Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі кеАҚ


Клиникалық ауру тарихының қабылданған жүйеге сәйкестігі



бет3/12
Дата17.05.2020
өлшемі149,5 Kb.
#69268
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1663798479 (1)

Клиникалық ауру тарихының қабылданған жүйеге сәйкестігі

1. Құжаттық бөлім: науқастың аты, тегі, науқас жасы (толған жасы саны), ауруханаға түскен күні, түсу реті (жоспарлы, экстренді, өзінің келуі бойынша). Науқастың жұмыс орнын анықтау/жұмыссыз болса себептері.. Мекен жайын анықтау.

2. Науқас шағымдары (негізгілері және қосымша шағымдары), оларды нақтылау. Тыныс жүйесі патологиясында: ентігу, жөтел, қан қақыру, кеуденің ауруы, оларды нақтылау, сол сияқты қызба, әлсіздік, жалпы ыңғайсыздық, тәбеттің төмендеуі және т.б.

Жүрек-қан тамыр жүйесі патологиясында: жүрек тұсындағы ауру сезімі және оның толық нақтылануы, жүрек соғуы, «жүректің шалыс соғуы», ентігу, жөтел, тұншығу ұстамасы, қанды қақырық, ісіктер, әлсәздәк, тез болдыру, шаршау. Негізгі және қосымша шағымдары, олардың нақтылануы.

Асқорыту жолдары патологиясында, бауыр және өт қабы, ұйқы безі патологияларындда: тәбеттің бұзылуы (төмендеуі, жоғарлауы, бұрмалануы), дисфагия, эпигастрий аймағының ауруы, оң қабырға доға тұсының ауруы, кекіру, қыжыл, жүрек айнуы, құсу (өңештен, асқазаннан), сілекей ағуы, қан кетулер (өңештен, асқазаннан, ішектен), метеоризм, іш өтуі, іштің қатуы, әлсіздік, тез шаршау, болдыру (негізгі және қосымша) шағымдары, оларды нақтылау

Бүйректер және зәр бөлу жүйесі патологияларында: бел тұсының ауруы (тынық жәй аруы, ұстама тәрізді ауруы – бүйректер шаншуы), зәр ағар бойымен ауруы, зәр бөлудің бұзылуы (дизуриялық бұзылыстар: жиі-жиі зәр бөлу, кіші дәрет бөлудің ауруы), зәрдің түсінің бқзылуы, ісіктер, бас ауруы, бас айналуы. Негізгі және қосыфмша шағымдары, оларды нақтылау.

Эндокринді жүйе патологиясында: психикалық қозудың көтерілуі, ұйқысының шалалығы, жиі оянуы, еске ұстау қабілетінің төмендеуі, ренжігіштік, тершеңдік, жүрек соғуының жиілеуі, тоңғақтық, құлақ шуы, тері қышуы, тәбеттің көтерілуі, жүдеу, (негізгі және қосымша шағымдары, олардың нақтылануы).

Қан түзеу мүшелері патологиясында: жүктеме ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, қызба, тері қышуы, тәбеттің төмендеуі не болмауы, жүдеу, тәбеттің бұрмалануы, қансырауға бейімділік, сол не оң қабырға доғалар тұсының ауруы, бас айналуы, әлсіздік, (негізгі және қосымша шағымдары, олардың нақтылануы).

Тірек-қимыл жүйесі патологиясында: буындардың, омыртқа жотасының, бұлшық еттер мен сүйектердің ауруы, таңертеңгі мезгілде құрыстауы, қызба, терідегі бөртпелер, бұлшық еттердің әлсіздігі (тез шаршауы, талуы), аяқ-қол саусақтарының тоңу ұстамалыры және саусақтардың бозаруы, (негізгі және қосымша шағымдары, олардың нақтылануы).

Жүйке жүйесі патологиясында: көңіл-күйдің құбылмалылығы, өзгеруі, еске ұстау қабілетінің бұзылуы, сөйлеудің, айналаны тануының бұзылуы, әдеттегі қимылдарды орындаудың қиындауы, (негізгі және қосымша шағымдары, олардың нақтылануы).

3. Ауру анамнезі: ауру қашан және қалай басталды; себептері және пайда болу жағдайы; аурудың әрі қарай дамуы; дәрігерге қаралуы, қаралса тексерілуі және оның қортындылары; ем әсері. Жағдайының соңғы нашарлауы және ол немен байланысты болды.

Науқастың өмір анамнезі: материальдық-тұрмыстық жағдайлары; еңбек анамнезі, кәсіби зиянды әсерлер, өткен жылдары ауырған аурулары, тұқымқуалаушылық анамнезі, үйреншікті интоксикациялары, жанұялық-жыныстық анамнезі. Әйелдерден қосымша анықталатыны – етек кірінің басталуы, сипаты, қайталау ырғағы, жүктілік, климакс. Кәсібіи анамнезі, зиянды әсерлері. Тұрмыс жағдайы, қызығатын әдеттері. Бұрын басынан кешірген аурулары, оталары, жарақаттары, аллергоанамнезі. Тұқым қуалайтын аруларға бейімділік: АҚҚ, қантты диабет, психикалық бқзылыстар, қатерлі ісіктер. Үйреншікті интоксикациялары: шылым шегу, алкоголизм, наркомания, қолдану ұзақтығы, тәуліктік мөлшері. Жұқпалы аурулармен ауырғандармен қатысуы, туберкулез, венерологиялық аурулар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет