Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Тiркеу алымын төлеу



Pdf көрінісі
бет95/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
10-бап. Тiркеу алымын төлеу
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметінің 
тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта 
тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да 
мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) 
(бұдан әрі - Салық кодексі) айқындалатын тәртiппен тіркеу алымы алынады. 
11-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) 
тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай 
жағдайларда жүзеге асырылады: 
1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай 
құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі; 
2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта 
ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң 
болмауы; 
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-
әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса; 
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып 
табылатын жеке тұлға iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы 
(қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз 
немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса, 
және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса, және (немесе) оның Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216 және 217-баптары бойынша қылмыстары 
үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар болса; 
5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы; 
6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары 
қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы. 
Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша 
негiздерi 
«Дiни 
қызмет 
және 
дiни 
бiрлестiктер 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Заңында белгiленедi. 
Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту филиалды 
(өкiлдiктi) құрудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген 
тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады. 
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) 
есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған 
ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына 
сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 
9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi. 
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) 
тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төленген тіркеу алымын қайтару Салық кодексінде 
көзделген жағдайларда жүргізіледі. 


Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет