Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі кеАҚ



бет5/12
Дата17.05.2020
өлшемі149.5 Kb.
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Төсектегі қалпы:

а) белсенді, белсенділік шектеулі

в) пассивті, селқос (қандай екенін көрсетіңіз)

г) мәжбүрлі: түргеп тұру; отыру – қолына сүйеніп, қолына сүйенбей, алға қарай еңкейіп, жүресінен отыру, жату – желкесі мен өкшесімен тіреп жату; басын жоғары салып жату; ішімен жату, оң қырына не сол қырына жату; қырынан жатқанда басын шалқайтып, денесіне аяқ-қолын жинап жату;

д) тізе-шынтақ қалпы

е) қозу (науқас төсегінде алас ұрады).



Денесін ұстауы: тік, сылбыр, еңкіш тартуы.

Жүрісі:

а) сенімді, еркін, тік

б) спецификалық (спастикалық, гемиплегиялық, паретикалық, әтеш тәрізді,

атактикалық, мишықтық, үйрек тәрізді, тәккапар, нгауқас ақсайды және т.б.)



Науқастың жасы мен пішіні: сәйкес, құжаттағыддан жасамыс не үлкендеу.

Бет-әлпеті көрінісі:

а) қалыпты: тыныш, мазмұнды, жақсылық тілеген

б) патология: зардапты,немқұрайлы, қозу үрдісі белгілері

в) спецификалық бет:



  • көздері жылтыр қозу белгілері (қызбалық);

  • қуқыл тартқан, бет ұшы қызарғанм, көздері "жанып" тұр, аузы жартылай ашық, еріндері құрғақ (туберкулез);

  • ісіңкі бет сол не оң бет қшының қызғылттығы, мұрын қанаттары "ойнақы" және еріндерінде герпетикалық ұшықтар бар (крупозды пневмония);

  • айтарлықтай қуқыл тартқан (қолқалық ақаулар, анемиялар);

  • жасамыс ісіңкі бет, ұшында шие тәрізді қызғылт "митральды көбелетері" бар бет және еріндері цианозды бет (митральды бет);

  • ісіңкі қуқыл тартқан сарғыш реңді бет, айтарлықтай акроцианозы бар ауыз жартылай ашық, көздері жасаураған (Корвизар беті);

  • беттің айтарлықтай диспропорциясы, қабақ үсті доғалары, төменгі жақ, мұры, еріндер, құлақ қалқандары айтарлықтай үлкейген (акромегалиялық бет);

  • бет әлпет құбылмалы, эмоциональды "қорыққан", "қорқыныш", "үрей" не "ашулы" мазмұнды бет (тиреотоксикоз – базедов беті); көз симптомдары (Греф, Штельваг, Кохер, Мебиус, экзофтальм).

  • азап шеккен қуқыл-жер түсті бет, бет әлпеттің айқындалуы, көздің шүңіреюі, дене салқын терге шомған (Гиппократ беті);

  • қатты іскен бет, түсі қуқыл-сұрғылт тартқан, көз аңғалдары кішірейген және қабақтар да іскен (нефротикалық бет);

  • ісіңкі, қимылдары баяу амимикалық бет, терісі қуқыл-сарғыш тартқан, көздер шүңірейген, жанары бей-жай, түсіңкі (микседематозды бет);

  • дөңгеленген "ай тәрізді" бет, гирсутизм белгілері бар жылтыр қызғылт терісі торсиған бет (кушингоидты бет);

  • асимметриялы бет мұрын-ерін қыртысы (оң не сол жақта) жазылған, ауыз бұрышы (оң не сол жақта) төмен ығысқан бет (инсульт).

Дене пішімі: дұрыс, дұрыс емес (евнухоидты, хондродистрофиялық және т.б.);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет