Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет130/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Ағартушылық қызметі: Ол оқушыларға табиғатты адамның өмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі;

Дамытушылық қызметі: Ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну, табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен ақылға сиятындай орынды қарым - қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру процесінде жүзеге асады;

Тәрбиелік қызметі: Ол оқушыларда табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым -қатынасты қалыптастыруда көрініс береді.

«Экологиялық мәдениетке» тәрбиелеу қажеттілігі XX ғасырдың 70 жылдарында айқындалды. Ол біріншіден,орта мектептерде экологиялық білімнің енгізілуімен, екіншіден экологиялық дағдарыстың тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуының әсерінен болды. «Мәдениет экологиясы» ұғымын термин ретінде алғаш рет академик Д. С.Лихачев 1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құралған адам тіршілігінің объективті негізі – мұраларды сақтау, сол себепті мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратынын ескертеді. Экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы, экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Жалпы бұл бағытта табиғат сұлулығын түсіндіре отырып, тұлғалық сапалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Сонымен экологиялық тәрбиенің міндеттері:

– Оқушыларды табиғатты қорғау мәселелерімен ғылыми негізде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру;

– Өмірде, ңақты бір іс – әрекеттерінде экологиялық білімді қолдану,іскерлікке төселдіру;

– Табиғатты қорғауға,өзгертуге байланысты жаппай қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстыру;

– Әрбір мектепте экологиялық білім мен тәрбие қоғам бірлестігін ұйымдастыру. Сөзімізді түйіндей келе, экологиялық білім мен тәрбие беру – «табиғат– адам – қоғам « жүйесіндегі қарым – қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруін қамтамасыз етуді көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет