Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


М.Ж.Көпеев шығармаларындағы сот-заң істеріне қатысты лексика



бет12/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
М.Ж.Көпеев шығармаларындағы сот-заң істеріне қатысты лексика

Б.Р.Қожахметова


С.Торайғыров атындағы ПМУ ізденушісі, Павлодар қ.
2008

Қазақтарда заң, сот құрылысы бұрыннан саяси-әкімшілік жағдайға тікелей байланысты болған. ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ жерінде үш түрлі заң жұмыс істеген: әдет-ғұрып заңдары; патшалық Ресей үкіметінің заңдары; ислам дінінің шариғат заңы. Әдет-ғұрып заңдары күнделікті тұрмысқа байланысты қылмыстарды қарастырып, олардың шешімін билер беріп отырса, патшалық Ресей үкіметінің заңдары мемлекеттік маңызы бар қылмыстарды қарастырған. Ал ислам дінінің шариғат заңы дінге, некеге байланысты істерді қарастырып, ондағы даулар шешімін қожа, молдалар беріп отырған. Қазақстан патшалық Ресей бодандығына түскен кезеңде әдет-ғұрып заңдары ескерілмей, азаматтық, қылмыстық, сот құқықтары орыстық жүйемен қалыптастырылғандықтан орыс тілінен енген кірме лексикалар көптеп кездеседі.


1955ж. шыққан Т.М.Құлтелеевтің «Уголвное обычное право казахов» деген еңбегінде қазақ тіліндегі заң сөзі «обычное право», орыс империясының праволық ережесі «закон» дегенді білдіретінін айтады. Ал сол тұстағы әдеби тілде, Абай шығармаларында заң сөзі аталған мағынамен қоса, тұрмыстағы дәстүр, әдет деген сөздердің синонимі ретінде пайдаланғанын, мамандардың зерттеулерін қарастыра отырып, академик Р.Сыздық атап көрсетеді. [1]
Осы кезеңде ақындық тілі жағынан Шәкәрімммен рухтас, қазақтың халық поэзиясының көркемдік дәстүрін жете меңгерген, күрделі тұлға - М.Ж.Көпеевтің өлеңдері мен қиссаларында, мысалдары мен шешен-билердің сөздерінде, өмір бойы жинап сақтаған ауыз әдебиеті үлгілерінде сот-заң істеріне қатысты лексика көп ұшырасады. М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинап, жазып қалдырған мұраларының бірі - «Ұлбике мен Жангел айтысы». Айтыс сөздерінен кейін Ұлбике туралы берілген қысқаша әңгімеде пайдаланылған лексикаға назар аударар болсақ, жоғарыда аталған әдет-ғұрып заңдары деп аталатын билер билігі мен шариғат заңы бір кезде өмір сүргеніне көзіміз жетеді. Сондай-ақ сол заманда қылмыстық істерге қатысты сот, құн, заң, кесім, сүйек құны, өнер құны, қара құн лексикаларының мағыналық қолданысын көреміз.
Әңгіменің мазмұны: Ұлбике Көкөзек ауылы байының қызы қарақалпақтың кедей жігіті – Жаңгелмен айтысқан екен. Кейін Ұлбике бір байдың баласына тұрмысқа шыққаны баяндалып, байдың баласы Ұлбикеге тойға баруға, өлең айтуға рұқсат бермейді. Бір күні күйеуі үйде болмаған кезде, ауыл-аймағы, қайын-қайнағалары: «Сені біз сабатпаймыз!» – деп, тойға алып барыпты. Ұлбике тойдан келсе, күйеуі үйіне келіп қалыпты. Әйеліне кіжініп, қойдың қатқан санымен басынан періп қалып өлтіріпті. Жұрт жиылып, төркіні келіп құн сұрапты. Сонда төркініне: «Бидің билігіне бересің бе, пайғамбар шариғатына көнесің бе?» - деген таңдау беріліпті. Төркіні шариғат заңына салыпты. Сонда Күдері деген қожа шариғат заңы бойынша мынадай кесім айтыпты: «Өлер Ұлбике өлді: аяр да ас жоқ, тояр да ас жоқ. Мұны сойыңдар, өкпесін алып көріңдер. Өкпесінде жазу жоқ болса, тойға бару, өлең айту әйел жынысына дұрыс емес. Өзіне сот, бұған құн бұйырмайды. Егерім өкпесінде жазу болса, онда айтпаса, ішін жарып кетеді. Үш кісінің құнын берсін: сүйек құны, өнер құны, қара құн». Ұлбикені сойып, өкпесін алып көрсе, өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен. Сүйек құны үшін- елу жылқы, алты «жақсы». Өнер құны үшін - елу жылқы, алты «жақсы». Қара құн үшін «Тоқал құн» - деп, тоғыз «жақсы» беріпті.
Сол замандағы дін, неке қатынастарына байланысты даулар көбінде шариғат заңымен шешілетіндігін және шағымданушы жақтың заңды таңдауға мүмкіндігі болғанын осы тұста байқаймыз. «Алты жақсы», «тоғыз жақсы» - деген құн: жүйрік ат, берен мылтық, жағалы киім, тай тұяқ күміс не алтын, түйе, тазы т.б. түрлі болуы мүмкін. [2]
«Еркекке толық құн, әйелге жарты құн», «екі әйелдің куәлігі бір еркекке тең» сияқты шариғат заңының ережелері Ресей тарихында «Тәуке хан заңдары» деп аталған «Жеті жарғыға» әсері болғанын атаған жөн. «Жарғы» сөзі көне қыпшақ тілінен аударғанда «жарық» деген мағынаны білдіреді. Ал ХІІІ-ХІҮ ғасырларда жазылған «Кодекс куманикус» ескерткіштерінде «жарғы» сөзі айтыс, тартыс, дау, әмір ету, әдет-ғұрып заңдары деген ұғымды білдіретіндігін және «Жеті жарғы» жеті жүйеден, жеті тараудан, жеті бунақ – баптан тұратын жарлықтар, билік-кесімдер, жоба-нұсқалар екенін филология ғылымының докторы, ғалым С.Негімов өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» Қасым хан (1511-1523) мен Есім ханның (1598-1645) ережелері, билік-кесімдері негізінде жасалған. Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрыптылық қағидалар қамтылған:
1) Мүлік заңы (мал, мүлік жер дауы)
2) Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).
3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).
5) Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер).
Ал Тәуке хан бұларға жесір дауы (6) және құн дауын (7) қосқан ( Қазақ ССР тарихы/ / Қысқаша энциклопедия. Алматы, 1984. 1-т. 294-295-бб.)
М-Ж.Көпеевтің жинаған би-шешендерінің сөздерінде қазақтардың құқын заңды түрде шешетін ережелер, қағидалар, тұтас ғақила сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Ердің құны есебін тапқан сабазға екі-ауыз сөз деп қай заманда айтылған» - деп Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел, орта жүзден Малай, Жәдігер деген таптан шыққан Құлназар дегенді өлтіріпті. Оның кесімін Бөрібай ақын айтты:
Ошақты Құлназарға құн бермексің,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет