Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет181/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диагностикасы
. Аусылды анықтау қиындық тудырмайды. Есте сақталатыны - 
науқастардың тең жартысында ауру тек афтозды стоматит көрінсе, ал кейбір жағдайларда 
тек терінің зақымдануымен ғана байқалады.
Лабораториялық анықтау үшін КБР және ТГАР қолданылады. Теңіз шошқалары мен 
басқа да жануарларға биологиялық сынама қолданылады.
Дифференциальды диагнозды 1-ші кезекте афтозды стоматитпен жүргізу керек, ол 
көбіне кішкентай балаларда кездеседі. Аусылдан айырмашылығы: бұл кезде жоғарғы дене 
қызуы да, терінің зақымдануы да болмайды, ауыз қуысынан басқа шырыштар 
зақымданбайды, бірақ жаралар аусылға қарағанда тым терең болады, олар ешқашан өз ара 
қосылмайды, олардың түбі ақ қабықпен жабылған болады.


164 
Көп ретте шешекпен дифференциальды диагнозды жүргізу керек, бірақ онда 
көпіршіктер көбінесе кеудеге, бастың шашты бөлігіне орналасады, алайда қолдың 
білезіктері мен табандарда болмайды.
Болжамы жағымды. 
Емдеуі. 
Науқасты ауруханаға жатқызып, аурудың жедел білінуі басылғанға дейін 
оңаша жатқызу керек. Науқасқа ұқыпты күтім керек. Тамақ жартылай майлы, 
қоздырмайтын болуы қажет, тамақты ішер алдында науқасқа 0,1 г анестезинді беруге 
болады. Ауызды шаю үшін сутегі тотығының ерітіндісін (3%), калий перманганатын 
(0,01-0,1%) қолданады.
Этиотропты терапия жете зерттелінбеген. Ауыз қуысын күтіп, афттыларды 
вирустарға қарсы мазьдармен (оксолин, теброфен, интерферон және басқа) майлау керек.
Лейкоцитарлы интерферон, РНКаза ерітінділірін қолдануға болады. Эпителизация
процестерін күшейту үшін гелий-неонды лазер, УФО, аэрозольды препараттар (пантенол, 
левовинизоль, винизоль) тағайындалады. 
Антибиотиктерді екіншілік бактериальды инфекция қосылған жағдайда қолдану 
керек.
Патогенетикалық емге интоксикациямен күресу, десенсибилизация жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет