54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық
комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға
тиіс.
Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, ал ол
жоқ болған жағдайда қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған жұмыс
берушінің актісінде айқындалады.
7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында
көрсетілген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші
уәкілеттік берген лауазымды тұлға қабылдайды.
Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас
тартқан жағдайда тиісті акт
жасалады.
8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын
бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
57-бап
. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс
берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы
бойынша бұзуға құқылы.
2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы
баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты
жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс
берушіге жазбаша ескертеді.
4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған
жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жеті күн мерзім
өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын
орындамауы жалғасқан жағдайда,
қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып,
еңбек шартын бұзуға құқылы.
5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы
өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға
құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар мен оған
тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті.
7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын
қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
58-бап
. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату
негіздері
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген) кезде қызметкер тиісті құжатты
ұсынған күннен бастап;
2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып
алған кезде;
3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке
тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот
қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе
хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған,
соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын
жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда
тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс
болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер
бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
62-бап
. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй
қызметкерлерімен еңбек шартының
тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының
тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі
көрсетілуге тиіс.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек
шартының тоқтатылған күні болып табылады.
4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн
мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.
63-бап
. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне байланысты құжаттарды беру
1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын
немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті.
Еңбек шарты тоқтатылған күні еңбек кітапшасын қызметкердің болмауына не оны
алудан бас тартуына байланысты беру мүмкін
болмаған жағдайда, жұмыс беруші он
жұмыс күні ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келуінің қажеттілігі туралы
немесе оны поштамен жіберуге оның келісім беруі туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі
бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын
(біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып,
анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді
қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды
беруге міндетті.
3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші -
жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің алдында берешегі
болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы
тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.