Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі



бет2/11
Дата01.04.2017
өлшемі3,06 Mb.
#13466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОҚМФА-ның маман-түлектеріне деген қажеттілік пен олардың жұмысқа орналасу деңгейі академияның дәрігерлер мен фармацевтерді және орта кәсіби білімді мамандарды денсаулық сақтау және фармация саласы үшін дайындау сапасын көрсеткіші болып табылады.

Түлектердің жұмысқа орналасуының сараптамасы оңтүстік өңірде дәрігерлер мен фармацевтикалық кадрлардың тапшы болуымен қатар, түлектерді бөліп тарату мен жұмысқа орналастыру пайызының тұрақты көрсеткіші байқалады (4а және 4б кестесі).

Түлектерді жұмысқа орналастыру ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратураның барлық мамандықтары бойынша - 100%

Түлектердің резидентура мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы -100%
4а кесте. ОҚМФА түлектерінің интернатура және бакалавриат мамандықтарының 2009-2013 жылдарымен салыстырғандағы бөліктік көрсеткіштері.



Мамандықтар

2009

жыл, %


2010 жыл, %

2011 жыл,

%


2012 жыл,

%


2013 жыл,

(% адам)


2014 жыл (% адам)




Бакалавриат



















1

Фармация (ББЖММС-2003, ББЖММС-2005)

100%

100%

75%

-

-

-

2

Фармация (бакалавриат)

-

-

-

100%

91,7 % (33)

90,6 % (137)

3

Мейірбике ісі (бакалавриат ББЖММС-2006)

-

-

91,6 %

100 %

70,3 % (78)

58,3 % (63)

4

Қоғамдық денсаулық сақтау (бакалавриат)

-

-

-

94,4 %

90,0 % (44)

-




Жұмысқа орналасу













155 адам

199 адам

Интернатура (ББЖММС-2003, ББЖММС-2005)
















1

Емдеу ісі

80%

53,6 %

92,3%(233)

95,7%(204)

98 % (186)

-

2

Педиатрия

98%

72,5 %

81,4% (22)

97,4 %(77)

100% (64)

-

3

Стоматология

100%

74,3 %

93,3%(42)

100 %(31)

-

-




Жұмысқа орналасу













250 адам

0




Жұмысқа орналасудың орта көрсеткіштері

92,6%

75,1%

91,7%

97,9%

90% (405 адам)

74,4% (199 адам)

4б кесте. ОҚМФА ТжКББФ түлектерінің алдыңғы жылмен салыстырғандағы мамандық кесіндісі бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіштері






Мамандық

тар


2009-2010 оқу жыл

2010-2011 оқу жыл

2011-2012 оқу жыл

2012-2013 оқу жыл

2013-2014 оқу жыл







Даярланған маман-

дар саны


Жұмысқа орналасқаны

Даярлан

ған мамандар саны



Жұмыс

қа орналасқаны



Даярланған маман-

дар саны


Жұмысқа орналасқаны

Даярланған маман-

дар саны


Жұмысқа орналасқаны

Даярланған маман-

дар саны


Жұмысқа орналас-

қаны


1

Емдеу ісі

67

38

39

16

75

45

81

67

50

34

2

Мейірбике ісі

54

34

57

27

29

24

24

19

28

19

3

Фармация

31

21

28

12

45

48

22

16

53

40

4

Акушер

28

17

24

18

71

36

27

20

-

-

5

Стоматология

26

14

28

14

5

4

13

9

-

-

6

Ортопедиялық стоматология

12

7

6

2

-

-

-

-

-

-




Барлығы:

218

131 (60,1%)

182

91 (50%)

225

154 (68,4%)

167

131 (78%)

131

93 (71%)

ТжКББФ түлектерінің төмен жұмысқа орналасуы, факультет түлектерінің көпшілігі бітіргеннен кейін, бірден академияға одан әрі жоғары білім алу үшін түсуіне байланысты.




Оқу, тәрбие және ғылыми- зерттеу қызметтерін талдау

Бір курстан келесі курсқа өткізу (GPA) баллдары бекітілді, дайындық бағыты бойынша интернатура топтарына минималды балмен ауыстыру, бітірушілер мен дәрігер–интерндердің жарты жылдық аттестациясы енгізілді.

Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында қазіргі заман талаптарына сай мамандарды дайындау үшін академияда, жаңа озық нысандар мен әдістерін оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- Мәселелі дәрістерді дайындау және өткізу;

- дәрістерді ұйымдастыру, семинарлар, мультимедиялық презентациялар формасында демонстрациялық материалдар қолдану, оқу видео-фильмдерін , слайдтар, сонымен қатар оқыту бағдарламаларын, ақпараттарды Интернет-қорларынан іздеу.

- оқу үрдісінде рөлдік және іскерлік ойындар пайдалану;

- практикалық дағдыларды оқытуға муляждарды, фантомдарды , стандартталған емделушілер әдісін, оқу клиникалық-симуляциялық орталықта және жабдықтарды клиникалық-диагностикалық зертханада қолдану;

- студенттердің білімін бағалау үшін тестілеу.



Клиникалық кафедраларда ОҚКЕ технологиясы бойынша практикалық дағдыларды игерудің бақылау жүйесі енгізілген. ОҚМФА-да оқу үрдісіне белсенді оқыту әдістерін енгізу үшін барлық жағдай жасалған. 2009-2010 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін (2014-2015 оқу жылына) оқу үдерісіне жаңа оқыту әдістері мен формалары, құралдары, танымдық іс-әрекетін белсендіру қарқынды енгізілуде:

  • Мәселелік-бағытталған оқыту (PBL);

  • Командалық-бағытталған оқыту (TBL);

  • Оқыту, (CBL) жағдайына негізделген;

  • Оқыту, симуляциялық технологияларға негізделген – интерактивті компьютерлік манекендер, виртуалды компьютерлік симулятор-бағдарламалар, стандартталған емделушілер;

  • Зерттеу технологиялары – " жобалық-бағытталған оқыту;

Ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялар (e-learning) – электрондық оқыту бағдарламалары,

бейнефильмдер, электрондық оқулықтар.



Оқу үдерісін материалдық-техникалық жарақтандыру;

  • Барлық кафедралардың мультимедиа қондырғыларымен жабдықталуы;

  • Флип-диаграммалар, медициналық құрал-жабдықтар, компьютерлік манекендер;

  • Симуляциялық сыныптар (ОҚСО), тәжірибелік дағдыларға арналған зертханалар (КДЗ);

  • Мемлекеттік және шет тілдері меңгеруге арналған заманауи лингафондық кабинеттер.

  • Компьютерлік-тестілік баспа орталығы (КТБО) компьютерлік сыныптар, біріңғай жергілікті желіге қосылған Интернет wi-fі.

  • Компьютерленеген кітапхана қоры, әртүрлі пәндер бойынша сатап алынған электронды оқулықтар. Медиатека.

Кафедра жұмыс топтарымен бірге белсенді оқыту әдістері енгізу бойынша жиналыстар өткізіледі.

Белсенді оқыту әдістерін енгізу мәселелері Әдістемелік кеңесте талқыланған.

Өзіндік жұмыс әр түрлі болып орындалады:

а) дәстүрлі түріне - міндеттерді шешу, реферат дайындау, баяндама және т. б.

б) заманауи түріне - іскерлік ойындар ; презентациялар дайындау, бейнефильмдер және т. б.

Студенттердің өздері түсірген бейнефильмдер және дайын түрлері , суреттеме материал ретінде кең қолданылады .

Академия педагогикалық үрдісінде студенттердің танымдық белсенділіктерін дамыту үшін мәселелік оқыту бойынша дәріс оқу және практикалық сабақтар өткізу әдістері кеңінен пайдаланылады. Мәселелелік оқытудың тәсілдері практикалық сабақтар және семинарлар түрінде мәселелік тапсырмаларды шешуде, іскерлік ойындарды, нақты тақырыптарды бейімдеуге қолданылады Биохимия, медбиологии және микробиология; қалыпты және патологиялық физиология; морфологиялық пәндер; гигиена №1 және №2 гигиена кафедраларында тәжірибелік жұмыстар клиникалық-диагностикалық зертханада, зертханалық жабдықтарды және препараттарды пайдалана отыра жүргізіледі. Академияда оқытушылар белсенді оқыту әдістерін ашық сабақтарда көрсетеді. Озық педагогикалық тәжірибені таратудың бір жолы – ашық сабақтарда оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

ОӘО ашық сабақтар туралы Ереже жасалынып, Әдістемелік кеңестің 21.09.2010 жылғы отырысында қаралып, бекітілген. Ашық сабақтар оқытушылармен ОӘД -де берілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ашық сабақтар кафедра және ЦӘК отырыстарында талқыланды.

ОӘО-да "Шеберлік дәрістер туралы ереже" əзірленді жəне бекітілді, профессор-оқытушылар (ПОҚ) құрамымен педагогикалық тәжірибесімен бөлісу туралы жағдай ОҚМФА отырысында бекітілді 25.09.2012 ж., № 1 хаттама. Фармацевтикалық бейіндегі оқытушыларға фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында "Аралық бақылауды қолдана отырып, PBL, АКС әдісін " қолдану туралы шеберлік дәріс өткізілді (19.04.2013 ж Дәрілер технологиясы кафедрасында ПОҚ үшін бейінді фармацевтикалық факультеттеріне "Арнайы технология курсына ғылыми жұмыс нәтижелерін енгізу" атты шеберлік дәріс өткізілді (таңдау компоненты бойынша). Шетел тілдері кафедрасы (қазан-қараша 2013 ж.) ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері бойынша шеберлік дәрістер өткізді.

Біріктірілген оқыту бойынша жұмыстар енгізу жалғасуда . 2012-2013 оқу жылында морфологиялық пәндер кафедрасы модульді оқу бағдарламасы бойынша "Ас қорыту жүйесі", "Жүрек-қан тамыр жүйесі", "Жүйке жүйесі", "Тыныс алу жүйесі", "Тірек-қимыл жүйесі", 1 курста мамандықтар бойынша "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Дәрігерлік емдеу ісі" бойынша оқулықтар енгізілді. Біріктіру бағдарламасының мақсаты- тіршілік әрекеті үдерістерінің тіндік және мүшелік деңгейлерде құрылымдық ұйымдастырылуы, олардың даму заңдылықтарын ашу және әлеуметтік-гигиеналық қауіп-қатер факторының әсер ету қызметін есепке ала отырып, оларға мақсатты ықпал ету мүмкіндігі туралы студенттерге фундаменталды теориялық білімді қалыптастыру. Бұл бағдарламада пәнаралық біріктіру, 1 курс студенттеріне базалық пәндерді жүйелік оқытуда, сонымен қатар анатомия, гистологияны зертханалық жабдықтарды пайдалану принциптері негізінде адам ағзаларын зерттеу жүргізіледі.

Біріктіру келесі кесте бойынша жүргізілді :

1 апта – гистология мен физология;

3 апта – гистология мен физиология; анатомия мен гистология;

4-10 апталар – анатомия, гистология, физиология;

11 апта – анатомия мен гистология;

12 апта – анатомия мен гистология, анатомия мен физиология.

2, 13, 15 апталар – ықпалдастырылмаған.

Пәнаралық біріктіруді оқыту біріктірілген емтихандарды тапсырумен аяқталды : 1-кезеңде анатомия және гистология пәндері бойынша тәжірибелік дағдыларды ОСПЭ технологиясы бойынша қабылдау, 2-ші кезеңінде

анатомия + гистология пәндері бойынша кешенді тестілеу.

Осылайша, модульдердің негізгі міндеті жүзеге асырылды, пәнаралық интеграция негізінде пәндердің студенттерге оқыту мақсаты жүйелі көзқарасты меңгеру әдістерімен функционалдық диагностика, денсаулық жағдайын бағалау, мен сыртқы орта факторларына ағзаның бейімделуін үйрету .

Модульдік оқу бағдарламалары жұмыс тобымен әзірленіп бекітілді.

Жобалар әдісі белсенді оқыту әдістерінің ішінде жетекші орындардың бірін алады. Ол жобалық-бағдарланған білім беру негізіне сүйенген, онда жобалық қызмет оқытудың зерттеулік, мәселелік және ізденушілік әдістерін дамытуға бағытталған абстрактілі оқыту әдісі мен болашақ кәсіби қызметтегі нақты пән арасындағы қарама-қайшылықты шешеді.

2011-2012 оқу жылында жалпы гигиена және экология кафедраларында «Санитарлық-гигиеналық мектеп мекемелерін зерттеу: балалар және жасөспірімдер тамақтану гигиенасы, ортаны дамыту гигиенасы , балаларды тәрбиелеу және оқыту жобасы жүзеге асырылды. МСЭҚ балалар мекемелері. Халықаралық актілер және заңнамалық негіздер балалар мен жасөспірімдердің денсаулық қорғау саласында».

Балалар мен жасөспірімдердің білім беру мекемелерінің СанПиН-тер мен тамақтану гигиеналық мекемелер нормативтеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қорытынды беру. Студенттерді болашақ кәсіби қызметтеріне дайындау, гигиена саласында танымдық және практикалық қабілеттерін қалыптастыру. Жобаға қатысушылар – "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4 курс студенттері. Қалалық БББ бөлімі Шымкент қаласында, жобаны жүзеге асыру үшін 2 жалпы білім беру мектебі, 1 – лицей, 1 – гимназия берілді. 2012-2013 оқу жылында Гигиена-1, валеология және дене шынықтыру" кафедраларында "Балалар мекемелерін санитарлық-гигиеналық зерттеу" жобасы іске асырылды.

Жобаға қатысушылар -"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша - 4 кафедра оқытушылары, 4 курстан 8 топ.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда жобаның ауқымы ұлғайтылды - балабақшалар енгізілді. Қалалық ББ бөлімі Шымкент қаласында жобасыны жүзеге асыру үшін: № 98, 99, 19, 24, 3 мектеп № 1, 23, 5, 18 балабақшаларды берді. Зерттеу барысында балабақшаларда, балалар мекемелерінде дұрыс тамақтану және дәрумендердің пайдасы атты санитарлық-ағартушылық жұмыс өтті. Жоба қорытындылары бойынша конференция ұйымдастырылды (сәуір, 2013 ж.). Әрбір топ студенттері қорытынды есебін ұсынды, презентациялар, видеофильмдер, буклеттер, баяндамалар тыңдалды. Гигена -1, валеология және дене шынықтыру кафедра меңгерушісі доцент Долтаева Б.З Халықаралық ғылыми практикалық конференцияны Қазақ инженерлік педагогикалық халықтар достығы университетінде жобалық оқыту атты баяндама жасады (мамыр, 2013.).

2013-2014 оқу жылдарында бакалавриатты жоба бойынша оқыту шеңбері кеңейтілген. Жобаның қатысушылары "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4 курс студенттермен қатар "Дәрігерлік емдеу ісі" мамандығының 3-ші курс студентттері қатысты. Жоба нысандары : балабақшалар, мектептер, мектеп-гимназия.

Кафедрада ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша конференция өтті. 10 топтың студенттері баяндамалар жасады. Дербес санитарлық – гигиеналық зерттеулер бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстар бойынша баяндамада есеп берілді. Конференция жұмысына сондай-ақ, "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Кафедралар оқу жобаларын жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар әзірледі.

Жобалық-бағытталған оқыту жобасына барлық жағдай жасалған, білім алушылар:

- жеткіліксіз білімді әртүрлі көздерден алады;

- практикалық міндеттерді шешу алынған білімді пайдалануға үйренеді;

- коммуникативтік дағдыларын дамытады;

- зерттеу біліктерін қалыптастырады (мәселені анықтау, ақпарат жинау, бақылау жүргізу, сынақ).

2011-2012, 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдарында мынадай тақырыптар бойынша жобалық-бағдарлы оқыту өткізіліп жатыр

Кафедра

Жоба

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен

Науқастарға күтім жасау және процедураларды орындау

Неврология, психиатрия және психология

Емделушілерге денсаулықтың алдын алу көрсеткіші бойынша медициналық көмек көрсетуді ақпараттандыруды жоғарылату (қалалық наркологиялық диспансер)

Педиатрия

Балалардың сыртқы факторлар әсерінен физикалық/психикалық дамуы

Терапия бакалавриат

ОҚО мүгедектерді оңалту орталығын курациялау және объективті зерттеу

Акушерлік және гинекология

Жас ата-аналардың мектептегі жұмысы. Жасанды түсік тастау. Отбасын жоспарлау

Жалпы гигиена және экология

Мектептік мекемелерде санитарлық-гигиеналық тексеру: балалар және жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы, орта дамыту гигиенасы, балаларды тәрбиелеу және оқыту. МСЭҚ балалар мекемелеріне. Халықаралық актілер және заңнамалық негіздер балалар мен жасөспірімдердің денсаулық қорғау саласында.

Шет тілдер кафедрасында "e-learning" электрондық оқыту элементтері қолданылады, дайын белгілі өнімдерді пайдалануға, әр түрлі веб-сайттарды бағалауға, тестілеу, грамматика және лексиканы зерттеуге, елтану, медициналық ағылшынды игеруге мүмкіншілік бар, кітапханада барлық студенттер үшін ағылшын тілі бойынша CD-Rom базалық оқулықтары қамтамасыз етілген, электрондық ойындардың дайын шаблондарын алуан түрлі тілдік материалды бекіту үшін қолданады, презентацияларды, тренингтерді қысқа мерзімде жасау және тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Шетел тілдері кафедрасының 2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдары аясында өткізген сынағында бакалавриат және магистратура\ резидентура жекелеген топтарының студенттері ағылшын тілінде электронды пошта арқылы хатпен алмаса алады , СӨЖ және жекелеген тапсырмалар және СОӨЖ электрондық пошта арқылы орындайды , студенттердің қалауы бойынша ағылшын тілінде (Today"s meet/ виртуалды коммуникативтік) чатында сұрақ – жауапқа қатысады, немесе диалог құрып хат алмаса алады. Студенттердің оқытушымен хат алмасу журналы жүргізіледі (Journal writing).

Сондай-ақ, сынақ барысында студенттер электронды аудару ережесін және мәтіндерді өңдеу форматын меңгерді, студенттер мен магистранттар меңгерген дағдыларын емтихан кезінде көрсетті. Оқу материалдары (силлабустар, әдістемелер, емтиханға дайындалу үшін тесттер ) студенттерге кафедраның электрондық поштасы арқылы тікелей жіберіледі. Лингофонды жабдықтар Mega Tutor Training, Mega Tutor Module, Top Tips for IELTS жаттығу бағдарламаларымен берілген, сондай-ақ барлық ресми түрдегі веб-сайттар қолданылады (дыбыс және видео-қолдау). Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы (Кусис Е. П.) тілдік кафедралар үшін веб-сайттарды шетел тілдерін үйрену үшін пайдалану туралы әдістемелік семинар өткізді (23.01.2013 ж.).

Тілдік дайындық оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің құралы ретінде қарастырылады. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы көктемгі семестрде 2011-2012 оқу жылында "Фармация" мамандығы бойынша (оқытушы Орынбасаров Е.) элективті пәннен "Дәрілік заттардың жалпы зерттеу әдістерін"ағылшын тілінде оқу үшін 3 курс студенттерінен топ құрды. 2012-2013 оқу жылында Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында ағылшын тілінде келесі пәндер оқытылды:

-" Фармацияда физика-химиялық зерттеу әдістері", "Фармация" мамандығы 2 курс,

- "Дәрілік заттарды жалпы зерттеу әдістері" , "Фармация" мамандығы 3 курс;

- "Фармация" мамандығы "Фармхимия", 4 курс;

2013-2014 оқу жылында Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында сабақ беру барысында келесі пәндер ағылшын тілінде өтіп жатыр :

- "Физика-химиялық зерттеу әдістері "фармация", 2 курс, мамандығы "Фармация";

- "Дәрілік заттарды жалпы зерттеу әдістерін талдау", "Фармация" мамандығы, 3 курс;

- "Фармацевтикалық химия", "Фармация" мамандығы, 4 курс;

- "Фармацевтикалық химия", "Фармация" мамандығы, 5 курс;.

Республикалық оқу-әдістемелік секциясының "Білім"тобындағы мамандықтар бойынша Орыс тілі кафедрасында оқу-әдістемелік орыс тілі мен әдебиеті кешені әзірленіп бекітілген.

Орыс тілі кафедрасы ПОҚ оқу-әдістемелік кешендер және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу бойынша шеберлік дәрістер, презентация өткізді (12 қараша 2011 жыл). Медбиофизика, информатика және математика кафедрасында информатика пәні бойынша практикалық сабақтарда SIN каз - SIN рус - қазақ және орыс тілдерінде оқытып және тексеріп беретін бағдарламалар қолданылады. Информатика сабағында осы бағдарламаны пайдала отыра ашық сабақ өткізілді (01.04.2011 ж.). Кафедра оқытушылары электрондық оқулықтар, виртуалды зертхана, виртуалды әдістемелік бөлме пайдаланады.

Барлық кафедраларда тәжірибелік сабақтар мен дәрістер барысында интерактивті тақта белсенді қолданылады.

Құрылған виртуалды оқу-әдістемелік база үнемі толықтырылады және жаңартылады..

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ОҚМФА-ның 2013-2014 оқу жылынан бастап "Дәрілер технологиясы" кафедрасының 2-ші курс студенттері үшін "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша " Химия-фармацевтік өндірісінің үдерістері мен аппараттар"пәнінен (3 топ – 30 студент), 5-курс "Фармация" мамандығы бойынша "Дәрілік заттарды стандарттау және метрология"пәнінен (3 топ – 30 студент), Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедраларында екі жақты оқыту моделі енгізіледі. 2014-2015 оқу жылдарында Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер кафедраларында екі жақты оқытудың санын ұлғайту жоспарланған. Екі жақты оқыту жұмыс берушілермен өзара әрекеттесудің инновациялық нысаны болып табылады. Ол лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыруда ыңғайлылығымен және даралығымен ерекшеленеді. Екі жақты оқыту кәсіпорынмен және ЖОО-мен өзара үйлесімді әрекеттесуін болжайды.

Зертханалық сабақтарды өткізу орындарына – "Химфарм" АҚ галенді дәрмектер цехі және сынақ зертханасы сапасын бақылау бөлімі жатады . ОҚМФА-мен "Химфарм" АҚ арасында өндірістік практиканы және лабораториялық сабақтарды, зертханалық сабақтарды кестеге сәйкес өткізу жайлы келісім шарт жасалынған. Дуалды оқыту оқу пәндерін практикалық және теориялық түрде игеруді біріктіреді.

"Химфарм" АҚ қызметкерлерінің пікірлерін зерделеп, ОҚМФА басшылығы екі жақты оқытудың артықшылықтары бар деген қорытындыға келді.

Біріншіден, тәжірибелік оқу үрдісін айтарлықтай нығайтуға мүмкіншілік бар, теориялық дайындық деңгейін сақтай отырып, МЖБС талаптарын іске асыру қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, нақты еңбек функцияларын толық орындай алатын мамандарды даярлауға көмектеседі.

Үшіншіден , кәсіби ұтқырлық түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

Оқу үдерісінде ОҚСО (Оқу-клиникалық симуляциялық орталық) және КДЗ (Клиникалық-диагностикалық зертхана) базалары кеңінен қолданылады.

Клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ) келесі оқу-клиникалық зертханалардан тұрады:

- морфологиялық; -гигиеналық;

-биохимиялық; -физиологиялық;

Микробиологиялық зертхана жабдықтарды орналастыруға байланысты Биохимия, медбиологии және микробиология кафедрасы құрамына тапсырылды.

Оқу-клиникалық зертхана КДЗ оқу үдерісінде барлық деңгейлердегі дайындықта практикалық дағдыларды меңгеру үшін белгілі бір типтік оқу бағдарламаларын пайдаланады.

Биохимиялық зертханаға бакалавриат және ҮКДФ курсына оқу тәжірибелік сабақтарға келесі зерттеу әдістері енгізілген: клиникалық биохимия бойынша – ( ақуызды, альбуминды билирубин, трансаминазалар, амилаза, несепнәр, темір, холестеринді анықтау), гемотологиялық анализаторда гематологиялық көрсеткіштерді (гистограмманың 22 параметрін) анықтау; ИФА талдаманы (гепатитті маркерлер ЖЖБИ және т.б) зерттеу. Биохимиялық және зертханалық диогностикалық әдістерді зерттеу үшін зертханалық сабақтар өткізіледі.

Морфологиялық зертханада бакалавриаттарға гистологиялық зерттеулер: адам тіндерін зерттеу , операциялық және биопсиялық материалдарды, сондай-ақ аутопсия(ашу) кезінде алынған материалдарды зерттеулер оқу үдерісіне енгізілген, ҮКДФ курсанттары үшін тәжірибелік сабақтар осы зертханада жүргізіледі. Кестеге сәйкес қайта қарау және микрофотографияны жаңарту жүзеге асырылады.

Физиологиялық зертханада бакалавриаттардың тәжірибелік сабақтарында келесі тәжірибелік дағдыларды игеру іске асырылады: жүрек-қантамыр жүйесі (ЭКГ) қызметінің көрсеткіштерін анықтау, тыныс алу көлемін (спирография) әртүрлі физиологиялық жағдайларда анықтау, жүйке жүйесінің жай-күйін анықтау (ЭЭГ);

Жүрек-қан тамыр жүйелерінің, тыныс алу жүйелерінің, бас миының және т.б қызметтерін зерттегенде физиологиялық аппараттар мен әдістерді пайдалану игерілуде.

Зертханада "Жалпы гигиена", "Еңбек гигиенасы", "Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы", "Коммуналдық гигиена"пәндері бойынша сабақтар өткізіледі. Гигиеналық зертханаларда оқу үдерісінде газдану мен тозаңдану, ауа температурасын, шу мен дірілді, радиоактивті фонды , үй жайларын жарықтандыруды өлшеуді анықтау әдістері енгізілген.

Аталған зертханаларда тәжірибелік дағдылардың технологиясы бойынша ОСПЕ қабылдау жүргізіледі.

Сондай-ақ, КДЗ-да заманауи аспаптық зерттеу әдістері бойынша (гематологиялық анализатор, биохимиялық анализатор, несеп анализаторы және ЭКГ) ПОҚ және іргелі кафедраларға семинарлар өкізіледі.

Оқу клиникалық орталық (ОҚСО) білім алушыларға дамыту мүмкіндігін ұсыну,клиникалық құзыреттілікті қолдау және жақсартуды қамтамасыз ету, қауіпсіз , сенімді білім беру ортасында клиникалық дағдыларды МЖБС бекіткен пәндері бойынша оқыту көзделген.

«Хирургия» сыныбында базалық хирургиялық дағдыларға үйретеді, ол жерде эндовидеолапароскопиялық тренажерлер орналасқан.

"Хирургия"сыныбында "Мейірбике ісі" сыныбы ашылды , онда 1 жас және 5 жас аралығындағы баланың қол моделі бар, кеуде және қол катетерлеу үшін орталық және перифериялық көктамырларды қолданады, сондай-ақ люмбалды пункция және жамбас артериясы мен көктамырларға кіру үшін модель имитаторлар орналасқан.

"Терапия" "ЖТД" және "Педиатрия" сынаптарында базалық дағдыларға тренажерлер бар, робот-симуляторлар виртуалды емделушілерге жүрек аускультациясын жасай алады, "I-stan", "Baby-Sim", "К+" аппараттары өкпе, жүрек-қан тамырлары, ауатамыр патологиясын анықтау дағдыларын пысықтауға көмектеседі.

"Акушерлік және гинекология" сыныбында тренажерлер базалық дағдыларға үйретеді, бұл жерде "Noelle" интерактивті босану симуляторы орналасқан.

"Реаниматология" сыныбы жүрек-өкпе реанимациясы үшін "Resusi Anne", "Adam" базалық дағдыларға арналған тренажерлерімен жабдықталған.

Бакалавриатта клиникалық оқытуда симуляциялық технологиялар қолданылады ( "Мейірбике ісі" мамандығы), бір және екі жылдық интернатурада, бейіндік магистратура, резидентура және ҮКДФ курсында I-Stаn және Baby-Sim көпфункционалды жоғары технологиялық робот-симуляторларлары кеңінен пайдаланылады (терапиялық пәндер кафедрасы, АМСЖ курсымен акушерлік және гинекология кафедрасы, хирургиялық пәндер кафедрасы, педиатрия және балалар хирургиясы, мейірбике ісі кафедрасы, реаниматология және анестезиология кафедрасы және т. б.) .

Бұл үшін жыл сайын ересек пациенттің "I-stan" және "сәби Baby-Sim" жоғары технологиялық робот-симуляторларын қолданып шеберлік дәрістер өткізіледі.

ОКСО-да ҮКДФ курсанттарына тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру үшін ОӘО мен алдын ала келісілген және клиникалық кафедралармен бекітілген кестеге сәйкес сабақтар жүргізіледі.

Клиникалық кафедралардың оқытушылары манекендерді, тренажерларды және робот-симуляторларды пайдалана отырып оқу-әдістемелік нұсқаулар әзірлеген.

Интернатураның клиникалық кафедраларында типтік оқу бағдарламасы негізінде әрбір мамандық бойынша ОКСО-да меңгерілген клиникалық дағдылар тізімі көрсетілген.

Клиникалық дағдыларға үйрету стандартталған емделушілер (еріктілер), білім алушылар, жас оқытушылар мен ОҚСО қызметкерлерінің қатысуымен клиникалық жайттық тапсырмаларды пайдалана отырып жүргізіледі.

2012-2013 оқу жылында ОҚО тәжірибелік денсаулық сақтау басшылары үшін Терапия, Мейіргер ісі, анестезиология және реаниматология кафедрасының жетекші оқытушылары кардиология және реаниматология "Medic" бағдарламаларын интерактивті үйренушілерге көрсетті.

Акушерлік және гинекология кафедрасы практикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне "кесар" интерактивті клиникалық жағдайын "Noelle" манекен-тренажерында көрсетті.

Интернатура кафедрасының оқытушылары ОКСО базасында практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында бекітілген модульдік қысқа мерзімді бағдарламаға сәйкес дәрігер-реаниматолог, терапевт, невролог, кардиолог ҮКДФ курсанттарына сабақтар өткізді.

Бакалавриаттың барлық мамандықтағы студенттеріне, дәрігер-интерндер, резиденттер, ФПСсТПО оқушыларына ОҚСО базасында жыл сайын тәжірибелік/клиникалық дағдыларды тексеру ОҚТЕ/ОҚКЕ технологиясы бойынша (Объективті құрылымдық тәжірибелік/клиникалық емтихан) тәуелсіз емтихан алушылар қатысуымен жүргізіледі.

ОКСО қызметкерлері 2013-2014 оқу жылының жоспарына сәйкес клиникалық кафедралардың оқытушыларына заманауи виртуалды робот-симуляторлар мен эндовидеолапароскопиялық тренажерлар жұмысының ережелері бойынша коучинг-семинар өткізді.

Оқыту қорытындысы бойынша клиникалық кафедралар жоғарыда аталған кезек күттірмейтін келесі жағдайларға арналған тақырыптарға бейнероликтер түсірді:

"Жедел коронарлық синдром" - Терапия бакалавриат кафедрасы,

"ЭКГ-ға түсіру техникасы" - Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі кафедрасы,

"Жіті коронарлық жеткіліксіздік" - Терапиялық пәндер кафедрасы,

"Плевралды қуысты пункциялау" - Хирургиялық пәндер кафедрасы,

" Суправентрикулярлық тахикардияда шұғыл медициналық көмек " АМСЖ курсымен акушерлік және гинекология кафедрасы

"Асқазанды шаю" - Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы,

"Туу техникасы" АМСЖ курсымен акушерлік және гинекология кафедрасы.

Білім алушыларға семинарлық сабақтарда тиісті тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетіледі. Оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі - студенттердің білімін тексеруді ұйымдастыру болып табылады. Қорытынды бақылау өткізу үшін академияда компьютерлік тестілеу белсенді пайдаланылады . Компьютерлік тесттердің (бақылаушы, аралық және т. б.) банктері құрылған. Тестілік сұрақтар білім беру үдерісі сапасын басқарудың тиімділігін арттырудағы ең тиімді құрал ретінде пайдаланылады.

Тестілеу сондай-ақ жоғары оқу орындарында білім беру қызметінің сапасын бақылау мониторингісінің құралы болып табылады, ол әрбір академиялық кезеңнен кейін білім алушылардың білімді меңгеру сапасын бақылауға арналған.

Тестілік технологиялардың жақсы жағына бақылау тәуелсіздігі мен әділеттілігі, жоғары құпиялылығы мен бағалау дәлдігі, студенттерді жедел бақылау және зерделенген курстың тест тапсырмаларын неғұрлым толық қамтуы жатады.

МЖМБС пәндері бойынша тестілік бақылау кезінде студенттер білімін бірыңғай талаптар бойынша бағалау қамтамасыз етіледі.

Студенттердің қорытынды білімін ескере отырып, әр оқу жылында материалдардың сапасын бақылаудың ЖІСК комиссиясы жаңадан енгізілген, жүргізіліп жатқан және енгізілген пәндер бойынша тестілік сұрақтарға 10-30% жаңарту жүргізеді.

2012-2013 оқу жылында (қаңтар, 2013 жылы) ПОҚ құрамына тестология және тест тапсырмаларын MCQ форматында құрастыру әдістемесі бойынша 3 күндік оқыту жүргізілді. Тест тапсырмалары әр кафедрада академияның Ғылыми кеңесінде бекітілген «Білім алушылардың аралық және қорытынды білімін бақылау үшін тест тапсырмаларын дайындау» талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2012-2013 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін салалық кафедраларда барлық деңгейлердегі тест тапсырмаларын МСQ форматына ауыстыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет