Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды



Pdf көрінісі
бет94/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды 
(өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру 
мерзімдері
Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік 
қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік 
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың 
филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының 
өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) 
қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен 
кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды 
тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге 
асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай 
құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын 
(өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген 
күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 
Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік 
қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік 
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды 
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) 
есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 
(қайта тіркеу) туралы өтінішті қайтарып беру (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге 
асырған жағдайда) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі жұмыс күні 
жүргізіледі. 
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды 
тұлғаларға, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге 
асыратын акционерлік қоғамдарға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны 
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу 
(қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ережені) қайтарып беру 
қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен 
кешіктірілмей жүргізіледі. 
Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын 
(өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген 
күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай 
құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған 
жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген 


өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), 
олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден 
шығару, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге 
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер 
жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет