға кетеді. Не нәрсе болсын, бәрі осындай түрі басқа болғанмен түбі бірге. Біз өзіміз де сол айтылғандардың біріміз. Көктің асты, жердің үсті - осы екеуінің арасы. Бұрқырап тұрған тозаң, шаң, от, су, жел, топырақ мидай араласып, әлем ғапырық болып тұрған - осы төртеуі. Жанды - жансыз бәрінің жаратылысы осы төртеуінен. Терезеден түскен күннің жольшан жыбыр-жыбыр бұрқырап ұйлығып тұрған шаңдар солар микроб. Оларды жыбырлатып қозғап тұрған - күннін көзінен түскен ыстықтық. Уақ тозаңдарды қозғайтұғын бір қуат. Уақ тозаңдарды ыстықтық қозғай бастаған соң, арасындағы жабысу қуаты нашарланып, тозаңдар бірінен- бірі алыстап тарала бастайды. Біз жаратылып бұл дүниеге келместен бұрын, сол жыбырлап тұрған микробтардың бірі едік. Ол жерге, түседі, топырак, болады. Топырақтан бірігіп тас болады. Тас болғанда, кен тас болады, өседі, үлғаяды. Өсуі жердің астына қарай тырмысып, әрі беттеи өседі. Сол тастан тамырланып, шөп болып жер үстіне шығады. Әуел басы микроб едік, онан кейін тас болдық, онан шөп болдық. Ол шепті хайуан мал жеді, енді хайуан жынысына айландық. Ол хайуанның етін ата-анамыз жейді. Олардың денесіне келдік. Сол жүрген жүрістің бәрінде де микробтығымыз жоғалған жоқ. Бірақ біздің не болып, не қылып, не етіп жүргенімізді көрген - білген жан жоқ. Ата-анамыздың денесінде де микроб болғанда жай жүргеніміз жоқ, жыбырлап, қыбырлап тынышын кетірдік. Бала жататұғын жерде түбіршік-түбіршік болып жыбырладық. Қан ішінде жортып жүріп бала жасап шығаратұғын машиналардай жыбырладық. Екі жасты ерік әліне поймай түйістіріп, үйтіп-бүйтіп жарған жарық дүниенің жүзіне келіп кісі болып отырмыз. Кен тас болғанда әр микроб әр түрлі кен тас болған. Алтьн тас болған да бар шығар, күміс тас болған да бар шығар, біреуі мыс, біреуі қалайы, біреу бор тас, біреу темір тас болған да бар шығар. Қазақта айтады жібімейтұгын тас сараңды: «Осы іиіркін, темірден жаралған ба?! Қаттылығы: темірдей-ақ бар-ау!»-дейді. Бозаң бос белбеу біреуді: «Бордан жаралған ба?!»- деседі. Неден жаралғанын білмесе де, әркімді түрінен, мінезінен әр нәрсеге ұйғарады. Адам бір калыпта бір түрде болмайтұғыны - сол жаралуында. Қатыспаған, араласпаған нәрсесі жоқ. Кімде - кім болсын туа болмайды, жүре болады. Баз баз жандар болады: ұрлық қылған емес, қарлық қылған емес, кісі өлтірген емес, мехнат-машақатты басынан көп кешіріп, қайғы - ғамның қалың ортасында жүріп, табиғат жазасымен жазаланып, жәбір - жапаны көп көріп қорытылуы жеткен соң, алтын болып тазарып шығады. Мұны бізге бұрынғылар оқыттырып кеткен. «Жердің кені қазса, шығады; адам кені жүрсе, шығады!'» - деген. Және айтқан: «Жігіт күніңде жаннан кеш те іс қыл: өлсең, өлесің, өлмесең, кісі болып шығасың! Үйде өскен бұзау өгіз болмайды!» - деген. Торайғыр би айтқан деседі:
Асың барда ер таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп!
Бұ дүниенің өтерін білген сырбаз,
Малың бер де, сұлуды ал көріп жүріп!
Жастықта жүріп, тұрып, не нәрсені болса да көзден көріп, басынан кешіріп, тұрмыс тартысынан тамақ жемеген кісі болмайды. Мұндай болып жетілген жандарды бұрынғы көзі қырағы танушылар «көшпелі алтын» деуші еді. Бұл күнде кісі дерлік кісі жоқ, кісіні кім танысын?
Мұхтар Әуезов айтқан: «Босқа еріп жүрген ылғи соқыр». Михаил Баскин айтқан: «Басы жоқ мұжықтар қша жетілді, білді дегенмен, пайда мен тамақтың, ұсақ мақтанның қүлы болған жандарды кісі есебіне санауға жарамайды!»
Дене - бір қараңғы үй. Жан - сол үйді жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады: «Арық пенен семіздің басы бір ме, жақсы менен жаманның жаны бір ме?» - дейді. Дене үй сықылды болғанда, жан ол үйге түскен сәуле жарық сықылды болғанда, әркімнің түндігіне, терезесіне қарай жарық сәуле болмақ. Түндіксіз, терезесіз уйлерге жер мен көктің арасын толтырып тұрған жарық сәуледен не пайда? Түндіксіз, терезесіз үй сықылды сәулесіз жандар көп болады. Қазақ айтады: бір ұнатпаған, жақтырмаған кісісін: «шіркін, өзі сәулесіз, санасыз неме ғой!» - деп. Бұл жанның көріп тұрғаны, кіріп тұрған-жалғыз біздің денеміз емес. Бізден бұрын талай мақұлықтың денесінде жүрді. Малдың да, аңның да, ұшқан құстың да денесінде жүрді, бұрынғы өлген, өткен адамдардың да денесінде жүрді. Өл-гендерден, өткендерден кете беріп, туғандарға келе береді. Өлсе, дене өледі, жанға өлім жоқ. Бізде түрлі мінез, түрлі табиғат болатындығы сондықтан. Бұл әлем ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең, ұшы - қиыры жоқ тасылмайтын, құрымайтын дария дедік. Әуел басы - Адам ата, ақыры - осы отырған өзіміз. Сол дарияда толқын біз дедік, ұшкан құс, жүгірген аң, төрт аяқты хайуан, екі аяқты адам, ай мен күн, күндіз бен түн, аққан су, ескен жел, жанған от, бұрқыраған топырақ, тау, тас, ағаш, шөп - бәрі толқын. Толқында тұрақ бар ма, қалай айдаса, солай кете береді. Бұл дүниенің ағымы - дарияның толқыны. Толқында жүрген жан өз басына өзі ие бола ала ма? Толқынның айдап кетуіне қаңбақ та бір, дөңбек те бір. Ойлаған ойыма жетемін деуші, өз дегеніммен боламын деуші толқынға қарсы малтимын деген - ондай жан «әлін білмеген әлек» деген атқа үшырайды. Қазақ байғүс та айтады - ойлаған ойын тындыра алмай, ісі орнына келмей қалған біреуді: «Мына шіркіннің силы суға кетіп, иығы түсіп, жүдеп тұрғанын!»- деп. Солай деп сөйлеуі: «Кім - кім болсын, толқында жүр ғой!»- деп ойлағаны. Толқында жүргеніміз шек күмәнсіз. Сол толқында жүргенде, біз толқынның үстінде жүрген бір күмпиген отау тіккен көбік көмпиіп дүрдей болып келеміз. Кейінгі жағымыздан бір толқын келіп соғып кетсе, аман бол, қайда кетіп, қайда жоғалғанымызды жан білмейді. Жан білгені, білмегені не керек, дарияның өзіне кеттік, көкке ұшып, я болмаса, жерге кіріп кеткен жоқпыз. Міне, қазақтың: «Өлді - құдайын тапты!»- деген сөзінің мәнісі - осы! Ай, қазақ байғұс - ай, айтуын айтады, мәнісін білмейді. «Ертегі байсыз болмайды» - дегендей, Мәшһүр сөзі ертегісіз болмайды. «Ұры қартайси, сопы болады; қары қартайса, бибі болады; бүркіт қартайса, тышқаншы болады». Сондай сөздер бекер бола ма? Міне, біз де қартайған соң, ертегішіл болдық. Бұрынғы заманда бір жосын көп балықтар өздері ұшан - теңіз дарияда жүріп су іздепті. Өзді - өзі әңгіме қылысады дейді - Жұрт айтады: «Балықтың жаны суда!» - дейді. «Сусыз балықтың тіршілігі жоқ» - дейді. Су деген өзі қандай болады екен, түрі - түсі қандай екен? Егер қорек бо-ларлық нәрсе болса, демі, тәттілігі қандай екен? Оны біздің іздеп тауып алуымыз керек екен - деп, алас ұрыпты. «Осы дарияда көп жасаған бір кәрі балық бар дейді. Сонан сұрап үйреніп, біліп алуымыз керек!» - деп, кәрі балықты іздеп, алас ұрды дейді. Суда журген балық бір орнынан табыла қоя ма?! «Ес кетті, жан шықты» - дегендей болғанда, кәрі балықты тауып, жүрген - тұрған мән - жайларын айтып: - Су қайда, қандай орында болады, соны бізге тауып берсеңіз екені - деген соң, ол кәрі балық ойлапты: «Бұлар өзі өздерінің қайда жүргенін білмей жүрген миғұлалар екен. Көрініп тұрған жер үстінде жүретұғын жолынан адасқандарды жөнге салып, сөзге түсіру оңай көрінбеген. Ақыл-ес, зейін, пікірден ойлай - ойлай ойы адасқанды жөнге салу, сөзге түсіру ешкімнің қолынан келмейтұғын». «Барлық дәнемені білдірмейді, жоқтық өзі үйретеді» - делінген еді. «Мен сендердің көрмеген, білмеген нәрселеріңді көрген, білген емеспін, білсем, айтпаймын ба? Мына жақта осы дария жаралғаннан бірге жаралып, өлмей, талмай, жас жасап келе жатқан менен он есе, жүз есе бір балық бар. Сол айдан анық, күннен жарық біледі. Соған барыңдар. Көкте тұрған темірқазықтан беттеріңді аудармай жүре берсеңдер, табасыңдар!» - деп, жөн еілтеді. Бұлар да «қатықтай қатып, сүттей ұйып» жөнеліп берді. Сөйтсе бұлардың бұл бара жатқан бетінде жүз жылда бір қатты соға тұгын дауылдың жүргінші жолы бар екен. Тарбағатай тауының алабындағы Ебінің желіндей бөлек бір жел екен. Бұлар соған килігіп қалып жел аспанға ұшырьш, дариядан лақтырып далаға, шөлге шығарып тастады. Кәне, енді бұларга су қайда, өлетұғынын анық білді. Қазақ айтады: «Тірліктің қадірін өліп көрде жатңан біледі. Денсаулықтың қадірін ауырып төсек тартқан біледі. Жан тыныштықтыц қадірін толғатып, бала тапқан біледі. Сары атанның қадірін ел қыдырған сарт біледі. Сеңсең тонның қадірін сексенге келгең қарт біледі. Төс айылдың батқанын иесі білмейді, ит біледі. Ер жігіттің қадірін ағайын білмейді, жат біледі. Кімнің жақсы-жаманын жаратқышы хақ біледі».
Мың сөзден - бір сөз, қиссадан - қисса, қисса мәнісі - әңгімеден үлес сыбаға алу керек дегені. Құдай, құдай деп жүрген құдай - он сегіз мың әлем жаратып, өзі бір үй салып алып, оңаша бөлек тұрған қүдай жоқ. Өзіміз кайда болсақ, құдай сонда болды. Адамда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен - бірі жасырын емес, бірақ жан деген нәрсені ешкім керген емес. Адамның денесі өзіне де, басқаға да көріністе тұр. Жанның өзі көрінбейді, барлық белгісі көрінеді, жанның барлығы сонан танылады. Барлық белгісі - адамда бір нәрсені ойына салып ойлану бар, сезу бар. Ойланып, сезген нәрсесін орындап, орынға келтіру бар. Жалығады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар - жанның барлық белгісі. Адамның денесі - машина, құрал - сайман. Сол құралдармен, сол машиналармен денедегі барлық нәрселерді жасап шығарып түрған жан бір ұста ісмер. Бұл әлем жүзінде барлық өнер, құлақ естімеген, көз көрмеген ғажайып тамашалар, баршасы да осы адамның қара бойынан тауып алынған. «Дене бір қараңғы үй, жан сол үйде жарық қылып тұрған сәуле!» дегенде, сәуле отсыз болмайды. От болса, оның екінші бір нәрсені қыздыратұғын қызуы болады. Ол қызу денедегі қанды қыздырады. Сонан соң денеге жүмыстардың бәрін қан жұмыс істетеді. Денедегі жанға серік болуға жарайтүғын нәрсе - қан. Жан сәуле дедік, жүрек айна дедік. Айнаға түскен сәуле ойнақшып тұра-ды, жүректіц лүплімелі ойнақшып тұратүғындығы сөзі. Жүрек айна болуға жараған жан өз бойындағы ерік ықтиярды өзі билейді. Жүрегі айна болуға жарамаған жанды қан билейді, қан бұзыла бастайды. Бұзықтық табылған адамды «Қаны бұзылған шіркін ғой»- дейтіні сондыктан.
Адамда екі демалыс бар. Бірі танаудан ішке қарай кіреді, бірі екінші танаудан далаға қарай шығады. Осы екі демалыстың бірі тоқтап қалса, кісі дереу өледі. Қазақтың: «бір дем - әрі, бір дем - бері!» дегенінің мәнісі -осы. Ішке қарай кірген демалыс ал дегеннен жүрекке барады, жүректі қозғайды, онан даму, ұлғаю жолымен өкпе мен бауырға барады. Ол екеуі - жүректің қызметкері: қан тазалап тұратұғын машиналары. Онан әрі күллі денені түгел аралап, қара ба-қайға шейін барып қайта қайтады. Бара жатқан бетінде қызыл қан еді, кайтуында қара қан болып кайтты. Бұл екі қанның қозылып, ұйқы-тұйқы қылуынан қарақұрым болғаны талақта қалып, зерде болғаны іигте қалып, қақырық болғаны өкпеде қалып, бүйректе калғаны зәр болып қуыққа барып, соның бәрінен қорытылып қайта жүрекке келгені демалыс болып далаға кетеді. Денемізде жан бар деп білеміз, бірақ сол жан денеміздің қай жерінде тұрғанын білмейміз. Түрі қандай, өзі не нәрсе екенін сезбейміз. Көрмегенмен, сезбегенмен, денемізде жан жок, деп айтпаймыз да, ойламаймыз. Ол жан деген - колға түспейтұғын, еккенмен бітпейтүғын, куғанмен жетпейтүғын, кісі өзі жасап ала алмайтұғын бір зор күшті куат. Ол өздігінен өзі болған болса, кетпей түра алар еді. Өзіненде күшті ар жағында бір зор күшті куат бар - ау деп ойлаймыз. Адамда жан барлығын, қан барлығын айттық. Екеуі басы біріккенмен, адамды адам деп айтқызуға жарамайды.
Бір «ақыл» деген: айтуға аты бар да, өзінің бар - жоғы белгісіз сәуле бар. Мөлшерсіз нәрсе жоқ. «Қаралдысы тарыдай» деп сөйленеді. Біреуде тарыдай ақыл бар болса, өзін - өзі бейнеттен, зорлықтан құтқаруға тырысуды біледі. Кім болсын, ол болсын, тары-дай ақылы жоктықтан өзін - өзі бейнетте, қорлықта қалдырады. Мұны қайдан біліп отырсың десең, қазақтың айтқан сөзінен аңғарып отырмын. Жақтырмаған біреуді: «Осы шіркіннің тарыдай ақылы жоқ»- деседі. Осы тарыдай ақылды өз бойына өзі егіп өсіріп, өндіріп молайтып алушылар болады. Ондай болған жандардың ақылы көк пен жердің арасын толтырарлық тары болуға толық. «Ақылды өзің білмесең, сатып ал!» - дейді. «Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс!» дейді. Не нәрсе адамның өз талабымен болатұғын болды. «Жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады». Өзгем өтірік болса да, осы сөзім - шын, сен бұған иманыңдай иланып сені! «Ақылсыз бас - аяқтың әлегі». Сол ақыл деген нәрсе өз бойымызда барлығын, қаралдысын көрумен біліп, қарасын көрумен танып тұрғанымыз жоқ. Өзімізге қылдырған жұмысынан, істеткен ісінен барлығын біліп тұрмыз. «Ақылдың тұрағы бас-ау, баста болса мида болады - ау!» - деп ойлаймыз. «Ақылсыз бас -аяқтың әлегі» -деп айтылғандықтан, ақылсыздықтан аяғын ауыртпаған жан кемде - кем-ақ шығар. Аспанда тұрған күнді көреміз, өзінің жоқ нәрсе емес, бар нәрсе екендігіне шек - шүбамыз жоқ. Бірақ ол өзі неден жасалған, не түрлі нәрсе деушіге шешіп айтып бере алмаймыз. Кімде - кім күнді көз айырмай қараумен немене екенін білемін деп қараса, көзінен айырылады, соқыр болады. Кигіз туырлықты қазақтың кигіз үйінің төрінде отыр едік, есік ашық тұр еді. Есік алдына үйдің көлеңкесі түсті. Сонан білдік үйде отырып далағы шықпай-ақ күннің барлығын, көлеңке күн барлығынан болды. Күн жоқ болса, көлеңке қайда? Күннің барлығын көлеңкені көрумен таныған есепті, ақыл барлығын білген соң, ол ақыл да өзінен жарық бір сәуледен түсіп тұрған көлеңке ғой дейміз. Көлеңке өзінің көрінгені болмаса, бір ңәрсені көрсетуге жарай ма? Көлеңкені көрген соң, Күн барлығын білген соң болды да, осы да қанағат. Не нәрсені болсын, жеріне жетіп білемін деу ақымақтық, адасқандық болады.
Осы тетрадтың үшінші бетінде топырақ ауырлығынан төменде қалып жер аталды дедік. Ол жер отсыз, сусыз, желсіз қалған жоқ. Оларда арасында бөлініп - бөлініп тозғындап қалды. Солай болғаны үшін күні бұл күнге шейін оты таусылмай жанып тұрған таулар бар. Ол тауларды «жанар тау» дейді, Үш - төрт жыл болды Жапон жұртын-да жер астынан от та шығып, су да шығып көп жанды нәуіт қылғанын есіттіңдер. Баяғыдан қалған жер астындағы от һәм су, осы отырған денеміз -топырак, су, от, жел - осы төртеуінен басы құралып, бізге дене болып отыр. Бармақтың көлеміндей көзден сол төрт нәрсенің түгелдігі танылып тұр. Жып-жып етіп ашылып-жабылып тұрғандығы - желі барлығы. Айдай әлемді көрсетіп тұрғаны - оты барлығы. Жас ағады - суы барлығы. Қозғалмай тұрғаны - топырағы барлығы. Күллі дене сондай. Өлу деген - осы дененің әуел оты таусылады, аяғын ұстап, «мұздап кетіпті» - деп, күдер үзе бастайды. Онан соратын суы таусылады, онан кейін желі таусылады, құр топырақ қалады. Артта тірі қалғандар итке тастауға қимайды, өртеп жіберуге аяйды, көзден таса қылу үшін шүбірекке орап топыраққа апарып көмеді. От отына кетті, су суына кетті, жел желіне кетті, топырақ өзінің топырағына қосылды. Айдай әлемді жарық қылып түрған күннен түскен сәуле сықылды. Жақ бір сәуле, ол өзі қайдан шыққан болса, сол шыққан жайына кетті. Қолдарыңнан көмген денені үш күн өткен соң, ашып қараңдар, өздерің салған қалыпта жатыр. Оған жердің жыбырлаған құрт - құмырсқасы болмаса, басқа дәнеме тимейді. Сөйлей берсе, сөз таусыла ма? Сарт құрымай боз таусыла ма? Құлақтың қарыны бар ма тоятүғын?! Мұсабековтің рақмет ғүмұмия дегені, Дарвиннің тұрмыс-тартысын сөйлегені, Виссарион Билинскийдің: «Толқынды толқын қуады» - дегені, Мұхтар Әуезовтің осы жүрген жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені оның ішінде «Ақын - жынды қатын» - деген Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі басы жоқ мұжық»- дегені, Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол қойған - Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы.
Айту керек, айтқаннан қайту керек. Құдай көкті, жерді, айды, күнді, он сегіз мың әлемді жаратты. Адам ата, Хауа ананы жаратты. Отты, желді, суды, топырақты жаратты. Бұлардың бәрі құдайдан басқаның қолынан келмейтін жұмыстар. Үстіміздегі үйді, осы үйдің ішінде болған, көрініп тұрған нәрсенің бәрін кім жаратты? Құдай жаратты ма, жоқ - жоқ, оттың, судың, топырақтың, желдің арала-суымен адам жасады. Пенденің күші, қолы, ақыл, зейіні, өнері араласқан нәрсе құдай жаратқан болмайды, адам жасаған болады. Құдай жаратқан нәрседе айыбы мен кемдік - кетіктік болмайды. Өзі қандай болса, жаратқам нәрсесі де сондай болады. Я өзі жаратты, ата - анамызға жасатты. Жоқтан бар болдык, көзге түстік, қыршын жас бүлдіршіндей жігіт болып өстік, сол бойымызбен неге қоя бермеді? Өзі өсірген құдай енді, міне, картайтып, өшіруге тақап келе жатыр. Жоқтан бар қылған құдай, барды жоқ қылады. Ол жұмысына пенденің ақыл - ойы жетпейді. Бір хикметі, ден уақиф ермүстір кісі болмады. Бұ іс кішіліктің ісі деп қоя қою керек. Олай болса, «Менің зейінім, пікірім жеткен екен, - деп, ақылға, білімге сеніп, - білдік, жетілдік, болдық!» - деп, әуеленіп, өршеленіп далаға жаққан оттай шалқи бермей: «Қой, бұл ақылды да, білімді де жоқтан бар қылып бізге берген біреу бар, оны бізге пайда тапсын деп берді ме, жоқ, зилилиә қылсын деп берді ме?» - ойлау керек. Түлкінің жүнінің қызылдығы басына сор болмады ма? Оны білсек, аққан бойымен ағып жүре бермей, аттың басын тарту керек. Шапқан атты басын тартпай, кұр шаба береді екен деп қоя берсең, қаңғып кетіп, айдалада аштан өліп қалуың айдай жарық, сүттен аппақ. Ендеше ақыл билігімен, зеректік зейін күшімен: «Қараңғы көрде тірілтпейді, ұрмайды, соқпайды, қинамайды!» - дедің. Сенің ақылың күшті ме, кұдай күшті ме, ойла, абайла! Құдай күшті, құдай күшті, ендеше оның күштілігіне сенсең не қыламын десе ерік, ықтияр өзінде екенін білсең, мен айттым, болды. «Төрде дұрыс осы деме, үй менікі деме, үй артында кісі бар», - деген сөзді естіген болсаң, тілің далаға жаққан оттай шалкыи сөйлеп былшылдап отырғанда, жан тәніңмен, шын жүрегіңмен десе, мен рәббік екі ғабдүрге тілемекке жары қапыл. Рәббім алла! Ғазазіл құдайға қылған құлшылығына сенді. Білғам бағұр дұғасының қабылдығына сенді. Анлатон (Платон) хакім ақылына сенді: «Өлмеймін»— деді, кәне, өлмей қалғандығы?! Ендеше сен маған құдай ақыл берген екен, ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым, біліміңе сенбеі Сенгіш болсаң, құдайға сен!
Бұхарай Шәріпте болған ұстаздың дөкөйі Қожа баласы Хамза қожа сөйлепті: «Бір бала келді, алдымда тоғыз ай тұрып қайтты. Өзгенің тоғыз жыл тұрып, алып қайтқанын алып қайтты!» - депті. Бес жасында Нәжімалдин хазірет: «Сопы балаң Бұхарай Шәріптің баласындай екен!» - депті. Онысы: «Балаң зерек екен!» - дегені екен. Ол зерекілік қайдан келіенін білесің бе? Зерекілік шайтан ғалай- лағынадан келген. Фаһымге уаһымды жағаластыру үшін. Фаһым -қазақша байым: «мынаның байымы бар бала екен» - дейді. Уаһым деген - уайым: ылғи уайымда қалатұғын жұмысқа баулыды. Бұл уаһымның күштілігі: ғалияаллағынаны білген екен. Онан сұратып, Фарғун қалия мастыхақ не білген екен. Екеуі де осының күшімен кетіп ырыққа көнбеген екен. Ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа ғалияалсылуд уассалам нығуз балламен ғылбата аллуһым ғәлі әлфім деп сыйынады екен. Осы айтып отырған сөздерді жетпіске келгенде біреуден сабақ алып үйреніп отырғаным жоқ. Құлын жастан, бала бастан естіп, оқыған сөздер. «Шапқанда байдың ұлы тоқтағанда есіңе түседі - демеді ме?! Жастық шауып бара жатқан сықылды, кәрілік - тоқтағандық. Адамның көңілі бір медресе, онда айтылатұғын дәріс: « Я алһам, я жатсуса!» Көрініп тұрған ешкім жоқ болған соң, кім айтып отырғанын қайдан білейік, үйрене беріппіз, ұға беріппіз, біле беріппіз. Үйренбеген, ұқпаған, білмеген еркіңе зерекілік қоя ма? Зерекіліктен маңдайына тас тиген бір сабаз айтқан: «Зерекілікті сат, надандықты сатып ал, зерекілік - зәһір, наданлық - қант» - депті. Осы сөзді құрттай күнімізде үйрендік, қане, онда мәнісін біліп түсінгеніміз жоқ. Енді міне, маңдайға тас тиген соң, мәнісіне жаңа түсініп біліп отырған болып отырмыз. Енді сабақты өзіміздің қарақан басымыздан алуға кірістік, құдай не берсе, өз бойымыздан берсін. Біз араб тілін білмейміз, сарт тілін білмейміз, қазақ тілінің өзін жете білмейміз. Егер жете білсек, әулиешілік қазақ тілінде тұр. «Ассыққан қалар ұятқа», «сабыр түбі –сары алын», «сарғая сақтаған, қызара жетер мұратқа» - деген сөзді ұстап тұра қалмағандықтан, тұрмыстан талай таяқ жедік. Табансыз, тұрақсыз, көшпелі болғандықтан, бүгін жеген таяқты ертең ұмытып кетеміз де, баяғы әуре - әуре, құр әурешілікпен өмір өткіздік.
Нар тәуекел еткен екен
С Баязитов
Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі
«Сарыарқа» 1995
Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе. көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген.
Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес. Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын.
Бір сөзбен, оза шауып бәйге алмаса да ұлан бәйгеде шаңға көміліп, тіпті артта қалған жайы және жоқ еді. Ел қатарлы тірлік кешіп жататын. Тек алыптарды алқындырып, онсыз да өлместің күйін кешіп келе жатқан Одақтағы көптеген кәсіпорындар мен шаруашылықтардың шаңырағын шиқай, төрт аяғын аспаннан келтіре келген қайта құру кезеңінің тепкіні қабырғасын қақыратып-ақ жіберген. Бұл ауыртпалықты қырда жатқан аядай Мәшһүр-Жүсіп атындағы кеңшар ғана емес, одақтағы небір шаруасы шалқып отырған кәсіпорындар мең шаруашылықтар да айқын сезінген. Көбісі-ақ тұралап тынған. Шаруадан береке кете бастағаннан кейін елдің де экономикалық жағдайы тығырыққа тірелгендей еді.
«Бір жұмақтың бір дозағы бар» дегендей, нарықтық қатынас кезеңінде ел ішіндегі байланыстың үзіліп, есеп айырысу жүйесі жүрісінен жаңылған жорғадай кібіртіктеп, баға шарықтап, ақша құнсызданып, жекелеген адамдардың да қалтасын қаға келген қатқыл қабақты нарық заманы одақты мекендеген ұлттар мен ұлыстардың егемендігі мен тәуелсіздігіне жол ашқандай еді. Ал мұның өзі соңғы жетпіс жылдан астамғы кеңестік дәуір кезеңінде тілі мен дінінен, ата дәстүр, салтсанасынан ада болуға айналып ұлттық сезіміне селкеу түсіп, намысы аяусыз тапталған қазақ
халқы үшін жаратушы жаббар хақтың асқан мейірімділікпен жарылқауымен пара-пар еді. Ақтүйенің қарны жарылып, тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі
Ата Заңымыз қабылданып, көсегені көгертер көк байрағымыз көкке шаншыла желбіреп, тірі жетімнің күнін кешіп, шет қақпай қалған тіліміз мәртебелі мінбелерден бұлақ суындай сылдырай төгіліп, хан Абылай, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Малайсары Олжабай, әз Жәнібек тағы да басқа ел қорғаны батырларымыз, қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би, Абылайдың ақылшысы көмекей әулие Бұқар жыраулар ғасырлар қойнауынан «тіл қатып», рухтары туған халқымен сағыныша қауышқан. Сол бір тарихи кезең, сол бір ұлы кезеңдер халық санасын сілкіп қана қоймай, ұлттық намыс отын үрлей түскен шақ еді. Халықтың өшкенін жандырып, өлгенін тірілту үрдісі Баян жерінде де өзінің сәтті жалғасын тапқан. Сөйтіп, 1993 жылдың 20-қазанында Мәшекеңнің есімімен аталатын кеңшарда ақын, тарихшы, көріпкел әулие Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы заманға, сәулет өнерінің талаптарына сай салынған мұражайы айқара есік ашқан. Сол күні Арқа төсінде жер-дүниені қарашаның қара суығы қалтыратып тұрғандай еді. Соған қарамастан Мәшекеңнің мұражайының ашылу салтанатына келген адамдардан көз тұнады. Аудандағы он бір шаруашылықтан аудан орталығынан келгендерді былай қойғанда Семей, көршілес Екібастұз қалаларынан да қонақтар баршылық еді.
Міне, біз әулиеге арналып салынған мүражайдың ішіне кіріп келеміз. Мұнда қойылған экспонаттар ақынның өмірінен мол хабар беретіндей. Қарсы алдымызда ақ қағазға бір кимелеп келген ойды жаза қоюға құлшына кіріскен Мәшекеңнің бюсті тұр. Оны көргенде ақ жаулықты аналардың бірі:
- Жарықтық-ай, деп көзіне жас алған. Сол сәт жұрттың көпшілігі қол орамалдарын жанарларына қарай жақындатып жатқаны байқалып-ақ қалған. Иә, бұл талай жылдар аңсай кұткен асылының, ардағының туған еліне арнаған өлшеусіз еңбегінің ендігі жерде халық игілігіне айналатынан шүбәсіз сенген Мәшекеңнің ұрпақтарының сарғайған сағыныштан шыққан көз жасы, қуаныш көз жасы екендігі сөзсіз еді. Ал кейбір ақсақалдар алла өзің кешіре гөр десіп, күбірлесіп қояды. Бәлкім, олардың тарихтың, Мәшекеңнің алдында ешбір кінәлары болмаса да сонау бір сойқанды жылдарда өткен өкінішті іс үшін алладан, қала берді Мәшекеңнің аруағынан кешірім сұрағандықтары болар.
Экспонаттарды асықпай аралап жүрген адамдардың арасынан Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметовты көзім шалды. Сол әт жаңа ғана Мәшекеңнің мұражайының ашылуына байланысты баяндама жасаған ақынның немересі, ғалым, жазушы Қуандық Пазылұлы Мәшһүр еңбегін зерттеп, әр жылдарда пікір айтқан. М. Әуезов, С. Мұқанов, Д. Әбілев, Ә. Қоңыратбаев, М. Бежеев, С. Дәуітовтермен қатар Мәшекеңнің бейітін қалпына келтіріп мұражайын ұйымдастыруды қолға алған адамдардың есімін мақтанышпен айта келіп, Мұрат Дүйсенбайұлына азаматтық ақ алғысын арнағаны есіме оралған. Расында да, Мұрат ағаның және басқаларының сол жылдарда. Мәшекең үшін атқарған еңбегі ерлікпен пара - пар екен-ау деген ойға бекінген мен осыдан бір жыл бір ай өткен соң осы әңгімеге қайтып оралып, Мұрат Дүйсенбайүлын іздеп баратынымды білген жоқ едім.
- Иә, деп аз іркіліп, ойға берілген ол әлден соң бұл 1976 жылы еді. «Жаңажол» совхозына директор болып тағайындалдым. Сол жылы ақынның келіні, кеңес Одағының Батыры сол кездегі халық депутаттары облыстық Кеңесінің төрағасы Махмет Қайырбаевқа арнайы барып жолығып, Мәшекеңнің бейітін көтеріп, қалпына келтіруге рұқсат алып келіпті. Мақаңның көмегімен Екібастұз халық депутаттары қалалық Кеңесінің атқару комитеті іске араласып, құрылыс материалдарын әкеліп төге бастаған шағы екен. Нұрила апай маған осы жайларды баяндап, құрылыс материалдарының әлі де жетіспейтіндігін, құрылысшылардың қажет екендігін айтты. Қандай көмегің бар деуді де ұмытпады. Сұрастыра келсем Нұрила апай Ескелдідегі Мәшекең бейітінің басына жеңіл - желпі көшіп те алған екен.
- Көмектесеміз апа, қолдан келген көмекті аямаймыз деп жатырмын. Айтқанды орындау азаматқа сын, қолдан келген көмекті аяғанымыз жоқ. 1977 жылы бейіт құрылысы аяқталды. Сол күні бейіт басына жиналған халықтың қуанышын көрсеңіз ғой.
Осы сәтте сол жылдарда әлде бір игілікті іс жайлы сөз бола қалса ел басшыларының ертең әлдекім жоғары жаққа жазып жіберсе мен жауап беремін, жұрттың несі кетеді деп шыр-пыры шығатыны есіме түсе кеткені.
- Мұрат Дүйсенбайұлы. Құрылыс материаддарының, әсіресе адам күшінің сол жылдар да жыртылып айырылмағаны белгілі. Ауыл тұрғындарының бірінің қорасы құлап, бірінің үйінің төбесінен тамшы ағып, шаруашылық басшыларынан материал сұрап, ол табыла қалған жағдайда жөндеуші құрылысшылар тауып беруін талап етіп кеңсе табалдырығын тоздырып жүргенін көзбен көрген едік. Кейде мұның өзі жоғарыда жазылар арызшағымға да негіз болып жататын. Ақынның бейітін көтерген кезде өзіңіздің үстіңізден әлдекімдер жоғары жаққа жуйрік қаламын жорғалатып жіберген жоқ па?
- Ол не дегенің. Ауылдың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін Мәшекеңнің бейітінің ойдағыдай бітуіне тілектес болды десем артық айтқандық болмас. Бір де бірі бейітті неге көтеріп жатырсыңдар деп сөз қозғаған емес. Қайта қаржы қажет болса көмектесейік деушілер аз болған жоқ.
Тіпті, мұражай салу керек дегенді де сол ауыл адамдары ауызға алғаш алған еді. Солардың бірі қазақ өнерінің белгілі тарландары Қуат, Суаттың әкесі Әуезбек Әбусейітов ақсақал Мәшекеңнің немересі Төлеубайдың болашақ мұражайға деп арнап жинаған біраз экспонаттары бар, соны пайдаланып, Мәшекеңнің мұражайын ашу қажет, істің бір қолға алынуы ғой, ар жағы оңғарыла береді деп ауыл тұрғындарыньң атынан тілек білдірген еді.
Мен Төлеубай ақсақалдың үйінде жинақталған экспонаттармен таныстым. Онда киіз үйдің, арбаның, бесіктің алтыбақанның, келіннің макеттері бар екен. Осы заттардың, тағы да басқа заттардың макетін Төліекеңнің өзі қолдан жасаған көрінеді. Мен ол кісілерден Мәшекеңнің киім - кешегі, пайдаланған заттары бар ма, деп сұрадым. Бар десті олар. Көзәйнегін, киім - кешегін тағы да басқа заттарын, шай самаурынын көрсете отырып мұнымен қатар деді олар тағы да ел ішінде тараған Мәшекеңнің заттары баршылық. Іздестіреміз, жинастырамыз десті. Көп ұзамай осындағы мектептің бір бөлмесін Мәшекеңнің мұражайына бөліп бердік. Салтанатты жиын өтті. Әуезбек салтанат үстінде Мәшекеңе арнап өзі шығарған өлеңін домбыраға қосылып айтып берді. Кезінде сері, әнші болған Әуекеңнің сол өлеңін жаздьіртып алу бірде - біріміздің қаперімізге кірмегеніне өкінемін. Сонымен қатар ол мұражайға күміс ертоқымын сыйлады. Ауылдың ақ жаулықты әжелері мен, ақсақалдары ән шырқап, би билеп кетті. Келер жылы ауыл ортасынан шаруашылық тәсілмен екі қабатты клуб үйін саламыз, соның екінші қабатын Мәшекеңнің мұражайы ретінде пайдаланамыз деп жиналған халыққа уәде бердім.
Аудандық партия комитетіндегі кейбір жолдастарға ойымды сездіртсем олар, өзің біл, әлдекім үстіңнен арыз жазып жіберсе партиядан шықпасаң да сөгіс алатының айдан анық дегенді аңғартты. Қатты толқып ойлануға тура келді. Өйткені, партиядан шықпасаң да сөгіс алудың өзі ол жылдарда алға басқан адымыңды артқа қарай шегіндірумен пара-пар еді. Әлденеден ауыл адамдарының мен уәде берген сәтте гүл-гүл жайнаған жүздері, Әуекеңнің әуезді әні құлағыма келгендей болды. Сонымен қатар «уәде құдай аты» дегенді жастай санамызға сіңіріп өскен ауыл баласымыз ғой» тақ түссе таңдайға, бақ түссе маңдайға» дегендей нар тәуекел деген едік.
Әулие бабамыздың аруағы қолдады ма екен. Әйтеуір ешкім жоғарыға да, төменге де бұл жайлы «хабар» салуға асықпады. Мәдениет үйінің қабырғасы көтеріліп, ішкі өңдеу жүмыстары да аяқталды. Осы сәтте мен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Балтабай Сейсенбековке жолығып, мұражайды жабдықтауға қол ұшын беруді өтіндім. Көп ұзамай Павлодардағы өлкетану мұражайының қызметкерлері келіп, жұмысты қолға алды. Ал бұл кезде болашақ мұражайдың экспонаттарын біржарым жылдың ішінде Аманкелді Омаров жинастырып та үлгерген еді.
Қ. Сәтбаевтың 90 жылдығын тойлауға сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков келе қалды. Ол Мәшекеңнің басына ат басын бұрып, бейітін мавзолей етіп салыңдар. Музей үйін жеке салыңдар, деп нұсқау беріп қаржы бөлдіртті. Соңғы мұражай кезінде сол кісінің нұсқауымен жоспарланған еді. Міне, оның халқына қызмет етіп тұрғанына да екінші жыл. Тағыда қандай сауалыңыз бар, - деді ол маған назарын тіктеп.
- Бастаған істің сәтті аяқталуы әрқашанда қуаныш дей тұрсақ та сол қуаныш үстінде де адамның жан жүрегін толқытып, есінде мәңгілік қалатын ерекше сәттер де болады ғой. Сол жағына да аздап тоқталып өтсеңіз.
- Мәдениет үйіндегі мұражай ашылғанда Ақбәйбішенің Сүйіндіктің шешесі (Зейнеп) көзі тірі еді. Өзінің үстіндегі шапанын шешіп алып менің иығыма ілді. Сол сәтте айтары жоқ қатты толқыдым. Қарт ананың жан - дүниесінің дархандығына сүйсіндім деп үнсіз қалған ол әлден соң барып шапанын
Ақбәйбішенің өзіне қайтып бердім. Қазірде Сүйіндіктің үйінде тұр, деген еді.
Жанашыр
- Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде.
- «Жаңажол» совхозында.
- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.
- Онысын онша біле қоймадым.
- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:
- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.
- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді...
- Жә, жетер, ниетің дұрыс екен. Біз ол кісінің діндәрлығы өз алдына, ақын, философ, тарихшы ретінде де құрмет тұтып, қастерлеуіміз қажет қой. Иә, бізге сол кісінің бейітінің, мұражайының суреті керек еді.
Манадан бері аяқ астынан басталып кеткені әңгіменің аңысын аңғара алмай, мына кісі менен Мәшекең жайлы тереңдей сұрай қалса масқарам шықпаса игі еді, деп мазасызданып, мәнім кетіп отырған басым.
- Суреттері керек еді дейсіз бе, аманшылық болса көп кешіктірмей қолыңызға тигіземін,- деп уәдені беріп-ақ қалғаным.
Әйтеуір өлдім - талдым дегенде оның да орайы келді-ау. Олай дейтінім астында көлігі жоқ адамға Баяннан Жаңажолға фотограф алып барып сурет түсіртем деу екі талай нәрсе екен, оған көп ұзамай көзім жетті. Менің автобуспен барып қайтайық деген ұсынысыма сурет түсіретіндер оның қолайлы бола қоймас, барсақ машинамен барғанымыз жөн ғой деген уәж айтқан. Сөйтіп жүрген де Мойылдыда еңбек озаттарының слеті жалауын желбірете көтерген, сол мерекеде ұшыраса кеткен жаңажолдық Егінбай Қоңырбаев аға амандықтан соң:
- Ал, бауырым мына тойдан ескерткіш болсын деп фотоаппаратын қолына алған.
- Аға, мені қайтесіз, мүмкіндігіңіз болса Мәшекеңнің бейітін, мұражайының суретін бірнешге дана қылып түсіріп беріңізші, деп жата жабыстым. Көп ұзамай Егінбай аға сұраған суреттерімді қолға тигізді.
Қарағандыдамын. Мен әкелген суреттерді көргенде философия ғылымының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, кейінірек қазақ тілі әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған Құлмағанбет Еспаев ағаның қуанғанын көрсеңіз ғой.
- Енді, - деді ол, - студенттерге Мәшекең жайлы азды-көпті сөз қозғағанда мына суреттерді көрнекі құрал ретінде пайдаланатын боламын. Сонан соң әлде не есіне түскендей.
- Ал ол кісінің мұражайын үйымдастырған кім, - деп сұраған.
- Аманкедді Омаров. Ауыл мұғалімі.
- Әріптесіміз екен ғой. Әй оған да оңай болған жок, шығар деген жайымен.
Өз басым қатты қадір түтатын ағаның Аманкелдіні әріптесім деуі, мені қатты қүантқан Баянға барғанда Мәшекеңнің басына барып тәуіп етіп, мұражайын араласам, туған - туысқандарымен, өрен-жарандарымен жақын таныссам, сонан соң Аманкелдіге кездесіп, тыңнан тапқан деректері болса көрсем деген.
- Аға, - дедім мен - Аманкелді тек Мәшекеңнің мұражайын ұйымдастырып қана қоймай сонымен қатар Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыздың да мұражайын ашып, Баян өңіріне келген қонақтардың көз мерейін қандырып, ақынның өздері біле бермейтін өмір деректерімен танысуға мүмкіндік туғызды.
- Бәрекелді, бұл өзі бір қолынан іс келетін, әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын жігіт болды ғой деген Құлмағанбет аға ризашылық көңілмен.
Ол кісі құт - береке дарыған Баян топырағын әлденеше рет басты. Ақ көбігі аспанға атып буырқанып жататын Жасыбайдың жасыл жағалауында талай рет демалып та жатты. Тек өзін автостанция басынан әмәндә жаяу - жалпы қарсы алып тұратын, Жасыбайга апару үшін маршрутты автобусты тосумен болатын інісінің (өзі солай деуші еді) жігерін құм етіп, әлдекімдерден жеңіл машинасын сұратып, пенде қылғысы келмеді ме екен, әйтеуір жоғарыдағы тілегін қайталаған емес. Тек әлгі Аманкелді Омаров бұл жерден алыс тұра ма, деп сұрағаны есімде қалыпты. Ал бұл жылдарда, Аманкелді аға Ж. Шанин атындағы совхозда тұрып жататын еді. Хабар салсам қалай болады дегенімде.
- Қой қолайсыз болар, деген.
С. Торайғыровтың тойына өз тарапынан арнайы келген ағаны қуана қарсы алдым. Келер жылы Жасыбайға келіп дем алып, қайтыңыз, орайы келсе Мәшекеңнің басына зират етерсіз дегенімде қатты қуанып.
- Мерзімін өзің хабарларсың деген болатын еді. Сол сәт осы бір жаны жайсаң, қазақтың ұлы ғалымы, жазушысы Мұхтар Әуезов пен ірі ғалым Евней Букетов жайлы төгіле сыр шертетін (ол кісі олардың бірінің шәкірті, екіншінің қарамағында көп жыл қызмет істеген) жақсы ағаны бұл соңғы рет көруім екенін сезген жоқ едім.
Мәшекеңнің 135 жылдық тойы Ескелдіде өтіп жатты. Бір кезде айнала тұрған адамдарға басын әнтек изеп, әдетінше әлдеқайда, жылдам аяңдап бара жатқан Аманкелдіге көзім түсе кетті. Сол сәт оны Құлмағанбет ағаның әріптесіміз екен ғой, мұндай халықтық мәнге ие, іске осындай жан жүрегімен берілген шынайы жанашырлар болмаса бола ма деген сөзі есіме оралған. Мынау жарық жалғанда Аманкелді атты мұғалімнің бар жоғына да бейхабар Құлекеңнің Омаровқа берген бағасына, ризашылығына әлденені алып қоса қоюдың өзі қиын-ау. Өйткені қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға талпынған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, қазақ үшін жүрек майын шырағдан еткендердің бірі тұңғыш режиссер Жұмат Шанин, халқының інжу-маржан жырларын тарих тозаңының арасынан қағып аршып, талмай жинаған, сөйтіп ұрпағына өлшеусіз олжа салған ақын, тарихшы Мәшһүр Көпеевтің сонау жиырмасыншы жылдары қызыл қыран, Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті туралы хат» атты мақаласында өте-мөте керек болып отырған мағлұматтар Асан қайғы сөздері Бұқар жырау сөздері, Шортанбай сөздері, Мәшһүр Жүсіп сөздері, әсіресе хал-ахуалы деп іздеу салатын Мәшекеңнің мұражайын ұйымдастыруды қолға алып, ұйтқы болу «жан жүрегімен беріген шынайы жанашыр» екендігінің айғағы емес пе? Шынайы жанашыр болу ауыл мұғалімі Аманкелдіге оңайға түсті дейсіз бе?
Қатардағы мұғалім түгіл мектеп директорларының өзін шарты келмесе қабылдамай қоятьн әртүрлі дәрежедегі кабинет иелері Аманкелдіні құшақ жая қарсы ала қоюлары, Мәшекеңе мұражай ашпақ ойда едік, соған мынадай көмек керек дегеніне еліп ете түсулері екі талай-ау, тек ойға алған ісінің орайын келтірмей тынбайтын мақсаткерлігі, өжеттігі, тіпті асыра айтсақ ерлікке пара-пар табандылығы талай қатқыл қабақты кабинет иелерінің маңдайындағы сірескен мұзды, ызғарды жібітіп, таңдайындағы жоқты бармен алмастырды ма екен, кім білсін, әйтеуір Аманкелдінің солардың көпшілігінің алдынан құрқол қайтпауы ақиқат. Бәлкім, бұған өз өмірбақи аузынан тастамай айтып жүретіндей ұлылардың аруағы желеп-жебеп көмектескен болар. Қалай дегенменде де Аманкелді маған жұрт өз есебін қалай түгендерін білмей есі шығып жүрген заманда ұлы мақсат жолында өзін өзі ұмытқаны былай тұрсын дүние қуып, өзара бәсекеге түсіп әлек болып жүрген мына жұрттың есіне Сұтанмахмұтты, Мәшекеңді, Жұмат Шанинді салып, олардың халқы үшін сіңірген адам айтқысыз еңбектері жайлы сөз қозғауының өзі оның жан дүниесінің байтақтығы мен қатар батылдығын өзгелер үшін өмір сүре білетіндігін дәлелдей түсетіндей. Неткен тәуекелшіл, неткен ақкөңіл жан еді дегің келеді.
Иә, «сыбырлағанды құдай естімей ме» дегендей, осы әз ағаны да кезінде ренжітіп алғанымды несін жасырайын. Сол реніш үстінде ол маған «мен тарихта қаламын» деген еді.
Тәңірім-ау, оның ашу үсті айтыла салған осы бір сөзіне күлушілер де, кекетушілер де табылар, өз басым қарсы алдымда отырған шүйкедей шалдың оған сай еңбегінің бар екеніне сол сәтте болмаса да ойлана толғана келе қол қойған едім. Бұлай деуге оның аталған мұражайлардағы экспоңаттарды жаяу - жалпы, жинағаны әлде бір деректің бар екенін естіген сәтте кез - келген жүк машинасының, трактордың қорабына жармасып, жолға шығуы, кейде қалалардағы қонақ үйінен орын тимей вокзал басына қонып, кейде қара нан мен қара суды азық етіп «ауылдастарының кейбірінің» осыған не жоқ, мұражай қажет болса үкімет ашпай ма, деген мысқылын ести жүріп ашқан мұражайлары қандай да болсын жоғары бағаға лайықты ғой... «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деген ғой, Аманкелді аға осы мұражайлар туралы сөз болғанда өзіне қол үшын берген сол кездегі аудандық халық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Зарлық Сәдуақасұлы мен сол жылдарда Мәшһүр Жүсіп атындағы кеңшарда директор болған Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметовтың есімдерін құрметпен атайды.
Бәлкім кезінде оған қолдау көрсетпек түгіл кабинетіне кіргізбеген басшылар да болған шығар, бірақ олардың сол қылықтарын Аманкелді ағай әлдеқашан-ақ ұмытып кеткен, сынды. Аузына алмайды. Текті адамның кегі де үзаққа бармайтынның айғағы-ау бұл.
Қазірде С.Торайғыровқа, М.Көпеевке өздерінің аты мен аталатын кеңшарларда осы заманғы сәулетті мұражайлар бой көтерді. Әрине, бұл мұражайларды Аманкелді аға мұрындық болып аштырған мектептің бөлмесіңдегі, клубтың ішіндегі мұражаймен салыстыруға келмес әйтсе де бұл мұражайлардың кезінде Аманкелді Омаров негізін салған мұражайдан бастау алғанын әсте үмытуға болмайды. Тіпті, мұражайға келгендерге бұл мұражайдың негізін ауыл мұғалімі, кейіннен мұражай директоры болып жемісті қызмет атқарған Аманкелді Омаров салған еді деп бастаса да ешбір ағаттығы болмас еді.
Осы орайда ақын Қадыр Мырзалиевтің:
Қажет пе кішісің бе, ірісің бе,
Жақсының қалт жібермей бір ісін де,
Өлгенін, жерлегенін күтіп жүрмей,
Талантты қадірлейік тірісінде,- деген өлең жолдары ойға оралады. Ақын айтпақшы біз де ортамызда сан жылдар жас жеткіншектерге білім берумен қатар өмірінің саналы жылдарын Сұлтанмахмұт сынды ақынның өмірі мен творчествосын зерттеугі оған мұражай аштыруға, Мәшекеңнің басына да өшпес белгі соқтыруға, Ж. Шанин музейін ұйымдастыруға жұмсаған ақын, азамат ағамызға кезінің тірісінде-ақ құрмет көрсетіп, аталған ауылдардағы көшелерге есімін бергізсек артық па? Тарихты халық, оның ішінде осы Аманкелді Омаров сияқты қарапайым ұлдары жасайтынын есте ұстайық ағайын.
Достарыңызбен бөлісу: |