Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі кеАҚ


Мысалы: алғашқы болжамды диагнозды негіздеу



бет9/12
Дата17.05.2020
өлшемі149,5 Kb.
#69268
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1663798479 (1)

Мысалы: алғашқы болжамды диагнозды негіздеу: Анемия синдромы

Науқастың шағымдары негізінде:

Негізгі шағымдары: бас айналуы, ентігу, әсіресе физикалық жүктемеде, құлақтың шулауы, талықсуға бейімділік, жүрек соғуы, тәбеттің бұрмалануы.

Қосымша шағымдары: әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, тәбеттің төмендеуі, жүргенде теңселуі.

Өмір анамнезі негізінде: анамнезінде: созылмалы гастрит, етек кірінің молаюы.

Ауру анамнезі негізінде: 6 жыл бойы теміржетіспеушілік анемиямен аурады, гемоглобин <90г/л төмендегенде темірлі препараттар ішеді (ферровит, сорбифер дурулес).

Жалпы қарау деректері негізінде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қарағанда:: терісі қуқыл тартқан, құрғақ, түлейді. Шашы сынғыш, түседі. Тырнақтары жазылған, түссізденген, жылтырамайды, сызықтар, көлденең қыртыстар бар, сынғыш.

Тыныс жүйесін тексеру негізінде: ерекшеліксіз.

Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру негізінде: перкуссияда: жүректің сол жақ шегінің ұлғаюы; аускультацияды: жүрек ұшы тұсында систолалық шу, тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 92 рет, АҚҚ с,б,б, 100/70 мм.

Асқорыту жүйесін тексеру негізінде: атрофиялық глоссит. Пальпацияда: эпигастрий аймағының аз-кем ауруы.

Зәр бөлу жүйесін тексеру негізінде: ерекшеліксіз.

Алдын ала қойылған болжам диагноз: Анемия синдромы.

11. Науқастың зертханалық-аспапты тексеру жоспарын құрастыру. Зерттеу нәтижелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет