АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының
4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгiне қатысты даулар бойынша сот практикасында, әкiмдер өздерiнiң бұрын қабылдаған актiлерiнiң күшiн дербес түрде жоюға құқылы емес деген пiкiрдiң қалыптасуы себеп болып отыр, өйткенi ол жөнiнде Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының
4-тармағында тiкелей көрсетiлмеген. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрi бойынша, конституциялық нормаларды бұлай түсiну, әкiмдердiң дәл осы деңгейдегi бұрын қабылданған актiлермен реттелген мәселелер бойынша шешiм және өкiм қабылдау құқығына
шектеу қояды.
Осыған байланысты, өтiнiште Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағына ресми түсiндiрме беру кезiнде, мынадай: әкiмдер өздерi қабылдаған шешiмдер мен өкiмдердiң дербес түрде күшiн жоюға құқылы ма, деген сұрақтың жауабын ескеру сұралады.
Премьер-Министр өтiнiшiнде қойылған мәселеге қатысты қолданыста, Конституция 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президентi, жоғарғы және жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ атқарушы органдар шығаратын нормативтiк және өзге де құқықтық актiлердiң түрлерiн анықтай отырып, бұл актiлердiң күшiн жоюдың (күшi жойылды деп танудың) мүмкiндiгi мен тәртiбiн әр кезде де белгiлей бермейдi. Қараудың нысаны болып отырған, әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жоюға құқылы органдар мен лауазымды адамдарды көрсететiн Конституцияның 88-бабы
4-тармағынан тыс, Конституция 44-бабының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтiң және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасы әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады деп белгiлейдi, ал 88-баптың 3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерi күшiнiң сот тәртiбiмен жойыла алатындығын көзде тұтады.
Конституция 88-бабының 4-тармағында да, жоғарыда аталған конституциялық нормаларда да, онда аталған актiлердi оларды шығарған органдар немесе лауазымды адамдар жоюы мүмкiн екендiгi туралы айтылмайды.
Конституциялық Кеңес, Конституцияның келтiрiлген нормаларында тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың өздерi шығарған актiлерiнiң күшiн өздерi жоюға құқықтылығы туралы тiкелей көрсетпенiң болмауы, бұл органдар мен лауазымды адамдардың өз актiлерiнiң күшiн жоюға құқылы еместiгiнен дәлел бермейдi деп пайымдайды. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, мемлекеттiң өкiлдi және атқарушы органдарының, сондай-ақ лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкiмдердiң, өздерi қабылдаған актiлерiнiң қажет болған жағдайда күшiн жою құқығы, олардың Конституция мен заңдарда баянды етiлген, тиiстi актiлер шығару бойынша өкiлеттiгiнен келiп шығатынын және осы өкiлеттiктi iске асырудың бiр нысаны болып табылатынын ескердi.
Жоғарыда келтiрiлген конституциялық нормаларды өзгеше түсiндiру, яғни мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкiмдердiң, олардың өздерi қабылдаған актiлерiнiң күшiн жоюға құқығын жоққа шығару, аталған субъектiлердiң құзыры мен өкiлеттiгiн ешбiр негiзсiз шектеу болып, оларды жағдайдың өзгеруiн өздерi есепке алып, жiберiлген қателiктердi жөндеу және т.б. мүмкiншiлiгiнен айыру болып табылар едi, әдетте, бұл жағдай, бұрын қабылданған актiлердi толықтыру мен өзгерту, немесе олардың күшi жойылды деп тану қажеттiгiн көзде тұтады. Оның үстiне, қолданылып жүрген заң - "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағы, нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты бұрын қабылданған барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң немесе олардың құрылымдық бөлiктерiнiң, егер олар жаңа актiге енгiзiлген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларды қамтылса, күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiс екенiн ескередi. Бұл Заңның 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сай, нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) сол актiнi қабылдаған орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының өздерi қабылдаған актiлерiнiң күшiн жоюға құқылы екендiгi басқа заң актiлерiнiң нормаларынан да келiп шығады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы
21 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығы 19-бабының 1 және
2-тармақтарында: "1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды. 2. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға берiледi..." деп жазылған. Прокурордың заңсыз актiнi шығарған органға наразылық жасау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi 286-бабының мазмұнынан да келiп шығады. Прокурорды заңсыз актiнi шығарған органға немесе оны шығарған лауазымды адамға наразылық жасауға мiндеттей отырып, аталған құқықтық нормалар, ешбiр шүбәсiз, бұл органдар мен лауазымды адамдар өз актiлерiнiң күшiн жоюға құқылы екенiн ескередi.
Баяндалғанның негiзiнде, Конституциялық Кеңес, Конституция 88-бабының 4-тармағы әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жоюға хақылы органдар мен лауазымды адамдардың толық тiзбесiн белгiлемейдi және ол шешiм мен өкiмдi қабылдаған әкiмнiң олардың күшiн жоя алу мүмкiндiгiн алып тастамайды деген қорытындыға келедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37 және
38-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының
4-тармағын, әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жоюға құқылы мемлекеттiң лауазымды адамдары мен органдарының осы нормада белгiленген тiзiмi толық болып табылмайды және әкiмдердiң өздерi шығарған шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жою құқығын алып тастамайды деп түсiну керек.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сай, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының
4-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
2000 жылғы 7 маусымдағы N 4/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,
Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың, филология ғылымының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң доцентi, маман М.Б. Нұртазинаның қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп шығып, баяндамашы Ж.Д. Бұсырмановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және маманның сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 10 мамырда Республика Премьер-Министрiнiң, Республика Конституциясы 5-бабының 4-тармағын "саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi" делiнетiн бөлiгiнде ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Бұл орайда өтiнiш субъектiсi мына сұраққа жауап берудi сұрайды: Конституцияның осы келтiрiлген нормасының заңи мазмұны тек ақшалай қаражат алуға тыйым салынады дегендi ғана ма, немесе кез-келген өзге де материалдық көмектi (мүлiк, жабдық, заттай көмек, мүлiктiк құқық, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарға көрсетiлген қызметтердiң төлемi және т.б.) алуға да сондай-ақ тыйым салынады дегендi бiлдiре ме?
Республика Конституциясының, қолданылып жүрген заңдардың нормаларын, сондай-ақ қолда бар материалдарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
"Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Республика Заңының
2-бабына сай, Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады.
Барлық қоғамдық бiрлестiктердiң iшiнде партиялар мен кәсiптiк одақтар азаматтардың өз-өзi ұйымдасуының ең жоғары нысаны болып, саяси және әлеуметтiк-экономикалық мақсатты көздейтiн жеткiлiктi дәрежеде құрылымдалған бiрлестiк болып табылады. Оларға ынтымақтастықтың жоғары деңгейi, азаматтардың саяси дүниетанымына және мемлекеттiң өмiрдiң әр саласындағы саясатына елеулi түрде әсер ете алу мүмкiншiлiгi тән. Сондықтан, Республика Конституциясы 5-бабының 4-тармағында, бiрiншi кезекте, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтар сияқты субъектiлердi шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Бұл норманың Конституцияның "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмiнде болуы, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғалатын мүдделерi мен құндылықтарынан дәлел бередi, себебi Қазақстан мемлекетiнiң конституциялық құрылысын, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығын сақтау көзде тұтылады. Партиялар мемлекеттiк органдарды құруға және өздерiнiң өкiлдерi арқылы – мемлекеттiң саясатын қалыптастыруға қатысады. Қоғамдық-саяси өмiрде кәсiптiк одақтар да айтулы роль атқарады.
Шет елдердiң осы тақылеттес тәжiрибесiн зерделеу көрсеткендей, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың шетелдiк көмек алуына мұндай тыйым салу ұлттық заңдарды қамтиды және онда сырттан келетiн "қаржылық" та, "өзге де көмекке" де тыйым салу көзделген.
Конституциялық норма-принциптердiң, 5-баптың 4-тармағын қосқанда, басымдыққа ие болатындығы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 20/2 қаулысында аталып өтiлген болатын. Бұл орайда Конституцияның негiзгi идеясы мен рухын ескеру қажет, оның құрылымындағы "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмнiң нормалары жаппай қамтушы әрекеттегi сипатта болады, өйткенi, Конституцияның басқа бөлiмдерiнiң нормаларын қамтитын Қазақстан мемлекеттiгiнiң түбегейлi принциптерi мен тұрлауын баянды етедi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабы 4-тармағының қарастырылып отырған нормасының мағынасында, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың шетелдiк субъектiлерден қаржылық көмек алуына тыйым салу дегенде, басқа да: ақшалай қаражат, мүлiк, жабдық, автокөлiк, байланыс, баспа құралдары және т.б. түрiндегi өзге де материалдық көмек алу сияқты нысандарды түсiну керек.
Республика Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сай, мемлекет, адамның және азаматтың ұжымдық та, жеке де құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртiптi сақтау қажет болғанда, заңмен шектеуге бару құқығын өзiнде сақтап қалады. Сол арқылы Конституция заң шығарушыға, елдiң конституциялық тұрлауы, егемендiгi мен тәуелсiздiгiне төнетiн қатерге соған барабар құқықтық шара қолдануды белгiлеу мүмкiншiлiгiн бередi. Сыртқы әсерден сақтау, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың дербестiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарға шетелдiк субъектiлер тарапынан көрсетiлетiн өзге де көмекке заңмен тыйым салу мүмкiншiлiгiне ие.
Баяндалғанның негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабы
4-тармағының "... саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi" делiнетiн бөлiгiндегi нормасын, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың ақшалай және өзге де материалдық қаражат алуына құқықтық тыйым салу деп түсiну керек.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сай, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының
4-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов,
Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында 2000 жылғы 2 маусымда келiп түскен Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Баяндамашы Н.I. Өкеевтiң хабарламасын, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiнiң сөзiн тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының
4-тармағына сәйкес Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi және Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес
келтiрiлуге тиiс.
Конституцияның 92-бабының 1-тармағы конституциялық заңдар Конституция күшiне енген күннен бастап екi жыл iшiнде қабылдануға тиiс деп, ал осы баптың 2-тармағы – Конституцияда аталған басқа заңдар Парламент анықтаған тәртiп пен мерзiмде, бiрақ Конституция күшiне енген күннен бастап кем дегенде екi жыл iшiнде қабылдануға тиiс деп белгiлеген.
Конституцияның аталған нормалары қолданылып жүрген заңдарды Республика Конституциясына сәйкес келтiру үшiн уақытылық шектердi белгiлейдi. Конституция бұл ретте Конституцияның қабылданған күнi (1995 жылғы 30 тамыз) мен оның күшiне енген күнiне (1995 жылғы 5 қыркүйек) байланысты ұғымдарды шектейдi. Осыны негiзге ала отырып, қолданылып жүрген заңдар 1997 жылғы 30 тамызға дейiн жаңа Конституциямен сәйкес келтiрiлуге тиiс. Конституциялық заңдар 1996 жылдың
5 қыркүйегiне дейiн, ал Конституцияда аталған басқа заңдар
1997 жылдың 5 қыркүйегiне дейiн қабылдануға немесе Конституцияға сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Конституциядағы "сәйкес келтiру" ережесi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердегi Конституцияға қайшы нормаларды осы актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, мұндай актiлердiң тұтастай немесе олардың жекелеген бөлiктерiнiң күшiн жою жолымен жою қажеттiлiгiн бiлдiредi. Сонымен бiрге заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру қажет болған жағдайларда Конституциядан туындайтын жаңа құқықтық актiлердi қабылдауды да бiлдiредi.
92-баптың 1, 2, 4-тармақтарының өктемдiк сипаты, жоғары заңи күшi бар және Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады. Конституция Парламенттi, Республика Үкiметiн, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарды қолданылып жүрген заңдарды белгiленген мерзiмде Конституцияға сәйкес келтiрудi мiндеттейдi.
Қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Оны белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады.
Ел Конституциясы белгiлеген екi жылдық мерзiмде оған сәйкес келтiрiлмеген заң актiлерi мен басқа нормативтiк құқықтық актiлер Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады. Қолданылып жүрген заңдардың Конституцияға сәйкес келтiрiлмеуi олар бiрден күшiн жояды деген сөз емес, өйткенi екi жылдық мерзiм өткеннен кейiн олардың күшi жойылатыны Конституцияның қаралып отырған бабында да, оның басқа нормаларында да көрсетiлмеген.
Сонымен, Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде өзiнiң заңдық күшiн сақтайды.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының
4-тармағын былай деп түсiну керек:
- Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс, бұл бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердегi Конституцияға қайшы нормаларды осы актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, мұндай актiлердiң тұтастай немесе олардың жекелеген бөлiктерiнiң күшiн жою, қажет болған жағдайларда Конституциядан туындайтын жаңа құқықтық актiлердi қабылдау жолымен жоюға мүмкiндiк бередi;
- қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Оны белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады;
- Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде оны конституциялық нормаларға сәйкес келтiргенге дейiн өзiнiң заңдық күшiн сақтайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескерiп, шағымдануға жатпайды.
3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының
6-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы N 9/2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағын және 92-бабының
4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың баяндамасын және өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1. Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы
2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 6-тармағын және 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге депутаттардың заң бастамашылығы құқығын жүзеге асыруға байланысты жағдай себеп болған.
Конституцияның 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс. Депутаттар өз өтiнiшiнде Конституцияға сәйкес келтiрiлуге бағытталған олардың бастамашылық жасаған заң жобалары Республика Үкiметiнiң терiс қорытындыларына байланысты Парламент Мәжiлiсiне енгiзуге мүмкiн болмай отырғанына сiлтеме жасайды. Онда да бұл қорытындылар, өтiнiште баяндалғанындай, Үкiметтiң емес, оның жекелеген мүшелерiнiң пiкiрiн бiлдiредi.
Өтiнiш субъектiсi Конституциялық Кеңестен жоғарыда аталған конституциялық нормаларға түсiнiктеме бергенде қолданылып келген заң актiлерiндегi қайшылықтарды жоюға бағытталған заң жобаларына да, сондай-ақ оларды Конституциямен сәйкес келтiруге бағытталған заңдар жобаларына да Үкiметтiң оң қорытындысы қажет пе; Yкiмет Конституцияның 92-бабы 4-тармағының талаптарын орындау жөнiндегi шараларды қолданбауға және Конституция ережелерiн бұза отырып ресiмделген өзiнiң терiс қорытындыларымен Парламент депутаттарының мұны iстеуiне кедергi жасауға құқылы ма; Үкiметтiң қорытындылары түпкiлiктi болып табыла ма және оларға сот тәртiбiмен шағымдануға бола ма деген кейбiр мәселелердiң ескерiлуiн сұрайды.
2. Республика Конституциясының нормалары мен конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдай келiп, Республика Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 6-тармағына және 92-бабының 4-тармағына түсiнiк беру туралы бiр топ депутаттардың өтiнiшiн қарағанда мынаны негiзге алады.
Конституцияның 61-бабының 6-тармағы мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте Үкiметтiң оң қорытындысының қажеттiлiгi туралы конституциялық-құқықтық шарттың барлық жағдайларда да және мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн барлық заң жобалары үшiн мiндеттi екенiн ескерген жөн.
Конституциялық Кеңес Конституцияның 61-бабы
6-тармағының түсiндiрмесi Республика Конституциялық Кеңесiнiң "Республика Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 28 маусымдағы N 14/2 қаулысында берiлгенiн және қосымша түсiнiктi қажет етпейтiнiн атап өтедi.
Парламент депутаттарының осы өтiнiшiн қарауға байланысты Конституциялық Кеңестiң құзыретi қандай да бiр мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiнiң конституциялылығын анықтау емес, тек конституциялық нормаларды түсiндiру құқығымен шектеледi.
Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулысында осыған орай "Қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Аталған iс-әрекеттердi белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады" деп түсiнiк
берген болатын.
Сонымен Конституцияның 92-бабы 4-тармағының талаптары сөзсiз орындалуға тиiс. Аталған конституциялық мiндеттi заң процесi өкiлеттi субъектiлерiнiң шешетiнi анық. Мемлекеттiк бюджет жобасын дайындау кезiнде Yкiмет Конституцияның 92-бабының
4-тармағының талаптарын ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiруге байланысты мемлекеттiк кiрiстi қысқартудың да, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудiң де көзделетiнiн ескеруге тиiс. Мемлекеттiк билiктiң екi тармағының тежемелiк пен тепе-теңдiктiң пайымды балансын сақтауы тиiстi конституциялық нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз етедi.
Билiктiң заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасының барлық мәселелерi Конституция нормаларында көзделген және конституциялық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып олардың өздерi келiсу рәсiмдерi шегiнде шешедi немесе мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының кепiлi, билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн Республика Президентiнiң қатысуымен (Республика Конституциясының 40-бабы) шешiледi.
Баяндалғандарға байланысты билiк тармақтарының арасындағы дауларды, оның iшiнде заң жобалары жөнiнде Үкiмет берген терiс қорытындыға да байланысты дауларды сот тәртiбiмен шешуге жол берiлмейдi, өйткенi жоғары заңдық күшi бар және үстемдiлiгi болғандықтан конституциялық нормалар соттар мен басқа қандай да бiр органдарға жүгiнбейдi.
3. Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес Республика Үкiметiнiң қорытындысы талап етiледi. Бұл ретте қорытындыны Үкiмет алқалы орган ретiнде берген жағдайда оның конституциялық-құқықтық заңды күшi болмақ.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы мемлекеттiк органның ұжымдық пiкiрi не оның қаулысы арқылы (Конституцияның 69-бабының 1-тармағы), не қорытынды нәтижесi хаттама шешiмiмен ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның 18-бабы, Үкiмет Регламентiнiң 8, 9 және 11-тармақтары) ресiмделiп, төрағалық етушiнiң қол қоятын отырысы
арқылы бiлдiрiледi.
Сонымен қатар, Үкiмет Конституцияның 61-бабы
6-тармағының мәнiне сәйкес қорытынды не басқа құжатты қабылдай алады, бiрақ ол оның пiкiрiн алқалы органның ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның
18-бабының 4-тармағы және Үкiмет Регламентiнiң 11-тармағы) пiкiрi деп есептеуге мүмкiндiк беретiн құрамда қабылдауға тиiс.
Үкiмет қорытындысының конституциялық маңыздылығын есепке ала келiп, осы мәселенiң қорытындылар шығару тәртiбiн, оларды ұсыну мерзiмдерiн белгiлей отырып регламенттеумен заңды реттеу барынша тиiмдi деп саналады, бұл тиiстi заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.
4. Осыған байланысты Республика Конституциясының
92-бабы 4-тармағының түсiндiрмесi "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулысында берiлгендiктен Республика Конституциялық Кеңесi аталған конституциялық норманы қайталап түсiндiруге негiздеменiң жоқ екендiгiн және оның қажетсiз екенiн атап өтедi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |