ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақ КСР-нiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен,
1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерiмен және толықтыруларымен бекiтiлген "Қазақ КСР-i адвокатурасы туралы Ереженiң" 3-бабының 3-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағында бекiтiлген адам мен азаматтың құқығына және еркiне нұқсан келтiретiн конституциялық емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 39-бабы 2-тармағына сәйкес Конституция бекiткен адам мен азаматтың құқығы мен еркiне нұқсан келтiретiнi танылған заңдардың конституциясыздығына сәйкес заңды күшi жоғалады және қолданылуға жатпайды. Осындай заңға негiзделген соттар мен басқа құқық қорғау органдарының шешiмдерi орындауға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы,
3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Қазақстан аумағына жалпы мiндеттi болып есептеледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабы 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды ескергенде түпкiлiктi болып табылады және арыздануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 8 мамырдағы N 10/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Кеңес Төрағасы Ю.А. Кимнiң, Кеңес мүшелерi Н.И. Акуевтiң,
О.Қ. Ықсановтың, В.В. Мамоновтың, С.Н. Сәбiкеновтiң,
С.Ғ. Темiрболатовтың, В.Д. Шопиннiң құрамында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң заң шығару және сот жүйесi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi Б.Ә. Мұхамеджановтың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi И.И. Роговтың, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлдерi – Мәжiлiс депутаттары
Ө.А. Жолдасбековтың, Н. Қалиевтiң, Сенат депутаттары
Ж.М. Әбдiлдиннiң, И.П. Щеголихиннiң және С. Шаухамановтың, сарапшы – Қазақтың мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi жалпы тiл бiлiмi кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымының докторы, профессор М.М. Копыленконың, маман – Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң қазақ, орыс және шығыс тiлдерi кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымының кандидаты, доцент Қ. Қадашеваның қатысуымен ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Президентiне 1997 жылғы 24 наурызда қол қоюға тапсырылған, Қазақстан Республикасының Парламентi 1997 жылғы 12 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуiн қарады.
Баяндамашылар – Конституциялық Кеңес мүшелерi С.Ғ. Темiрболатовтың және В.Д. Шопиннiң хабарламаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдерi
Б.Ә. Мұхамеджановтың, И.И. Роговтың, Республика Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң өкiлдерi Ө.А. Жолдасбековтың,
Н. Қалиевтiң, Ж.М. Әбдiлдиннiң, И.П. Щеголихиннiң және
С. Шаухамановтың, сарапшы М.М. Копыленко мен маман
Қ. Қадашеваның сөздерiн тыңдап, аталған өтiну бойынша маман Р.М. Есболатованың жасаған қорытындысымен және басқа материалдармен таныса келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1997 жылғы 11 сәуiрде Қазақстан Республикасы Президентiне
1997 жылғы 24 наурызда қол қоюға тапсырылған, 1997 жылғы
12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы өтiнiшi келiп түстi.
Берiлген Заңның, Конституциялық Кеңестiң сұрауы бойынша түскен материалдардың мазмұнын, сарапшының және мамандардың қорытындыларын зерттей келiп, Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентi өкiлдерiн тыңдай келiп, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын негiзiнен Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес деп тапты. Аталған заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын жүзеге асыру ретiнде қабылданған.
Соған қарамастан, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы қабылданған Заңның 8 және
23-бабының үшiншi бөлiгi нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларына сәйкес келмейдi деп есептейдi. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның "Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" жұмыс және iс- қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, қажет болған жағдайда орыс тiлi ресми түрде мемлекеттiк тiлмен тең қолданылатынын белгiлейтiн 8-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы 2-тармағына сәйкес келмейдi, өйткенi заңның талданып отырған нормадағы "қажет болған жағдайда" делiнетiн сөз тiркесi "ресми түрде қазақ тiлi орыс тiлiмен тең қолданылады деген конституциялық нормасын өзгерiске ұшыратады. Аталған конституциялық норма бiржақты түсiндiрiледi, мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ және орыс тiлдерi тең дәрежеде, ешбiр жағдайдан тыс бiрдей қолданылады.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 23-бабы үшiншi бөлiгiнде бекiтiлген нормаларды талдау кезiнде Конституциялық Кеңес белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптер мен мамандықтардың, сондай-ақ лауазымдардың тiзбесiн белгiлеуге Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейдi дейтiн тұрғыдан келедi.
Алайда, атап айтқанда Республика Үкiметi көрсеткен тiзiм анықтамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
3-тармағы 1 тармақшасы, 3-баптың 4-тармағы мен 33-баптың
4-тармағына қайшы келедi.
Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және кәсiби талапқа сәйкес бiлу талабы субъект құқығына және жеке тұлғалардың мiндеттемелерiне жатады, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағы
1-тармақшасына сәйкес бұл қатынастар тиiстi заңдар шығаруға құқылы, заң шығарушы орган ретiндегi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тiкелей құзырына жатады деп есептейдi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында мемлекеттiк тiлдi қолдану саласындағы қоғамдық қатынастар заңмен реттелетiнi белгiленген, ал атқарушы орган ретiнде Үкiметке мұндайда мемлекеттiк тiлдi меңгеру үшiн қажет ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрiн жасау атап айтылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
3-тармағындағы Республика Парламентiнiң құзырына жататын қоғамдық қатынастарды реттеу құқығын Қазақстан Республикасының Үкiметiне беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4-тармағында тұжырымдалған билiк бөлiсу принципiн бұзғандық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы
4-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызмет саласы үшiн мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидаттыққа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына қатысты болады және заңмен белгiленедi. Демек, белгiлi бiр көлемде мемлекеттiк тiлдi мiндеттi түрде бiлу үшiн заң шығарушы органның тиiстi заңдар шығару жолымен емес Үкiметтiң мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазым тiзiмiн белгiлеуi 33-баптың 4-тармағында тұжырымдалған конституциялық нормаға қайшы келедi.
Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72 бабының 1-тармағы 2 тармақшасын,
17-баптың 2-тармағы 1 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының
37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 8-бабы Республика Конституциясының 7-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес емес – Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 3-тармағының 1 тармақшасына, 3-бабының
4-тармағына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдарға қол қоюға және күшiне енгiзуге болмайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, республиканың барлық аумағына жалпы мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және
5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов,
С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан құрамда 1997 жылғы 16 мамырдағы ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидiң Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнуiн қарады.
Мәжiлiске: өтiну субъектiсiнiң өкiлдерi – Парламент Сенатының заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитетiнiң хатшысы А.К. Котов, Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлiмiнiң меңгерушiсi Э.Б. Мұхамеджанов; Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң заң шығару сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi Бөлiмiнiң меңгерушiсi Б.А. Мұхамеджанов; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Я. Балиева, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Е.В. Кулешова қатысты.
Баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi
Н.И. Акуев және С.Н. Сәбiкеновтiң хабарларын, А.К. Котов,
Э.Б. Мұхамеджанов, З.Я. Балиева, Б.А. Мұхамеджановтардың сөздерiн тыңдап, қолда бар материалдарды зерттей келе, Конституциялық Кеңес
ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
1997 жылғы 30 сәуiрде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидiң Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға қатысты бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнуi келiп түстi. Конституциялық Кеңес 1997 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен аталған өтiнудi конституциялық өндiрiске қабылдады.
Қаралған өтiнуде: "Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын өзгерту Сенат депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табыла ма?" деген мәселе қойылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына талдау және қаралып отырған мәселедегi оған сәйкес заңдар негiзiнде Конституциялық Кеңес аталған конституциялық нормаларды түсiндiруде мыналарды еске алды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының
3 және 5-тармақтарында Парламент депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатуға негiз болып табылатын мынадай жағдайлардың тiзбегi келтiрiлген:
- Парламент депутаты басқа өкiлдi органның депутаты болғанда;
- Парламент депутаты оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқарғанда, сондай-ақ кәсiпкерлiкпен шұғылданғанда, коммерциялық ұйымның басшы органына немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiргенде;
- қызметiнен кетуге өтiнiш бергенде;
- депутат iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылғанда;
- Парламент таратылғанда;
- Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгiзiлгенде;
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударғанда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының
5-тармағында: "... Конституцияда көзделген өзге де реттерде..." Парламент депутатының өкiлеттiгi тоқтатылатыны көрсетiлген. Мұндай реттерге, атап айтқанда, Парламенттiң өкiлеттiгiнiң аяқтаулы жатады (49-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясында Республиканың әкiмшiлiк – аумақтық құрылымын өзгертуге байланысты Сенат депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады деген негiз айтылмаған.
Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру тәртiбiмен
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатудың негiздерiнiң мейлiнше толық тiзбегiн белгiлеп берген. Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын өзгерту Қазақстан Республикасы Парламентi сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпы мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Республика Президентiнiң Парламент актiлерiне қол қояр алдында оларға өз қолдарын қоюға мiндеттi лауазымды адамдар тобы бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және
44-бабының 2 тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 29 мамырдағы N 13/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов,
В.Д. Шопин бар, өтiну субъектiсiнiң өкiлдерi - Парламент Сенатының заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитетiнiң хатшысы А.К. Котов және Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлiмiнiң меңгерушiсi Э.Б. Мұхамеджановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының
1-тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының
17-бабының 3тармағының 1 тармақшасы негiзiнде ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Ө.Байгелдiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының
45-бабының 3-тармағын және 44-бабының 2 тармақшасын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнуiн қарады.
Баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi
О.Қ. Ықсановтың хабарын, өтiну субъектiсiнiң өкiлдерi А.К. Котов, Э.Б. Мұхамеджановтың сөздерiн тыңдап, осы өтiну жөнiндегi сарапшы М.М. Копыленконың қорытындысын және басқа да материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
1997 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44 бабының
2 тармақшасын ресми түсiндiру туралы жөнiндегi өтiнуi түстi. Өтiнуде мынандай дәлелдер келтiрiлген.
Парламент қабылдаған заңға Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюы алдында оған Премьер-Министрдiң қолын қоюы үшiн Сенаттың оны Үкiметке жiберуi заң шығару қызметi барысындағы тәжiрибеге айналған. Бұл процедура, өтiну субъектiсi – Сенат Төрағасының пiкiрiнше, Конституцияның 61-бабының
4-тармағында, 45-бабының 3-тармағында және 44-бабының
2 тармақшасында бекiтiлген қағидаларға негiзделмеген, сонымен қатар мемлекеттiк билiктi салаларға бөлу принципiнiң әрекет етуiн шектейдi.
Сенат Төрағасы келтiрiлген себептерге байланысты "осы мәселеге қатысты бөлiгiндегi" Конституцияның 45-бабының
3-тармағына және 44-бабының 2 тармақшасына, яғни Республика Президентi қол қоярдың алдында Парламент актiлерiне өздерiнiң қолдарын қоюға мiндеттi лауазымды адамдар бөлiгiне ресми түсiнiк берудi сұраған.
Конституциялық Кеңес өтiнуге негiз болған мәселелердi есепке ала отырып, Республика Парламентi Сенаты Төрағасының өтiнуiнде көрсетiлген конституциялық нормаларды ресми түсiндiру кезiнде мыналарды еске алды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының
3-тармағына сәйкес, Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.
Осы конституциялық нормадағы "тиiсiнше... Парламенттiң әр палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдi"... қолдарың деп қолданылған сөз тiркестерi Республика Президентi Парламент актiлерiне қол қоюдың алдында оған тек Парламент Палаталары Төрағалары қол қояды дегендi бiлдiредi, ал Премьер-Министр Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерiне ғана (жарлықтар, өкiмдер) өз қолын қояды. Аталған қорытындыны осы конституциялық өндiрiс бойынша Конституциялық Кеңес тағайындаған тiл сараптамасының қорытындысы да растайды.
Республика Президентi қол қоятын Парламент актiлерiне Премьер-Министрдiң алдын ала қол қою қажеттiгi Конституцияның басқа нормаларында да көрсетiлмеген. Демек, Конституцияның
61-бабының 4-тармағына сәйкес, Сенат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жоба заңға айналады және ол он күн iшiнде Президентке қол қоюға берiледi. Конституцияның 44-бабының 2 тармақшасына сәйкес Республика Президентi "Парламент Сенаты ұсынған заңға... қол қояды".
Парламент қабылдаған заңды Республика Президентiне қол қоюға берердiң алдында оған алдын ала Премьер-Министрдiң қолын қоюы үшiн Үкiметке жiберу тәжiрибесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 19-бабының 2 тармағына негiзделуi конституциялық нормаларды Конституцияның мазмұнына қайшы мағынада түсiндiруге және қолдануға негiз бола алмайды. Конституциясының тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады.
Егер Республика Үкiметi Парламент қабылдаған заң Конституцияға сәйкес емес деген қорытындыға келсе, заңды немесе оның кейбiр баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салуға Парламентке қайтаруға құқығы бар Республика Президентiне мәлiмет бере алады, яки Премьер-Министр Конституцияның
72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық Кеңеске өтiну жасай алады. Парламент қабылдаған заңды Премьер-Министрдiң қол қоюына мiндеттi түрде жiберу 44-баптың 3-тармағының қағидаларына ғана емес, Конституцияның 3-бабының 4-тармағында бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiк заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнедi деген қағидамен де қабыспайды.
Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының
33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының
3-тармағын және 44-бабының 2 тармақшасын ресми түсiндiруi тәртiбi жөнiнде
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Республика Президентi қол қоярдың алдында Парламент актiлерiне өздерiнiң қолдарын қоюға мiндеттi лауазымды адамдар тобы бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының
45-бабының 3-тармағының және 44-бабының 2 тармақшасының нормаларын Парламенттiң әр Палаталарының Төрағалары ғана аталған актiлерге қол қоюға тиiс деп түсiнген жөн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағына жалпы мiндеттi болып табылады, ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
6-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 23 маусымдағы N 14/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев,
О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопиндер бар құрамда, өтiну субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының
17-бабының 3-тармағының 1 тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
6-тармағын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiнуiн қарады.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
В.В. Мамоновтың хабарын, өтiну субъектiсiнiң өкiлi - Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Н.С. Каптильдiң сөзiн тыңдап, аталған өтiну жөнiндегi материалдармен таныса келе Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
1997 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiнуi келiп түстi.
Өтiну субъектiсiнiң пiкiрi бойынша – мемлекеттiк кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайту көзделген заң жобасын енгiзген кезде Үкiметтiң оң қорытындысын талап ету Парламенттiң бұрын бекiтiп қойған үстiмiздегi жылға арналған бюджетiне ғана қатысты екенi дұрыс, ал Парламент қарайтын және келесi бюджет жылында қолданылатын үстiмiздегi жылдың заңдар жобасына қатыстылығының мәнi жоқ, себебi бюджеттi бекiту тек Парламенттiң ғана үстемдiгiне жатады, және де, егер заң қосымша шығыстарды талап ететiн болса, онда олар келесi жылдың бюджетiнде ескерiлетiн болады. Парламенттiң аталған өкiлдiгi Негiзгi, басқа да заңдар мен өзге де нормативтi құқықтық актiлерде шектелмеген. Сондықтан да Үкiметтiң оң қорытынды беруiн талап ету Парламенттiң құқығына нұқсан келтiру және заң шығару билiгiн атқару билiгiне бүркеме түрде бағындыру деп бағалауға тура келедi.
Осы айтылғандарға байланысты Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiрiп беруiн және: Парламенттiң үстiмiздегi жылы қараған, бiрақ келесi бюджет жылында қолданылатын заңдар жобасына Үкiметтiң қорытындысы қажет пе? деген сұраққа жауап беруiн өтiнедi.
Республика Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының өтiнуiндегi оған негiз болған мәселелердi ескере отырып, конституциялық нормаларды ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.
Республика Конституциясының 61-бабының 6-тармағында: "Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн"-делiнген.
Аталған нормадағы Үкiметтiң оң қорытындысы қаралып, енгiзiлетiн мемлекеттi кiрiстi қысқарту немесе мемлекеттiк шығысты көбейту заңы жобасына оның келiскенiн, мақұлдағанын бiлдiредi.
Аталған бап нормасының өктемдiк сипаты бар, яғни ол заңдық ереже тәртiбiн белгiлейдi, соған сәйкес мемлекеттiк кiрiстi қысқарту немесе мемлекеттiк шығысты көбейту көзделген заң жобалары олар реттейтiн қатынастар мен қолдануға енгiзетiн тәртiп сипатына қарамастан, Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарау үшiн Парламент Мәжiлiсiне
енгiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының
1 тармақшасына сәйкес, Үкiмет мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын жасайды. Үкiмет елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi индикативтi жоспарын жүзеге асырады.
1996 жылғы 26 желтоқсандағы "Бюджет жүйесi туралы" Заңның 2-бабына сәйкес, индикативтi жоспарлардың параметрлерi тиiстi жылға республикалық бюджеттi жасаған кезде ескерiледi. Демек, Парламенттiң республикалық бюджеттi бекiтуiнiң төтенше құқығы Республика Үкiметiнiң Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының тиiстi жылға арналған индикативтi жоспарын жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiгiмен өзара байланыста болады. Сол себептi Конституцияның 61-бабының 6-тармағы мемлекеттiк кiрiстi қысқарту немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайту көзделген кез-келген заңдар жобасына қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 15-бабының 4-тармағында да ереже белгiленген, соған сәйкес Парламент Мәжiлiсiне депутаттар мен Үкiмет енгiзген мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн.
Демек, мемлекеттiк кiрiстi қысқарту немесе мемлекеттiк шығысты көбейту көзделген заң жобалары бойынша Үкiметтiң оң қорытындысының болуы мiндеттi талаптардың бiрi болып табылады. Аталған оң қорытындысыз заң жобасын Парламент Мәжiлiсiнiң тiптi күн тәртiбiне енгiзуге де болмайды.
Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституция"лық Кеңесi туралы" Жарлығының
33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
6-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен
Достарыңызбен бөлісу: |