Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


«Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ата тарапынан тегі »



бет9/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
«Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ата тарапынан тегі »
Ақынның жаңадан табылған, өз қолымен жазған өмірбаяны

С. Дәуітов


Филология ғылымының докторы, профессор
« Қазақстан ZAMAN» 2003

Мәшһүр-Жүсіп халқымыздың бір туар азаматы екенін көзінің тірісінде – ақ әлі мойындаған. Мәшһүрдің өзі жазып кеткен «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ата-тарапынан тегі атты» Ғылым академиясы ғылыми кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорынан табылып отыр.


Ақынның 1990 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген екі томдық «Таңдамалар шығармасының» бірінші томында берілген өмірбаяны оның өлеңдеріндегі, кейбір жазбаларындағы өзі айтқан мәліметтері бойынша жазылған болатын. Ал Мәшһүрдің өз қолымен жазылған шынайы өмірбаянының табылуы аса маңызды жаңалық.

Айдабол Күліктің бәйбішесінен –Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет, тоқалдан - Ақыл, Сексен. Күліктің сексен жасында туған баласының атын Сексен қойған. Тілеуімбеттің он бес ұлы ат арқасына мініп, соңына ерген. Сол шақта қара қалмақ Сыбанмен қазақ жау күнінде кешіп келе жатқанда қалмақтың жасанған жауына кез болып Тілеуімбет он бес баласымен соғысқа кіріп, өзге ел қашып құтылып, барлық баласымен Тілеуімбет сонда қырылған. Ең үлкені Оспантай екен, онан тұқым жоқ. Онан соңғысы Амантайдан ө.сіп - өнген бірлі-жарымды тұқым бар. Онан соңғының аттарын ешкім білмейді. Жау қолында тірі жатқанын көріп үшеуін орманшы Тайлақ алып қашып құтқарылған, бұлардың үрім-бұтағынан тарағандарды Айтқожа, Жаңабай, Күнту дейді. Бірі бесікте,бірі кебежеде екі немере жас баланы Күліктің тоқалының баласын Сексён қүтқарған. Бүл екеуінің үрім-бұтағын Бесім.Қойтан дейді.


Сол Бесімнің бәйбішесі Бөлтек бәйбіше керей қыпшақтың өзіндегі қыпшақ Олақ мергеннің қызы екен. Бұл Бөлтек бәйбішеден туған Ақжігіт, Жанжігіт, Қармыс. Қазақ ішінде қожа - молда үйір-шүйір болмаған күнде Ақжігіт абыз Сыр бойынан Оспанқұл әздер деген әулие қожаға екі бауырының бойжеткен қызын қалыңмалсыз беріп, үйінің сыртына ақ қос тігіп беріп мектеп ашып, бала жиып оқыттырған. Қазақ, қазақ болғанда, әуелі қожаны сақтап, мектеп көтерген кісі осы Ақжігіт болған. Қатыны ұдайымен қыз таба берген екен. Сонда қызының ең тұңғышы Зәруқажан онан соңғыларының аты – Дәме, Дана.
Бір күні Ақжігіт абыз намаз оқып тұрса, отбасында отырған үрпе - шүрпе қыздар оттың басына төрт ши шаншып, «Сенің атың Құлмүхамед, сенің атың Сермұхамед, бірінің атын Дос-мұхамед бірінің атын Бермұхамед қойып, намаз оқыған төрт кісі қылып» айтады. Соны Ақжігіт абыз аңғарып намаз оқып болған соң, өз қатынын өзі «құдағи» деп шақырады екен.
«Құдағи, сен байқадың ба, Зәруқажан кейінгі сіңлілерін қалай ойнатып, алдандырып отырғанын. Сен төрт ұл табады екенсің, осы төрт атты қояды екенбіз. Ал енді ұл таптың, »-. дейді. Айтқандай бір ұл тапты, атын Құлмүхамед, қойды және тапты Сермұхамед қойды және тапты Досмұхамед қойды. Сол шағында Ақжігіт абыз қырық тоғыз жаста болды. Ел жайлауда отырған кез екен. Ол уақытта жайлау жерлері Көкшетау айналасы, қыздың Қарасуы, Шортанқарағай деген екен. Ақжігіт абыз бір жақтан жолаушылап келе жатып тал түсте ат шалдыру үшін бір өзек сайға түсіп, кішкене қисайса, көзі ілініп кетіп, түс көріпті. Ояна түрегеліп:
«Балалар.менің жирен жорға атымды алып келіңдерші, мен бір түс көрдім, сол түсімнің қабыл болуына атымды құдай жолына айтқандығыма куә болыңдар ұятты жерімнің қақ басына бір көк кептер қонып отыр екен. Ол ұжмақтың құсы, енді мен кідіріп қалмай өлсем керек,» - деп аттана түрегеліп, сол күн үйіне келе ауырыпты, өзі өсиет қылыпты: «Мені осы түс көрген жеріме қойыңдар» деп. Сонда «құдағиы» екіқабат екен. «Мына ішіңдегінің атын Ермұхамед қой, төрттің бірі болсын, менің ізімді бассын»- деп. Сол іште қалған баланың атын Әзден абыз қойыпты. Досмұхамед Досбай атанып, Әзден доысының атын заманындағы жұртты біліпті. Керей Тұрлыбек заманында Досбайдың асын Ошақты көлдің басында берген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет