Қорытынды
Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы тиіс. Еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икмі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.
Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты (оқушылардың жас, дара ерекшеліктері, туған жері, отбасы жағдайы, т. б.) жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчествалық ісі. Мәселен, мұғлім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс. Кей жағдайларда осындай балалардың, табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да, ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек.
Пайдалаланған әдебиет
Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы,2002 жыл. 415 бет
Намазбаева «Психология» Алматы, 2006ж – 296б
«Психология» 1-2 том
Достарыңызбен бөлісу: |