Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет68/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Технологиясы:
Келіде ең алдымен 4,0 г глюкозаны өлшеп салып
ұнтақтап, оның келіде эфедрин гидрохлоридінің мөлшеріне шамамен тең 
мөлшерін қалдырып, қалғанын капсулаға төгеді. Араластыруды және 
ұнтақтауды аз мөлшерде берілген эфедрин гидрохлоридінен бастайды: оның 
0,2 г ұнтақтап, оған 0,4 г эуфиллинді қосып ұнтақтап, капсуладағы төгілген 
глюкозаны қосып, біркелкі ұнтақ болғанша араластырады. Дозалап, орамдап, 
безендіреді. 
Егер жазылымда көп мөлшерде бірнеше зат берілсе, онда алдымен 
араластырудың бірінші ережесі қолданылады: берілген дәрілік заттардың 
физикалық қасиеттері ескеріледі немесе келі саңылауларында аз жоғалатын 
затты ұнтақтайды. Одан әрі қарай араластыру «алтын ереже» бойынша 
жүргізіледі. 
Дозалау (мөлшерлеу) сатысы – dіvіsіo. 
Ұнтақтарды дозалау екі жолмен 
жүргізіледі: салмақ бойынша, көлем бойынша.
Салмақ бойынша дозалау негізгі әдіс болып саналады, себебі, ол көлем 
бойынша дозалауға қарағанда дәл. Салмақ бойынша дозалау дәріханалық қол 
таразыларымен жүргізіледі. Жұмыс алдында таразы табақшаларын этанолмен 
шыланған мақта тампонымен сүртеді. Ұнтақты келіден таразы табақшасына 
пластмасса қалақшамен салып, өлшеген соң, капсулаға төгеді. Жұмыстан 
кейін табақшаларды стерилді дәке салфеткамен немесе мақта тампонымен 
сүртеді (сурет 18, 19). 
Көлем бойынша дозалаудың салмақпен дозалауға қарағанда дәлдігі 
төмен, бірақ, өнімділігі жоғары. 
Сурет 18. 
Тең иықты қол таразылары
(дәрiханалық) ВР:
1-таразы иiнi;
2-құрсау (обоймица);
3- сақина; 4-бағыттағыш;
5-тiлше тiреуiш;
6-салмақ көтергiш призмалар;
7-сырға; 8-табақша 


107 
Сурет 19. 
Дәріханалық қол таразыларда өлшеу 
а) таразының өлшеу алдындағы қалпы
б) дәрілік заттарды өлшеу
Дәріхана жағдайында жиі жазылатын көп мөлшерде қарапайым және 
күрделі ұнтақтарды (дәріхана-ішілік дайындамалар, емдеу орындарына 
арналған ұнтақтар) көлем бойынша дозалауға тура келеді. Ол үшін дозатор 
ТК-3 (сурет 20) қолданылады. 
Сурет 20.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет