Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің.
Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең,
Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің.
Құлназар келіп өлді ауылыңа,
Ішім оттай күйеді бауырыма.
Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,
Есекем таңба болар сауырыңа.
Бірақ, Ошақты бұл төрелікке басында бұрмапты1 . Жылдар өткен соң ескіріп кеткен дауды он төрт жастағы Едіге би құнын өтеп алыпты.
«Әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады» деп, ынтымақ пен бірлікті, халық тыныштығы мен тұрақтылығын жоғары бағалаған көшпенді елдің әдет-ғұрып деп аталатын заңдары ислам дінінің енуімен салмақтана, райлана түсті. Қазақ халқы ежелден келе жатқан өзіндік ерекшеліктерін сақтап, «жеті атаға дейін қыз алыспау», «әмеңгерлік» ету сияқты тағы басқа салттар шариғат заңдарының мәнін тереңдете түсті.
Заң – құқық ережелеріне байланысты лексика қазақ ұғымында ежелден қалыптасқаны белгілі. Көне заманнан бері қазақ халқы өз мемлекеттігін әділ заң-қағидаларымен ұстап келген. Осы заң ережелерін жасап, іске асыру билердің құзырында болған. Бұл заңдар «ата-баба жолы», «жөн-жосық» деп аталған. Сол заманнан келе жатқан, кейінгі ұрпаққа үлгі болған билердің шешендік сөздері «үлгілі сөз», «аталы сөз», «нұсқалы сөз» деп аталған. Бұл сөздері синонимдес деуге болады, өйткені мағынасы бір-біріне жақын сөздермен аталып, бір ғана шешендік сөз деген ұғымды білдіреді. Үлгілі, аталы, нұсқалы сөздері тұлғасы жағынан бір-біріне ұқсамайды және үшеуі де сын есім сөз табына жатады, яғни синоним болудың үш шартын да орындап тұр. Бірақ бұл сөздердің мағыналары тепе-тең деуге келмейді. Мысалы, Аталы сөз – ақылға көз. Мысалда келтірілген аталы сөзінің орнына нұсқалы, үлгілі сөзі мағыналық реңкі жағынан да, ұйқасы жағынан да сай келмейтінін көруге болады. Мағынасы ұқсас, синонимдес сөздердің сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, нұсқалы, үлгілі сөздеріне қарағанда аталы сөзінің мағынасы ауқымды. Синонимдердің жасалуы сөздік құрамның дамуына, жетілуіне ықпал етеді. Мысалы, жоғарыда аталған нұсқалы, үлгілі, аталы сөздері морфологиялық тәсілмен –лы, -лі сын есім тудырушы бірыңғай аффикстер арқылы жасалған.
М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинап, жазып қалдырған мұраларындағы тіл байлығы мен оралымдылығына осы синоним сөздердің молдығы да әсер етті деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |