ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгi және 288-бабының 1-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 39, 75, 76 және
83-баптарына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес бұл қаулы ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi. Республиканың барлық аумағында жалпы мiндеттi болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және
3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды есепке алғанда түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану
туралы ұсынымы жөнiнде
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1998 жылғы 6 қазандағы N 7/2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан ашық отырысында Жамбыл облыстық сотының Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын
қарап, мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1998 жылғы 14 қыркүйекте Конституциялық Кеңеске
1981 жылғы 18 мамырда ҚСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.
Конституциялық Кеңестiң мүшесi О.Қ. Ықсановтың баяндамасын тыңдап және ұсынымға қатысты материалдарды, оның iшiнде Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның қорытындыларын зерделей келiп, Конституциялық Кеңес Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын қанағаттандыруға болмайды деп есептейдi.
Жамбыл облыстық соты өзiнiң ұсынымында 1981 жылғы
18 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженiң Конституцияға сәйкес еместiгiн аталған Ереже Азаматтық Кодекстiң (АК) 9-бабына және Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң (ҚIК) 41-44 баптарына қайшы келiп, аталмыш органдардың заңсыз әрекеттерiнен зардап шеккен адамдардың моральдық зиянын өтеу мүмкiндiгiн көздемейдi
деп дәлелдейдi.
Шынында да 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың тартқан залалын өтеу туралы Ережеде шеккен моральдық зиянды өтеудi көздейтiн норма жоқ. Бiрақ бұл азаматты зиянның бұл түрiн өтеудi талап ету құқығынан айырмайды, өйткенi 1995 жылғы 1 наурызда күшiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм)
14-бабы және 1998 жылғы 1 қаңтарда күшiне енгiзiлген Республика Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң 41-44 баптары оған мұндай құқық бередi. Аталған актiлердiң қайсысын - 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген Ереженi ме әлде Республика кодекстерiн басшылыққа алу керек пе деген мәселе туындауы мүмкiн емес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қаулысының 2-тармағына сәйкес ҚСРО-ның заң нормалары, егер олар аталған конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдық және нормативтiк актiлерiне қайшы келмейтiн болса, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыла бередi.
Сөйтiп, 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереже Конституция бекiтiп берген адам және азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi, соның iшiнде оны Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында көзделген сотпен қорғану құқығынан айырады деген Жамбыл облыстық сотының байламы негiзсiз болып табылады. Моральдық залал шеккен кез келген адам, оның iшiнде анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен зиян шеккендер, Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң тиiстi нормаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiгi қабылданғанға дейiн "Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысына сәйкес уақытша қолданылатын 1991 жылғы 31 мамырдағы ҚСР Одағы мен республикаларының азаматтық заңдар Негiздерi нормаларының негiзiнде ондай зиянды өтеу туралы сотқа талап беруге қақылы.
1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен зиян шеккен азаматтың моральдық залалын өтеу тәртiбi туралы Ережеде моральдық зиянды өтеудi көздейтiн нормалардың болмауы сотқа мұндай талаптар беруге кедергi бола алмайды, өйткенi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы
16 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған кодекстерiне, сондай-ақ "Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы
30 қаңтардағы қаулысымен уақытша қолданылуға рұқсат етiлген бұрынғы КСРО-ның заңы КСР Одағы мен республикалары Азаматтық заңдар негiздерiне қолдану басымдылығы берiлген.
Баяндалған мән-жайларда 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереже Конституция бекiтiп берген адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi, оның iшiнде сот арқылы қорғаны конституциялық құқығынан айырады деп дәлелдеуге негiз жоқ. Жамбыл облыстық сотының ұсынымында дау туғызып отырған акт (1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереже) моральдық зиянды өтеу бөлiгiнде жоғарыда көрсетiлген себептерге байланысты қолдануға жатпайды. Егер де сот қолданылуға жататын заңды немесе қандайда бiр нормативтiк құқықтық актiнi Конституция бекiтiлген адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi деп тапса сот, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес Конституциялық Кеңеске ұсыным жасауға мiндеттi.
Жамбыл облыстық сотының Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Республика Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы ұсынымы мына себептермен де қанағаттандырылмайды.
Жамбыл облыстық соты 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ережеде моральдық зиянды өтеу мүмкiндiгi көзделмегендiктен осы Ереженi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп есептейдi. Бiрақ аталған нормативтiк актiде моральдық зиянды өтеуге тiкелей түрде тиым салатын және азаматтың моральдық зиянды өтеудi талап ету құқығына нұқсан келтiредi деп танитындай нақты құқықтық норма жоқ. Сондай-ақ Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi тұтастай конституциялық емес деп тануға жеткiлiктi негiздер жоқ. Заңға тәуелдi актi болып табылатын аталған Ережеде анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен зиянын өтеу тәртiбi, тетiгi бекiтiлген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Бас прокуратурасының куәландыруы бойынша 1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереже iс жүзiнде қолданылып келедi. Демек, оны қолданылмайды (Қазақстан Республикасы аумағында күшiн жойған) деп тану туралы мәселе Қазақстанда тек осы тақiлеттес және мәндес өз актiсi қабылданған соң ғана қойылуы мүмкiн.
Жамбыл облыстық соты өз ұсынымының қорытынды бөлiгiнде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң қабылдануына байланысты 1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Конституцияға сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тануды өтiнедi. Конституциялық Кеңес облыстық соттың бұл талабын негiзсiз деп тапты: жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты актiнi күшiн жойған ("қолданылмайтын") деп тану Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды және Қазақстан Республикасының "нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Актiлердi одан әрi жетiлдiру жұмысы туралы" 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 64 Қаулысына, басқа да кейбiр актiлерге сiлтеме жасай отырып 1981 жылғы 18 мамырдағы Ереже заңдық күшiн жойған деп есептейдi.
Жоғарғы Сот, керiсiнше, аталған Ереже заңдық күшiн жойған жоқ және сот жұмысында қолданылады деп санайды.
Егер соттар және басқа да мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасында осы тақылеттес мазмұнды нормативтiк акт болмағандықтан "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қаулысының талаптарын сақтап, қаралып отырған актiнi уақытша қолданып келген болса, онда оны қолданылмайды (Қазақстан Республикасы аумағында күшiн жойған) деп тану туралы мәселе Қазақстанда тек осы тақiлеттес және мәндес өз актiсiн қабылдаған соң ғана
қойылуы мүмкiн.
Егер қаралып отырған нормативтiк акт шынында да күшiн жойған болса, соттар оны қолданбауға тиiс. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары заңдық күшiн жойған конституциялық актiлердi тексерудi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатқызбайды.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын Қазақстан Республикасы Президентiнiң, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33,
37-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жамбыл облыстық сотының Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң қабылдануына байланысты 1981 жылғы 18 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тануы қабылданбасын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға мiндеттi, түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының
4-тармағында көзделген жағдайларды есепке ала отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының
2-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
1998 жылғы 9 қазандағы N 9/2 қаулысы
Конституциялық Кеңес құрамында Конституциялық Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов,
С.Ғ. Темірболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісі өкілі – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.З. Бекбаевтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Конституциялық Кеңес мүшелері, баяндамашылар
В.Д. Шопин мен Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, осы өтінішке қатысты материалдармен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1998 жылғы 8 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының
2-тармағындағы "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігін ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
Өтініште "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздердің мағынасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін қалай және кім белгілейтін болады деген мәселе қойылған.
Осы өтінішке қатысты материалдарды зерделеп, және тіл мамандарының пікірлерін негізге ала отырып, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған мәселелер бойынша мынадай
түсінік береді,
"Мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздер қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деген ұғымды білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және басқа да мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы бекіткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 8-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысы анықтайды.
Баяндамалардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру ретінде Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабы
2-тармағы нормасының "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігінің қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деп ұғу керек.
Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және басқа да мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес осы Қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы
қазанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiмi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1998 жылғы 16 қарашадағы N 10/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким, Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлi – Н.С. Молдахметов, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – депутат Л.С. Мусина, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлдерi – депутаттар В.Н. Веснин,
В.Я. Землянов, М. Көпей, А.М. Рамазанов, шақырылғандар – Республикалық аудиторлар палатасының президентi –
С.Х. Көшкiмбаев, Республикалық аудиторлар палатасының сарапшысы – Б.Х. Ғалиев, ЮСАИД Бухгалтерлiк есеп реформа жобасының сарапшысы – Энтони Джоффре, жоба консультанты В.Продедович қатысқан 1998 жылғы 16 қарашадағы ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi" туралы конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
2-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Н.Ө. Балғымбаевтың 1998 жылғы
2 қазанда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiмiн қарады.
Баяндамашылар – Конституциялық Кеңес мүшелерi
С.Ғ. емiрболатовтың және В.Д. Шопиннiң хабарламаларын, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар: Н.С. Молдахметовтың, Л.С. Мусинаның, В.Н. Весниннiң, В.Я. Земляновтың, А.М. Рамазановтың, С.Х. Көшкiмбаевтың және Э. Джоффренiң пiкiрлерiн тыңдап, және табыс етiлген материалдарды зерделей келiп, Конституциялық Кеңес мынаны
АНЫҚТАДЫ:
998 жылғы 19 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Н.Ө. Балғымбаевтың
1998 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған және 1998 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға табыс етiлген "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiмi келiп түстi.
Премьер-Министрдiң өтiнiмiнде қабылданған Заңның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкес еместiгiн негiздеу үшiн мынадай дәлелдер келтiрiлген:
1. "Аудиторлық қызмет туралы" Заң аттестациялауды жүргiзу функциясын Аудиторлар палатасына жүктеу бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттiк органдар функцияларын қоғамдық бiрлестiктерге жүктеуге болмайды деген
5-бабының 2-тармағына қайшы келедi.
2. Заң Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағы белгiлеген процедураны бұза отырып қабылданған.
3. Аумақтық палаталар мен Республикалық палата аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдардағы мүдделерiн көздейдi деп белгiлеген Заңның 8-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы және
2-тармағының 2) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 және 39-баптарына, сондай-ақ азаматтардың бiрлестiк құру бостандығы құқығын шектейтiндiктен 23-бабына да қайшы келедi.
4. Заңның 8, 9, 10, 11 және 16-баптарында Аудиторлар палатасына – мемлекеттiк емес ұйымға аудит стандарттарын дайындау, аудитор кандидаттарының бiлiктiлiк деңгейiн анықтау, аттестация жүргiзу және аудиторлардың ағымдағы қызметiне бақылау жасау өкiлеттiгi берiлген.
Ұсынылып отырған "Аудиторлық қызмет туралы" Заңның мазмұнын, осы бойынша әзiрленген материалдарды зерделеп және талдап, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың пiкiрiн тыңдағаннан кейiн Конституциялық Кеңес мынадай қорытындыларға келдi:
1. "Аудиторлық қызмет туралы" Заңның 9-бабының
1-тармағына сәйкес аудитор кандидаттарының бiлiктiлiк деңгейiн анықтау үшiн аттестациялауды уәкiлеттi орган бекiткен бiлiктiлiк талаптары негiзiнде емтихан алу арқылы Бiлiктiлiк комиссиясы жүзеге асырады. Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға кандидат адамды аттестациялауды, талданылып отырған Заңның 2-бабының 1-тармағында аудиторлық қызмет нақ осылай аталған, мемлекеттiк органның функцияларына жатқызуға болмайды, өйткенi кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiң ықпалы кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеумен және оның болашақ қызметiн лицензиялаумен шектелген ("Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9, 15, 16 - баптары). "Аудиторлық қызмет туралы" Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Бiлiктiлiк комиссиясының аудитор кандидатын аттестациялау аудиторлық қызметпен шұғылдануға лицензия алу үшiн қойылатын шарттардың бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығының 15 және 16-баптарында лицензия алу үшiн лицензиаттың бiлiктiлiк деңгейге, қызметтiң осы түрi үшiн қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн растайтын құжат қажет деп белгiленген. Айтылған Заңда лицензиаттың бiлiктiлiк деңгейiн анықтау лицензия берген органның (лицензиардың) өкiлеттiгiне жататыны көзделмеген. Мұндай норма Республика Конституциясында да жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар Бiлiктiлiк комиссиясының, мемлекеттiк емес ұйым ретiнде, аудитор кандидаттарын аттестациялауды Қазақстан Республикасы Конституциясы
5-бабының 2-тармағына қайшы келедi деуге негiз болмайды.
Премьер-Министрдiң өтiнiмiнде "Аудиторлық қызмет туралы" Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгiленген Бiлiктiлiк комиссиясының аудитордың куәлiгiнiң күшiн жою үшiн негiз аудиторлар палатасына аудиторлардың кәсiпкерлiк қызметiне бақылау жасау функциясы берiлуiне байланысты, өтiнiм объектiсiнiң пiкiрiнше, бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 2-тармағына қайшы келедi. "Аудиторлық қызмет туралы" Заңда (8-бап) аудиторлар палатасына аудиторлардың кәсiпкерлiк қызметiне бақылау жасау құқығы берiлмегендiктен Конституциялық Кеңес мұндай пайымдаумен келiспейдi. Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (20-бабының 2-тармағы) сәйкес "Бақылау жасау және қадағалау құқығымен мұндай құқықты арнайы заң берген мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар ғана пайдаланады": "Аудиторлық қызмет туралы" Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) және
4) тармақшаларында белгiленген бiлiктiлiк күшiн жою негiздемелерiн бiлiктiлiк комиссиясына басқа органдар да, оның iшiнде соттар да анықтап, ұсынуы мүмкiн.
2. Өтiнiм субъектiсiнiң "Аудиторлық қызмет туралы" Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағы белгiлеген процедураны бұза отырып қабылданған деген пайымдауын Конституциялық Кеңес негiзсiз деп есептейдi.
Өтiнiмде жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын белгiлеу құқығын мемлекетке бекiтiп берген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы 4-тармағына сiлтеме жасалғанда онда оқу орындары үшiн бiлiм беру стандарттары туралы айтылғаны ескерiлмеген. Конституцияның осы нормасы аудиторлардың бiлiктiлiгiмен байланысты қатынасты реттемейдi, қабылданған Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес жоғары бiлiмi бар және белгiлi бiр салаларда кем дегенде бес жыл жұмыс iстеген адамдар аудитор бола алады.
Сонымен қатар "аудитор" мамандығы 1993 жылғы 18 қазанда қабылданған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енген кезден берi бар. "1997 жылғы бiлiктiлiк емтихандарының бiрыңғай бағдарламасы" дайындалған және қолданылып жүр.
Демек, қабылданған заң, бiлiм берудiң жаңа стандарты жасалмағандықтан, қосымша бюджеттiк қаражат шығынын қажет етпейдi.
3. Республика Премьер-Министрiнiң өтiнiмiнде аумақтық және Республикалық палаталардың мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерiн көздеуi Конституцияның
12 және 39-баптарына қайшы келедi және Конституцияның
23-бабында көзделген азаматтардың бiрлестiк құру бостандығы құқығын шектейдi деп дәлелденген.
Осы дәлелдi негiздегенде "Аудиторлық қызмет туралы" Заңда бекiтiлмеген ереже өтiнiмге енгiзiлген, нақты айтқанда "Республикалық және аумақтық палаталар аудиторлардың мүдделерiн, осы палаталарға аудиторлардың мүшелiгiнен тәуелсiз көздейдi".
Басқа құрылымдарда кәсiби ұйымдар олардың мүддесiн көздегенде азаматтардың бiрлестiк құру бостандығы құқығы шектеледi деп дәлелдеу негiзсiз болып табылады және ол қабылданған Заң мәтiнiнде жоқ ережелердi пайдалану нәтижесiнде пайда болса керек. Палатада бiрiккен аудиторлар, басқа құрылымдарда мүдделерiн қорғау құқығын өз еркiмен бiрлестiктерiне бередi, мұндай жағдайда басқа аудиторлардың (палатаға кiрмегендерiнiң) бiрлесу құқығын ешқандай да шектеу Заңда көзделмеген.
4. Премьер-Министрдiң өтiнiмiнде қабылданған Заңның
8, 9, 10, 11 және 16-баптарында Аудиторлар палатасына – мемлекеттiк емес ұйымға аудит стандарттарын дайындау, аудитор кандидаттарының бiлiктiлiк деңгейiн анықтау, аттестация жүргiзу және аудиторлардың ағымдағы қызметiне бақылау жасау өкiлеттiгi берiлген деп көрсетiлген. Бұл жерде, өтiнiм субъектiсiнiң пiкiрi бойынша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына концептуальдық қайшылық бар.
Аудитор кандидаттарының бiлiктiлiк деңгейiн анықтауды және оларды аттестациялауды Конституция және қолданылып жүрген Заңдар тек мемлекеттiк органдардың функциясына жатқызбайтындықтан және қабылданған заңның аудиторлардың ағымдағы қызметiне бақылау жасау құқығын палатаға бермегендiктен бұл дәлелдемемен келiсуге болмайды.
Аудит стандарттарын дайындау жөнiндегi Аудиторлар палатасы өкiлеттiгi мәселесi бойынша Конституциялық Кеңес мына жағдайларды ескередi.
Қабылданған Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес "аудит стандарттары Республикалық аудиторлар палатасының конференциясында (жиналысында) қабылданады және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiтедi". Осы норма Заңның күллi мазмұны аудит стандарттарын бекiту процесiне мемлекет пен оның органдары тiкелей ықпал жасайды, сонымен бiрге оларды дайындаумен кәсiби ұйымдар тiкелей айналысады деуге негiз болады. Аудит стандарттарының барлық дайындау, қабылдау және бекiту процедурасында уәкiлеттi мемлекеттiк органның бекiтуi шешушi кезең болып табылады.
Демек – Аудиторлар палатасына мемлекет пен оның органдарына ғана тиiстi өкiлеттiктi бермегендiктен, қабылданған Заң Республика Конституциясының 3-бабына қайшы келмейдi.
Сонымен "Аудиторлық қызмет туралы" Заңды конституциялық емес деп тану үшiн жеткiлiктi негiз жоқ.
Баяндалғанның негiзiнде және Республика Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |