Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі кеАҚ



бет8/12
Дата17.05.2020
өлшемі149,5 Kb.
#69268
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1663798479 (1)

Лимфатикалық түйіндер: пальпацияланбайды, пальпацияланады (орынын көрсету керек),

а) өлшемдері (үлкейген – горох, алма не т.б., _____см);

б) симметриялылығы (симметриялы, симметриялы емес);

в) тығыздығы (жұмсақ, эластикалы, тығыз, қатты);

г) беті (тегіс, бұдырлы);

д) ауратындығы (ауырмайды, аурады);

е) қозғалғыштығы (қозғалады, өзара бітіскен, астындағы тіндермен бітіскен);

ж) лимфа түйін үстіндегі тері (өзгермеген, іскен, гиперемияланғана, көкшіл тартқан, ыссы);

з) басқа ерекшеліктері ("вирхов" бездері, "крукенберг" бездері).

Бұлшық ет жүйесі:

а) дамыған (жынысына, жасына сәйкес; жынысына және/не жасына сәйкес емес);

б) күші (жеткілікті, төмендеген, қатты төмендеген, асимметриялы – қайда екенін көрсету керек);

в) тонусы (сақталған, төмендеген, жоғарлаған);

в) атрофиялар (жоқ, атрофия бар – қайсысы екенін көрсету керек);

г) ауратындығы (ауырмайды, аурады – орналасуын көрсету керек);

д) құрыстаулар (жоқ; бар – тоникалық, клоникалық, фибриллярлы тартылуылар-орналасуын көрсету керек).

Сүйек жүйесі:

а) дамыған (жынысына, жасына сәйкес нге сәйкес емес);

б) деформациялар: деформациялар көзге көрінбейді, деформациялар бар:

– омыртқа жотасында: кифоз, лордоз, сколиоз, кифосколиоз (қай бөлігі екенін және дәрежесін көрсету керек)

– аяқ-қол ("қылыш тәрізді", "Х-тәрізді", қол басының ласта тәрізділігі және т.б.):

– аяқ басы деформациясы, патологиялық сынықтар (орналасуын көрсету)

в) ауратындығы (ауырмайды, аурады – орналасуын көрсету керек).

Буындар:

а) пішіні, өлшемдері (пішіні және өлшемдері қалыпты, үлкейген – қандай екенін көрсету керек);

б) симметриялылығы (симметриялы, асимметриялы);

в) деформациясы (көрінетін деформация жоқ, ірі және/немесе буындар деформациясы бар – қандай екенін көрсету керек);

г) буын үстіндегі тері (өзгермеген, гиперемияланған, іскен, ыссы, цианозды, қан құйылған);

д) буын қимылдары:

– белсенді (еркін, көлемі толық; қозғаоғыштығы шектелген, қатты шектелген);

– енжар (пассивті) (еркін, толық көлемді, шектелген, қозғалмайды – қайсысы);

– ауратындығы (ауырмайды, аз-кем аурады, қатты аурады – қайсысы).

Мойынды қарау:

а) пішіні, өлшемдері (пішіні мен өлшемдері қалыпты; қысқа, жуан, ұзын, жіңішке ("аққу мойыны");

б) симметриялылығы(симметриялы, асимметриялы);

в) деформациясы (деформация көзге көрінбейді; лимфатүйіндері өскен;

сілекей бездері өскен; ісік тәрізді құрылым; қалқанша безінің үлкеюі; қисық мойындылық – іштен туа біткен, отадан кейінгі, жарақаттан кейінгі; Стокс жағасы);

г) мойын аймағының терісі (түсі қалыпты, таза; шектелген пигментациялар шектері айқын; "Венера ожерельесі"; пеллагриялық жаға; тыртықтар (орналасуын көрсету керек);

д) мойындағы көрінетін пульсация (жоқ; ұйқы артериясының, жарма көк тамырының пульсациясы);

е) бас қимылдары (еркін; шектелген – себебін көрсету керек).



Қалқанша безі: мойынның алдыңғы бетін қарау, қалқанша без пальпациясы: пальпацияланбайды; пальпацияланады:

а) өлшемдері (үлкеймеген; үлкейген деформациясыз; деформацияланған);

б) ауратындығы (ауырмайды, аурады, қатты аурады);

в) тығыздығы (эластикалы, тығыз);

г) беті (тегіс, бұжырлы);

д) қозғалғыштығы (қозғалады, қозғалғыштығы шектеулі, астындағы тіндермен бітіскен);

е) терісі (өзгермеген, гиперемияланған).
5. Тыныс жүйесін тексеру. Кеудені қарау және пальпациялау. Салыстырмалы перкуссия: перкуторлы дыбыс сипаты және оның кеуденің әр аймағында өзгеруі. Топографиялық перкуссия: өкпе ұштарының биіктігі, Кренинг кеңістігі ені, өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығы (экскурссиясы). Өкпе аускультациясы: кеуденің әр жеріндегі тыныс шулары сипаты. Сырылдар: олардың орналасуы, сипаты. Крепитация. Плевраның үйкелу шуы. Бронхофония.

6. Жүрек және мойын аймағын қарау: «жүрек өркеші», жүрек тұсындағы пульсация (жүрек ұшы соғысы, жүрек соғысы және т.б.), мойын көк тамырларының кеңуі, олардың білеуленуі, «каротид биі», Мюссе симптомы. Жүрек пальпациясы: жүрек ұшы соғысы (көлемі, күші, биіктігі, резистенттілігі, жүрек ұшы соғысының ығысуы), жүрек соғысы, «мысық пырылы», төс асты тұсының пульсациясы, эпигастральды пульсация, қолқа пульсациясы. Пульс, пульс сипаттамалары: ырғағы, жиілігі, кернеуі, толымы, өлшемі, түрі. Жүрек перкуссиясы: жүректің салыстырмалы және анық тынық шектерін анықтау. Тамырлар будасы шектерін анықтау және жүрек көлденеңін анықтау. Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары. Жүрек шулары. Олардың сипаттамалары. Аяқтағы, қолдағы артериальды қан қысымын өлшеу.

7. Ауыз қуысын қарау. Тілі, иектері, еріндері жағдайы. Ішті қарау: пішімі (конфигурациясы), көлемі өсуі, ішек перистальтикасының (кахексия деңгейіне дейін жүдегендерде) көрінуі. Көзге көрінетін іш қуысының ісігі, «медуза басы». Іш пальпациясы. Іштің беткейлі шолу пальпациясы. Обрацов-Стражеско бойынша іштің жылжымалы терең әдістемелік пальпациясы: сигма тәрізді ішек, бүйен, мықын ішегі және соқыр ішек, тоқ ішектің көлденең бөлігі. Іш перкуссиясы: асқазанның төменгі шегі, шалпыл шуы, іш қуысындағы бос сұйықтықты перкуссия арқылы анықтау. Курлов бойынша бауыр перкуссиясы. Бауыр пальпациясы. Өт қабы, ұйқы безі пальпациясы. Асқазан аускультациясы.

8. Ішті, бел аймағын қарау: бел аймағының ісіңкілігі, іш қуысының сыртқа қарай шығыңқылығы (бұлтиюы). Қасаға аймағын қарау. Бүйректер пальпациясы: Образцов-Стражеско әдісімен терең жылжымалы әдістемелік пальпация (бетінің мипаты, тығыздығы, бүйректер қозғалғыштығы). Зәрағар нүктелерін пальпациялау. Қуық пальпациясы. Бүйректер перкуссиясы: Пастернацкий симптомы (бел аймағын қағу). Ішті Менделше перкуссиялау: қуық тұсы перкуссиясының ауратынын анықтау. Іш перкуссиясы: қуық тұсындағы перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, қуық түбі жоғарлауын анықтау. Іш аускультациясы (бүйрек артериялары тұсын аускультациялау): кіндік маңында, қолқаның іш қуысы бөлігі тұсындағы тамыр шуларын анықтау. Бүйрек артериялары аускультациясы.

9. Тірек-қимыл жүйесі патологиясында: бұлшық еттер даму дәрежесі және сәйкестігі (гармониясы) бұлшық еттер атрофиясы, сал тартуы, парезі. Бұлшық еттердің ауруы (полимиалгиялар, миозит), ауыспалы ақсақтық. Бұлшық еттер тонусы және күші. Буындар конфигурациясы, дефигурациясы (пішімдерінің жазылуы, көлемінің өсуі, ісіңкілігі), буындар деформациясы (түрінің тұрақты өзгеруі), Геберден, Бушар түйіншектері (остеофиттер). Зақымдалған буын гиперемиясы, буын тұсындағы тері қызуы. Буынды пальпациялағанда ауру сезімі: буын саңлауы бойындағы (буын өзі зақымдалғанда), периартикулярлы тіндердегі (жұмсақ тіндер патологиясында). Ауоу сипаты (механикалық, қабыну, стрессті ауру, резистентті изометриялық қимылдардың ауырсынуы). Буындардағы белсенді, пассивті қимылдар көлемін анықтау. Зақымдалған буын тұсындағы буынды ию, жазу кезіндегі крепитация.

10. Алғашқы болжам диагнозды негіздеу. Науқастың шағымдары, ауру және өмір анамнездерін, жалпы қарау, тыныс жүйесі, жүрек-қан тамыр, асқорыту, зәр бөлу, эндокринді, қан түзеу, тірек-қимыл, жүйке жүйелерін тексеру нәтижелерін ескеріп, аурудың симптомдар топтары анықталады, олар синдромдарға біріктіріледі және ауру анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет