Негізгі ұғымдар: формалары, оқытуды ұйымдастыру формалары, педагогикалық іс–
әрекет, сабақ, оқытудың сыныптық –сабақ жүйесі.
21.1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Формалары» деген ұғым латын тілінен аударғанда «Forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байлнысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастығы.
Оқытудың формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың, іс – әрекетіне тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |