Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата18.05.2022
өлшемі446,71 Kb.
#143815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
126062 kaz 20220517
машина, машина, Антика философия, пед 15 сро, мақала
2-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен 
тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды 
немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
6. «Информатика» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 
базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;
3) ақпараттық процестер және жүйелер;
4) қосымшаны құру;


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
6) компьютерлік жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік
7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) бұлттық технологиялар;
2) ақпараттық қауіпсіздік.
8. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» бөлімі келесідей 
бөлімшелерді қамтиды:
1) дизайн теориясы;
2) видео контент құру;
3) веб-жобалау;
4) 3D – модельдеу.
9. «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімі келесідей бөлімшелерді 
қамтиды:
1) ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.
10. «Қосымшаларды әзірлеу» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мобильдік қосымшалар;
2) IT STARTUP (ай-ти стартап).
11. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім 
мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», деректер «құпиялылығы» 
және «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және 
шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
Дизайн теориясы: «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның 
классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» 
қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.); графикалық файл 
пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және 
бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға 
жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: 
машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект 
қолдану салалары; Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі..
12. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім 
мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; 
электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам 
денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) 
жасау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда 
цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.
4) «Қосымшаларды әзірлеу»
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді 
қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары; 
маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет