Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінiң 2006 жылғы қаулылары:
Қазақстан Республикасы Конституциясының
75-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы (2006 жылғы 14 сәуiрдегi № 1). 395
Қазақстан Республикасы Конституциясының
54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы (2006 жылғы 18 мамырдағы № 2). 403
"Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Қеңесiнiң
2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 қаулысына түсiндiрме беру туралы (2006 жылғы 6 шiлдедегi
№ 3). 409
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туpалы (2006 13 шiлдедегi № 4). 412
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінiң 2007 жылғы қаулылары:
Батыс Қазақстан облыстық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабы бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру туралы (2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1). 417
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы (2007 жылғы 14 ақпандағы № 2). 422
Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 8 мамырдағы N 10/2 қаулысына түсiндiрме беру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қосымша қаулысы
(2007 жылғы 23 ақпандағы № 3). 429
Қазақстан Республикасы Конституциясының
12-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2 және
8-тармақтарын, 76-бабының 1-тармағын, 77-бабы
3-тармағының 3) және 5) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы (2007 жылғы 18 сәуiрдегi № 4). 435
Қазақстан Республикасы Конституциясының
26-бабының 3-тармағын және 39-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы (2007 жылғы
28 мамырдағы № 5). 449
Қазақстан Республикасы Парламенті бр топ депутаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті 2007 жылғы 26 сәуірде қабылдаған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында қарау туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы
28 мамырдағы N 6). 457
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсiндiру туралы (2007 жылғы
18 маусымдағы N 7). 458
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінiң 2008 жылғы қаулылары:
Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексеру туралы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2008 жылғы 27 ақпандағы N 2). 465
Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2
сотының өтiнiшi бойынша "Жылжымайтын
мүлiкке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
туралы" 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы
6) тармақшасының конституциялылығын
тексеру туралы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2008 жылғы 23 сәуiрдегi N 4). 475
Қазақстан Республикасы Конституциясының
45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және
4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2008 жылғы 26 маусымдағы N 5). 482
Қазақстан Республикасы Конституциясының
54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және
3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа да бiрқатар нормаларын ресми түсiндiру туралы (2008 жылғы 15 қазандағы N 8). 488
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінiң 2009-2010 жылғы қаулылары:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы (2009 жылғы
11 ақпандағы N 1). 495
Ақмола облыстық сотының 2001 жылғы
30 қаңтардағы №155-ІІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің
484-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы (2009 жылғы 7 сәуірдегі N 4). 502
Қазақстан Республикасы Конституциясының
18-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру және "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы (2009 жылғы
20 тамыздағы N 5). 505
Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiн орындау тәртiбiне қатысты қолданыста ресми түсiндiру туралы (2009 жылғы 5 қарашадағы N 6). 518
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір қаулыларына жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша қосымша түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтініші бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы (2010 жылғы 19 мамырдағы N 2). 527
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінiң қаулыларын қайта қарау
туралы қаулылар:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру бөлiгiнде қайта қарау туралы (2004 жылғы 18 маусымдағы N 7). 530
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң кейбiр нормативтiк қаулыларын қайта қарау туралы (2007 жылғы 8 қарашадағы N 9). 532
"Қазақстан Республикасы Конституциясының
13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
15 ақпандағы N 1 қаулысын және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы
2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысын қайта қарау туралы (2008 жылғы
7 ақпандағы N 1). 537
"Қазақстан Республикасы Конституциясының
54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы"
2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының
54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарау туралы (2008 жылғы
24 қыркүйектегi N 7). 541
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының
3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң
1996 жылғы 8 шiлдедегi № 2/1 қаулысы
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким және мүшелерi Н.И. Акуевтен, О.Қ. Ықсановтан, В.В. Мамоновтан,
С.Н. Сәбiкеновтен, С.Ғ. Темiрболатовтан, В.Д. Шопиннен тұратын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағы
4-тармақшасы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы желтоқсанның 29-ындағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы", конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы
М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы өтiнiшiн ашық отырыста қарай келiп, мыналарды
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Балиеваның өтiнiшке қоса берiлген хатында "Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындаудың тәртiбi мен тәсiлдерi жайлы мәселелердi шешу процесiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 52-баптың
3-тармағын түсiндiруде қиындықтарға жолыққандығы атап көрсетiлген.
"Парламент Депутаттарының оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ" дегендi қалай түсiнуге болады деген мәселе туады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Е.В. Кулешова жүргiзген сұрақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағының түгелдей, "Парламент депутатының өкiлеттiгi тоқтатылған немесе мерзiмi аяқталған жағдайда оның бұрынғы жұмысын (қызметiн) сақтауға немесе нақ сондай жұмыс (қызмет) тауып беруге кепiлдiк берiлмейдi" деген түсiндiрудi қажет етпейтiн соңғы сөйлемнен басқасына түсiндiрме беру қажеттiгi пайда болып отырғандығын көрсеттi.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Парламент Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3-тармағының мына бөлiгiн түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады: "Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның, басшы органның немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Бұл ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға
әкеп соғады.
Конституцияның 52-бабы 3-тармағының аталған бөлiктегi мазмұнын талдаған кезде Конституциялық Кеңес мынадай жағдайларды ескердi:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
1-тармағында депутаттар жұмысын ұйымдастыру принципi белгiленген: "Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Депутаттардың Парламенттегi жұмысы олардың еңбек қызметiнiң негiзгi түрi екендiгiн осы ереже дәлелдейдi, бұл жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 30-бабының 1-тармағына сәйкес ақшалай сыйақы ала отырып, олар өз жұмысын кәсiби түрде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мандатының басқа өкiлдiк органның депутаттық мандатпен конституциялық тұрғыдан алғанда, сыйыспайтындығы, ақы төленетiн өзге де қызметте болуға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынуы депутаттардың әдiлдiгi мен қандай да болмасын мемлекеттiк және қоғамдық органдарға немесе мемлекеттiк және қоғамдық органдарға немесе жеке мүдделiлiкке кiрiптар болмауын қамтамасыз етуден туындаған едi. Лауазымдардың сыйыспаушылығын талап ету депутаттың тек қана Парламент жұмысына көңiл қою мүмкiндiгiн де қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының
1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентiмен қатар, жергiлiктi өкiлдiк органдар – мәслихаттар басқа өкiлдiк органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына ерекшелiк ретiнде, оқытушылық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметпен айналысуына рұқсат етiлуi бұл қызмет негiзiнде жеке-даралық сипатта болып келедi және ғылым, бiлiм, мәдениет, техника, әдебиет пен өнер саласында парламенттiк қызметтен айтарлықтай дербес түрде және, қағидат бойынша, негiзгi жұмыстағы қызмет уақытынан тыс кезде жүзеге асырылады. Бұл жағдай қызметтiң аталған саласында Парламент депутаттарының ғылыми, шығармашылық мүмкiндiгiн пайдалану қажеттiлiгiне де байланысты болып отыр.
Оқытушылық қызмет бiлiм беру жүйесiнде жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" заңының 10-бабына сәйкес, бiлiм беру қызметiн iске асырушы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсiн бiлдiредi, және: отбасы тәрбиесiн; мектепке дейiнгi тәрбиенi; жалпыға бiрдей орта бiлiмдi, мектептен тыс тәрбие мен оқытуды; кәсiптiк-техникалық бiлiмдi; арнайы орта бiлiмдi; жоғарғы бiлiмдi; жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi (аспирантура, докторантура және т.б.); кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта дайындауды; қосымша бiлiмдi қамтиды.
Ғылыми жұмыс ғылыми мекемелерде ғылыми зерттеулердi орындаумен байланысты, оларға "Қазақстан Республикасының ғылыми және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабына сәйкес академиялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары, салалық және салааралық ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, конструкторлық және техникалық бюролар, инженерлiк орталықтар, тәжiрибе станциялары, ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер жатады.
Шығармашылық жұмыс қандай да бiр жаңалық жасалатын, ашылатын және табылатын кез келген салада – ғылыми, өндiрiс-техникалық, көркемсурет т.б. салаларда жүзеге асырылады.
Парламент депутаттарының оқытушылық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет саласында ақылы қызметпен шұғылдануына республиканың еңбек заңдарына сәйкес қосымша қызмет iстеу ретiнде рұқсат етiледi.
Қызмет орнында айтарлықтай ұзақ уақыт болуын талап ететiн оқу, ғылыми және шығармашылық ұйымдарды басқаруға және басшылық етуге байланысты ақы төленетiн қызметпен айналысуға рұқсат етiлмейдi.
Парламент депутаттарының жүзеге асыруға құқығы жоқ, кәсiпкерлiк қызмет деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес, меншiк түрiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызметiн түсiнемiз.
Депутаттың заңды тұлға құрмай-ақ, және заңды тұлғаның құрамында бола отырып болсын, кез келген түрдегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына Конституция тыйым салады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 19 және 34-баптары).
Басшы органның немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге Парламент депутатының құқығы жоқ коммерциялық ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң
34-бабына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн ұйымдар жатады. Коммерциялық ұйымның кез келген басқару органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң түрлерiне, тағайындалу немесе сайлану тәртiбiне қарамастан (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 37-бабының 3-тармағына сәйкес), сондай-ақ бұл үшiн депутаттың ақы алатыны-алмайтынына қарамастан, аталған органдардың құрамына кiруге оның құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының
3-тармағында бекiтiлген ережелердiң бұзылғандығы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдау үшiн Парламенттiң тиiстi Палатасына өтiнiш енгiзедi.
Жоғарыда баяндалған жағдайдың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 3-тармағының
4-тармақшасы мен 74-бабының 3-тармағын және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын, 37-бабын және 38-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру ретiнде Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын қолдану кезiнде:
- Парламент депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағына сәйкес депутаты болуға құқығы жоқ басқа өкiлдiк органдарға Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 1-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдiк органдар мәслихаттар жатқызылған;
- ерекшелiк ретiнде Парламент депутаттары ақылы түрде айналысуға құқығы бар оқытушылық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет дегенде Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағы аталған салаларда қосымша түрдегi, басшы қызметпен айналыспайтын, қағидат бойынша, депутаттың парламенттегi жұмыс уақытынан тыс жүзеге асырылатын қызмет дегендi бiлдiредi;
- Парламент депутанының жүзеге асыруға құқығы жоқ кәсiпкерлiк қызмет деп тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жұмыс түрiндегi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 10-бабында белгiленген қызмет айтылып отыр;
- басшы органының немесе қадағалаушы органының құрамына Парламент депутаты кiре алмайтын коммерциялық ұйым деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 34-бабында өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн ұйым түрiнде белгiленген заңды тұлға айтылады. Коммерциялық ұйымның кез-келген басқару органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң түрлерiне, тағайындалу немесе сайлану тәртiбiне қарамастан, сондай-ақ ол үшiн депутаттың ақы алатыны – алмайтынына қарамастан, аталған органдардың құрамына кiруге оның құқығы жоқ;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бұзылатын болса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 6-тармағында және "Қазақстан Республикасы Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық, заң күшi бар Жарлығының 24-бабының
4-тармағында белгiленген тәртiпте Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкелiп соқтырады - деп саналуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының
3-тармағына сәйкес Президенттiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоса алғанда, қаулы қабылданған күннен бастап ол өз күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған
"Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң
1996 жылғы 11 шiлдедегi N 3/1 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында: Төрағасы Ю.А. Ким және мүшелерi Н.И. Акуев , О.Қ. Ихсанов,
В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, В.Д. Шопин және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы халықты Әлеуметтiк қорғау министрi С.С.Айымбетов, сарапшы Қазақстан Республикасы Ғылымдар министрлiгi – Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының директоры, корреспондент-мүшесi, заң ғылымдарының докторы, профессор
Г.С. Сапарғалиевтiң қатысуымен ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының
2-тармақшасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынылған, Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
1996 жылғы маусымның 21-iндегi Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшiн қарай келiп, мыналарды
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1996 жылғы маусымның 24-iнде Қазақстан Республикасы Конституциясының Президентке қол қоюға ұсынылған Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусымның 21-iндегi Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшi келiп түстi.
"Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын оқып-зерттеу мен талдау мына жағдайларды көрсеттi.
Аталған Заңның 1-бабының кейбiр ережелерi (3, 1, 4, 5 және басқа тармақтары) "Қазақ ССР-iндегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1991 жылы 17-маусымда қабылданып, Қазақ ССР-iнде қолданылып жүрген осы Заңына 1995 жылғы тамыздың 30-ында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа конституциясына сәйкестендiруге байланысты редакциялық түзетулер енгiзедi.
Қолданылып жүрген осы заңдағы 10-баптың 1996 жылғы шiлденiң 1-нен бастап, 2001-жылғы шiлденiң 1-не дейiнгi аралықта зейнетақы жасының бiрте-бiрте үш жылға ұзартылуын көздейтiн төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiмдерiмен толықтырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi. Себебi Конституцияның 28-бабының
1-тармағында: "Қазақстан Республикасының азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi... зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi" – деп жазылған. Конституциялық нормада келтiрiлгеннен көрiп отырғанымыздай не зейнеткердiң жасы, не зейнетақының ең төменгi мөлшерi Конституцияда көрсетiлмеген, олай болса, бұл көрсеткiштер Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияға сәйкес ең төменгi зейнетақы мөлшерi мен жасына қарай әлеуметтiк тұрғыдан қамсыздандыруға кепiлдiк берiлгендiктен, көрсеткiштердiң өзгерiлiп отыруы Конституцияға қайшы келмейдi.
Алтыншы бөлiкте жұмыс iстеудi тоқтатқан жағдайда ер адам жасы 60-қа, әйел адам – 55-ке жетуiне байланысты және соған сәйкес 25 және 20 жыл еңбек еткен мерзiмде зейнетақы тағайындалуы көзделген. Бұл жағдайда осы баптың төртiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа жеткенге дейiн тиiстi толық зейнетақы 60 процент мөлшерiнде (асырауындағыларға төленетiн үстеме ақыны есептемегенде) төленедi. Бұл норма қажет болған жағдайда зейнетақыға берiлетiн құқықты зейнетақы жасына жеткенге дейiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк қызметте жүрген ер адамдар 60 жасқа жеткен кезде, мемлекеттiк қызметте болуы ұзартылмаса және талап етiлетiн қызмет атқарған жылдары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi тоқтатқан сәттен бастап, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шарттарына сәйкес жасы келсе зейнеткерлiкке құқық берiлетiндiгiне байланысты жетiншi бөлiк те Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
Қаралып отырған Заңның нормалары, азаматтардың кейбiр топтарының зейнетақыға құқық алуының өзгертiлiп отыратын, алынып тасталатын және тоқтатылып қойылатын жеңiлдiк беретiн шарттары (баптың 8,9,10,15,18-тармақтары, 2-бап), сондай-ақ жасы жетуiне байланысты зейнетақы мөлшерiн, оларды есептеп шығару мен төлеу тәртiбiн белгiлейтiн 46, 58, 81-баптардың жаңа нұсқасы да Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi, себебi, онда көрсетiлген қатынастар аясын реттейтiн нормалар белгiленбеген.
Осы айтылған негiздерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағы,
2-тармақшасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 37-бабы жөнiнде Конституциялық Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |