96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
Егер осы
Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеуші
өтеусіз алған кез келген
мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып
табылады.
Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес
бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалады.
Өтеусіз алынған мүлік,
оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі
табыс осындай мүлік алынған,
жұмыстар орындалған,
қызметтер көрсетілген салық
кезеңінде танылады.
Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің,
оның ішінде
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: