саласында кредит беру 1. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) aуыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
6) жасанды түрде балық өсiру және балық өнiмiн қайта өңдеу;
7) ауыл халқына микрокредит берудi ұйымдастыру.
237-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау 1. Агроөнеркәсiптiк кешенді субсидиялау мынадай:
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
2) өндiрiлетін өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
238-бап. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу 1. Азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
2. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
4. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
239-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық қамтамасыз ету 1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтар, журналдар, тақырыптық басылымдар басып шығару;
3) қазiргi заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
4) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
5) оқыту семинарларын ұйымдастыру;
6) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
7) аграрлық ғылымды дамыту және ғылыми әзірлемелерді өндіріске тарату арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде ұсынуына жататын ақпарат пен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
240-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды