ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының
1 және 2-тармақтарын өтiнiм нысанасына қолданыста әлеуметтiк жәрдемақылар төлейтiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге көшiру азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша кемсiтуге және жұрттың бәрiнiң заң алдындағы теңдiгi принципiн бұзуға апарып соқпайды деп түсiну керек. Қазақстан Республикасының Парламентi азаматтарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша жаңа заңдар қабылдағанда Республиканың барлық аймақтарында сақталуға мiндеттi зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгi және ең жоғары мөлшерлерiн тағайындаудың жалпы өлшемдерiн анықтауға тиiс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 24-бабының
2-тармағы әлеуметтiк қорғаудың нақты түрлерiн белгiлемейдi, ол тиiстi заңмен анықталады. Өтiнiмде қойылған мәселеге байланысты қолданыста осы конституциялық норманы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны алып тастау азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқығына нұқсан келтiрмейдi деп түсiну қажет.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасын азаматтардың құқық бұзушылық үшiн заңдық жауапкершiлiгiн реттейтiн және жауапкершiлiктiң жаңа түрлерiн белгiлейтiн немесе оны жаңа санкциялар енгiзу жолымен күшейтетiн заңдардың керi күшi болмайды деп түсiну қажет. Осы конституциялық норма құқық қолдану қызметiн жүзеге асыратын соттар, мемлекеттiк органдар және лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болады.
Республика Парламентiнiң заңдарды қабылдаған кезде керi күшi болатын құқықтық нормаларды белгiлейтiн құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының
7-тармағына және 28-бабының 1-тармағына
ресми түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 12 наурыздағы N 3/2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,
Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары В.Н. Весниннiң және А.М. Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi: Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.А. Коржованың, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi Б.А. Мұхамеджановтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 7-тармағына және 28-бабының 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарады.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңес мүшесi
О.Қ. Ықсановтың баяндамасын, және құрамында 31 адам бар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттар тобы – өтiнiм субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғаған депутаттар В.Н.Весниннiң және А.М. Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi Н.А. Коржованың және Б.А. Мұхамеджановтың сөйлеген сөздерiн тыңдап, конституциялық өндiрiс материалдарын зерделей келiп, Конституциялық Кеңес мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Құрамында 31 адам бар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттар тобы (Парламент депутаттары жалпы санының бестен бiр бөлiгiнен астамы) 1999 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциясының мынандай нормаларына: 61-бабының 7-тармағына және 28-бабының
1-тармағына азаматтардың науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылуға құқығы бөлiгiне ресми түсiнiктеме беру туралы өтiнiм жасады. Өтiнiмде 61-баптың 7-тармағына ресми түсiндiрме бергенде мына мәселелердi анықтап беруге өтiнiш жасалған:
1. Егерде Парламент қабылдамаған Заң жобасы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасы болып табылса (республикалық бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар жобасы), және ол онымен байланысты жобаланған бiрнеше (мейлi оншақты болсын) заңдармен қатар енгiзiлген болса, олардың бiр бөлiгiн Парламент қабылдамаған болса немесе бюджетке тиiстi түзетулер енгiзудi талап ететiн өзгерiстермен қабылдаса, Премьер-Министр бiрнеше заң жобаларының, оның iшiнде бюджет туралы заң жобасының да қабылданбауына байланысты Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы ма? Немесе ол енгiзiлген заң жобаларының тек бiреуi бойынша ғана мәселе қоюға хақылы ма? Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 7-тармағы қабылданбаған екi заң жобасы бойынша бiрден Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бiр мезгiлде (бiрақ жылына бiр рет) қоюына мүмкiндiк бере ме?
2. Егер Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе тек "Республикалық бюджет туралы" Заң жобасының қабылданбауына байланысты қойылса, ал сенiм бiлдiру туралы мәселе бойынша дауыс бергенде Парламентте Конституция белгiлеген дауыс санын ала алмаса "Республикалық бюджет туралы" Заң жобасы дауысқа салынбай қабылданған деп есептеле ме? Бұл ретте ол өзгерiстер енгiзiлуiн Парламент қабылдамаған қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн болады. Теориялық тұрғыдан келгенде бұл ретте бюджет нормалары Конституцияға да қайшы келуi ықтимал. Немесе Парламент қабылдамаған (Парламент палаталарының өзгерiстерiмен қабылданған) осы заң жобалары да дауысқа салынбай қабылданған деп есептелетiн бола ма? Бұл ретте ең бастапқысы қайсы: қабылданған бюджет қолданылып жүрген заңдарға (оның iшiнде Конституцияға да) сәйкес болуға тиiс пе немесе заң бюджетке қарай "икемделуге" тиiс пе? Егерде бастапқысы дегенмен де қолданылып жүрген заңдар болып, ал бюджет оған сәйкес болуға тиiс болса, бiрқатар заң актiлерiне қайшы келген жағдайда бюджет туралы заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы ма?"
Өтiнiмнiң Конституцияның 28-бабы 1-тармағына түсiндiрме беру бөлiгiнде бастапқыда "... Қазақ КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасында ұсынылып отырған "Қазақстан Республикасы азаматына ... науқастанған жағдайда ... әлеуметтiк қамсыздандырылуға ... кепiлдiк берiледi", "Қызметкерлерге ... уақытша жұмысқа қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы берiледi" деген нормасы конституциялық ережеге сәйкес келе ме?" ... Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiруi себептi 74-баптың 2-тармағының негiзiнде мұндай заң актiлерi кейiн күшiн жойды немесе қолданылуға жатпайды деп танылмай ма деген сұрақтардан тұратын.
Кейiн (1999 жылғы 26 ақпанда) Конституциялық Кеңеске өтiнiм субъектiлерi Конституцияның азаматтардың құқықтары мен науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу бөлiгiнде
28-баптың 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiшiн дамыту мәселесiнде басқаша тұжырым табыс еттi: "Нақтырақ айтқанда "Қызметкерлерге ... уақытша жұмысқа қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы берiледi" нормасына "Қазақстан Республикасы азаматына ... науқастанған жағдайда ... әлеуметтiк қамсыздандырылуына ... кепiлдiк берiледi" деген конституциялық ережеге сәйкес келе ме?"
Жоғарыда аталған конституциялық нормаларға өтiнiмде қойылған нақтылы сұрақтарға ресми түсiндiрме берген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады:
1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары тобының қаралып отырған өтiнiмiнде ресми түсiндiрме берiлуi туралы мәселе қойылып отырған Конституцияның 61-бабы
7-тармағында былай деп жазылған: "Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Конституциямен белгiленген қажеттi дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды."
Конституциялық Кеңес мысалға келтiрiлген Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабы 7-тармағының редакциясын негiзге ала отырып, Премьер-Министр осы конституциялық нормаға сәйкес Үкiмет енгiзген бiрнеше емес, тек бiр ғана заң жобасын Парламенттiң қабылдамауына байланысты бiр мезгiлде Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоя алады деп есептейдi. Мұндай сандық шектеу конституциялық норманың мәтiнiне тек грамматикалық түсiндiрме беруге байланысты ғана емес, онда "заң жобасы" ("заңдар жобалары" деп емес) делiнген, сондай-ақ Конституцияның көрсетiлген бабының 7-тармағында көзделген заң қабылдау тәсiлi заң жобаларын қарау және қабылдаудың жалпы тәртiбiндегi кеңiнен қолдануға жол бермейтiн ерекшелiк болып табылады. Конституцияның 61-бабы 7-тармағы бекiтiп берген ереженiң ерекше сипаты, сондай-ақ өзi белгiлеген тәртiппен – Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қою жолымен – бiр жылда Үкiметтiң осы құқықпен екiншi рет пайдаланбайтынына сiлтеме жасай отырып, бiр мезгiлде екi заңның қабылдануына жол бермейдi. Онда көзделген құқықпен Үкiметтiң бiр жылда екi рет пайдалана алмайтынын белгiлей отырып, түсiндiрме берiлiп отырған конституциялық норма Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе бiрiншi рет қойылғаннан кейiн арада белгiлi бiр мерзiм өтуiн талап етпейдi. Бұған қарамастан, қаралып отырған конституциялық нормада көзделген заңдарды қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiгiне байланысты Үкiмет өзiне сенiм бiлдiру туралы құқықпен осы жылы екiншi рет Үкiмет бiрiншi рет сенiм бiлдiру туралы мәселе қойған заң жобасы заң нысанына түбегейлi енгенге дейiн пайдалана алмайды.
Конституцияның 61-бабының 7-тармағында көзделген тәртiппен Республика Премьер-Министрi Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiмет енгiзген кез келген заң жобасының, оның iшiнде республикалық бюджет туралы заңның қабылданбауына байланысты да Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi қоюға хақылы. Аталған бюджеттi талқылау және бекiту рәсiмiнiң Республика Конституциясының жекелеген баптарында ерекше регламенттелуi, Конституцияның 54-бабының
1-тармақшасында көзделгенiндей, көптеген басқа заң жобаларынан бiр ерекшелiгi, бұл заңның жобасы Палаталардың жеке отырыстарында қабылданбай, тек талқыланатындығымен; ал бекiтiлуi Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi. Демек, егер Үкiмет енгiзген бюджет жобасын Парламенттiң қабылдамауына байланысты сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс, Конституциямен белгiленген қажеттi дауыс санын ала алмаған ретте, бюджет жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi.
Конституцияның 61-бабының 7-тармағына сәйкес, Парламент депутаттары дауысқа салмай қабылданған заңдардың конституциялылығы туралы мәселе Конституцияның 72-бабы
7-тармағының 2-тармақшасында және 78-бабында белгiленген тәртiппен шешiлуге тиiс.
2. Республика Парламентiнiң депутаттар тобының азаматтардың науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылуы құқығы бөлiгiнде ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiм жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының
28-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: "Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiне, әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi."
Науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлетiнi және оның жүзеге асырылуына кепiлдiк берiлетiнi келтiрiлген конституциялық нормадан көрiнiп тұр. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың кепiлдiгi, демек, науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу құқығы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 1-тармағында да жазылған, соған сәйкес "Қазақстан Республикасында Конституцияға" сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi."
Конституциялық Кеңес құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конституцияда оның кепiлдiлiгiнiң жариялануы мемлекеттiң осы құқықтар мен бостандықтарды өзi құратын жүйелер мен құрылымдар арқылы жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз мiндетiне алғандығы деп есептейдi. Нақтылы әлеуметтiк қамсыздандырылу құқығына, оның iшiнде науқастанған жағдайда, не мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен, бұл
1998 жылғы желтоқсанға дейiн көзделген болатын (1998 жылғы желтоқсан айының ортасына шейiн қолданылып келген Қазақ КСР-сының ЕтЗК-ы бастапқы редакциясының 232-бабы), немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ("Әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының редакциясындағы ЕтЗК-ының 232-бабы), яки меншiк нысанынан тәуелсiз жұмыс берушiге осы мiндеттi заңды түрде жүктеу арқылы кепiлдiк берiлуi мүмкiн.
Баяндалғанның негiзiнде және Республика Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағына және
28-бабы 1-тармағына ресми түсiндiрме беру ретiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын Республика Премьер-Министрi Үкiмет енгiзген бiр ғана заңды, оның iшiнде республикалық бюджет туралы заңды да, Парламенттiң қабылдамауына байланысты Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бiр мезгiлде Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында қоюға хақылы деп түсiну қажет. Үкiмет бұл құқықпен осы жылы екiншi рет пайдаланбауға мiндеттi болғандықтан, бiр мезгiлде екi заңның қабылданбауына байланысты Премьер-Министрдiң Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақы жоқ.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабының 1-тармағын науқастанған жағдайда азаматтардың әлеуметтiк қамсыздандырылуға құқығы бөлiгiнде осы конституциялық құқықтың жүзеге асырылуына әртүрлi жүйелер құру және қажеттi де қолайлы шараларды жүзеге асыру жолымен, оның iшiнде меншiк нысанынан тәуелсiз жұмыс берушiге осы мiндеттi заңды түрде жүктеу арқылы, мемлекет кепiлдiк бередi деп түсiну қажет.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы түпкiлiктi болып табылады, шағымдануға жатпайды және Қазақстан Республикасы Конституциясының
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 15 наурыздағы N 1/2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,
Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары В.Н. Весниннiң, Н.С. Каптильдiң және
А.М. Рамазановтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң елу төрт депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы
өтiнiмiн қарады.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
В.Д. Шопиннiң хабарламасын, өтiнiм субъектiсi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мүддесiн бiлдiрушi депутаттар
В.Н. Весниннiң, Н.С. Каптильдiң және А.М. Рамазановтың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутатының қазiргi жұмыс iстеп жатқан Парламент депутаттарының өкiлеттiгi мерзiмiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы нормасының қолданылуына қатысты ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi
келiп түстi.
Қолданылып келген Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын және қаралып отырған мәселе бойынша басқа да материалдарды зерделей келiп, Республика Парламентi депутаттары өкiлдерiнiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күннен бастап күшiне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн - бес жыл деп белгiледi.
Қазiргi жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы 1995 жылғы желтоқсанда сайланған, Сенаттың сайланатын депутаттарының екiншi жартысы 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағына және 95-бабына сәйкес 1997 жылғы қазанда төрт жыл мерзiмге сайланған.
Қолданылып жүрген Конституцияның қорытынды және өтпелi ережелерiнiң 95-бабының 1-тармағында бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге сайланады деп көрсетiлген. Конституцияның 50-бабының 5-тармағы белгiлеген, осы нормаға сәйкес Сенат депутаттарының алты жыл өкiлеттiк мерзiмi қазiргi жұмыс iстеп жатқан Парламент Сенатының депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiне қолданылмайды.
Бiрiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiне қатысты қолданылып жүрген Конституцияда ешқандай нұсқау жоқ, оның үстiне Конституцияның қорытынды және өтпелi ережелерiнiң 95-бабы 2-тармақпен толықтырылған, оған сәйкес партиялық тiзiмдер негiзiнде Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау туралы ережелер екiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Республика Парламентi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн ұзарта отырып, заң шығарушы бiрiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн көрсетпегендiктен 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының
49-бабының 2-тармағына сәйкес 1995 жылғы 9 желтоқсандағы сайланған төрт жылдық өкiлеттiк мерзiмi оларға да
қолданылатын болады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағы нормасына ресми түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – бес жыл деп белгiлеген Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағының нормасын бұл мерзiмдер қазiргi жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қолданылмайды деп түсiну қажет.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының
2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы
4) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 17 наурыздағы N 4/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi
О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi – Республика Премьер-Министрi Кеңсесiнiң құқықтық сараптама бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
Ж.К. Сүтемгенованың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Н. Балғымбаевтың Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарап, мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 24 ақпанда Конституциялық Кеңеске келiп түскен өзiнiң өтiнiмiн Республика Премьер-Министрi былай негiздеген. Меншiктiң құқықтық режимiнiң ережелерiн көздеген заң шығарушы мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiн анықтамаған. Үкiметтiң мемлекеттiк меншiк объектiлерiне билiк ету жөнiндегi бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң заңдылығы туралы мәселенiң шешiлуi өтiнiмде аталған Конституция нормасына ресми түсiндiрме беруге байланысты болып отыр. Баяндалған және басқа да жағдаяттарды ескере отырып, Республика Премьер-Министрi Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсiндiрме берiлуiн, онда "мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады" деген конституциялық норманың заңдық мазмұны Үкiметке мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi өкiметтiгiн берудi бiлдiре ме деген сұраққа жауап болуын өтiнген.
Баяндамашы – Кеңес мүшесi С.Ғ. Темiрболатовтың хабарламасын тыңдап және конституциялық өндiрiс материалдарын, оның iшiнде маманның – Қазақ мемлекеттiк Заң университетi Жеке құқық ғылыми-зерттеу Орталығының директоры, Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымдарының докторы, профессор М.К. Сүлейменовтың қорытындысын қарап, көрсетiлген конституциялық нормаға ресми түсiндiрме бергенде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады:
Меншiк мәселелерi жөнiнде Республика Конституциясында мынадай нормалар бар: 6-баптың 2-тармағы "Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi", 61-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы "Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, 2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты негiз қалаушы принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы", 66-баптың
4) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Үкiметi: 4) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады".
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 192-баптың
1 және 2 тармақтарында: "1. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi. 2. Республикалық меншiк республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады" деп белгiленген.
Республика Конституциясының 3-бабы 3-тармағына сәйкес "Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде ғана мемлекет атынан билiк жүргiзедi".
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданыста көрсетiлген конституциялық норма Республиканың Азаматтық кодексiнiң
111-бабында өрбiтiлiп, оның 2-тармағында: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады" деп белгiленген.
Үкiметтiң мәртебесiн анықтайтын акт Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы болып табылады. Аталған Жарлықтың 9-бабының 8) тармақшасы Үкiмет "мемлекет меншiгiн басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi" деп белгiленген. Бұл ретте Үкiметтiң құзыретiне жататын "мемлекет меншiгiн басқару" ұғымын мемлекеттiк мүлiк меншiк иесiнiң заңдылығын Қазақстан Республикасының атынан заң шеңберiнде жүзеге асыру деп түсiну қажет. Үкiметке бұл заңды құқықтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы қабылданған сәттен бастап берiлген.
Маманның – профессор М.К. Сүлейменовтың қорытындысында көрсетiлгенiндей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 9-бабының 8) тармақшасы белгiлеген мемлекеттiк меншiктi пайдалану жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға Республика заң актiлерi белгiлеген шегiнде мемлекеттiк меншiктi иелену де, пайдалану да, билiк ету де жатады.
Сөйтiп, Қазақстан Республикасының өзi мемлекеттiк меншiк иесi болып табылады, ол заң актiсiнде Үкiметтiң өкiлеттiгiн анықтай отырып, мемлекеттiк мүлiктiң меншiк иесi ретiнде оған иелену, пайдалану және билiк ету құқығын бередi.
Баяндалғанның негiзiнде және Республика Конституциясының 72-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсiндiрме беру ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |