Паропроктитті операциямен емдеудің келесі шарттары бар:
1. Операция жедел орындалады.
2. Тілік кең болуға тиісті.
3. Іріңдіктің іші антисептикпен жуылады.
4. Іріңдіктің іші тампондалады.
5. Тік ішекке Вишневский майы жағылған тампон енгізіледі. Бұл қабынған ішекке қолайлы әсер береді.
6. Диетаны сақтау және 4-6 күн бойы опий ішкізу.
Параректальды жыланкөздер Тік ішек айналасының майында және анус айналасында пайда болатын іріңді қуыс тік ішектің жылан көзі деп аталады.
Жыланкөздің жіктелу түрлері..
а) Толық (80%).
б) Жартылай — ішкі және сыртқы.
Жыланкөздің ішкі тесігі ішектің артқы, алдыңғы бетінде және сыртқы қабырғасында орналасуы мүмкін. Жыланкөздер сфинктерден жоғары және төмен орналасуы мүмкін.