Қа‎за‎қс‎та‎н‎ Рес‎п‎у‎блик‎а‎с‎ы‎н‎ы‎ң Ғылым жән‎е жоғары білім мин‎ис‎трлі‎гі‎



бет4/7
Дата20.12.2022
өлшемі261,88 Kb.
#163399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сағындық Дулат курсавоий15.12

1.2 Дойбы ойынының заманауи дамуы

Республикалық Дойбы федерациясының президенті Алла Чуприк пен спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Жандос Үсенов, дойбыдан бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы Юлия Рынгач, сол сияқты Астана мен Алматыдан, Шымкент, Қарағанды,Павлодар сияқты еліміздің бірқатар қалаларынан дойбы спортының майталмандары, сонымен қатар Семей қаласындағы орта білім беретін мектептердің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысты.


Спорттық шеберлік мектебінде дойбы, тоғызқұмалақ,шахмат, үстел теннисі, қол күрес,қазақ күресі, гір көтеру спорт түрлері бойынша оқушыларды спортқа баулу үйірмелері бар. Жалпы, қала бойынша 1300-ге жуық оқушы осы спорттық шеберлік мектебінде тәлім алуда. Мұнда, жаттығу залдарымен қатар, интерактивті тақтамен, заманауи құрылғылармен жабдықталған ақпараттық-технологиялық дәрісхана да жұмыс істейді. Онда компьютермен дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты тақталы ойындарды ойнауға мүмкіндік мол. Спорттық шеберлік мектебінің директоры Сейсен Масалимов пен оның орынбасары Әсел Ракишеваның және әдіскер Айгүл Қуанованың бастамасымен түрлі шаралар ұйымдастырылып тұратын көрінеді. Соған орай жұмыс нәтижесі де жаман болмаса керек. Бұл жерде тәлім алушы оқушылар республикалық, облыстық, қалалық жарыстарда топ жарып, біршама жетістіктерге жеткен. Олардың алар асулары әлі де алда екендігін айтады ұстаздары, соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етіліп,аталмыш шараны өткізуге атсалысқан педагогтар мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өз салалары бойынша мол мағлұматқа қанық болып, ерекше әсер алғандықтарын айтқан семинарға қатысушылар спорттық шеберлік мектебінің ұжымына, осындай тағылымды шараны ұйымдастырғаныүшін, зор ризашылықтарын білдірді [7].
Қазақстан халықаралық аренаға шығып дойбының 64 және 100 шаршылы түрінен, 64 шаршыдағы халықаралық дойбыдан (бразильдік түрі) ел біріншілігін жыл сайын өткізіп келеді. Осы ретте, ағымдағы жылдың 5-13 тамыз аралығында Қостанай қаласында Ересектер арасында 64 және 100 шаршылы дойбыдан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өткізілді. Ел бiрiншiлiгiне 9 команда қатысып, дойбының классикалық түрінен бақ сынады. Республика дойбышыларының басын біріктірген додада Жамбыл облысының атынан қатысқан жерлестеріміз Жүнісов Бауыржан, Темешбай Батырхан, Берік Айбике, Амангелді Жәнібек, Абулхан Айсұлтан, Мейірбек Арай жарыс қорытындысы бойынша орынға ие болды. Команданың барлық спортшылары Талас ауданындағы №31 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіннің түлектері болып табылады. Команданың бас бапкері Пшанов Берік және Жамбыл облысы Дойбы федерациясының президенті Дауренбекова Жаухар. Осы ретте, спортшыларға қолдау көрсетіп, демеуболған Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымызды білдіреміз.
Қазақстандық жас дойбышылар 1994 жылы Реседің астанасы Мәскеуде болған «Думанды дойбы» жарысына қатысты. Бұл Әлем біріншілігіне 12 елдің жасөспірімдері мен қыздары қатынасты. Жарыс корытындысында Шымкент қаласындағы № 25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектептің түлектері Қазақстан намысын қорғаған болатын. Құрамында Нұрбол Үсенов, Нұрбол Нұрмаханов, Ербол Үсенов, Динара Дүйсенбаева өнер керсеткен қазақстандықтар бесінші орынға шықты. Спорт шебері дойбы спорты өнерінің білікті маманы Жандос Үсенов жетекшілік ететін жерлестеріміз басқа әріптестеріне қарағанда, үш жас кіші. Демек олар әлі деүш жыл Әлем біріншілігіне қатыса алады. Демек олардың Әлем чемпионы атануға мумкіндіктері мол.Әлем біріншілігін ұйымдастырушылар ең болашағы мол команда деп есептеп, қазақстандықтарга арнаулы жүлде табыс етті [8].
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батысқазақстандық дойбышы Әнел Дәулетова әлемдік жарыста жеңімпаз атанды.Халықаралық дойбы федерациясы (IDF) мәлім еткеніндей, 2020 жылғы интеллектуалдық спорт олимпиадасы (MSO) аясында биыл Gambler тұғырнамасында дойбы 64-тен онлайн жарыстар өткізілді. Олимпиада аясында дойбы - 64-тен төрт онлайн турнир ұйымдастырылды.Жастар арасындағы жарысқа 174 спортшы қатысып, 11, 14 және 17 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық Әнел Дәулетова үздік шықса, Беларусь елінің өкілі Виктория Николаева екінші, ресейлік Алена Большакова үшінші орынға ие болды. Оған қоса ұлдар мен қыздар арасында жалпы есепте БҚО-ның дойбыдан аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің шәкірттері екінші орынға көтерілді.Бұл Әнелдің бірінші жеңісі емес. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.
2012 жылы дойбы республикалық спартакиада бағдарламасынан шығарылды. Ашуланған Каршал Какашев министрлікке хат жазды білім хат. Бұл спорт түрінің ескі таймерінің пікірі тыңдалды: 2014 жылдан бастап дойбы бағдарламаға қайта енгізілді.
- Біз, осы спорт түрінің өкілдері, өз құқықтарымызды үнемі қорғауымыз керек, - дейді Қаршал Какашев. - Дойбы-әлемнің көптеген елдерінде өмір сүру және тану құқығын дәлелдеген ежелгі және байсалды ойын. Біз де спортты құрметтеуіміз керек. Бұл жай ойын емес, спорт түрі.
Айтпақшы, облыстық «Тың-тың» спартакиадасының бағдарламасында дойбы жоқ. Бұл спорт танымал болған жерлерде өткізілгеніне қарамастан. Дойбы Әулиекөл ауданында үлкен сүйіспеншілікке ие.
Облыс орталығында дойбы әлі өз баспанасы жоқ. Бірде-бір БЖСМ-де бұл спорт түрінің бөлімшесі жоқ. Кейде дойбы турнирлері қалалық шахмат клубында өтеді...
Бұл нәтижелерге де әсер етеді. Әлем чемпионатына біздің спортшылар әлі келген жоқ. Соңғы рет қостанайлықтар үш жыл бұрын Азия чемпионатында жарқырап үлгерді. Сол кезде Раушан Қазақпаева күміс, Фариза Байболова мен Олжас Байболов қола медальдарға ие болды. Бірақ Азия чемпионатынан әлем чемпионатына дейін-қолмен беру. Бірақ қарапайым қаржыландыру жеткіліксіз болды.
2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Дойбы «100» бойынша қалалық Чемпионат өтті.Жарыстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт шеберлігі мен спортшылардың біліктілігін арттыру.Жарысқа жалпы 3 мекемеден: «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары, «№3 арнайы мектеп интернаты», «ШҚО Семей қаласының «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубы» КМҚК 6 ойыншы қатысты.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары Трегубов В. және Әлімбеков Ж. - I орындарға ие болды. Барлық спортшылар жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды
Бұл күндері Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жасөспірімдер арасында 64 дойбыдан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Оған 15 мемлекеттен келген спортшылар қатысуда. Чемпионаттың бірінші және екінші күндері рапид пен блицтен бәсекелер өтіп, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.
Кеше дойбының классикалық түрінен жарыстар басталып, Қазақстан құрамасы сапындағы Алтынай Жұмагелдиева, Тоғжан Тәжібекова, Айбек Есенғалиев, Алтынай Саматова (Барлығы БҚО) және Есбол Еренғайып (Түркістан облысы) өнер көрсетуде. Ел намысын қорғап жатырған бұл 5 спортшымыздың барлығы да рапид пен блицтен жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді [9].
Қазақстан құрамасының негізін құраушы оралдық дойбышыларды әлем чемпионатына дойбыдан 6 дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмагелдиева бастап барған болатын. Алтынай Даниярқызы бұл жолы блицтен жеңіске жетіп, әлемнің 7 дүркін чемпионы атағына ие болды.
Осы жерде айта кету керек, оралдық дойбышалардың әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуына жағдай жасап, үнемі қолдап отыратын БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровқа, БҚО дойбы федерациясының президенті Жарқын Тәжіғалиевке, №2 БЖСМ директоры Ерден Жанғалиевқа және Оралды дойбыдан чемпиондар ұстаханасына айналдырған білікті бапкер Данияр Жұмагелдиев пен 2018 жылдан бері спортшы – бапкер ретінде әке жолын жалғастырған Алтынай Жұмагелдиеваларға айтар алғысымыз шексіз.
Әлем чемпионатынан тағы бір сүйінші жаңалық, белгілі журналист Мұсағали Тасқалиевтің айтуынша, 25 тамыз күні халықаралық дойбы федерациясының (IDF) Бас Ассамблеясы өтіп, дойбы спортын дамытуға сүбелі үлестерін қосып жүрген бір топ спортшыға әртүрлі дәрежедегі спорттық атақтар берілді. Олардың арасында Қазақстан құрамасының дойбышылары да бар.
Атап айтар болсақ Әнел Дәулетова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болса, Мейрам Әділхан мен Тоғжан Тәжібековалар IDF шеберлері атанды.
Еліміздің атын әлемге танытып жүрген дойбышыларымызды жоғары дәрежелі атақтарға қол жеткізулерімен шын жүректен құттықтаймыз! [10]









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет