ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын күшiне енгiзу бөлiгiндегi "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының
2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және
2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1999 жылғы 3 қарашадағы N 19/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының
72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Құқықтық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Ж.К. Сүтемгенованың, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – депутат
Б.Г. Жүсiповтiң қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы
3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы 1999 жылғы 30 қыркүйектегi өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi А. Есенжановтың баяндамасы мен конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың сөздерiн тыңдап және сарапшылардың - заң ғылымдарының докторы А.Г. Диденконың және заң ғылымдарының докторы М.К. Сүлейменовтiң қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы
3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште сондай-ақ мынадай мәселелер қойылған:
1. Конституцияның жоғарыда аталған нормаларының құқықтық мазмұны мемлекеттiк меншiктiң құқықтық тәртiбi ерекшелiктерiн заңмен баянды ету құқығын, атап айтқанда, мемлекеттiк мекемелердiң құқық субъектiлiгiн шектеудi бiлдiре ме?
2. Конституцияның аталған нормалары мемлекеттiк мекемелердiң оларды қаржы жұмсауда шектеу және олардың бекiтiлген смета шегiндегi жауапкершiлiгi, азаматтық-құқықтық келiсiмдердi тiркеуден өткiзуi секiлдi құқықтық жағдайының ерекшелiктерiн заңда көзде тұтуға мүмкiндiк бере ме?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының
2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Аталмыш конституциялық ереже Қазақстан Республикасында мемлекет меншiктiң екi нысанының да субъектiлерiне бұзылған құқықтарының қорғалуының және қайта жiктелуiнiң бiрдей мүмкiншiлiктерiне кепiлдiк беретiнiн бiлдiредi. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктi бiрдей жiктелуiнiң жеке меншiк иесi, оларға заңмен рұқсат етiлген және жол берiлген нақтылы құқықтық қатынастарда, көпшiлiктiк салада (салықтар
және т.б.) болсын, жеке салада (келiсiм-шарт қарым-қатынастары және т.б.) болсын, бiр ғана құқықтық тәртiпке бағынатынына
келiп саяды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының
2-тармағында "Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" делiнген. Конституцияның бұл ережесi меншiктiң құқықтық тәртiбi, меншiк иесiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi заңмен реттеледi дегендi бiлдiредi. Конституцияның 61-бабы
3-тармағының 1), 2) тармақшаларына сай Парламент жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне, меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты заңдар шығаруға хақылы.
Мемлекет мүддесiне орай меншiк құқығы заңмен шектелуi мүмкiн. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттiң өзi құратын мемлекеттiк мекемелердiң құқықтарының шектелуi әбден ықтимал. Бұл ереже де Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1, 2-тармақтарынан келiп шығады.
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 2-тармағының, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларының мазмұны мемлекеттiк меншiктiң құқықтық тәртiбiн де, мемлекеттiк мекемелердi құқық субъектiлiгiнде шектеудi де, соның iшiнде, олардың қаржы жұмсау құқығына шектеу қоюды, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң жасайтын келiсiмдерiнiң тiркеуден өткiзiлуiн де заңмен баянды етiп қоюға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 204-бабына сәйкес мүлiктi меншiктенушi мекеменiң заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлейдi, яғни мүлiктi меншiктенушi өз мекемелерiнiң жасайтын келiсiмдерiнiң шеңберiн шектеуi, жасайтын келiсiмдерге бақылау орнатуы мүмкiн.
Мемлекеттiк мекемелердiң жауапкершiлiгiн оларға деп бекiтiлген сметаның мөлшерiмен шектеу мүмкiншiлiгiне келер болсақ, мұндай шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей қорғалуы туралы ережесiне қайшы келедi, себебi бұл арқылы мемлекеттiк мекеменiң емес, олармен келiсiм-шартқа отырған және өзге де контрагенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келедi. Қандай да бiр меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң шеккен залалының орнын толығымен толтыруға бiржақты жеңiлдiктер жасауға немесе оған шектеу қоюға тыйым салынады. Меншiктi бiрдей құқықтық қорғау принципi меншiк иелерiнiң әр бiрiнiң өз мүдделерiн сотта қорғауының бiрдей процессуалдық мүмкiншiлiктерiнен ғана емес, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, олардың меншiктiң қандай құқықтық тәртiбiнде тұрғанынан тәуелсiз, бiр-бiрiнiң алдында өздерiнiң келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша бiрдей мүлiктiк жауапкершiлiгiнен
де тұрады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларын ресми түсiндiру ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларын өтiнiш мәселелерiне қатысты қолдануда осы конституциялық нормалар мемлекеттiк меншiктiң құқықтық тәртiбiнiң ерекшелiктерiн заңмен баянды етуге де, мемлекеттiк мекемелердi құқық субъектiлiгiнде шектеуге де мүмкiндiк бередi деп түсiну керек. Қазақстан Республикасының Конституциясы мекемелердiң жауапкершiлiгiн оларды ұстау үшiн бекiтiлген сметаның шектерiмен шектеуге мүмкiншiлiк бермейдi, себебi мемлекеттiк пен жеке меншiктiң бiрдей қорғалу принципiн белгiлейдi (6-баптың 1-тармағы).
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп түпкiлiктi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы
5-тармағын, 51-бабы 2-тармағын 95-бабы 1-тармағын
ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 29 қарашадағы N 24/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов,
Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi С.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасы Ө. Байгелдiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 2-тармағын, 95-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiмiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарымен таныса келе, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннiң хабарламасын, өтiнiм субъектiсi өкiлiнiң сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағына, 51-бабы
2-тармағына, 95-бабы 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi.
Бұл орайда өтiнiм субъектiсi, Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратынын негiзге алып, және Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының жартысы 1997 жылғы
8 қазанда төрт жыл мерзiмге сайланғанын, ал Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының екiншi жартысы 1999 жылғы 17 қыркүйекте алты жыл мерзiмге сайланғанын ескере отырып, жоғарыда аталған конституциялық нормалар өзара қалай үйлесетiнiн анықтауды сұрайды.
Жиналған материалдарды зерделеп және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
Республика Конституциясының 50-бабының 5-тармағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – бес жыл деп белгiлейдi. Республика Конституциясының 51-бабының 2-тармағында Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратыны көзде тұтылған. Келтiрiлген конституциялық нормалар жаңадан (екiншi) сайланған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қолданылады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 1/2 қаулысына сай, 1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағымен белгiленген Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмдерi бiрiншi сайланған Парламент депутаттарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы
2-тармағына сәйкес бiрiншi сайланған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталады, ал жаңадан (екiншi) сайланған Парламенттiң өкiлеттiгi осы сессияның ашылу
сәтiнен басталады.
Екiншi сайланған Парламент Сенаты депутаттарының сайланатын бөлiгi жартылай 1997 жылғы қазанда сайланған депутаттардан тұрады. Бұл орайда олардың өкiлеттiк мерзiмiнiң жартысы (екi жыл) бiрiншi сайланған Парламенттiң жұмыс iстеу кезеңiне тура келедi және жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскенге дейiн аяқталады. Жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы ашылысымен-ақ олар екiншi сайланған Парламенттiң депутаттары болып табылады және олардың қалған өкiлеттiк мерзiмi Конституцияның 50-бабының
5-тармағы белгiлеген Парламент Сенаты депутаттарының жалпы өкiлеттiк мерзiмiнiң (алты жыл) жартысын, яғни, үш жылды құрайды.
Демек, 1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi 2002 жылы аяқталады. Республика Конституциясының 51 бабы 2-тармағына сәйкес олардың қайта сайлануы бұл мерзiм аяқталуға кемiнде екi ай қалғанда
өткiзiлуге тиiс.
Баяндалғандар Республика Конституциясында Парламент депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiнiң өзгертiлуiне және оның iзiнше парламент құрамының қайта сайлануына байланысты, Сенаттың 1997 жылғы қазанда сайланған депутаттары, бiрiншi сайланған Парламенттiң төрт жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң жартысынан және екiншi сайланған Парламент Сенатының алты жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң жартысынан тұратын бес жылдық өкiлеттiк мерзiмге ие болатынын дәлелдейдi.
Республика Конституциясының 95-бабының 1-тармағы тек бiрiншi сайланған Парламент Сенаты депутаттарына қолданылады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағының, 51-бабы 2-тармағының, 95-бабы 1-тармағының нормасын ресми түсiндiруге байланысты
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – бес жыл деп белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы
5-тармағының нормасын, бұл мерзiмдер Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарына екiншi сайланудан бастап қолданылады деп түсiну керек.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының 1997 жылғы қазанда сайланған жартысын қайта сайлау, олардың екiншi сайланған Парламент құрамындағы үш жылдық өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға кемiнде екi ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының 1-тармағы тек бiрiншi сайланған Парламент Сенатының сайланатын депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 6-бабының
3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
2000 жылғы 13 сәуiрдегі N 2/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А.Е. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты С.Ө. Есiмхановтың қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары тобының Қазақстан Республикасы Конституциясы 6-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар – Конституциялық Кеңес мүшелерi А.К. Котов пен Қ.Ә. Омархановтың, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа шақырылғандардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ, тәуелсiз маман – "Салық мәдениетiн қалыптастыру" Қорының сарапшылық-әдiстемелiк кеңесi төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты
Е.В. Пороховтың қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
2000 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары тобының Қазақстан Республикасы Конституциясы
6-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтарда "Богатырь Аксесс Көмiр" жауапкершiлiгi шектелген серiктестiгi үшiн жердi тұрақты пайдалану құқығын құжаттық ресiмдеумен, жердi пайдаланғаны үшiн және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердi өндiрiп алумен байланысты бiрқатар жеңiлдiктер белгiлеген "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының кейбiр мәселелерi туралы" N 53 қаулыны қабылдауы себеп болды.
Депутаттардың пiкiрi бойынша, "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының меншiгi (жылжымайтын мүлкi) орналасқан жер учаскесiне деген құқықтарын "Богатырь Аксесс Көмiр" жауапкершiлiгi шектелген серiктестiгiне беру Республика Конституциясы 6-бабы
1 және 3-тармақтарының талаптарымен келiспейдi. Олар жоғарыда аталған Үкiмет актiсi заңда белгiленген және Конституцияға негiзделген жер пайдалану құқығы режимiн бұзады деп есептейдi.
Парламент депутаттары өздерiнiң өтiнiшiнде аталған жағдайға қатысты қолданыста Қазақстан Республикасы Конституциясы 6-бабының 3-тармағына және өзге де нормаларына түсiндiрме берудi сұрайды.
1. Конституциялық Кеңес Конституцияның тиiстi нормаларын ресми түсiндiрудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 53 қаулысын конституциялылық пен заңдылық тұрғысынан бағалаумен байланыстырмайды, өйткенi оның құзыретiне бұл кiрмейдi.
Сонымен бiрге, Қазақстандағы меншiк қатынастарын және жер қатынастарын құқықтық реттеу принциптерi мен нормалары Республика Конституциясының жалпы бастаулары мен нормаларынан және соларға негiзделген, заңи күшi жағынан олармен тең тиiстi заңдар мен заң актiлерiнен келiп шығатынын, оларды қолдану өзара байланысты екенiн және осы тектес барша қоғамдық қатынастар мен жағдайларға таралатынын назарға ала отырып, Конституциялық Кеңес Конституцияның 6-бабының
3-тармағына және сол түйiндес өзге де нормаларына жүйелi түрде түсiндiрме беру мүмкiн деп есептейдi.
2. Конституцияның 6-бабының 3-тармағында "жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн" деп белгiленген. Бұл конституциялық ереже меншiктiң құқықтық режимi, меншiк иесiнiң (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң) Конституцияның осы нормасының объектiсi ретiндегi жерге қатысты өз өкiлеттiлiктерiн жүзеге асырудың шарттары мен шектерi заңмен немесе заңи күшi жағынан тең заң актiсiмен анықталады дегендi бiлдiредi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2717 "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығы, өтiнiш берудiң нысаны болған, құқықтық реттеу қатынастарына қатысты қолданыста сондай актi
болып табылады.
"Жер туралы" заң актiсi Қазақстандағы меншiк қатынастарын дамыту үшiн Конституцияның мынадай жалпы бастауларына негiзделедi: "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс" (6-баптың 2-тармағы) және "адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға ... тиiс" (12-баптың 5-тармағы). Ол бұл ережелердi жер құқықтарын терiс пайдалануға жол бермеу деп нақтылай түседi: "жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретiнде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуi тиiс" (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығының 9-бабы).
Конституцияның 6-бабының 3-тармағындағы жер пайдалану құқықтық режимдерi үшiн заңмен белгiленген шарттар дегенде, жоғарыда аталған заң актiсiнде баянды етiлген, атқарушы органдардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен жеке тұлғаларға қатысты жер пайдалану мәселелерi жөнiндегi нақтылы шешiмдерiнiң заңдылығын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-құқықтық алғышарттардың жиынтығын түсiну керек.
Ондайларға, жекелей алғанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығының 18-бабының шарты – жер учаскесiне құқықтың және онда орналасқан үйлер мен ғимараттарға құқықтың бiр-бiрiнен ажыратылмауы жөнiндегi шарт жатады. Бұл шарт жер учаскесiн онда орналасқан жылжымайтын мүлiктен бөлектеп алып оқшаулауға немесе беруге құқықтық тыйым салынады дегендi бiлдiредi, сол арқылы меншiктiң қоғам игiлiгi екендiгi және бiрыңғай шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығы туралы конституциялық принцип қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығының 40-бабында көзде тұтылған жердi тұрақты пайдалану құқығының шетелдiк жер пайдаланушыларға берiлмеуi жөнiндегi шарт, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң нақты бiр түрi үшiн жер пайдаланудың мүмкiн болған құқықтық режимiн анықтаудың басқа бiр құқықтық өлшемi болып табылады. Оларға, демек, жер үшiн тиiстi жалдау ақысын төлей отырып, жер учаскесiн жалға алу шартымен жердi уақытша пайдалану құқығы берiледi.
Конституцияда, және оның ережелерiне негiзделген "Жер туралы" заң актiсiнде белгiленген шектерден шығып кету, сондай-ақ осы соңғысында көзде тұтылған, заңға тәуелдi актiлермен жер қатынастарын нормативтiк реттеудi жүзеге асыратын атқарушы орган тарапынан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге немесе жеке тұлғаларға жер пайдалану құқықтары берiлуiнiң нақты шарттарын сақтамау, бұл қатынастарға ықпал етудiң құқықтық шекарасын асырып жiберу дегендi бiлдiредi. Нәтижеде бұл конституциялылық режимiн бұзуға әкеп соқтырады. Конституция 4-бабының
1-тармағына орай, оған сай келмейтiн заңдар және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының қолданатын құқығы бола алмайды. Конституцияның 69-бабының
3-тармағында Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс деп белгiленген.
3. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады". Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi 1999 жылғы 3 қарашадағы нормативтiк сипаттағы N 19/2 қаулысында бұл ережеге ресми түсiндiру берген болатын. Өтiнiште көрсетiлген жағдайға байланысты қолданыста бұл, мемлекет меншiктiң екi нысанындағы субъектiлерге ғана емес, сондай-ақ меншiктiң бiр нысанындағы және экономикалық қызметтiң бiр түрiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарым-қатынасында да бұзылған құқықтарын қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрдей құқықтық мүмкiндiктерiне кепiлдiк бередi дегендi бiлдiредi. Олар үшiн рұқсат етiлген немесе жол берiлетiн нақты құқықтық қатынастарда мұндай шаруашылық жүргiзушi субъектiлер сол бiр ғана құқықтық режимге бағынуы тиiс.
Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33 және 37-баптарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 6-бабының
3-тармағын, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, осы конституциялық ережелер, бұл ережелерге негiзделген заңдармен және заңи күшi жағынан олармен тең заң актiлерiмен реттелетiн Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастарының жалпы мiндеттi бастауларын белгiлейдi деп түсiну керек.
Олардың нормаларын заңға тәуелдi актiлермен нақтылау тек қана осы заңдарда және заңи күшi жағынан оларға тең заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттарда және шектерде мүмкiн болады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сай қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының
4-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
2000 жылғы 31 мамырдағы N 3/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы
88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi 2000 жылғы
10 мамырдағы өтiнiшiн қарап шықты.
Баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi
А. Есенжанов пен В.Д. Шопиннiң хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөйлеген сөзiн тыңдап, осы өтiнiш бойынша қолда бар материалдармен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |