Қазақстан Республикасының Конституциясы


-2-бап. Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу тәртiбi



Pdf көрінісі
бет90/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
6-2-бап. Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу тәртiбi
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. 
Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды 
және ол заңды тұлғаның мөрімен бекемделеді. 
Өтінішке филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы 
төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ 
акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және 
орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) 
көшірмелері және заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) 
филиал (өкілдік) басшысына берген сенімхаты қосымша ұсынылады. 
Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының 
филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер 
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, 
осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдiкті) құратын шетелдiк 
заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын 
растайтын, сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның 
құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу 
нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация 
еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиiс. Филиалды 
(өкiлдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ 
және орыс тiлдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады. 
Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Ұлттық Банктің не мемлекеттік 
мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал 
(өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет