Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Антибиотиктердің 1000000 әсер ету бірлігінің олардың



Pdf көрінісі
бет346/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова
Отсканированные документы, Программа снижения веса 1, Бердіхан Бахаргүл. РМ
Антибиотиктердің 1000000 әсер ету бірлігінің олардың
салмағына қатынасы 
 

п/п 
Антибиотиктердің атауы 
Салмағы,г 

Ампициллин 
0,58 

Бензилпенициллин калий (натрий) тұздары 
0,65 

Бензилпенициллин новокаин тұзы 
0,90 

Канамицин
1,23 

Мономицин
1,00 

Стрептомицин сульфаты (хлориді) 
1,25 

Феноксиметилпенициллин
0,65 

Хлортетрациклин гидрохлориді 
1,00 

Эритромицин
1,11 
Антибиотиктердің бір-бірімен, сонымен қатар басқа дәрілік заттармен 
сыйымдылығын білу терапевтік тиімділікті қамтамасыз етуге қажет. 
Бензилпенициллин тұздары қышқылды, сілтілі реакциялы заттармен 
сыйымсыз, себебі дәрілік заттардың мұндай үйлесімі антибактериалды 
қасиетке ие емес. Стрептомицин сульфаты әлсіз қышқыл ортада тұрақты, 


439 
бірақ күшті қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінде қыздырған кезде жеңіл 
бұзылады. Левомицетин сілтілі ортада гидролизге ұшырайды. Полимиксин М 
сульфаты қышқылды ортада тұрақты және сілтілі ортада ыдырайды. 
Антибиотиктермен дәрілік түр дайындаған кезде олардың әртүрлі 
еріткіштермен сыйымдылығын ескеру керек. Мысалы, грамицидин ампулада 
2% спиртті ерітінді түрінде шығарылады. Оның емдік ерітіндісін алу үшін
100 есе 70% спиртпен, шаншуға арналған сумен немесе кәдімгі ауыз суымен 
сұйылтады. Левомицетин де спиртте жеңіл ыдыраусыз ериді. 
Пенициллин тұздары спиртпен әрекеттесіп, антибактериалды қасиеті 
жоқ, пеницилл қышқылының күрделі эфирлерін түзеді. 
Антибиотиктермен дәрілік түрлер дайындау. 
Пенициллиндер - 
эффективтілігі жоғары, улылығы төмен антибиотиктер. Пенициллиндерді 
қолдану кезінде олардың ағзадан тез бөлініп шығатынын ескеру керек, 
сондықтан оларды міндетті түрде тәулігіне 4-5 рет белгілейді. Енгізу санын 
дозасын жоғарылату арқылы қысқарту негізсіз, себебі сирек енгізу 
кезінде қанда да, зақымдалу ошағында да антибиотиктің терапевтік 
концентрациясын тұрақты ұстап тұру мүмкін емес. Дәріханада 
пенициллиндермен жиі: көз, мұрын және құлақ тамшылары, қуыстарды 
жууға арналған ерітінділер, ұнтақтар, сеппелер, көзге арналған және 
дерматологиялық жағар майлар дайындалады. 
Құрамына пенициллин кіретін дәрілік түрлерді, басқа антибиотиктер 
секілді, пенициллинді пенициллиназадан қорғайтын, асептикалық 
жағдайда дайындау керек. 
Қуыстарды 
жууға 
арналған 
бензилпенициллин 
тұздарының 
ерітінділерін және көз тамшыларын асептикалық жағдайда, натрий 
хлоридінің изотондық ерітіндісінде дайындайды. 
Rp.:
Benzylpenіcіllіnі-natrіі 200 000 ED 
Solutіonіs Natrіі chlorіdі іsotonіcae 150 ml 
M.D.S. 
жараны жууға 
Есептеу: 
N 25 кестеге сәйкес 1000 000 – 0,65 бензилпенициллин натрий тұзы 
200 000 – х
х = 0,13 бензилпенициллин натрий 
Натрий хлориді 
0,9 – 100 мл 
х – 150 мл х = 
100
150
9
,
0

= 1,35 г. 
БП
Aguae pro іnjectіonіbus 150 ml 
Natrіі chlorіdі 1,35 
Benzylpenіcіllіnі natrіі 0,13 
V
ж
= 150 ml 


440 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет