Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет45/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

АНЫҚТАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы
2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
15 ақпандағы N 1 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы арқылы мазмұны өзгертiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес қабылданды.

Атап айтқанда, Негiзгi Заңның "Соттар және сот төрелiгi" деп аталатын VII бөлiмiнiң кейбiр баптарының нормалары, соның iшiнде сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарымен қатар "Республиканың басқа да соттары" қосылған


75-бабының 3-тармағы түзетулерге ұшырады.

Одан тыс, қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне салынатын тыйымның алынып тасталуы (Конституцияның


5-бабы), сондай-ақ елiмiздiң Негiзгi Заңына басқа да бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi "өзара байланыса келе, мемлекеттiк билiктiң мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi" (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 нормативтiк қаулысы).

Бұл жазылған, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының


1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысын қайта қарап, күшiн жоюға негiз болып табылады.

2. Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының


13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" 2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулыны қабылдаған болатын.

Осы шешiмнiң қаулы бөлiгiнiң 4-тармағына сай "Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөлiп алғысыз және онымен бiр мезгiлде қолданылады". Демек, негiзгi қаулыны қайта қарап, күшiн жою осы қосымша қаулыны қайта қарап, күшiн жоюға әкеп соқтырады.

3. Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысының күшiн жою, 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22-III "Аралық соттар туралы",
2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23-III "Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi, деп атап көрсетедi. Қажет болғанда бұл аталған заңдар және тиiстi құқықтық актiлер белгiленген тәртiппен жойылуы, өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын,


2 және 3-тармақтарын, 31-33 және 40-баптарын, 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:

- "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы


2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
15 ақпандағы N 1 қаулысының;

- "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және


75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысының күшi жойылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабы 1-тармағына сәйкес, осы қаулы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22-III "Аралық соттар туралы" және 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23-III "Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшiне әсер етпейдi деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы

7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы

26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы

7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы

18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 24 қыркүйектегi N 7 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Қ. Ахметовтiң,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
С.Ғ. Темiрболатовтың,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық құқық департаментi директорының орынбасары А.Қ. Кинжебаеваның қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулыларын қайта қарау туралы мәселенi қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


I.Ж. Бақтыбаевтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң қаулыларын және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
АНЫҚТАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Республиканың халықаралық шарттарының күшiн жоюы мәселелерi бойынша түсiндiрме берiлген Конституцияның 54-бабы, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңымен жаңа редакцияда жазылды.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы


N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясындағы Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi – Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.

Республиканың халықаралық шартына Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялады немесе оның күшiн жойды деген мәртебе беретiн актiнiң нысаны Конституцияның 54-бабының бұрынғы редакциясында көрсетiлмеген болатын. Оның үстiне, Конституцияның 54-бабының құрылымы өзгерiске ұшырады.

Осылайша, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысын қайта қарауға
негiз бар.

2. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы


7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысының күшiн жою "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарауды қажет етедi.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы


7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысынан мынадай сөйлемдер: "Конституциялық Кеңестiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысында, бұл аталған мәселелердi шешу заңмен реттеу аясына жатады деген түсiндiрме берiлген. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" заң күшi бар 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қолданылып жүрген Жарлығына сiлтеме жасалады" алынып тасталуға тиiс (қаулының дәлелдеу бөлiгiнiң тоғызыншы абзацының екiншi және үшiншi сөйлемдерi).

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының


7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулысының дәлелдеу бөлiгiнiң 1-тармағының бiрiншi абзацынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы
26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысына сiлтеменi алып тастау керек.

Бұл көрсетiлген қаулылардың редакциялары өзгертiлгенде олардың iшкi қисыны сақталады, Конституциялық Кеңестiң құқықтық позициялары бұрынғыша қалады.

3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы
26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулыларының қайта қаралуы Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi.

Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы


N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағын, 31-33 және
41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысының күшi жойылсын.

2. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы


7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысының, осы қаулының дәлелдеу бөлiгiнiң тоғызыншы абзацының екiншi және үшiншi сөйлемдерi алынып тасталып, бiр бөлiгiнде күшi жойылсын.

3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының


54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулысының дәлелдеу бөлiгiнiң 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Конституцияның 54-бабы
7) тармақшасының мазмұнына түсiндiрме Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысында берiлген".

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

* * *


«ИДЕАЛ —ИС 2009» баспасы

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

4 ш-а, 28 үй, тел.: 8 7172 36 81 58, 36 25 04

Қабанбай батыр даңғылы 2/1, 3 офис, тел.: 8 7172 24 20 76





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет