Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет43/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-тармағымен кепiлдiк берiлген, жеке салымдар мен жинаған қаражаттың құпиялылығы сақталуына құқығын, салымшының өзi туралы, оған тиесiлi ақша немесе өзге мүлiк, солардың iшiнде, банктiк салымдары, өзге де шоттары мен жинаған қаражаты туралы, шаруашылық жүргiзушi субъекттердiң жарғылық капиталдарындағы үлестерi және өзге де мүлкi, сондай-ақ олармен жасалатын операциялар туралы салымшының заңмен қорғалатын кез келген, тұлғалардың шектеусiз тобы үшiн жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылмайтын мәлiметтердiң жария етiлмеуiне құқығы деп
түсiнген жөн.

2. Конституцияның 18-бабының 2-тармағымен көзделген, әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиялылығы сақталуына құқығын шектеудiң шектерi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-тармағы,


39-бабының 1 және 3-тармақтары ескерiле отырып, Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес заңмен айқындалуға тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Парламентi 2009 жылғы 17 маусымда қабылдаған, "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкiметiне, көрсетiлген заңдар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнаманы Конституциялық Кеңестiң осы Нормативтiк қаулысындағы құқықтық позицияларына сәйкестендiрудi көздейтiн заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзуге бастама жасау ұсынылсын.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сай Нормативтiк қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

6. Осы Нормативтiк қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiн орындау тәртiбiне қатысты қолданыста ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2009 жылғы 5 қарашадағы N 6 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi М.Б. Бекетаевтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Заңнама және құқық мәселелерi комитетiнiң төрағасы Б.М. Имашевтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


С.Ғ. Темiрболатовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Р.Е. Дәленовтiң,

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi –Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Департаментiнiң директоры
Т.Б. Оразаевтың,

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының өкiлi – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының құқық департаментi директоры Н.Б. Слюсарьдiң қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-, Министрi К.Қ. Мәсiмовтiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының нормаларын Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан осы нормада белгiленген басымдығының қолданылуы және олардың осындай шарттарға сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiне тiкелей қолданылуы бөлiгiнде" ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


В.А. Малиновскийдiң хабарлауын, отырысқа қатысушылардың және сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, профессор
Е.М. Абайдiлдиновтiң, заң ғылымдарының докторы, профессор
М.А. Сәрсембаевтың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Еуропа Кеңесiнiң құқық арқылы демократия үшiн Еуропалық Комиссиясының (Венециялық комиссиясының) сарапшылары А. Нюсбергердiң және Е. Танчевтiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Бас хатшысының орынбасары
С.Ю. Глазьевтiң заң ғылымдарының докторы, профессор
С.Л. Сергевниннiң (Ресей Федерациясы); Қазақстан Республикасы Қаржы және салық құқығы ғылыми-зерттеу институтының (заң ғылымдарының кандидаты Е.В. Порохов), Д.А. Қонаев атындағы университеттiң (заң ғылымдарының докторы, профессор
Ө.Қ. Қопабаев, заң ғылымдарының кандидаты Г.А. Жайлин) қорытындыларымен, конституциялық iс жүргiзудiң өзге де материалдарымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2009 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының нормаларын Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан осы нормада белгiленген басымдығының қолданылуы және олардың осындай шарттарға сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiне тiкелей қолданылуы бөлiгiнде" ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Кеден одағының комиссиясы туралы 2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа (бұдан әрi – Шарт) қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында Шарттың 7-бабына сәйкес Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия) Тараптар үшiн мiндеттi сипаты бар шешiмдерiн iске асыру тәсiлiне қатысты мәселенi Республика Үкiметiнiң қарауы өтiнiш беруге себеп болған.

Өтiнiштiң мән-жайына қатысты қолданыста Негiзгi Заңның


4-бабының нормаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының өзге де ережелерi және нормаларымен жиынтықтап талдай келе, Конституциялық Кеңес мынаны
негiзге алды.

1. Қазақстан Республикасы тәуелсiз мемлекет және халықаралық қатынастардың дербес субъектiсi болып табылады, Қазақстан халқының мүддесiн көздей отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы негiзiнде және халықаралық шарттары мен заңдарына сәйкес өзге мемлекеттермен ынтымақтастық пен тату көршiлiк саясатын iске асырады. Бұл ретте, Қазақстанның егемендiгi Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық қатынастарға қолданылады, ал "Конституцияда көзделген Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiздерiне жататын жалпы ережелер, принциптер мен нормалар (1-5, 10-12, 34, 36, 39 және өзге де баптары) бiрiншi кезекте Конституциямен, ал содан кейiн ғана - соған негiзделетiн заңдық күшi кемдеу нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етiлiп, қорғалады" (Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 12 Қаулысы).

Мемлекетаралық (үкiметаралық) экономикалық ұйымдар халықаралық құқық субъектiлерi ынтымақтастығының маңызды нысаны болып табылады. Қазiргi кезеңде экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi ретiнде мұндай ұйымдар шешiмдерiнiң ролi арта түсуде.

"Кеден одағының комиссиясы туралы Шартты ратификациялау туралы" 2008 жылғы 24 маусымдағы N 45-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының комиссиясы туралы 2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа сай құрылған Комиссия, ерiктi түрдегi мемлекетаралық шарт негiзiнде мемлекеттердiң егемендiк теңдiгi принципiне сәйкес, Тараптардың мемлекеттiк органдар өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi, Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету принциптерi негiзiнде оған кеден одағының жұмыс iстеуi мен дамуы жағдайын қамтамасыз ету құзыретi берiлетiн орган болып табылады.

2. Елiмiздiң мемлекеттiк органдарының жекелеген өкiлеттiктерiн халықаралық ұйымдар мен олардың органдарына беру мүмкiндiгi көзделген арнайы норма Қазақстан Республикасының Конституциясында жоқ. Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының - iшкi және сыртқы саясатты қалыптастыру мен iске асырудағы тәуелсiздiгi және дербестiгi оның негiзiн құрайтын егемен мемлекеттiң, конституциялық және халықаралық деңгейде танылған мәртебесi Республикаға Негiзгi Заңның ережелерi мен нормаларын сақтай отырып осындай шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Бұл ұйғарым Конституцияның кiрiспесiнде паш етiлген, Қазақстан халқының дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлеуiнен, Қазақстанның халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейтiндiгi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау саясатын жүргiзетiндiгi туралы Негiзгi Заңның 8-бабының ережелерiнен келiп шығады.

Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – Қазақстан халқы, ол өзiне тиесiлi билiктi тiкелей жүзеге асырады және (немесе) өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Бұл ретте халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзу құқығы Республика Президентiне, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламентке берiлген (Конституцияның 3-бабының
1-3-тармақтары).

Халық атынан билiк етiп және оның ерiк-жiгерiн жүзеге асыра отырып, Мемлекет басшысы сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды, халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етедi (Конституцияның 40-бабының 1-тармағы), келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды, бекiту грамоталарына қол қояды (44-баптың 11) тармақшасы), ал Республика Парламентi заңдар қабылдау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды (Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы).

Конституциялық Кеңес, Республика Президентi мен Парламентiнiң бұл көрсетiлген конституциялық өкiлеттiктерi халықтың ерiк-жiгерi мен мемлекет егемендiгiн жүзеге асырудың, сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын, халықаралық қатынастар саласында Республика Конституциясының ережелерi мен нормалары iске асырылуын қамтамасыз етудiң нысаны болып табылады деп есептейдi (Конституциялық Кеңестiң 2006 жылғы
18 мамырдағы N 2 және 2008 жылғы 26 маусымдағы N 5 қаулылары).

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54-III Қазақстан Республикасының Заңында "егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлiгiн жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлесе, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы" халықаралық шарттар ратификациялауға жататындар қатарында айқындалған (11-баптың 5) тармақшасы). Сол арқылы Парламент өз құзыретi шегiнде заң қабылдау арқылы Қазақстанның халықаралық ұйымдарға кiруi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлiгiн iске асыруды оларға бере отырып немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлей отырып кiруi мүмкiн екенiн растады.

3. Қазақстан Республикасының Негiзгi Заңына сәйкес Республикада қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады (4-баптың 1-3-тармақтары).

"Қызылорда облыстық сотының "Байқоңыр" кешенiн жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екiншi бөлiгiн, "Байқоңыр" кешенi аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етудегi құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң


5 және 11 -баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 7 мамырдағы N 6/2 Қаулысында Конституцияның Республика аумағында жоғары тұруы принципi расталады, халықаралық шарттардың соған сәйкес болуы мiндеттi екендiгi атап көрсетiледi. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қаулысында, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарты немесе оның жекелеген ережелерi, Негiзгi Заңның 4-бабының 2-тармағына сай Республика аумағында ең жоғары заңды күшi бар Республика Конституциясына қайшы деп танылған жағдайда, мұндай шарт толығымен немесе Конституцияға сәйкес емес деп танылған бөлiгiнде орындауға жатпайды, деп атап көрсетiлген.

Конституцияның жоғары тұруы принципiн Конституциялық Кеңес басқа да бiрқатар қаулыларда нақтылап, сол қаулыларда халықаралық құқық және қазақстандық заңнама нормаларының өзара қарым-қатынасы мен өзара iс-әрекетiнiң, халықаралық шарттардың қолданыстағы құқық жүйесiндегi орнының, оларды жасасу және қолдану тәртiбiнiң жекелеген аспектiлерi бойынша құқықтық позициялар айқындалды ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын және 12-бабының


2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының
1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулы, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 4 ақпанда қабылдаған, Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы
27 наурыздағы N 1/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 11 қазандағы N 18/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулы).

4. Халықаралық шарттармен қатар "Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң" нормалары Қазақстанда қолданылатын құқыққа жатқызылған (Конституцияның 4-бабының 1-тармағы). Конституциялық Кеңес, басқа да халықаралық мiндеттемелер өздерiн туындататын халықаралық шарттардың құрамдас бөлiгi, не болмаса олардың қисынды түрдегi мазмұндық (материалдық) не ұйымдық (процессуалдық) жалғасы ретiнде солардың шеңберiнде де, халықаралық шарттардан тыс, өз бетiнше де пайда болуы мүмкiн деп пайымдайды. Алғашқылары, осы нормативтiк қаулыда баяндалған шарттар сақталған жағдайда, ратификацияланған халықаралық шарттың заңдық сипаттарына ие болуы мүмкiн. Екiншiлерiнде мұндай сипаттар жоқ. Сондықтан, қаралып отырған өтiнiшке қатысты қолданыста, Қазақстан ратификациялаған Шартқа сәйкес құрылған Комиссияның шешiмiнен келiп шығатын, Қазақстанның құқықтарын жүзеге асыруды және мiндеттерiн орындауды Негiзгi Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген Республиканың басқа да мiндеттерiн орындау деп түсiнген жөн.

Шартта Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттiк органдары өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн өз еркiмен кезең-кезеңiмен халықаралық ұйымның органы – Комиссияға беру көзделген, ол өз өкiлеттiктерi шегiнде Тараптар үшiн мiндеттi сипаты бар шешiмдер қабылдайды (Шарттың 2 және 7-баптары). Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Шарт оны ратификациялаудан кейiн тiкелей қолданылатын және қазақстандық заңдардан басым болатын заңдық сипаттар алды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының


3-тармағында "Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" делiнген. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес құрылған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының актiлерiне қатысты қолданыста бұл, егер мұндай халықаралық шартта қатысушы мемлекеттер үшiн аталған актiлердiң мiндеттi сипаты бар екенi көрсетiлген болса, онда Тарап, оның мемлекеттiк органдары, лауазымды тұлғалары, ұлттық заңнаманың актiлерiн соларға сәйкестендiрудi қоса отырып, мұндай талапты орындауға бағытталған барлық қажеттi ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шараларды iске асыруға мiндеттi екенiн бiлдiредi. Демек, Комиссияның Шартқа сай мiндеттi сипаты бар актiсi Қазақстан Республикасының заңына немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiсiне қайшы келсе, онда жалпы ереже бойынша Комиссия қабылдаған құқықтық норма қолданылады.

Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес, халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының, Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтитындығы, және Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтындығы туралы Конституцияның 2-бабы 2-тармағының және 91-бабы 2-тармағының ережелерiн бұзатын шешiмдерi Қазақстан үшiн мiндеттi деп танылмайды деп есептейдi. Адамды және адамның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп паш ететiн Негiзгi Заңның 1-бабының 1-тармағын негiзге алып, Комиссияның адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi республика заңдарынан басым тұратын және тiкелей қолданылатын сипатқа


ие болмайды.

Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шiлдедегi N 1 Нормативтiк қаулысына сәйкес, ратификацияланған, тiкелей қолданылатын және оларды қолдану үшiн заң шығаруды талап етпейтiн халықаралық шарттар материалдық немесе процессуалдық құқық (қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар аясын қоспағанда) нормалары ретiнде пайдаланылатынын назарға алды.

Халықаралық ұйымның немесе оның органының Қазақстан үшiн мiндеттi шешiмдi қабылдау рәсiмi, республикалық референдумда қабылданған шешiмдерде, сондай-ақ шартты жасасу және ратификациялау кезiнде Республика Президентi мен Парламентiнiң актiлерiнде бiлдiрiлiп, халықаралық шартқа енгiзiлген Қазақстан халқының ерiк-жiгерiн бұрмалау мүмкiншiлiгiне жол бермейтiн құқықтық кепiлдiктердi көздеуге тиiс.

Қаралып отырған өтiнiшке қатысты қолданыста мұндай кепiлдiктер бар екенiн атап өткен жөн.

Комиссия қызметiнiң қағидаттары ретiнде Тараптардың мемлекеттiк органдар өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi; Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету; қабылданатын шешiмдердiң экономикалық негiздiлiгi; ашықтық, жариялылық және әдiлдiк паш етiледi (Шарттың 2-бабы). Комиссияға әрбiр Тараптан қажеттi өкiлеттiктер берiлген үкiмет басшысының орынбасары немесе үкiмет мүшесi болып табылатын бiр өкiлден кiредi (Шарттың 4-бабы). Шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады
(Шарттың 7-бабы).

Бұл орайда қатысушы мемлекеттердiң егемендiк еркi сақталуына қосымша кепiлдiктер белгiленген. "Егер Тараптардың бiрi Комиссия қабылдайтын шешiммен келiспесе, бұл мәселе кеден одағының мемлекет басшылары деңгейiндегi жоғары органының қарауына енгiзiлiп, ол ымыраға келу арқылы шешiм қабылдайды. Комиссия сондай-ақ, егер бұл кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарда көзделсе, ымыраға келу арқылы шешiм қабылдайды. Кез келген Тараптың кеден одағының жоғары органына Комиссияның шешiмiн қайта қарау туралы ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Егер шешiмдi қабылдау кезiнде қажеттi дауыс саны жиналмаған болса, Комиссия мәселенi кеден одағының жоғары органының қарауына беруге құқылы (Шарттың 7-бабы). Осылайша, Шартта көзделген "жанамалаған вето" рәсiмi Тараптардың әр бiрiнiң позициялары мiндеттi түрде ескерiлуiн қамтамасыз етедi.

Шарттың 8-бабына сай Комиссияның шешiмдерi ресми жариялануға тиiс. Бұл Конституцияның 4-бабы 4-тармағының, Республика қатысушысы болып табылатын барлық халықаралық шарттар жарияланады, деген талабына сәйкес келедi.

Республиканың нормативтiк құқықтық актiлерiнен басымдығы бар Комиссия шешiмдерiнiң тiкелей қолданылуы, олардың Қазақстанда қолданылатын құқықтың нормаларын жоятынын бiлдiрмейдi. Ратификацияланған халықаралық шарттарға теңестiрiлген Комиссия шешiмдерiнiң басымдығы мен тiкелей қолданылуы мұндай шарттар нормаларының жағдайға қарай басымдығын көздейдi (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы


11 қазандағы N 18/2 Қаулысы). Бұл, Республиканың құқықтық актiлерiмен қарама-қайшылық туындаған жағдайда, алдағы уақытта мұндай қарама-қайшылық жойылғанға дейiн Комиссияның мiндеттi шешiмдерiнiң нормалары қолданылатынын бiлдiредi. Комиссияның ұсыныс сипатындағы шешiмдерiнiң Республика заңнамасынан басымдығы болмайды.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"


1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының нормалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өтiнiшiне қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының (солардың iшiнде, "Кеден одағының комиссиясы туралы Шартты ратификациялау туралы" 2008 жылғы 24 маусымдағы N 45-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының комиссиясы туралы
2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа сай құрылған Кеден одағы комиссиясының) шешiмдерiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және мұндай шешiмдер тiкелей қолданылады деген нормалары қолданылатынын бiлдiредi. Бұл ретте, Негiзгi Заңның 4-бабының
1 және 2-тармақтарына сай Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиiс.

2. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерi, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы шешiмдердiң Қазақстан үшiн мiндеттi сипаты тiкелей көрсетiлген жағдайда, Республика ратификациялаған халықаралық шарттың заңдық сипатын алады. Халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының, Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтитындығы, және Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтындығы туралы Конституцияның 2-бабы 2-тармағының және 91-бабы 2-тармағының ережелерiн бұзатын шешiмдерi Қазақстан үшiн мiндеттi деп танылмайды.

3. Халықаралық ұйымның және (немесе) оның органының Қазақстан үшiн мiндеттi шешiмi мен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi арасында қарама-қайшылық болған жағдайда, алдағы уақытта мұндай қайшылық жойылғанға дейiн халықаралық ұйымның және (немесе) оның органының шешiмi қолданылады.

4. Халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi тiкелей қолданылмайды, және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнен басымдығы болмайды.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сай нормативтiк қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

6. Осы нормативтiк қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет