102
ферментативті қасиеті әлсіз. Соматикалық антигенімен қоздырғыштың вирулентілігі және
иммуногенділігі байланысты. Бруцелла антигенімен ұқсастығы бар.
Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті
жоғары, ауру Солтүстік
Америкада кездеседі, қояндар аурады, олардан аңшыларға
жұғады.
В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады.
1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші орта азиялық түрін анықтаған.
Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және орта азиялық түрі.
Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар:
жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35-
37°С, рН 7,0-7,2.
Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1
ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° -
20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары.
Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема,
формалин, этил спирты) төзімсіз.
Туляремиядан өлген малды 1 тәулік бойы дезинфекциялаушы ертіндеде ұстап, сосын
өртеп жіберу керек.
Туляремия
қоздырғышы
рифампицинге,
стрептомицинге
левомицетинге,
тетрациклинге, ципрофлоксацинге сезімтал.
Достарыңызбен бөлісу: