Тәрбиенің екі жақтылық функциясының мәні – педагогтың белгілі мақсатпен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде оқушының өмірі мен іс – әрекеттерінің үйлесуі қажет. Былайша айтқанда, педагогикалық ықпал баланың дара табиғи ерекшеліктерімен ұштасса, соғұрлым оның ішкі белсенділігін оятып, дара қасиеттерін өрбітіп, өзін– өзі тәрбиелеуге қажеттілігін, мұқтаждығын туғызып тәрбиелейді.Оқушы болса, ол тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі.
Сол себептен, мектеп тәжірибесінде өзін – өзі тәрбиелеуге оқушыларды дайындап, болашақ жоспарын жасап, өзін – өзі ұзақ уақыт бойы басқара білуіне объективтік жағдайлар туғызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |