Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет9/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы
-қазанда қабылдаған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары – конституциялылығына Республика Премьер-Министрi дауласып отырған 8-баптың
1-тармағының 6) тармақшасы және 2-тармағының 2) тармақшасы,
9-баптың 1-тармағы, 10-бап, 11-баптың 1-тармағының 3) және
4) тармақшалары және 16-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес қаулы түпкiлiктi болып табылады, шағымдануға жатпайды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, қабылданған күнiнен бастап
күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiнiң

261-бабының үшiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану

туралы ұсынымы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1998 жылғы 27 қарашадағы N 14/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю. Ким және Кеңес мүшелерi
Ж. Бұсырманов, О. Ықсанов, В. Мамонов, С. Темiрболатов және
В. Шопин қатысқан ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiнiң 261-бабының үшiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымын қарап, мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiнiң 261-бабының үшiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық кеңеске 1998 жылғы 25 қарашада ұсыным жасады.

Республика Жоғарғы Сотының ұсыныммен өтiнiм жасауына әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 188-2-бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылған азамат Ә.М. Қажыгелдиннiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсiнiң адвокаттардың арыздары бойынша осы аталған сотта қайта қаралуы себеп болған.

Ұсынымда заң мен сот алдында азаматтардың тең екенi туралы конституциялық ережелердi бұза отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 261-бабының үшiншi бөлiгi 52, 148, 164 және басқа да баптар бойынша жауапкершiлiкке тартылған адамдардың iс қаралған кезде мiндеттi түрде қатысуға тиiстiлiгiн, ал шақыру бойынша қатысудан жалтарған жағдайда мәжбүрлеп алып келуге ұшыратылуы мүмкiндiгiн көздейдi деп дәлелденген.

Жоғарғы Соттың пiкiрi бойынша құқық бұзушылық тек жекелеген түрлерi бойынша және тек жекелеген адамдарға қатысты тиiстi органға келу мәселелерiндегi мiндеттiлiк пен мәжбүрлеу, сондай-ақ органдардың жалтаруды бұлтартпау бойынша мiндетi Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтарына қайшы келедi, осы адамдардың құқығына көрiнеу нұқсан келтiредi.

Баяндамашы – Кеңес мүшесi С.  Темiрболатовтың хабарламасын тыңдап және Жоғарғы Соттың ұсынымы бойынша материалдарды қарай келiп, Конституциялық Кеңес сот дәлелдемелерiн негiздi деп табады және мынаны ескередi:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының


1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екенiн белгiлейдi. Конституцияның осы бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды".

Осы Конституциялық нормалар кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан адамның және азаматтың заң мен сот алдында құқықтары тең екенiн көрсетедi.

Демек, адамды сот жауапкершiлiгiне тартқанда осы конституциялық нормалар ешқандай шектеусiз, Республика Конституциясының 39-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. Сот iстерi бойынша iс қозғалғанда заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi туралы конституциялық талап та сақталуға тиiстi.

Алайда, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 261-бабының екiншi бөлiгiнде iстi жауапқа тартылған адамның қатысуынсыз қарау мүмкiндiгi көзделсе, Кодекстiң осы бабының үшiншi бөлiгiнде осы ережеге кереғар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң осы бөлiгiнде айтылған баптары бойынша жауапкершiлiкке тартылған адамдар олардың iстерi қаралған кезде қатысуға мiндеттi деп жазылған.

Конституциялық Кеңес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң осы нормасында сот алдында теңсiздiк белгiленген деп санайды.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 261-бабының үшiншi бөлiгiнде бекiтiлген заң нормасы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiндiктен Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына және 39-бабының


3-тармағына қайшы келедi деп пайымдауға мүмкiндiк бередi.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес



ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1984 жылғы 22 наурызда қабылданған Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiнiң 261-бабының үшiншi бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының
14-бабымен баянды етiлген адамның және азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiретiндiктен конституциялық емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 39-бабының 2-тармағына сәйкес Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар конституциялық емес болып табылғандықтан өзiнiң заңдық күшiн жояды және қолдануға жатпайды. Мұндай заңға негiзделген соттардың және басқа құқық қолдану органдарының шешiмдерi орындалуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке ала отырып, шағымдануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Парламентi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген Конституция нормалары бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы

53-бабының 1) тармақшасына және 91 бабының

1-тармағына ресми түсiнiк беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 13/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы
53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсiнiк беру туралы өтiнiмiн қарады. Өтiнiм бойынша материалдарды зерделей келiп, баяндамашы Кеңес мүшесi В.В.Мамоновтың хабарламасын тыңдап Қазақстан Республикасы Конституциясының Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
1998 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы нормалары бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының
1-тармағына ресми түсiнiк беру туралы өтiнiмi келiп түстi. Өтiнiмде 1998 жылғы 7 қазанда қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселе қойылған.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабы


1) тармақшасын талдағанда Конституциялық Кеңес мынаны
негiзге алады.

Конституция 53-бабы 1) тармақшасында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң шығарушы орган ретiнде басты функциясын орындауына байланысты оның аса маңызды өкiлеттерiнiң бiрi белгiленген. Көрсетiлген норма мен Парламент Палаталардың бiрлескен отырысында "Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi" деп белгiленген. Конституцияның келтiрiлген нормасының мағынасы Парламент Негiзгi Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқықты екенiн бiлдiредi. Конституцияның 3-бабына сәйкес Парламент заң шығарушы орган ретiнде өзiнiң конституциялық өкiлеттiктердi шегiнде өз фракцияларын жүзеге асыруға мiндеттi. Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге байланысты Парламент құзыретi Конституция 91-бабының 2-тармағымен шектелiп, онда "Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды" деп белгiленген. Демек, Қазақстан Республикасы Парламентi, Конституция 91-бабының 2-тармағында көрсетiлген мәселелердi қоспаған ретте, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқықты.

Конституция 91-бабының 1-тармағы қолданылып жүрген Конституцияға өзгерiс енгiзу тәртiбiн регламенттейдi, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы мәселе қоюға құқық беретiн конституциялық бастама субъектiлерiнiң аясын анықтайды.

Конституция 91-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентiнiң өз бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiмi бойынша өткiзiлетiн республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн. Егер Президент оны Парламенттiң қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен қабылданады".

Келтiрiлген норманың мағынасы Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәселенi қою құқығы Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Үкiметiне берiлгенiн бiлдiредi. Оны заң жобасын республикалық референдумға не Парламенттiң қарауына шығару арқылы Республика Президентi жүзеге асыра алады.

Егер Президент оны Парламенттiң қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламент шешiмi Конституцияның 53-57, 62 және


91-баптарында белгiленген талаптарды сақтай отырып қабылданады.

Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жобаны республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамай тастаған жағдайда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен заңды қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Президентi осы заңға қол қоюды немесе оны республикалық референдумға шығаруы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселенi Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының 78-бабында белгiленген тәртiппен қарауы мүмкiн.

Баяндағанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының


1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсiнiк беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 1) тармақшасын Парламент, Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша, Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгiленген мәселелерден басқа барлық мәселе бойынша, Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге хақылы деп түсiну қажет.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағын Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдум немесе Конституцияның өзi және заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес Парламент енгiзуi мүмкiн деп түсiну қажет.

3. Қаулы, Қазақстан Республикасы Конституциясының
74-бабының 3-тармағына сәйкес, қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының
2 және 3-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде шағымдануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынған "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiмi жөнiнде
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1999 жылғы 4 ақпандағы N 16/2 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамына Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, және Кеңес мүшелерi Н.И. Акуев,
Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов қатысқан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Заңдар және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi К.К.Әлжановтың Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлдерi: Сенат депутаттары О.С. Сәпиев пен Г.В. Кимнiң, Мәжiлiс депутаттары
М.В. Трошихиннiң, В.Н. Весниннiң және А.М. Рамазановтың, Парламент Мәжiлiсi Аппаратының бас сарапшылары К. Әмiренов пен Ф.П. Ширяевтiң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспектрi
А.А. Аманжоловтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынған "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiмiн қарады.

Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.И. Акуевтiң хабарламасын, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi К.К.Әлжановтың, Премьер-Министрдiң өкiлi А.А. Аманжоловтың, Парламент өкiлдерi


В.Н. Весниннiң, М.В. Трошихинның, А.М. Рамазановтың және
Г.М. Кимнiң сөйлеген сөздерiн тыңдап және осы өтiнiмге қатысты қолдағы бар құжаттар мен материалдарды зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Конституциялық Кеңеске 1998 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынған "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiмi келiп түстi. Осы өтiнiм 1999 жылғы 4 қаңтарда конституциялық iс жүргiзуге қабылданды.

"Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның жобасын, келiсiм рәсiмдерiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзiп, Парламент Мәжiлiсi мақұлдаған және Сенаты қабылдаған. Парламент қабылдаған Заң 1998 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға табыс етiлген.

Өтiнiм субъектiсi өкiлiнiң пiкiрi бойынша Парламент қабылдаған "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заң мынадай негiздемелер бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi:

1) Заңның реттейтiн нысанасы (өсiмдiктер карантинi) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының


3-тармағына сәйкес Парламент заң шығаруға құқылы қоғамдық қатынастар аясына жатпайды;

2) "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның арнайы уәкiлеттi органы – орталық атқарушы орган функцияларын жүзеге асыратын Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитарлық қызметтi құруды көздеуi орталық атқару органдарын құруды, қайта құруды және таратуды Мемлекеттiк басшысының құзыретiне жатқызатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы


3) тармақшасына қайшы келедi;

3) Мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн заң жобалары тек Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiледi деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағының талабы бұзылған.

Өтiнiм субъектiсi өкiлiнiң келтiрген дәлелдерiн қарап, Конституциялық Кеңес "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңды конституциялық емес деп тануға негiз жоқ деп тапты.

1. "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заң реттейтiн нысана Парламенттiң заңдар шығаруына құқық беретiн Конституцияның


61-бабы 3-тармағының 9), 11) және 7) тармақшаларында көзделген қоғамдық қатынастарға жатады. Парламент "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңды қабылдағанда өз өкiлеттiктерi шегiнде iс-әрекет жасаған және оның құзыретi тұрғысынан осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келедi.

2. Өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк фитосанитарлық қызметтi құруды көздейтiн "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның 5-бабы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Республика Үкiметiнiң құрамына енбейтiн орталық атқарушы органдарды құру, тарату және қайта құру құқықтарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының


3) тармақшасына қайшы келмейдi.

Қаралып отырған Заң нормаларын талдау Заңның Өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк фитосанитарлық қызметтiң нақты мәртебесiн анықтамайтынын, бұл мәселенi шешу құқығын Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiп отырғанын (Заңның 5-бабы) көрсетедi. Демек, "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда көрсетiлген өкiлеттiктерiн бұзады деп дәлелдеуге негiз жоқ.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының
6-тармағында мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн заң жобалары тек Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiледi деп белгiленген. Мына жағдайда "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңның жобасы бойынша Үкiметтiң өзi заң шығаруға бастамашы болуы қабылданған Заңды орындауға байланысты болуы мүмкiн мемлекеттiк шығындарға деген оның келiсiмiн бiлдiредi.

Баяндалғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және


37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы
15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынған "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Конституциясы


74-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданған күннен бастап күшiне енедi және Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының

1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына,

77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми

түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi
Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары В.Н. Веснин мен А.М. Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.А. Коржованың, Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрi Б.А. Мұхамеджановтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына,
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарады.

Баяндамашылар – Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев пен


Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, осы өтiнiм бойынша конституциялық өндiрiске қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ, сарапшылар – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспондентi, Мемлекет және құқық институтының директоры
Ғ.С. Сапарғалиевтың және заң ғылымдарының докторы, "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнiң профессоры С.А. Димитрованың қорытындыларымен таныса келiп, Конституциялық Кеңес мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына,
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi. 

Конституциялық Кеңеске өтiнiм жасауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Парламентке зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың жекелеген санаттарының жеңiлдiктерi туралы заңдарға өзгерiстер енгiзу туралы заңдардың жобаларын енгiзуi себеп болды. Парламент депутаттары әлеуметтiк жәрдемақы төлемiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке көшiрудiң заңдылығына күмән келтiредi, өйткенi, олардың пiкiрiнше, бұл азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша кемсiтуге және Конституцияның 14-бабының


1-тармағында көзделген заң алдында жұрттың бәрi тең деген принциптi бұзуға әкеп соғады. Сонымен қатар, олар жұмыссыздық бойынша берiлетiн жәрдемақыны халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар санатынан шығарып тастау азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқықтарын жоғалтуына әкеп соғады, ал бұл Конституцияның 24-бабының 2-тармағының нормасына қайшы келедi деп есептейдi. 

Парламент депутаттары, сондай-ақ, жаңа Заңда зейнетақының мұндай түрiнiң болмауына байланысты "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы"


1997 жылғы 20 маусымдағы  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн тағайындалған зейнетақылардың төлемiн тоқтатудың, сондай-ақ бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барынша жоғары мөлшерлерiн азайтудың заңдылығы туралы мәселе көтерген. Осыған байланысты Конституцияның
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы нормасын бұзуға әкеп соғуы ықтимал, азаматтардың ахуалын нашарлататын заңдарды шығаруға заң шығарушы органның құқылылығы туралы
мәселе қойған.

Көрсетiлген мәселелердi қарағанда Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екендiгiн (1-тармақ), тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайтынын белгiлейдi (2-тармақ). Келтiрiлген норма адам құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және адамның заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн бiлдiредi.

Әлеуметтiк жәрдемақылардың төлем тәртiбi оларды республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден көрсетiлген төлемдердi жүзеге асыруды көздейтiн заң актiлерiмен регламенттеледi. Төлем көздерiнiң өзгеруi азаматтардың әлеуметтiк жәрдем ақыға деген құқығына нұқсан келтiрмейдi. 

2. Конституцияның 24-бабының 2-тармағы әлеуметтiк қорғаудың нақты түрлерiн белгiлемейдi. Нақтырақ айтқанда, "Халықты еңбекпен қамту туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы "жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау" конституциялық ереженi нақтылай келiп, тұтас бiр шаралар кешенiн, оның iшiнде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемiн, кәсiби дайындық, бiлiктiлiгiн көтеру және қайта дайындау кезеңiндегi стипендия төлемiн жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартқанда жұмыс берушiнiң шыққан шығынының бiр бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен төлеудi көздеген.

Демек, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау тек жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемiмен шектелiп қалмайды және оны қорғау шаралары жүйесiнен алып тастау азаматтың Конституцияның 24-бабының 2-тармағында көзделген оны жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқығынан айырмайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасында азаматтардың жауапкершiлiгiн белгiлеген немесе күшейткен, жаңа мiндеттер жүктеген немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды деп жазылған. Конституцияның осы нормасын азаматтардың құқық бұзушылық үшiн заңдық жауапкершiлiгiн реттеу саласына жататын және жауапкершiлiктiң жаңа түрлерiн белгiлейтiн немесе оны жаңа санкциялар енгiзу жолымен күшейтетiн, яғни айтқанда, құқық бұзушылық жасаған азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды деп түсiну керек. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен жойылатын немесе жұмсартылатын болса, онда жаңа заңның керi күшi болады.

Жоғарыда көрсетiлген заңдардың керi күшi туралы Конституцияның нормасы құқық қолдану қызметiн жүзеге асыратын соттар, мемлекеттiк органдар және лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болады. Парламенттiң қалыптасқан жағдаяттар мен тиiмдiлiк принципi негiзiнде жаңа заңдық нормаларды белгiлеуге, оның iшiнде – әрдайым өзгерiп отыратын және серпiмдi қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi кемшiлiктердi жоюға құқығы бар. Парламент қабылдаған заңдар егер бұл туралы шешiм заңның өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы қаулыда бекiтiлген болса керi күшiмен қолданылуы мүмкiн. 

Баяндалғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1 және 2-тармақтарына,
24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет