Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет7/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағының нормасын мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдар жобасы бойынша Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, аталған жобаларды Парламент Мәжiлiсiне қарауға енгiзудiң мiндеттi шарттарының бiрi деп түсiнген жөн. Мұндайда көрсетiлген Үкiмет қорытындысының бұдан кейiнгi күшiне енгiзiлу уақытына қарамастан аталған заң жобаларының барлығына болуы қажет.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпы мiндеттi болып табылады, ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.




Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң 200-бабының

Қазақстан Республикасының Конституциясына

сәйкестiгi туралы" ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 4 шiлдедегі N 15/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев,
О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы М.С. Нәрiкбаевтың қатысуымен өзiнiң ашық мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының
4 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабының 3тармағының 1 тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ҚIЖК-нiң 200-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Баяндамашы – Кеңес мүшесi С.Ғ. Темiрболатовты, Жоғарғы Сот Төрағасы М.С. Нәрiкбаевтiң дәлелдерiн тыңдай және өндiрiс материалдарын зерттей келе таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҰЙҒАРДЫ:
1997 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Республиканың Жоғарғы Сотының Қазақ КСР-iнiң ҚIЖК 200-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы мәселенi қарау жөнiндегi Төраға М.С. Нәрiкбаев қол қойған ұсынысы түстi.

Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 27 маусымдағы Қаулысымен Жоғарғы Соттың аталған ұсынысы конституциялық өндiрiске қабылданған болатын.

Жоғарғы Соттың ұсынысынан байқалғаны, Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 76-3-бабының 3-бөлiгiнде көзделген қылмыспен айыпталған В.В. Тишкиннiң тергеуi аяқталған қылмыстық iсiн Павлодар қаласының Ильичевск аудандық соты өкiмдiк мәжiлiсiнде қосымша тергеуге жiберген. Аудандық соттың iстi қосымша тергеуге жiберу жөнiндегi ұйғаруын Павлодар облыстық сотының алқасы мен төралқасы да қолдаған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы Бас прокурордың наразылығы бойынша айыпталушы В. Тишкиннiң келiсiмiнсiз соттың барлық шешiмдерiн бұзып, соттылығын өзгертiп, Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң 200-бабы негiзiнде оның тергеуi аяқталған iсiн сол аумақтағы сол ауданның сотында iстi қарауға болады деп iстi жаңадан қайта қарау үшiн Алматы қаласы соттарының бiрiне жiберген.

Айыпталушының соттылығын оның келiсiмiнсiз өзгертуге болмайтындығын конституциялық құқығы бұзылған деген дәлелмен В. Тишкиннiң соттылығы iсiн өзгерту бөлiгiндегi сот алқасының аталған ұйғаруы бұзылып, iстi жүргiзу тоқтатылған.

Аталған нақты қылмыстық iстiң мән-жайлары Жоғарғы Сот Төрағасының Конституциялық Кеңеске өтiну жасауына, Қазақ


КСР-iнiң Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң 200-бабы Республика Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасына сәйкес келе ме? деген мәселенi қарау жөнiнде жiберген ұсынысына негiз болған.

Жоғарғы Соттың Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң


200-бабының конституциялылығын тексеру жөнiндегi ұсынысын қараған кезде Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасындағы норма "өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды" деп белгiленген.

Республиканың Қылмыстық iстер жүргiзу заңында iстер санатына қарай – Қазақ КСР-iнiң ҚIЖК-нiң 195, 196 және
197-баптары, сондай-ақ қылмыс жасалған жерде iстер тиiстi соттарда ҚIЖК-нiң 200-бабы – қаралады деген норма бар.

Республиканың Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiндегi басқа нормаларда iс соттылығы белгiленбеген, ал ҚIЖК-нiң аталған баптарында қылмыстық iстер соттылығын өзгертудiң тек тәртiбi мен жағдайлары ғана белгiленген.

Талданып отырған конституциялық нормадағы "өзiне заңмен көзделген соттылығын" деген сөз тiркесiн Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiндегi тиiстi баптарда көзделген соттылық деп ұғыну керек, ал ҚIЖК-нiң көрсетiлген, 195, 196, 197 және 200-баптары Конституцияның аталған нормасындағы "заңда көзделген соттылық" ұғымына жатады.

Демек, Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3 тармақшасында бекiтiлген норма өзiнiң қисынды жалғасын тапқан және Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң тиiстi баптарында, соның iшiнде


220-бабында белгiленген "қылмыс қай ауданда iстелсе, iс сол ауданның сотында қаралуға тиiс. Қылмыстың iстелген жерiн анықтау мүмкiн болмаған реттерде, егер бұл iстер бiр мезгiлдiң iшiнде аттас екi соттың немесе бiрнеше соттың қарауына жататын болса, ондай iстi тергеу аяқталған ауданның соты қарайды" деген де құқық реттеудi дамыта түседi.

Жоғарғы Соттың Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 3 тармақшасы бланкеттiк, яғни соттылықты белгiлейтiн нақты заңға сiлтеме жасау болып табылады деген тұжырымын да негiздi деп таныған жөн.

Демек, Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң қылмыстық iстi қылмыс жасалған жердегi сол ауданның сотына жiберу ал қылмыстың жасалған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда қылмыс жасалған жерде iстi қозғаған немесе тергеудi аяқтаған сотқа жiберу белгiленген нормасы 77-баптың 3-тармағының
3 тармақшасында белгiленген Конституциялық нормаға қайшы келмейдi және айыпталушының келiсiмiнсiз оның соттылығы өзгермейтiндiгiнiң конституциялық құқығын бұзбайды.

Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң 200-бабының Конституциялық нормаларға сәйкестiгi туралы мәселенi шеше отырып, Конституциялық Кеңес сонымен бiрге В.В. Тишкиннiң нақты iсi бойынша iс жүргiзу заңының аталған нормасының дұрыс қолданылғандығын қарамады, себебi ол оның құзырына жатпайды.

Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң
200-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпы мiндеттi болып табылады, ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.



Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының

53-57 баптарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.I. Өкеев, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов,
С.Ғ. Темiрболатов қатысқан құрамда 1997 жылғы 15 қазандағы ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiнуiн қарады.

Мәжiлiске өтiну субъектiсiнiң өкiлi заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң мүшесi, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты И.К. Елекеев; Парламент Сенатының өкiлдерi – заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты А.К. Котов; Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлiмiнiң консультанты К.А. Мәутенбаева; маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигi


С.З. Зиманов қатысты.

Баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.I. Өкеевтiң хабарын, И.К. Елекеев, А.К. Котов және К.А. Мәутенбаеваның сөздерiн, академик С.З.Зимановтың қорытындысын тыңдап және қолда бар материалдарды зерттей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҰЙҒАРДЫ:
1997 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтан Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiну түстi. Өтiнуде Парламенттiң өкiлеттiгiн кеңейтудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi, сондай-ақ Парламентке Республика заңдарын, соның iшiнде Конституциялық заңдарды түсiндiру қызметiн беру жөнiнде мәселе қойылды. Конституциялық Кеңеске өтiнуге Парламент Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заң жобасын қараудың нәтижелерi, оны қарау барысында нормативтi актiлердi, соның iшiнде Республика заңдарын ресми түсiндiрудiң субъектiсi туралы туындаған мәселе себеп болды.

Конституциялық Кеңес аталған өтiнудi қараған кезде мыналарды ескердi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарында Палаталардың бiрлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын Парламент өкiлеттiгi, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң ерекше өкiлеттiктерi бекiтiлген. Оған қоса Конституцияның 13) тармақшасында Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында өзiне Конституция жүктеген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру белгiленген.

Аталған конституциялық ереже сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Жарлығының 5-бабында да бекiтiлген. Бұл нормаға сәйкес, Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен және жеке отырыстарындағы Парламент құзырын, Палаталардың ерекше құзырын Республика Конституциясы белгiлейдi және олар Парламент сессияларында, Парламент Палаталарының қызметi арқылы жүзеге асырылады.

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент өкiлеттiгiнiң түпкiлiктi тiзiмiн белгiлеп берген және Парламент өкiлеттiгi көлемiн әдеттегi немесе конституциялық заң қабылдау жолымен өзгерту көрсетiлмеген. Парламент өкiлеттiгiн кеңейту немесе тарылту процедурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағында көрсетiлген Республиканың Негiзгi Заңына өзгертулер, толықтырулар немесе түзетулер енгiзу жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламентке заңдарды, соның iшiнде конституциялық заңдарды ресми түсiндiру құқығын беру көрсетiлмеген. Сол себептi де, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Жарлығында мұндай
норма жоқ.

Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру тәртiбiмен Конституциялық Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53, 54, 55, 56 және 57-баптары Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiлiгiнiң түпкiлiктi тiзiмiн белгiлеп бередi. Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн кеңейту, соның iшiнде Парламентке заңдарды ресми түсiндiру құқығын беру Конституцияның 91-бабының 1-тармағында көрсетiлген тәртiппен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгiзу арқылы ғана мүмкiн болады.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды есепке алғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпы мiндеттi болып табылады, ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 4 ақпанда қабылдаған, Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң

(ерекше бөлiм) Республика Конституциясына сәйкестiгi

туралы өтiнiшi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1998 жылғы 27 наурыздағы N 1/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң заң және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi Т.С. Донаков, Қазақстан Республикасы Мәжiлiсi мен Сенатының өкiлдерi, депутаттар
В.И. Пригодин және А.К. Котовтың қатысуымен өзiнiң ашық мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының Парламентi 1998 жылғы 4 ақпанда қабылдаған, қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы, Кеңес мүшесi С.Ғ. Темiрболатовты, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi Т.С. Донаков, Республика Мәжiлiсi мен Сенатының өкiлдерi В.И. Пригодин мен А.К. Котовты тыңдай және сарапшы, заң ғылымының докторы, профессор


А.Л. Маковский мен мамандар – заң ғылымының докторы, профессор М.А. Сәрсенбаев және заң ғылымының кандидаты, доцент Г.Б. Исбаеваның берген қорытындыларымен, сондай-ақ осы өтiнiш бойынша басқа да материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
1998 жылғы 2 наурызда Республиканың Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Президентiнен Азаматтық кодекстiң (ерекше бөлiм) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы өтiнiш түскен болатын.

Азаматтық кодекстiң (ерекше бөлiм) мазмұнын, Конституциялық Кеңестiң сұрауымен түскен материалдарды сарапшы және мамандар қорытындыларын зерттей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Республика Парламентi Палаталарының өкiлдерiн тыңдай келе, Конституциялық Кеңес жалпы алғанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) конституциялық нормаларға сәйкес келедi


деп тапты.

Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Азаматтық кодекстiң (ерекше бөлiм) "Халықаралық жеке құқық" атты 7-бөлiмiнiң кейбiр нормалары Республика Конституциясының нормаларына сәйкес келмейдi.

Мәселен, Азаматтық кодекстiң (ерекше бөлiм) 1085-бабының 3-тармағында "Шет елдiк құқықты қолдану тек аталған норманың жария-құқықтық сипаты болғанда ғана шектелмеуге тиiс" делiнген. Азаматтық кодекстiң осы редакцияда берiлген мазмұны мен мәнiне жүгiнсек, шет елдiк мемлекеттiң жария-құқық нормалары Қазақстан Республикасының аумағында сөзсiз қолданылуы мүмкiн. Жеке құқықтық қатынастарды реттейтiн Азаматтық кодекстiң аталған нормасы Конституцияның 4-бабының 1-тармағында бекiтiлген норма талаптарына қайшы келедi, соған сәйкес, Республикада қолданылып отырған құқыққа елдiң халықаралық шарттары мен басқа да мiндеттемелерiнiң нормалары, оларды Республика бекiткен жағдайда ғана, енгiзiледi. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын және 12-бабының
2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1996 жылғы 28 қазандағы N 6 Қаулысында тұжырымдалған.

Азаматтық кодекстiң 1085-бабының 3-тармағының редакциясында айтылғандар шет елдiк жария-құқық нормаларының егемен мемлекеттiң жария-құқықтық қатынастарына баса көктеп кiрудi қарастырады. Мұндай қолданысқа жол бере отырып, заң шығарушы егемен Қазақстан Республикасының жария-құқықтық қатынастарына келтiрiлген нұқсанмен ерiктi түрде келiсетiн болады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң "Қарсы шектеуiндегi" 1094-бабында "Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының азаматтары заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулерi бар мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты қарсы шектеулер (реторсиялар) белгiлеуi мүмкiн" делiнген норма бар. Берiлiп отырған редакциядағы Азаматтық кодекстiң бұл нормасы Республиканың Негiзгi заңының 39-бабының 1-тармағында және 61-бабының
3-тармағының 1) тармақшасында бекiтiлген екi бiрдей конституциялық нормаға қайшы келедi.

Конституцияның 39-бабының 1-тармағында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңмен ғана шектелуi мүмкiн делiнген, демек, Үкiметтiң басқа мемлекеттердiң азаматтарының құқығына қатысты қарсы шектеулер белгiлеуi, Азаматтық кодекстiң 1094-бабында көрсетiлгенiндей, аталған конституциялық нормаға қайшы келедi.

Оған қоса Азаматтық кодекстiң 1094-бабы Республика Үкiметiне азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына қатысты қарсы шектеулердi енгiзуге құқық бергенiмен, Республика Конституциясының 61-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының: "Парламент ... жеке және заңды тұлғалардың субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне ... қатысты негiзгi ... нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы" делiнген талаптарына сай келмейдi.

Азаматтық кодекстiң 1094-бабы, сондай-ақ Негiзгi заңның 3-бабының 4-тармағында белгiленген билiктi бөлiстiру жөнiндегi конституциялық қағидаға да қайшы келедi.

Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабының 2-тармағының 1) тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасының Президентiне 1998 жылғы 11 ақпанда қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (ерекше бөлiм) 1085-бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1 және
3-тармақтарына сәйкес емес деп танылсын.

2. Азаматтық кодекстiң (ерекше бөлiм) 1094-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының


4-тармағына, 39-бабының 1-тармағына және 61-бабының
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес емес деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 39-бабының


1-тармағына сәйкес, Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдарға қол қойылмайды және ол күшiне енбейдi.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес, осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағына жалпы мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды есепке алғанда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.



Жамбыл облыстық сотының "Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2 бөлiгiн және

288-бабының 1 бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы" өтiнiшi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi Н.И. Акуев, Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ысқанов, В.В. Мамонов,
С.Ғ. Темiрболатов қатысқан құрамда, сарапшы – Қазақтың мемлекеттiк заң университетiнiң кафедра меңгерушiсi, заң ғылымының кандидаты А.А.Тарановтың қатысуымен, 1998 жылғы
5 маусымда өзiнiң ашық мәжiлiсiнде Жамбыл облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң
280-бабының 2-бөлiгiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi Н.И. Акуевтiң хабарын, сарапшы А.А. Тарановтың сөзiн тыңдай және осы өтiнiш жөнiндегi қолда бар материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҰЙҒАРДЫ:
1998 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Жамбыл облыстық сотынан, оның төрағасы М.Р. Әбiлқайыров Конституцияның 78-бабы бойынша енгiзген, Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiш (ұсыныс) келiп түскен едi. Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiнде аудандық (қалалық) соттың (судьясының) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысы түпкiлiктi және заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша өндiрiстiк тәртiппен арыздануға жатпайды делiнген. Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 288-бабының 1-бөлiгiнде осы Кодекстiң шектеулi тобы белгiленген, ал ол бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қабылданған судья қаулысын судьяның өзi прокурордың наразылығымен бұзуы немесе өзгертуi, сондай-ақ прокурордың наразылығы болмағандығына қарамастан оны жоғарыда тұрған соттың төрағасы бұзуы немесе өзгертуi мүмкiн деп көрсетiлген.

Жамбыл облыстық сотының Конституциялық Кеңеске өтiнiш бiлдiруiне Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 205-1-бабы бойынша қадағалау тәртiбiндегi азамат


Р.В. Лидiң әкiмшiлiк iсi негiз болған. Жамбыл облысының Қордай аудандық соты судьясының 1998 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен азамат Р.В. Лиге заңсыз әкеле жатқан тауарын тәркiлей отырып, айыппұл салу түрiндегi әкiмшiлiк жазасы қолданылған.

Жамбыл облыстық соты Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн және


288-бабының 1-бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы өз өтiнiшiнде судья қаулысына арыздану және наразылық бiлдiру құқығын шектейтiн Кодекстiң аталған нормасы әкiмшiлiк жауапкершiлiгiне тартылған адамды Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында оған берiлген сотта өзiн-өзi қорғау құқығын жүзеге асыру мүмкiншiлiгiнен айырады деп негiзделген.

Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiне және 288-бабының 1-бөлiгiне талдау жасай келе, Конституциялық Кеңес мыналарды ескердi:

Қазақстан Республикасының Конституциясында әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы
(2-тармақ 13-бап) бар делiнген. Конституциялық бұл норманың мазмұны адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн және заңды бұзуға кеп тiрейтiн сот шешiмдерi мен әрекеттерiне арыздану құқығын бiлдiредi. Оған қоса сотта қорғану құқығы шектеуге жатпайтын конституциялық құқықтар қатарына (Конституцияның 39-бабының 3-тармағы) жатады. Сотта қорғану және көлем құқығын жүзеге асыру тәртiбi iс жүргiзу заңымен реттеледi.

Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгi конституциялық нормаға сәйкес келмейдi, ал бұл норма бойынша әркiмге сотта өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепiлдiгi берiлген. Аудандық (қалалық) соттың (судьясының) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысы түпкiлiктi және арыздануға жатпайды деп тану әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi сот билiгiнiң шегiн аудандық (қалалық) сот шеңберiнде шектейдi және сот органдарының жүйесiн және негiзгi өкiлеттiктерiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарына сәйкес келмейдi.

Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 288-бабының 1-бөлiгiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қабылданған судья қаулысын оның өзi прокурордың наразылығымен бұзуы немесе өзгертуi мүмкiн деген осы Кодексте көрсетiлген жеке баптардағы шектеу Қазақстан аумағындағы заңдар мен жарлықтардың, басқа да нормативтi актiлердiң дәл және бiрегей қолданылуына жоғары қадағалау қойылуын жүзеге асыруды прокурорға жүктейтiн Конституцияның 83-бабының 1-тамағы нормасына өзгерiс әкелген. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы ресми түсiндiру ретiндегi қаулысында Конституцияның "прокуратура Республиканың Конституциясына және заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген нормасы прокуратураға соттардың барлық iстер бойынша шешiмдерi мен үкiмдерiне және басқа да қаулыларына наразылық бiлдiру құқығын бередi деп айқындалған.

Демек, Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгi және 288-бабының 1-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының бiрсыпыра нормасының талаптарына қайшы келедi.

Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет