4. НАУҚАСТЫҢ ЖАЛПЫ ҚАРАУЫ
Науқастың жалпы жағдайы: қанағаттанарлық, орташа дәрежелі, ауыр, өтн ауыр.
Есі: айқын не бұзылған:
а) көмескіленген (науқас тежелген, сұрақтарға дұрыс жауапты кешігіп береді);
б) ступор (науқас сыртқы орта мен мерзімді айыра алмайды, сұрақтарға жауабы дәл емес, рефлекстері төмендеген);
в) сопор (науқас терең ұйқы қалпында, қатты дыбыстарға көз қымылдарымен, ыңырсымен реакциясы береді, рефлекстері төмендеген әлсіз);
г) кома (науқас толық ессіздік жағдайында, байланысу мүмкін емес, рефлекстері тежелген);
д) көмескіленген жағдай (науқас сыртқы орта мен мерзімді айыра алмайды, дәрігерлерді, туыстарын танымайды, галюцинациялар болуы мүмкін);
е) делирий (ортадағы жағдайды айыра алмайды және айқын көру, есіту галюцинациялары қосылады);
ж) аменция (науқас абыржу қалпында, айналадағы жағдайларды толық тани алмайды, ойы мен сөздері байланыссыз, мезгіл-мезгіл күледі, жылайды);
з) онейроид (түс көру сияқты сананың бұзылуы, нақты жағдайларды айырықша фантастикалық құбылыстармен бірге қабылдайды).
Достарыңызбен бөлісу: |