Сыныптық-сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу процесін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Неміс педагогы И.Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды:
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі;
Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі;
Сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі;
Қысқаша қорытынды жасау кезеңі;
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың формасы болғандықтан, осы жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |