Дәрілік заттардың ағзадан шығарылуы
Шығарылу (элиминация) – ДЗ биотрансформация немесе метаболизм салдарынан бейтараптанып, ағзадан шығарылу үрдісі.
Шығарылу (элиминация) көрсеткіштері:
Элиминация жылдамдығының константасы (Kel) – биотрансформация және экскреция жолдарымен препараттың ағзадан шығарылу жылдамдығы.
Жартылай шығарылу периоды (Т½) – қан плазмасында ДЗ концентрациясының екі есе азаюына қажетті уақыт мөлшері, ол элимимнация жылдамдығының константасына тәуелді (Т1/2= 0,639/Кel).
Дәрілік заттың жалпы клиренсі (Сlt) – бүйрек, бауыр арқылы, уақыт бірлігінде қан плазмасының препараттан тазару көлемі (мл/мин).
Жалпы клиренс бүйрек және бауыр клиренсінің жалпы қосындысынан тұрады.
Бүйректік клиренс (Clr) – ДЗ зәрмен шығарылуы.
Бүйрек сыртылық клиренс (Cler) – ДЗ басқа жолдармен (өтпен) шығарылуы.
Экскреция жылдамдығының константасы (Kex) – ДЗ зәрмен, нәжіспен, сілекеймен т.б. жолдармен шығарылу жылдамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |