Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет90/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Эпидемиологиясы. Аурудың инфекция көзі – тұмаумен ауырған науқас адам. Науқастың жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптеп таралады. Инфекцияның берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы – ауа-тамшылы. Эпидемиялардың қайталану уақыты мен сырқаттанушылық деңгейі тұрғындардың жүре пайда болған типтік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А тұмауынан кейін 1-3 жыл, ал В тұмауынан кейін 3-6 жыл сақталады.
Патогенезі. Тұмау вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты. Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады:

  1. Вирустың тыныс жолдарының жасушаларындағы репродукциясы.

  2. Вирусемия, токсикалық және токсикалық-аллергиялық реакциялар.

Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне және жасушаның ыдырау өнімдеріне байланысты.

  1. Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы)

  2. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары.

  3. Патологиялық үрдістің кері дамуы.

Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеліп соғады.
Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет