Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет215/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Педагогикалық іс-әрекет бір – бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым – қатынасы. (Чередов И.М)

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқыту ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажетілігі мен сұранысының талап мүддесіне қажет.



Оқытуды ұйымдастырудың формалары негізінен былай жіктеледі:

  1. Оқушының саны мен құрамы;

  2. Жұмыс орны;

  3. Оқу жұмысының ұзақтығы;

Осыған қарсы оқуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтасырылады:

Жеке оқыту формасы – бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

Жеке жұптық формасы. Мұнда оқушы – оқушыны, мұғалімнің оқушымен қарым – қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым – қатынасы жеке оқушының әзірлік процесіндегі қызметімен айқындалады.

Жеке топтық формасы. Топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл формасы орта ғасыр мекептерінде қолданған).

Өзара бірлесіп оқыту. Аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы – Белланкастер жүйесі болып табылады. Белл – ланкестерлік жүйе – мұғалімнің басқаруымен жасы үлкен және жақсы үлгеретін оқушылар басқа оқушылармен оқу жұмыстарын жүргізетін, бастауыш мектеппен ұйымдастыру және өзара оқыту жүйесі. Яғни бұл «сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200 – 300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Жаппай сауат ашып, оқыту қажеттілігіне байланысты пайда болған бұл жүйеиі ағылшын педагогтары Белл (Үндістан, 1791ж. ) мен Дж. Ланкестер (Ұлыбритания , 1801 ж.) ұсынған. XIX ғасырдың басында Франция, Ресей, АҚШ, Дания және басқа елдерде таралды. XIX ғасырдың ортасына қарай танымалдығы жойылды.

АҚШ – та XIX ғасырдың басында «Дальтон – жоспар» оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқу жеке – дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.

Саралап оқыту. Оқытудың бұл формасы оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. Мұны Мангейм жүйесі деп атаймыз. Мангеймдік оқыту жүйесі – Батыс Еуропадағы саралап оқыту жүйесі. XIX ғасырдың басында немістің Мангейм қаласындағы халықтық мектептер үшін И.А. Зиккингер ұсынған оқыту жүйесі, мангеймдік жүйенің негізгі мәні қабілеті мен үлгеріміне байланысты оқытушылардың мықтылар мен әлсіздер сыныбына топтасуы. Оқушылардың үлгерімінде өзгерістер болған жағдайда екі сыныптың біріне ауыстыру жүргізіліп тұрды. Бұл жүйенің кейбір элементтері Австрияда әлі де сақталған. Мәселен, түрлі мектептер құру үшін мектептерде ерекше сыныптар ұйымдастыру т.б.

Бригадалы - зертханалық әдіс – өткен ғасырдың 20 – 30 жылдардағы жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындары мен техникумдарда оқытуды ұйымдастырудың түрі. Дальтон жобасының ықпалымен жасалған. Сынып оқушылары бірнеше бригада болып топтасып, белгілі тапсырма бойынша жұмыс жүргізген. Тапсырманы бригадир алады, бір сыныпта 5–6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші бригадир. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Жұмыстың орындалу мерзімі екі аптадан екі айға дейін созылған, тапсырмада оқуға қажетті әдебиеттер, жұмыстың мақсаты мен орындайтын жаттығулары , бақылау сұрақтары берілген. Бригалалық – зертханалық әдіс – сыныптың жалпы қызметін, әр оқушының атқаратын ұжымдық жұмысын ескерген. Қорытынды сабақтарында сыныптың жұмысына жалпы баға берілген ( әр оқушының жеке атқарған жұмысы есепке алынбаған). Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарған.

Бригадалық жеке дара оқыту – математиканы бастауыш мектептерде (3 – 6 сыныптарда ) оқытуда қолданылатын 1980 жылдардың басында АҚШ – та Дж. Хопкинс университетінде құрастырылған жеке – дара оқытудың жүйесі. Мұнда жеке – дара оқыту құрамы бойынша түрлі текті (ұлдар мен қыздар, үлгерімі жақсы, ораша және әлсіз, сонымен бірге этникалық шығу тегі әртүрлі балалар ) топтардағы (4 – 5 адамнан ) оқушылардың жұмысын ұйымдастырумен бірге ұштастырылады.

Оқу материалы жеке бағдарланған үлес – тарауларға бөлінеді. «оқушы бағдарламаны – өз қарқынында игереді. Содан кейін, жұмыс істей отырып, бригаданың мүшелері бірін– бірі тексереді. Бригадалық жеке – дара оқыту жүйесі сыныптағы үлгерімділіктің айырмашылығы тым үлкен болған жағдайларда және артта қалушылар санының көптігі мұғалімге барлық сынып үшін, оқытуды бірыңғай қарқында жүргізуге мүмкіндік бермеген жағдайларда құрастырылған болатын.

Американдық «Винетка жоспар», «Тромпа жоспар» және т.б.

Оқытудың шағын топтық жүйесі: Фронтальдық және ұжымдық жұмыс және т.б.

Сыныптық – сабақ жүйесі. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда атақты Чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет