Клиникалық көрінісі Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі шағымдар мен клиникалық симптомдар спецификалық емес және белгілі бір дәрежеде тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келген ауруға байланысты.
Жедел тыныс алу жеткіліксіздігіне тән көріністер: ентігу немесе тұншығу; тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы; қанның оттегімен қамтамасыз етілуінің бұзылысынан дамитын цианоз; гипоксия кезінде: психиканың бұзылысы (қозу, есінің бұзылуы, ориентацияның бұзылуы); артериалді гипотензия және тахикардия (сирек) және артериалді гипертензия және тахикардия (әдетте).
Гиперкапния кезінде: есінің бұзылуы (естен тану, коматозды жағдай); бастың ауырсынуы; бет гиперемиясы; артериалді гипотензия және тахикардия. Тыныс алу жеткіліксіздігінің басқа да симптомдары сақтала тұра тыныс алу жиілігінің кездейсоқ төмендеуі минутына 12 ден төмен болса, тыныстың тоқтауын көрсететің жағымсыз белгі болып табылады.
Жалпы қарау және физикалық тексерулер
Өмірге қажетті функциялар мен жалпы жағдайды бағалау:есті, тыныс алуды, қан айналуды.
Визуалді бағалау: көмей стенозының көріністері (стридорозды тыныс, таңдай, тілдің ісінуі), жарақатардың орны, цианоз, ортопноэ бар ма, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысуы және т.б. болуы.
Температураны, пульсті, АҚ, ТАЖ, мойын тамырының қанға толуын бағалаңыз.
Өкпе мен жүректің аускультациясы: жедел тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келген патологиялық процесстің себептерін анықтау үшін.
Егер де жүрек патологиясымен байланысы жоқ себептер болмаса, орта және қарт жастағы адамдарға 12 тіркемеде ЭКГ тіркемелерін жасау керек.
Бронхообструкцияны анықтау үшін пинкфлоуметрдің көмегімен тыныс шығарудың пиктік жылдамдығын зерттеу.
Емі Жедел тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелген себепті жою, жалпы шаралар (науқастың қалпы, тыныс алу жолдарының санациясы, венозды келуді қамтамасыз ету) және симптоматикалық терапия (гипоксемияны коррекциялау үшін оттегімен ингаляция, өкпені жасанды тыныс алдыру және де тыныс алу жеткіліксіздігін тудырған аурудың клиникалық симптомдарына байланысты басқа да шаралар).
Госпитализацияға көрсеткіш
Науқасты тасымалдау ерекшеліктері және госпитализациялауға көрсеткіш тыныс алу жеткіліксіздігін тудырған ауруға байланысты.